70
мағыналық (семантикалық) көлемі мен стильдік өзгешелігін
пайдаланады.
Сөздік құрамның дамуына әсер ететін факторлар – қоғам-
ның әлеуметтік құрылысының өзгеруі, өндірістің,
мәдениет-
тің, ғылымның дамуы болып табылады. Атап айтсақ, әлеумет-
тік құрылыстағы өзгерістер қоғамдық-публицистикалық сипат-
тағы сөздер тобын өзгертеді, ғылым дамыса – ғылыми термино-
логия туып дамиды, өндіріс дамуы – кәсіби техникалық сөздер
сериясын молайтады. Қысқасы, жазушы (ақын) тіліндегі осы
көрсетілген лексикалық топтар мен серияларды таңдап алып,
талдау қажеттігі туады
67
.
Біз Абай тілі лексикасын талдаудың қажеттілігіне, бір
жағынан, соңғы айтылғандарды нысана етсек, екіншіден, қазақ
әдеби тілі тарихында Абай тілінің алатын орны мен рөліне
қарай туатын өзгешеліктерді де ескердік.
Ең алдымен, Абай шығармаларының сөздік байлығын
тегіне қарай талдау өте қажет деп табамыз. Әрине, барлық
кезеңдегі барша жазушының
сөздік құрамын генетикалық
принциппен талдау қажеттігі жоқ екенін зерттеушілер дұрыс
көрсетеді. Мысалы, қазіргі жазушылардың, айталық, Горький
шығармаларының тіліндегі сөздерді мынасы гректікі, мы-
насы латындікі, мыналар немістен т.т. деп талдау объектісі
етудің қажеттігі қанша?
68
. Сол сияқты, бізде де қазіргі заман-
дас жазушыларымыздың (немесе ақындарымыздың) біреуінің
сөздік құрамын мына тобы араб-парсынікі, мыналары – орыс
тілінен, мыналары – грек, латыннан, аналары ағылшыннан т.т.
деп талдап зерттеудің қажеттігі болмас еді, өйткені қазіргі жа-
зушыларымыз осы күнгі жазба әдеби тіл нормасын пайдалана-
ды және бұл қабаттар қазіргі қаламгерлердің барлығына тән.
Осы күнгі әдеби тіліміздің бүкіл лексикасының генетикалық
қабаты аян болғандықтан,
оны қайталап, жазушы басы сай-
ын түгендеудің қажеті жоқ. Ал Абай, Ыбырайларға келетін
болсақ, бұл мәселеге басқаша қарау қажет. Абай – осы күнгі
әдеби тіліміздің негізін қалаушы болса, яғни ең тұңғыш нор-
масы, бастамасы болса, сол бастаманың сөздік байлығының
67
Ефимов А.Н. О
языке художественных произведений. - М., 1954. - 124-б.
68
Сонда. - 121-б.
71
генетикалық құрамы қандай дегенді білу аса қажет. Мұны
білу үшін логика заңы бойынша Абай лексикасының тектік
(генетикалық)
құрамын талдап, зерттеу керек. Қазақ жазба
әдеби тілі лексикасының XIX ғасырдағы, әсіресе II жарты-
сындағы, генетикалық қабатын айкындаудың тағы бір маңызы
– сол кездегі қазақша кітаби тіл проблемасына байланысты ту-
ады. Бұл – принциптік мәселе. Және бұл фактіні құр тізіп қана
қоймай, осы талдаудан мүмкіндігінше «Қазақ тілі сөздігінің
тектік құрамы жағынан Абайға дейінгі сипаты нендей еді?»,
«Абай қай қабатты негіз етті?», «Абайда
араб-парсы неме-
се орыс сөздері қабаты қандай?» деген сияқты жайттарды
анықтау қажеттігі туады.
Сондай-ақ Абай лексикасын ондағы сөздердің көне, жаңа-
лығына қарай талдап суреттеудің де қажеттігін көреміз. Осы
талдау арқылы Абай тұсындағы жалпыхалықтық әдеби тілде
заманына орай қандай сөздердің қолданудан шығып қалғанын
немесе шыға бастағанын табу мүмкіндігі туады. Ксрісінше,
Абайдағы жаңа сөздерге қарап, сол кездегі жалпыхалықтық
нормада қандай элементтердің болғанын және Абайдың өзі
тілге қандай сөздер қосқанын табамыз.
Абай шығармаларының сөздік құрамын қоғам құрылысына,
әкімшілік пен заң системасына, сауда-саттық пен оқу-ағартуға
т.б. қарай жіктеп, талдау арқылы ақынның өз басының сөздік
байлығын ғана емес, өткен ғасырдың II жартысындағы қазақ
халқының бүкіл әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени
өмірінің тілдегі көрінісін табамыз. Оның үстіне Абайдың бұл
қорды қалай екшеп пайдаланғанын танимыз.
Осындай классификациялап талдауымыздың барлығы –
Абай шығармаларының идеялық-тематикалық
мазмұнымен
тікелей қабысып жатуға тиісті жайттар. Оның үстіне Абай
лексикасын жоғарыда көрсетілген тарамдарға бөліп таныға-
нымызда жазушының өзіне тән ерекшеліктері мен өзгеше-
ліктерін де айқындап отыруға тиіспіз. Бірақ бұл кітаптағы
негізгі мақсатымыз – Абайдың стильдік ерекшелігін тану
емес, керісінше, көбінесе ұлы
жазушы тіліндегі жалпылама
қолданылатын, яғни барлық стильге де қатысты сөздерге ана-
лиз жасау.
72
Сөйтіп, ең алдымен, Абай шығармалары сөздігінің гене-
тикалық (тілдік) құрамын араб-парсы сөздері, орыс сөздері
және төл сөздерге бөліп әңгіме етеміз. Әрі қарай төл сөздердің
өзін актив, пассив топтарға (архаизм, неологизм) бөліп қарас-
тырамыз. Ең соңында Абай шығармалары тілінің лексикасына
(негізінен, төл сөздер қабатына) тематикалық классификация
жасаймыз, яғни оларды XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ
халқының әлеуметтік, экономикалық
және мәдени өмірінің
тілде ізін қалдырған елеулі салаларына қарай жіктейміз.
Достарыңызбен бөлісу: