Р. Сыздык 1-том indd


Қоғамның әлеуметтік құрылысы мен әкімшілік



Pdf көрінісі
бет82/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   180
Қоғамның әлеуметтік құрылысы мен әкімшілік 
системасына қатысты сөздер
ХІХ ғасырдың ІI жартысында қазақ даласында коғам 
құрылымы (структурасы) өзгергенін жоғарыда айтып өттік. 
Сөз етіп отырған дәуірде хандықөкімет билігі мүлде жойыл- 
ған болатын. Сондықтан бұл кезеңде хандыққа байланысты 
сөздер лексикадан орын алғанмен, не өткен дәуірлерді су-
реттеу үшін немесе образ жасау үшін қолданылып, көнерген 
элементтерге айнала бастайды. Абайда хан сөзі «Біраз сөз 
қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихты баяндайтын 
шығармасы мен сюжеті өткен тарихтан (ертегі-аңыздардан) 
алынған өлең-поэмаларында кездеседі.
Қазақ қоғамындағы құлдық институт өткен ғасырдың 
50-жылдарында ғана жойылған болатын, құлдар тәуелді шару-
алар тобына қосылған-ды»
137
. Сондықтан бұл кезде құлдыққа 
қатысты жеке сөздер (құл, күң және олардың дублеттері) 
мен сөз тіркестері тілде әлі де актив қолданылғанын көреміз. 
Бұрыннан келе жатқан мақал-мәтелдермен
138
қатар, құл, 
137
Бекмаханов Е. Б. Присоединение Казахстана к России. - М., 1957. - С. 145; 
Зиманов С. Общественный строй казахов I пол. XIX в. - Алма- Ата, 1958. - С. 267-273.
138
Бұл институттың қоғам тарихында белгілі орын алғанын соның ізі болып 
тілде сақталып қалған қыруар фразалар мен мақал-мәтелдерден көреміз: Аталы құл – 
қожалы құл; құла арғымақ мінсе де, құлдың аты – құл-ды, құба шекпен кисе де, ұлдың 
аты – ұл-ды; жібекті сақтай алмасаң жүн болады, қызды асырай алмасаң күң болады; 
құл табан; құлақ кесті құл т.т.


171
күң сөздерін өздерінің тура мағынасында Абай тілінен де, 
тұстастарынан да табамыз: ...Біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз 
(II, 159). Азат басың болсын құл, Қолдан келмес іске ұмтыл (II, 
129). Айраншы шешең күң деп естуші едім, Түпсіз құл емес пе 
едің бауыры тақыр (Шөже, 124). Болмаса өнер бойында қораш 
құл боп өтсем деп (Дулат, 77).
Дегенмен бұл кезде оның ішінде Абайда құл (күң) сөзінің 
бұрыннан келе жатқан «пенде, адам» деген ауыспалы мағынада 
қолданылуы басымырақ: Мұны жазған білген құл Ғұламаһи 
Дауани (I, 46). Бермеген құлға қайтесің, Жұлынарлық ерікті 
(I, 186). Осы ретте Құдайдың құлы, Алланың сүйген құлы де-
ген тіркестер де қолданылады: ...Алланың сүйген құлының бірі 
боласың (II, 193).
Талдап отырған дәуірде құлдар саяси право (азаттық) 
алғанмен, экономикалық тұрмыс жағынан ең бір тәуелді, 
әлеуметтік топ болып қала бергендіктен, құл, күң, құлдық 
сөздерінің «жалшы, есіктегі қызметші» мағынасы пайда бо-
лып, қатар жүргенге ұқсайды. Мұны біз өткен ғасырдың II 
жартысындағы сөздіктерден аңғарамыз. 1878 жылғы сөздікте: 
күң –служанка, рабыня (другой нации), құлдық – рабство, слу-
га, преданность (Спутник.... 1878) деп аударылған. Ал 1883, 
1897, 1900 жылғы сөздіктерде бұл сөздер енбей қалған (сірә, 
актив қолданылудан шығып қалған элементтер деп танылған 
болу керек).
Хан немесе сұлтан тұқымы қазақша көбінесе төре деп 
аталған. Ақсүйек категориясына жататын бұл әлеуметтік топ 
өткен ғасырдың I жартысында-ақ өздерінің бұрынғы саяси 
билігі мен әлеуметтік салмағын заң жүзінде де, іс жүзінде де 
жоғалтқан болатын. Бірақ төре семьяларына (ұрпақтарына) 
жататын адамдар өмір сүріп келе жатқандықтан, олардың 
атаулары да өзгермей, төре деп қала бергенін көреміз. Абай-
да: Қазақтың төре нәсілдері біз татармыз деп айтысады (II, 
221). Онан соңғы біздің ханымыз, төреміз – бәрі де Жошы 
нәсілінен бола келген (II, 224). Бұл мағынадағы төре сөзінің 
дублеті ақ сүйек тіркесі. Айырмасы: ақ сүйекбелгілі бір 
әлеуметтік топтың жалпы аты тәрізді де төре – сол топтың 
жеке уәкілдеріне берілген титул есепті. Төре сөзінің ақ сүйек 


172
терминімен мағыналас екенін ақ сүйек – қарасүйек, төре – қара 
деген параллельдердің қолданылуынан да аңғаруға болады. 
Ауыз әдебиеті үлгілерінде кездесетін: Қара мен төре таласып, 
формына қарасып («Қамбар», 1957. 40) немесе: Төре емеспін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет