Абай шығармалары сөздігінің тілдік қабаттары Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда,
негізінен, үш қабаттан тұрады деп табамыз. Олар: қазақтың төл
сөздері (яғни түркі тілдік), араб-парсы сөздері, орыс сөздері.
Бірқатар зерттеушілер қазақ, қырғыз тілдерінің сөздік құрамын
тілдік тегі жағынан талдағанда, төртінші қабатты – монғол
сөздерін атайды
69
. Бертінгі дәуірлердегі жеке қаламгердің тілін
әңгімелегенде, біздіңше, бұл қабатты арнайы бөліп шығармаса
да болатын тәрізді. Өйткені бұл тілдердегі монғол элементтері,
түркі-монғол туыстығы теориясын былай қойғанда және
осы күнгі әрбір түркі тілінің өз алдына жеке бөлініп кеткен
дәуірлерінде енген деп есептегеннің өзінде, олар – негізінен
қазақ, қырғыз тілдеріне ерте дәуірлерде енгендер. Абай дәуірі
тәрізді күні кешегі ХІХ ғасырдың ІI жартысында қазақ тілі
құрамындағы, оның ішінде жеке ақын-жазушылар тіліндегі
монғол сөздері – тілге әбден сіңісіп кеткендер. Көптеген араб,
әсіресе, парсы сөздері тәрізді, монғол сөздерінің де тектік
белгісі не фонетикалық, не семантикалық жағынан төл эле-
менттерден ажыратылмайтын дәрежеге жеткен. Сондықтан
кейбір лексикологтарымыз монғол тілдерінен енді деп есеп-
теп жүрген аян, баян, байсал, қарыз, кедергі, келеке, тұлға, соны, сонырқау 70 сөздері Абай текстерінде бар бола тұрса да,
69
Юнусалиев Б. М. Киргизская лексикология. - Ч. I. - Фрунзе, 1959. - С.209-219.
70
«Көне қырғыз тілдері (қырғыз, алтай тілдері мен хакас, тува, шор тілдерінің
негізі болған диалектілер) тобындағы сонун сөзі монғолдың «жаңалық, жаңа
хабар, газета, жаңа, қызықты» мағыналарын беретін сонин сөзінен алынған, – дей
келіп, Б.Юнусалиев, – осы түбірден жасалған сонурқа сөзі қырғыз, алтай, монгол,
73
біз оларды өз алдына қабат етіп шығармадық. Өзге өлкелер-
ге қарағанда, Абай туып-өскен жер монғолдарға бір табан
жақын тұрғанмен, бұл күнде немесе Абай тұсында монғол
тілінен қазақ тіліне немесе оның шығыс говорларына
жүйелі түрде ауыс-түйіс болып жатқан лексикалық қабатты
аңғармаймыз.