Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет68/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Ацтектер. Ацтектер Мексикадағы теңіз 
деңгейінен 2000 м биіктіктегі қыратта, тау 
шыңдарының етегінде, ауа райы жұмсақ және 
топырағы құнарлы, табиғаты сұлу алқап-
та орналасты. XIV ғасырда солтүстіктен
келген ацтектер үлкен көлдің ортасындағы аралдарға 
Теночтитлан 
қаласын салды. Аралдарды бөгеттермен жалғастырды. Қаланы түзу 
көшелер мен каналдар бөліп жатты, оларды жағалай храмдар мен сарай-
лар бой көтерді. 
Алғашқы кезде ацтектерде жер жетіспеді. Сондықтан олар енсіз 
түбектерге көл түбінен шығарылған балдыр мен құнарлы қайыр топы-
рақты бірге төгіп отырды. Жауынсыз кездерде егінді каналдан суарды. 
Бұл «көшпелі егістік» жылына бірнеше рет өнім берді. Ацтектер көрші 
тайпаларды жаулап алып, өзіне бағынышты етті. Олар бағынышты 
тайпалардан қыруар төлем мен құлдар алып отырды. Тайпаларды 
бұрынғысынша жергілікті көсемдер билегенімен, басты қалаларды ацтек 
әкімдері мен алым жинаушылар басқарып тұрды. Мемлекетті мұрагер 
билеуші басқарды. Шонжарлар лауазымды қызметтерге қойылып
атқарған жұмысы үшін оларға жалақы төленді. Олар керегінің бәрін 
қарауындағы бағыныштыларынан алды. 
Соғыс кезінде саны 150 мың адамға дейін баратын қуатты әскер 
жасақтау мүмкіндігі болды. Ацтектер қолөнерде үлкен жетістіктерге 
жетті. Алтын мен күмістен нақышты әшекейлер соқты, зергерлер қымбат 
тастарды шебер қырлады, нәзік өрнек салу жұмыстарын орындады. 
Қолөнершілер өрнектелген ыдыстар жасады, мата тоқыды, матаның асты-
на құс қауырсындарын салып кестеледі. Ол түрлі түсті болып құбылып 
тұрды.
Қалада қарапайым ацтектер мен шонжарларға арналған мектептер 
болды. Әдеттегі мектептерде егіншілікке, қолөнерге және соғыс ісіне 
үйретті. Шонжарлардың балаларына жазуды, тарих пен дінді, мәнерлеп 
оқуды, есептеуді, астрономияны, поэзияны, шешендік өнерін оқытты. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


110
Әнші-ақындар гимндер, дастандар жазды, табиғат жөнінде өлеңдер 
шығарды. 
Инктер. Оңтүстік Американың батысында инктер елі – Перу 
орналасқан. Инктер көрші тайпаларды бағындырып, олардың еңбегін 
пайдаланды. Каналдар қазып, егін екті, аспалы көпірлер салды. Қоладан 
балта, орақ, пышақ, түйреуіш, ине, қоңыраушалар, найзаның ұшы сияқты 
заттарды құйып, алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасады. Инктер-
де 4 жылдық мектеп болған, онда бірінші жылы кечуа тілін үйретіп, 
екінші жылы дінге оқытып, үшінші және төртінші жылдары өмірге 
қажетті білім берген. Сөйтіп, еуропалықтар келгенге дейін-ақ Америка 
халықтары өздерінің бай мәдениетін жасаған. Алайда еуропалықтардың 
басып алуы бұл елдердің табиғи дамуына кедергі жасады. Франсиско 
Писсаро 1532–1541 жылдар аралығында Инктер мемлекетін жаулап 
алып, Лима қаласының негізін қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет