Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет84/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   180
140
 – ханды қоршаған, соның шаруасын 
шаруалап, қызметін еткен, экономикалық жағынан басы бос 
қоғамдық топ (саяси-праволық және экономикалық жағынан 
толық тәуелділер – құлдар ғой).
Өткен ғасырлардағы қазақ қоғамы тарихын зерттеуші ма-
ман С.Толыбеков: «Хараши... дворовые люди у ханов, которые 
вербовались ханами из «хара қалық» – простонародья... Сло-
вами «хан» и «хараши» в те отдаленные времена обобщенно 
называли представителей двух крайних антагонистических 
социальных групп в казахском обществе, которые находились 
между собой в отношениях господства и подчинения, эксплу-
ататоров и эксплуатируемых», – деп көрсетеді
141
. Сондықтан 
да қарашы сөзі хан сөзімен қатар жүреді (бұл сөз хандық 
дәуірдегі әдебиетпен мақал-мәтелдерде молырақ сақталған): 
«Хан – қазық, қарашы – азық», «Хан қасында қарашың бол-
са, қара жерден кемең жүрер», «Ханды Құдай алайын десе, 
қарашысымен қас болар», «Ханның ісі қарашыға да түседі» 
деген мақалдардан қарашы сөзінің жоғарғы мағынасын 
139
Орыс тіліндегі ғылыми әдебиетте бұларды байғуши деп атайды.
140
Тарихтық әдебиетте бұл сөздің түп төркіні «қара көбейту, қара болу» немесе 
«қараша үй» деген екі мағынаның біреуімен байланысты болу керек деген жорамал 
бар. Бірінші этимологияға жүгінсек, бұл сөз таптық жіктелу мағынасын бермей, 
«компаньон», «сообщник» дегенді білдіреді де екінші этимологияны қостасақ,
қараша үй монғолдардың «курені» тәрізді экономикалық-әлеуметтік жағынан тәуелді 
жақтың атауын білдіреді дегенді оқимыз. Толыбеков С. О некоторых вопросах 
экономики дореволюционного кочевого аула казахов // Вестник АН КазССР. - 1951. 
- № 8.- С. 70-71.
141
Толыбеков С. Е. Көрсетілген мақала. - 71-6.


175
айқын тануға болады. Ал қарашылардың құлдардай емес, бас 
бостандығы өзінде екенін Бұқардың «Уақытыңыз толғанда
Қарашың қашар қасыңнан» (Бұқар, 46), Махамбеттің «Жай-
қоныстан айрылып Біз бір қаңғып жүрген қарашы» (Махамбет, 
112) деген жолдарынан көреміз. Өткен ғасырдағы қазақ лекси-
касын регистрациялаушылар бұл сөзді «подвластный, поддан-
ный» деп түсіндіреді (Ильминский, 172; Кирг.-русск. сл. 1897). 
Бұл, әрине, дәл емес; белгілі бір хандықтың, патшалықтың 
қоластындағылардың баршасы қарашы деп аталмаған (сірә, 
бұл ұғымды ертеректе байтақ, кейіннен жұрт, ел, ал орыс 
патшалығына қараған соң бодан сөздері берген болу керек), 
олардың ішінде тікелей хан үйінің шаруасын атқарып, көш-
қонына ортақтасып жүретін «подданныйлар» ғана қарашылар 
болса керек. Кейінірек феодалдық қоғам топтары айқындалып, 
оның ішінде ең басты билеуші тап – байлар экономикалық 
жағынан хан үйлерінен кем түспейтін дәрежеде күшейген кез-
де, енді байлардың да айналасында қарашы тәрізді әлеуметтік 
топтар пайда болады. Міне, осылар бір кезде, ертеректе, байғұс 
деп те аталса керек. Салыстыр: «Өтермеден кетер ме, Жарлы 
менен байғұстар» (Бұқар, 41), «Бай кісі мен байғұсты, Бәрін 
бірдей тең көрген» (Тұрмыс-салт өлеңі). Байғұс сөзінің бұл 
мағынасы «Ханның ісі қарашыға түсер, байдың ісі байғұсқа 
түсер» (Катанов, 15) деген мақалдан тіпті айқын байқалады. 
Байғұс сөзінің осы мағынасы Абайда да бірер жерде анық 
берілген: «Бай байғұсым десін деп» (I, 50). Бірақ көпшілік 
жағдайда Абай тілінде және оның тұстастарында байғұс сөзі 
аяушылық, кекетушілік реңкі бар «бейшара, мүсәпір» деген 
сөздердің синонимі ретінде келеді: Бағанағы байғұс шал (I. 50). 
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың (І, 31).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет