184
басқа
халықтың бәрі антұрған екен, ең тәуір
халық біз екенбіз»,
– деп» (II, 158) деген сөйлемінде
халық сөзі соңғы мағынада
жұмсалған, өйткені алдында орыс, өзбек, татар халықтары ту-
ралы сөз етеді.
Әрине, бұл кезде
халық сөзі жалпы «народ» мағынасында
әбден
қалыптасып, тұрақталған емес: бұл ұғымда
әлеумет,
бұқара сөздері де қатар қолданылған (бұл сөздер қазіргі әдеби
тілімізде де бар, бірақ олар осы күнде
халық сөзінің дублеттері
емес, әрқайсысы – стильдік қолданысы мен мағыналық реңкі
бар лексемалар).
Абай тұсындағы қоғам структурасын сипаттайтын лек-
сикалық элементтердің ішінде Россия қоғамы категория-
ларының да қазақ тіліндегі атаулары кездесе бастайды. Рос-
сия империясындағы жер тапшылығынан орыс шаруаларының
атамекенінен қозғалып, ұлан-байтақ Қазақстан территориясы-
нан қоныс тебулері Абай тұсынан көп бұрын басталған бола-
тын. Сондықтан орыс шаруаларын да өзгелерден айырып атау
қажеттігі туады. Бұл, әсіресе,
переселенецтер қозғалысының
аса бір күшейген шағы – өткен ғасырдың II жартысында
айрықша сөз етіледі. Орыс шаруаларының орысша атаулары
крестьян және
мужик сөздерін қазақша атаудың сол кезде
бірнеше варианты болды. Ең көбірек қолданылғаны (әсіресе
солтүстік-батыс өлкелерінде)
қара шекпен тіркесі болған. Бұл
атау, әсіресе, сөздіктер мен баспасөз тілінде көбірек кездеседі.
Сонымен қатар
мұжық сөзі қолданылған. Бұл Ыбырай тілінде
және
өзге ақындарда, бірен-саран сөздікте осы күйінде
берілген. Бір жарлы
мужик (Алтынсарин, 1879, 40).
Му-
жик пен жасауыл (Сонда. 11).
Мужик – мұжық, қара шекпен
(И. Букин, 1883). Түргендегі
мұжықтың аты едім-ай (Сүйінбай,
178).
Абайда
қара шекпен атауы текст ішінде кездеспейді.
Ал И.А.Крыловтың «Крестьянин в беде» атты мысалының
атын «Қазаға ұшыраған қара шекпен» деп қоюы Абайдың
қолы емес тәрізді, өйткені Абай, сірә, өлеңге ат қою дегенді
машықтамағаны белгілі,
екіншіден, мұнда аудармашы
кре-
стьянин туралы емес,
бай туралы (тіпті, ол – жалпы бай да
емес, купец, лавка ұстаған саудагер бай) туралы айтады:
185
«Қорасына бір
байдың түнде кірді ұрылар»; «Қайғысыз жатып,
қарны тоқ» (қай
крестьяниннің қайғысы жоқ, қарны тоқ болып
еді!); «Ұйқысы
қанып тұрды бай» (II, 122).
Тегі, Абай тұсында қазақ даласында орыс крестьянині де,
оның атауы да болғанмен, ақын шығармаларында бұл атау (не-
месе атаулар) кездеспейді, ол Абайдың бұл сөздерді жатыр-
қауы емес, жалпы тақырыпқа орай тіліне оралмағандығы деп
тану керек.
Қазақ қоғамында бұрын бейтаныс категорияны атау про-
цесінде
крестьянин) вариантын алу да жоқ емес:
Бара-бар
крестьянға тең болмадық (Ақан сері).
Ал орыс қоғамына тән
помещик, дворянин, рабочий, фа-
брикант (капиталист) тәрізді әлеуметтік тап,
топ атаулары
не олардың қазақша баламалары Абай тілінен орын алмаған.
Помещик, фабрикант дегендерді жалпы бір атаумен
бай деп
алады: Лермонтовтың «Вадим» атты шығармасының аударма-
сында Палицын деген
дворянинді Абай
бай деп береді: «
Па-
лицын бай есікке келіп еді» (II, 152) – русского
дворянина...
Палицына (Лермонтов, IV, 185); «Әрбір
бай жалдап жатыр жүз
кедейді» (II, 116). Осының алдындағы: «Бақша, зауыт, жай-
ларды қылдым талқан» дегенге қарағанда, бұл жердегі
бай –
өндіріс иесі
(фабрикант, капиталист) немесе помещик. Бұл
жердегі
кедей де –
рабочий мағынасында қолданылған атау.
Сірә, Абай тілінің өзінде де, тіпті жалпы Абай тұсындағы
қазақ әдебиетінде де орыс қоғамын
құрайтын әлеуметтік ка-
тегорияларды қазақша дифференциациялап атау қажеттігі туа
қоймағанға ұқсайды.
* * *
XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ коғамы өміріндегі
елеулі тарихи фактілердің бірі – ел билеу-әкімшілік сала-
сындағы жаңалық, өзгерістер.
Қазақ халқының саяси-әлеуметтік өмірін шығармаларының
тақырыбы еткен ұлы ақын Абай тіл тәжірибесіндегі бұл
саладағы сөздерді молынан қолданды.
Ең кіші әкімшілік единицасы ауыл басындағы старшиналар
мен болыстық управлениенің басындағы болыстарды сайлау-
186
ға он үйден, елу үйден бір адам уәкіл болады. Осылар
он басы,
Достарыңызбен бөлісу: