Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


ОРТА ҒАСЫРЛАРДЫҢ АДАМЗАТ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет91/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   105
 ОРТА ҒАСЫРЛАРДЫҢ АДАМЗАТ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Орта ғасырлар тарихы адамзат өмiрiнiң аса маңызды ке зе ңi-
нiң бiрi болды. Орта ғасырлар феодалдық құрылыстың орнауынан 
бас талады. Қоғамның не гiзгi өндiргiш күшi – халық бұ қарасы орта 
ғасырларда еңбек өнімділігін арттыра түсті. 
Бұл кезеңде әлем халықтарының өмiрге, оның мән-мақсатына 
деген ой-пiкiрiн, көзқарасын тұ жырымдауға зор үлес қосқан 
жаңа хрис тиан және ислам дiндерi қалыптас ты. Христиан дiн- 
басылары кү пiрлердi қудалауға ұшыратты. Батыс Еуропа халық- 
тарын Шығыс ел дерiне айдап салып отырды. 
Орта ғасырларда католик шiркеуiн түбiрiмен қайта құруға 
бағытталған қозғалыс – 
реформация өрiс алды. Оның жақтастары 
папаның дiн дарларды басқару құқын мойындаудан бас тарт-
ты. Шiркеу жер лерiн тартып алуды, монастырьларды жабуды
әулиелерге табынуды жоюды, индульгенция сатуға тыйым салуды, 
киелi кiтапты адамдардың бәрi бiрдей оқуға рұқ сат берiлуiн талап 
еттi. Реформация Еуропаның көптеген ел дерiнде (Солтүстiк Гер-
мания, Швейцария, Нидерланды мен Англия, Дания мен Шве цияда 
т.б.) жеңiске жеттi. 
Орта ғасырларда адамға деген жаңа көзқарастан туындаған гу-
манистiк идея өмiрге келiп, нығая түстi. 
Орта ғасырларда Осман түрiктерi Византия империясын ба сып 
алып, еуро палықтардың Шығысқа баратын жолын жауып тастады. 
Еуропалықтар өз қазыналарын молайтып отыру үшiн Шығысқа 
теңiз арқылы бет түзе дi. Со ның арқасында 
ұлы географиялық ашы-
лулар жасалды. Нәтижесiнде еу ропалық тар дың әлем туралы білімі 
мен ой-өрiс терi кеңейе түстi. Орта ғасырларда адамзат тарихындағы 
ұлы жаңалықтардың бiрi – кiтап басып шығару ісі қолға алынды. 
Ол бiлiм, ғылым, өнердiң кең қанат жаю ына мүм кiндiк туғызды. 
Жоғары оқу орындары – уни верситеттер ашылды. Мәдениет қалың 
халық бұқарасының игiлiгiне айнала бастады. Көптеген таңғажайып 
ортағасырлық өнер туындылары дү ниеге келдi. Ғылым-бiлiмнiң да-
муы сағат, домна пешi, оқ-дәрiмен атыла тын қару сияқты құрал-
саймандардың ойлап табылуына себепші болды. 
10–3465
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


Орта ғасырларда мемлекеттiк би лiктiң демократиялық жүйесi 
қалыптаса бастады. Бұл жүйе адам құқықтарына негiзделген заңдар 
жиынтығын (Юстиниан кодексi, «Яса» т.б.) бекітті. 
Орта ғасырларда халықтар мен мемлекеттердiң даму дең-
гейi бiрдей емес еді. Ерте орта ға сырлар мен дамыған феодализм
ке зiн де Шығыс елдерi шаруашылығы мен мәдениетiнiң дамуы жағы-
нан Еу ропа елдерiнен едәуiр алда болып келді. Ал кейiнгi орта ғасыр- 
ларда әсi ресе қайта өрлеу дәуiрiнде даму жағынан Еуропа алға озып 
шықты. 
Батыс Еуропа елдерi жаңа ка питалистiк қатынастарға аяқ бас-
қанда Шығыста феодализм үстемдiк құра бердi. Ал Африка мен
Австралия, Америка мен Азиядағы көптеген елдерде алғаш қы 
қауымдық құ рылыс сақталып қалды. 
Қорыта айтқанда, орта ғасырлар адамзат тарихындағы шаруа-
шылық пен мәдениеттiң қарышты қадаммен алға жылжу кезеңi
болды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет