Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Үндістанда ғылым және мәдениеттің дамуы



Pdf көрінісі
бет81/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Үндістанда ғылым және мәдениеттің дамуы. Ортағасырлық Үнді-
станда ғылымның математика, астрономия және медицина салалары 
дамыған. Үнді математигі Арьябхата Пифагор теоремасын білген, синус 
және косинустар теоремасын ашқан. Ол аспан әлемін зерттеп, Жердің 
Күнді айналатынын алғаш рет айтқан ғалым. Медицина саласында 
өсімдіктерден дәрі жасауды ойлап тапқан. Операция жасау әдістерін 
білген. Көз ауруларын да емдеген. Үнді дәрігерлері адам тамырының 
соғуы мен денсаулығының арасында тығыз байланыс бар екендігін 
дәлелдеді. 
V ғасырда өмір сүрген үнді жазушысы Калидасаның «Шакунта-
ла» деген драмасы дүниежүзілік әдебиеттің алтын қорына қосыл-
ды. V–VІІ ғасырлардағы үнді фило софия сының көрнекті өкілдері – 
Нагарджун, Джаймини, Васубандху. Олар идеалистік көзқарас ұстанды. 
VІ–ХVІІ ғасырларда Үндістанда сәулетшілер мен құрылысшылар 
көптеген сәулетті сарайлар тұрғызды. Олардың ішінде тау өңірінде салынған 
Аджант сарайының орны ерекше. Аджант сарайы тастан қашап салынып, 
ішіне көптеген Құдай мүсіндері орналастырылған. Үндістан жеріне Орталық 
Азиядан сәулет үлгілері кең таралды. Ұлы Моғолдар мұсылман сәулет 
өнерін дамытты. 
Тәж-Махал кесенесі қазірге дейін тамаша әсемдігімен 
таңғалдыруда. Қазақтың ұлы тарихшысы, «Тарих-и-Рашиди» кітабының 
авторы Мұхаммед Хайдар Дулати осы кезеңде өмір сүрді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


128
Түрік мәдениеті. Түркияда жазба әдебиеттің алғашқы үлгілері ХІІІ 
ғасырда пайда болды. Көне шығармалардың қатарына 
Ахмед Факихтің 
«Тағдыр кітабы» жатады. Оның шәкірттері 
Шейад Хамза «Жүсіп пен 
Зылиха» қиссасын жазды. Түрік тіліндегі ең алғашқы шығарма – сопы 
Ашик паша жазған «Қуғындалушының кітабы» (поэма) болды. 
ХІV–ХV ғасырларда поэзияда Низами Гәнжауидің «Бес дастаны» 
(«Құпия қазына», «Хұсрау мен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті 
ару», «Ескендірнама») үлгісімен романтикалық сарындағы шығармалар 
жазған бірқатар авторлар (Ахмед, Жүсіп, Синан т.б.) дүниеге келді. 
Лют-
фи Такади математика, астрономия ғылымдарына талдау жасап, фило-
софия пәндері бойынша бірқатар еңбек жазды. Географ адмирал 
Пири 
Реис 1513 жылы дүниежүзінің картасын, ал 1523 жылы «Бахрийе» атты 
теңіз атласын жасады. 
ХV–ХVІІ ғасырларда түрік сәу-
летшілері (Синан т.б.) сәулет өнерінің 
композициялық құрылымы мен көр-
кемдігіне ерекше көңіл бөлді. Түркия 
қалаларында медресе, мешіт, кесене, 
монша, хауыздар салу кең өріс алды. ХV–ХVІІ ғасырлар аралығында 
сән және қолданбалы өнердің керамика, жібек жібін иіру, кілем тоқу, 
металл өндіру, қару-жарақ жасау сияқты салалары өрістеді. Түркі 
халықтарының музыкасында өзара ұқсастық бар. Мысалы, мани, қошма, 
тюркю әндері Орталық Азия, Қазақстан, Әзірбайжан музыкасымен 
әуендес болып келеді. Музыка аспаптары: кеманча, ребаб, тамбур, уд, 
ковар, дюдюк, зурна, дәф, давул т.б.
Орталық Азияның ортағасырлық 
сәулет өнеріндегі өзіндік ерекше-
ліктерін сипаттаңдар. 
Стамбұлдағы 
Сүлеймен мешіті 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


129
Бұхара қаласындағы 
Исмаил Самани кесе несi


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет