Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Ойталқы Германиядағы шаруалар көтерілістері неге өз мақсатына жете алмады? ?!



Pdf көрінісі
бет85/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105
Ойталқы
Германиядағы шаруалар көтерілістері неге өз мақсатына жете алмады?
?!
Шаруалар соғысы жеңiлгеннен кейiн Германияда князьдық өкiмет 
күшейдi. 1530 жылы «Аугсбургтiк дiн ұс тану» деген құжат қабылданды. 
Ол бойынша шiр кеу дiң бастығы папа емес, жергiлiктi князь деп есеп-
телдi. Дiни әдет-ғұрыптарға жұмсалатын шығынды арзандату көзделдi. 
Бұл «арзан шiркеу» қоғамда жаңадан қалыптасып келе жатқан буржуа-
зия талабы едi.
1534 жылдың басында Вестфалиядағы Мюнс тер қаласында көте-
рілісшілер қайтадан бас көтердi. Олар сайлауда жеңiске жетiп, қа ладағы 
билiктi қолдарына алды. «12 ақсақалдың» кеңесi құрылып, шiркеу мен 
монастырьлардың, қашқан қала байларының мал-мүлкiн тәркiледi. 
Ақшаны жойды, азық-түлiк пен тұтыну бұйымдарын ортақ меншiкке 
айналдырды. Бар лық халық қара жұмысқа және қала қорғанысына 
күштеп тартылды.
Жылдың аяғына қарай жағдай қиын дады: азық-түлiк қоры таусыл-
ды. Жекеменшiктi жоюға болмайтындығына халықтың көзi жете баста-
ды. 1535 жылы көктемде Мюнстердi епископ әскерi басып алды. Мюнс-
тер коммунасының басшылары өлтiрiлдi.
1555 жылы князьдар мен императордың араcында Аугсбург бiтiмi жа-
салды. Ол бiтiм бойынша князь өз халқының қайсы дiндi ұстанатынын белгi-
лей тiн болды. Сөйтiп, реформациядан кейiн Германияның быты раңқылығы 
одан әрi күшейдi.
1. Германияда католик шіркеуінің ықпалы неге күшейді?
2. Католик шіркеуіне қарсы қозғалыстың мақсаты не еді?
3. Салыстыру кестесін толтырыңдар.
Мартин Лютердің ұстанымы
Томас Мюнцердің ұстанымы
3. Тарихи ұғымдар мен олардың мазмұнын сәйкестендіріңдер.
1. Реформация
а) католик шіркеуіне қарсы қозғалыс
2. Анабаптистер 
ә) басқаша шоқынушылар
3. Индульгенция 
б) кешірім туралы грамоталар 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


137


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет