120
Леонардо да Винчи тек ұлы суретшi ғана емес, ұлы
математик, физик, астроном, архитектор және ин-
женер болған.
Леонардо сурет пен мүсiн
өне рiне машықтану
үшiн Флоренцияда оқыды. Ол жас кезiнен еңбек
етiп үйрендi, қиыншылыққа тө зiм дi болды. Кейiн
өз шә кiрт терiне де осы қасиетiн дарытуға тырысты.
Шә кiрт терiн «Кiм көп еңбек етсе, сол адам бақытты
болады» деп үй реттi.
Леонардо да Винчи
сурет салуды өнердiң бас-
ты түрi деп есептедi. «Адам суреттiң көмегiмен
дүниенi таниды. Тәжiрибе – дүниетанудың бiрден-
бiр қайнар көзi» деген тұ жырым жасады.
Ұлы суретшi инквизиция қа һа ры нан тай-
салмай, адамның дене құрылысын зерттеумен
шұғылданып, мәйiттерге «ота» жасаумен де айна-
лысты. Көшелер мен алаңдарды аралап, адамның бет әлпетiне зейiн қоя
қарады, ерекше бет құбылыстарын қа ғаз ға түсiрдi. Әсi ресе адамдардың
кө ң iл күйiн жақсы танытатын ренiш, қуа ныш, қайғы сәт терi оны өте
қатты қызықтырды. Леонардо да Винчи жарық пен көлеңке арасындағы
байқала бермей тiн бояу үйлесімін
бейнелеуде, адам сезiмiн көрсетуде
тамаша шеберлiкке қол жеткiздi. Ол: «Жарыққа қарап, оның нұрына
зер сал, сөйтiп тұрып кө зiң дi қас қағым сәтке жұмып, қайта аш, сонда
саған жаңа ғана өзiң көрген жарық ендi бас қаша болып байқалады» деп
жаз ған болатын.
Леонардоның
«Мона Лиза» (немесе «Джоконда») деген картинасы бү кiл
дүниежүзiне мәлiм. Жүзiнде әрең ғ а на бiлiнетiн, бiрақ сон шалықты жұм бақ
күлкi ойнаған бұл әйел бей мәлiм сыр сақтаған, әлдебiр құпия жайдың бола-
рын алдын ала сезiп отырғандай болып көрiнедi.
Леонардо да Винчи өзiнiң болжамымен өз зама нынан бiр неше ғасыр
озық кеттi. Ол Милан герцогіне былай деп жазды: «Мен ешбiр дыбыс
шығармастан, тар және бұралаң жерасты жолдарын
салу әдiс те рiн бi-
лемiн. Алуан түрлi зең бiректер жасай аламын. Со ғыс те ңiзде болса... Ең
сұрапыл атыстарға шыдайтын киiм дердi де, жарылғыш заттарды да, түтiн
шығармайтын құралдарды да жасай бiлемiн, ал бейбiтшiлiк уақыттарда
қоғамдық және жекеменшiк үйлердi салу, суды бiр жер ден екiншi жерге
өткiзу үшін сәу лет шi ретiнде өте пайдалы болармын деп сенемiн».
Оның жобасы бойынша Миланды ауызсумен қамтамасыз ететiн ка-
нал қазылды. Леонардо сан қырлы өнер-ғылым салаларымен айна лыс ты.
Леонардо да Винчи.
«Мона Лиза» («Джо-
конда») 1503 ж.
Париж. Лувр
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
121
Сәулет өнерi,
әс кери анатомия, жарық пен көлеңке, құс тардың ұшуы,
судың ағысы мен өлшемi сияқты қыруар мә се лелердi зерттедi.
Достарыңызбен бөлісу: