17
келіссөздер жүргізілді. Түрік қағаны Иштеми Константинополь ге көпес
Маниах басқарған елшілік жіберді. Византия императоры бұл елшілікті
құрметпен қарсы алып, қайтарында Византия елшісі Земархты қосып,
Түрік қағанатына аттандырды. Земарх елшілігі Каспий теңізін жағалап,
Хорезм арқылы Сырдарияға жетті. Түрік қағаны Иштеми Византия
елшілігін құрметпен қарсы алды. Екі ел арасындағы келіссөздерде сау-
да және сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдау туралы сөз болды.
Қаған сарайы Византияға қолдау көрсететіндігін білдіргенімен, Иран
мен Византия арасындағы қатынасқа араласпады.
Достарыңызбен бөлісу: