30
қарағанда, қазақтың әдеби тілі о бастан көркем поэзия сала-
сына қызмет етіп, жалпыхалықтық қазақ тілі негізінде дамып
келіп, жазба әдеби тілдің жаңа этапын бастаған Абай, Ыбырай
тілдеріне ұласқан. Ол жол-жолай ортаазиялық әдеби тілмен
де («түркімен» немесе «шағатаймен»), ауызекі сөйлеу тілімен
де тағдырлас, замандас, үзеңгілес болып отырғанымен, өз ше-
карасын айқындап жеке дамыған. Сөз жоқ, үзеңгілестерінің
ықпал-әсерін де алып отырған, әсіресе, халық ауыз әдебиеті
тілін қайнар бұлағы, үлгі алар «ағасы» ретінде тұтқан, бірақ
өз «паспортын» сақтаған. Сондықтан қазір «тарихи қазақ
әдебиеті» немесе «авторы мәлім қазақ әдебиеті» я болмаса
«Абайға дейінгі қазақ әдебиеті» деп жеке атау алып, оның тілі
де ауызекі сөйлеу тіліне де, «кітаби тілге де», фольклор тіліне
де, қазіргі жазба әдеби тіліне де жатқызылмай, өз алдына сөз
болып келеді.
Міне, Абай тірек еткен, иек артқан, барын дамытып, жоғын
толықтырған қазақ әдеби тілінің сыр-сипаты, атақ-лауазымы
осындай болды.
Достарыңызбен бөлісу: