Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет82/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Сәулет өнері. Орталық Азияда көптеген ескерт кіштер балшықтан 
салынғандықтан сақтал маған. Тек саманилер дәуірі ескерт кішінің бірі 
Бұхара қаласындағы Исмаил Самани кесенесі күйдірілген кірпіштен 
салынғандықтан сақталып қалған.
Х ғасырдағы Орталық Азия сәулет өнері, негі зі нен, мешіттер мен 
мұнаралардан тұрады. Со ның бірі – Бұхара қаласындағы Калян меші- 
тінің жанындағы мұнара 1127 жылы Қара хандар әулетінен шыққан 
Арслан ханның бұйрығымен салынған. Хорезм қаласында ХІ–ХІІІ 
ғасырларда салынған бірқатар сәу лет ескерткіштері сақталған. Олар: 
Бо-
ран қала, Наиб қала, Қабат қала, сонымен қатар Үргеніш қаласындағы 
Фахруддин Рази кесенесі, Бұхара маңындағы Раб-и-Мелик керуен са-
райыТекеш Хорезмшах жерленген кесене.
Самарқан, Бұхара қалаларында кітап миниатюрасы дамыды. 
Бұхарадағы кітап миниатюрасы және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу 
мектебі кеңінен өріс алды. ХІV ғасырдың соңында – Әмір Темір дәуірінде 
Орталық Азияда қала салу, суландыру жүйелерін құру, керуен сарай-
лар, медреселер, діни ғимараттар тұрғызу ерекше қолға алынды. Сол 
дәуір ескерткіші – Түркістандағы 
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Орталық 
Азияның ортағасырлық мәдениеті дүниежүзілік өркениетке өз үлесін 
қосты.
9–3465
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


130
Ғылыми білімдердің дамуы. Орта ғасырдағы 
Орталық Азия елдерінің көрнекті ғұлама 
ғалымдары: 
Әбу Райхан Бируни, әл-Хорезми, 
Әбу Әли ибн Сина, Ұлықбек, әл-Фараби т.б.
Әбу Райхан Бируни (973–1048) – орта азия-
лық энциклопедист ғалым. 973 жылы Қият 
қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келді. 
Ол 150-ге жуық кітап жазған, оның 45-і астро-
номия мен математикаға арналған. Бируни 
еңбектерін араб тілінде жазды. Оның «Үндістан», 
«Масғұд каноны» т.б. еңбектері бірқатар ше-
тел тілдеріне аударылған. Бируни география 
саласында қыруар еңбек жазып қалдырды. Ол 
географиялық карта жасады. Бирунидің геогра-
фиясы геология, минералогиямен тығыз байла-
ныста баяндалды.
Әл-Хорезми (795–850) – алгебра ғылымының 
негізін салушы. Математика саласындағы ең ірі 
еңбегі «Китаб Мұхтасар әл-джәбр уә-л-ва мұқаба-
ла» деп аталады. Заманында бұл еңбегі жоғары 
бағаланып, оны «Алгоритм атасы» деп атаған. 
Хорезмидің «Астрономия кестесі», «Күн сағаты 
туралы трактат» еңбектері жоғары бағаланған.
Әбу Әли ибн Сина (980–1037) әл-Фарабидің 
шәкірті болған. Аристо тельдің еңбектерін өзі 
оқып түсінуге ұмтылған. Ол – «Дәрі гер лік 
ғылым каноны» атты 5 кітаптан тұра тын меди-
циналық энцикло педияның, «Білім кітабы» 
деп аталатын философиялық анықтамалықтың
араб және парсы тілдерінде жазылған терең 
ойлы өлеңдердің авторы. 1000 жылы Бұхара 
қаласынан Үргенішке келіп, Бирунимен кездесіп, 
ғылыми кітаптарының көбін осы қалада жазады. 
Ибн Сина өсімдіктердің өсу барысын бақылап, 
олардың емдік қасиеттерін анықтаған. Бала ау-
руларын зерттеп, оларды өзі шөптен жасаған 
дәрі-дәрмектермен емдеп отырған.
Ибн Сина денсаулықты алдын ала сақтай 
білудің әдіс-амалдарын насихаттады. Ол тағамды 
Ұлықбек
Әбу Райхан Бируни
Орталық Азия
көрнекті ғұламалары 
еңбектерінің бүгінгі 
күнге дейін маңызын 
жоймаған себебі неде? 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


131
талғай білуге, денені шынықтыру мен таза ұстауға ерекше мән берді. Бұл 
ережелер бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет