25
XV ғасырдағы Қазтуған жыраудан, Асанқайғыдан, бері қарай
Доспамбет, Шалкиіз, Марқасқа, Жиембеттерден (XVI ғасыр),
XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген деп тапқан Ақтамберді,
Тәтіқара, Үмбетей, Көтеш, Бұқар, Шалдардан
22
қалған деп
танитын мұралар бізді үлкен бір қиындыққа душар етеді.
Ол – бұл мұралардың ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға
көбінесе ауызша жеткендігінен тілдік құрылысы да бірте-бірте
өзгеріп, сол хатқа түскен (ең әрісі XIX ғасырда)
23
кездегі түрге
келгендігі. Тіпті өлеңнің мазмұны, идеясы сақталған күнде
де, ішіндегі кейбір көне сөздер кейінгі ұрпақтарға түсінікті
жаңа сөздермен, кейбір көне грамматикалық тұлға-тәсілдер
кейінгілерімен ауыстырылып отырғаны даусыз. Сондықтан
қазіргі Қазтуғандікі деп талдап жүрген толғау текстері тілі
жағынан XV ғасырда дәл осындай болды деу өте қиын. Оның
үстіне кейбір шығармалардың авторы кім екендігінің өзі
күмәнді. Бір ғана мысал келтірейік. Зерттеуші М. Мағауин
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың 60-жылдарына дейін
жасаған Шалкиіз жыраудың шығармасы деп мына тексті
келтіреді:
Еділден шыққан сызашық
Біз көргенде, тебінгіге жетер-жетпес су еді,
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, Тәңір етті!
Жарасына қыршын біткен тал еді,
Жапырағын жайқалтып,
Терек етсе, Тәңір етті!
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде,
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, Тәңір етті
24
.
22
Достарыңызбен бөлісу: