ТАРИХИ ТЕРМИНДЕР Аббат – 1. Католик шiркеуiндегi бар лық дiн қызметкерлерiнiң құр мет тi аты.
2. Еркектер мо нас ты ры ның бас шысы.
Абсолютизм – бiр адамның (им пе ра тор, король, патша) шексiз би лi гi. Жоғарғы
өкiмет билiгi толық бiр адамның ғана қолында бол ған басқару түрi.
Альморавид – Солтүстiк Африкадағы берберлiк
тайпалар қозға лысы ке зiн дегi
(ХI–ХII ғғ.) әулет пен мемле кет тiң аты.
Анабаптистер – басқаша шоқыну шы лар.
Аннал – қысқаша жылнама.
Аңқау Жак – ортағасырлық Фран цияда дворяндардың шаруалар ға қойған ке-
лемеж аты.
Аутодафе – 1. Күпiрлердi жазалау үкi мiн жиналған көпшiлiк алдында салтанатты
түрде жариялау. 2. Испания да кү пiрлердi көпшiлiк алдында өртеу.
Әулет – бір атадан тараған ұрпақтар. Әулет ұғымы елдегі ең жоғары билік лауа-
зымы мұрагерлік жолмен берілген замандардағы билеушілер шежіресін тарату
үшін қолданылады.
Барон – Батыс Еуропадағы феодалдың атағы. VI–VII ғасырларда ауқатты
адамдардың бәрi осылай аталды, ал ХI–ХII ғасырларда корольдiң тiкелей
вассалы – iрi феодалдар ғана барон аталды.
Барщина– орыстың «еңбекпен өтеу салығы» деген сөзi, шаруа ның фео дал
иелiгiнде тегiн iс телетiн еңбегi.
Басқақ – монғол хандарының жау лап алынған жерлердегi салық жинау және
халық санын есепке алумен шұғылданатын өкiлi.
Бас штаттар – феодалдық Франция мен Нидерландыдағы сос ло виелiк өкiл дiктiң
жоғарғы органы. Қа ла лардың өсуiне, әлеу мет тiк қайшы лықтардың шиеле-
нi суiне және таптық кү рестiң кү шеюiне байланысты пайда бол ды. Францияда
1302 жы лы Жүзжыл дық соғыс қарсаңында шақырылды.
Бей – Таяу және Орта
Шығыс ел де рiнде ру-тайпалық, кейiнi рек ақ сүйектерге
ғана берi ле тiн фе о дал дық атақ.
Бенефиций – уақытша сыйлыққа берiл ген жер үлесi.
Билль – конституциялық актiлердiң аты (мысалы, құқық туралы билль).
Бург – жау
шапқыншылығынан қор ғану үшiн салынған Батыс Еуро падағы
бекiнiс орны. Кейiнi ректе бург әскери және әкiмшiлiк орталықтарға, сондай-
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
148
ақ епископтар резиденцияларына айналды. ХIV–ХV ғасырларда орталық
өкi меттiң күшеюiне байланысты және артиллерияның шы ғуы нә ти же сiнде
бург өз мәнiн жойды.