Р. Сыздык 1-том indd


Абай лексикасындағы сөздердің тематикалық



Pdf көрінісі
бет81/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   180
Абай лексикасындағы сөздердің тематикалық 
сериялары
Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл – сөйлеу тәжірибесі, 
оның лексикасы сол қоғамның тыныс-тіршілігіне орай әр алу-
ан тематикалық серияларға бөлініп, бірқатарының мағыналары 
өзгеріп, енді бірсыпырасы тұрақталып, терминделіп жатады. 
Қысқасы, лексиканың белгілі бір топтары сол қоғамның сол 
дәуірдегі мазмұн-мәнін көрсететіндей дәрежеде қызмет етеді. 
«Бұл процеске жалпы халықтың сөйлеу тәжірибесімен қоса
қалам қайраткерлері де, өзге жазу үлгілері де қатысады. Әсіресе 
сөздердің терминделуі, активтенуі, мағына жаңғыртуы, мағына 
айқындауы тәрізді құбылыстарға Абай сияқты ірі-ірі жазушы-
лар тілі тікелей араласады.
Сондықтан біз Абай лексикасындағы кейбір сөз топта-
рын бірнеше серияға бөліп талдамақпыз. Олар: 1) қоғамның 
әлеуметтік құрылысы мен әкімшілік системасына; 2) сот-заң 
істеріне; 3) сауда-саттыққа; 4) азаматтық сипаттағы оқу-ағарту 
мен ғылым-білімге қатысты лексика топтары.
Әрине, белгілі бір тілдің немесе жеке бір жазушының 
сөздік құрамы тақырыбы жағынан тек осы төрт серияға ғана 
бөлінбейтіндігі белгілі. Біз материалымыздың ыңғайына қарай 
осы төртеуін ғана алдық, яғни өткен ғасырдағы қазақтың 
жалпыхалықтық тілінің болсын, көркем әдеби тілінің болсын 
лексикалық байлығына айтарлықтай өзгерістер енгізіп, ізін 
салған салалардың (тематиқалардың) ең бастылары – осы-
лар. Бұларды талдағанда негізгі назарымызды сол өзгеріс-


170
жаңалықтарға аударамыз, сондықтан осы серияларға жататын 
күллі сөздерді тіркеп шығу міндетін алмаймыз. Оның өзінде де 
Абай шығармаларының текстінде барларын ғана талдаймыз.
Осы талдаулар арқылы жоғарғы аталған төрт саладан бірқа- 
тар сөздердің мағыналарындағы өзгерістерді, бірсыпырасы- 
ның тіл тәжірибесінен шыға бастау немесе активтеніп, тұрақ- 
тана бастауын, едәуір сөздердің терминге айналу процесін 
көрсетуді көздедік. Және бұл құбылыстардың тек Абай тіліндегі 
емес, сол тұстағы жалпы қазақ әдеби тіліндегі күй-қалпы мен 
сыр-сипатын суреттеуді ойладық. Сондықтан бұдан бұрын сөз 
болған кейбір объектілер (сөздер) енді басқа тұрғыдан тағы да 
кездесуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет