Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Ұлы географиялық ашылулардың алғышарттары



Pdf көрінісі
бет66/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Ұлы географиялық ашылулардың алғышарттары. Ұлы география-
лық ашылулар тауар-ақша қатынастары үнемі өсуінің нәтижесі бо-
лып табылады. Тауар-ақша қатынастарының ұдайы өсе түсуіне бай-
ланысты ақша орасан зор маңызға ие болды. Ақша қажеттілікті 
қанағаттандырудың бірден-бір құралына 
және байлықтың ең басты түріне айна-
ла бастады. Сонымен бірге ақшаның көбі 
шығыстан әкелінетін тауарларға төлеуге 
жұмсалып жатты. Еуропа шығысқа ағаш, 
қола, қалайы, кенеп шығарғанымен, ар-
зан сатылды. Шығынын өтемеді. Ал шығыс тауар ларын Еуропаға тасу 
үнемі ұлғая берді. Осының нәтижесінде Еуропада асыл металдардың 
(алтын, күміс) жетіспеушілігі сезіле бас тады. Еуропада алтынға де-
ген мұқтаждықты қанағаттандыратын мүмкіндік болмады. Соны-
мен бірге ортадағы делдалдардың көбеюі (арабтар, византиялықтар
италияндықтар) шығыс тауарларының бағасын қымбаттатып жіберді. 
Батыс және солтүстік-батыс елдерінің саудагерлері үшін алыс шығыс 
базарына шығу өте қиын еді. Түріктердің Таяу Шығысты басып алуы 
да саудагерлердің жағдайын нашарлатып жіберді. Сауда кемелері 
мен базарларда, әртүрлі салықтардың күшейтілуі Жерорта теңізінің
шығыс бөлігімен сауда қатынасын жасауды қиындатты және тиімсіз бол-
ды. Үндістанға баратын жолдың біреуі ғана түріктерге қарамайтын. Ол 
Мысыр мен Қызыл теңіз жолы еді. Бірақ бұл жолда арабтар ғана үстемдік 
жүргізді. Еуропа саудагерлері осы жолмен Александрияға ғана жете ала-
тын. Алайда онда араб саудагерлерімен 
жасалатын сауда қа тынасы шыққан 
шығынды өтемейтін. Сондықтан Еуро-
па теңізшілері мен сау дагерлері арабтар 
мен түріктерді айналып өтіп, Үндістанға 
жететін теңіз жолын іздей бастады.
Үндістанға баратын жолды іздеуге италиялық саудагерлер мүдделілік 
та нытқан жоқ. Себебі Жерорта теңізінде үстемдік жүргізгендіктен ол 
Италияға бұрынғысынша пайда әкеліп отырған еді. Сондықтан да Ба-
тыс Еуропа әсіресе Атлант мұхитымен шектесіп жатқан Португалия мен 
Испания саудагерлері Үндістанға баратын теңіз жолын іздеуге белсене 
кірісті. 
Қытайлықтардың еуропалықтар-
дан бұрын әлемдік саяхаттарға 
шығуының себептері жөнінде өз 
пікірлеріңді білдіріңдер. 
Американың байырғы халықтары 
адамзат өркениетіне қандай үлес 
қосты? Ойларыңды нақты мысал-
дармен айтыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


107
Еуропалықтардың ашық теңізге шығып, алысқа жүзуге ұзақ уақыт 
бойы батылы бармады. Қолдарында дұрыс карталары мен теңіз құралдары 
болмаған саяхатшылар Еуропаны қоршаған теңіздерде ғана жүзді. 
Теңізшілер кеменің қай жерде жүргенін күн ашық кезде, жұлдыздардың 
орналасуы бойынша толқыны жоқ жағаға түсіп қана білетін болды. 
Теңізшілерде 
құбыланама (компас) ойлап табылғаннан кейін ашық 
теңізге шығу қауіпсіз бола бастады. Кеменің жүрген жерін анықтайтын 
аспап – 
астролябия шықты. 
XV ғасырда тез жүретін жеңіл, желкенді кеме – 
каравелла жа-
салды. Мұндай кемелер жүрдек әрі сыйымды еді. Олардың түзу және 
көлбеу орнатылған желкендері бар үш мачтасы болды және өзіне керекті 
бағытқа қарай ыққа да, желге де қарсы жүзе алды. Каравелламен алыс 
саяхаттарға шығуға болатын еді.
Португалия мен Испанияға теңіздің арғы бетіндегі жерлерді 
іздестіріп, басып алуға олардың ішкі жағдайлары да әсер етті. Бұл 
кезеңде ол елдердегі реконкисталық жаугершіліктің заманы аяқталған 
еді. Тегін олжа мен әскери қақтығыстарды аңсаған соғысқұмарлар 
мен кедей дворяндардың басым бөлігінің айналысар ісі болмай қалды. 
Сондықтан олар Африкаға қарсы соғыс қимылдарын жүргізу үшін ар-
найы жорықтар ұйымдастырды. Өндіріс заттарын көп өндіру үшін ар-
зан шикізат керек еді. Сауданың дамуы да еуропалықтарды жаңа жер-
лер іздеуге итермеледі. Осындай қажеттіліктер ХV–ХVІ ғасырларда ұлы 
географиялық ашылуларға себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет