Рабочая учебная программа «Технология және оқыту әдістемесі»


тақырып. Қағаз бен қатырма қағазды өңдеу кезіндегі шаблондарды, трафаретті, штампты қолдану



бет6/16
Дата01.12.2022
өлшемі50,33 Kb.
#54152
түріРабочая учебная программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2.1.4 тақырып. Қағаз бен қатырма қағазды өңдеу кезіндегі шаблондарды, трафаретті, штампты қолдану.
Трафарет және штамп туралы ұғым. Өндірістің әртүрлі саласында шаблондарды, трафареттерді және штамптарды қолдану. Мектеп жағдайында трафареттің, штамптың түрлері және оларды дайындаудың әдістері. Мектептегі шаблондар, трафареттер, штамптармен жұмыс жасау әдістемесі.
Практикалық жұмыстар: Трафареттердің, штамптардың көмегімен көрнекті құралдарды, сәндік бұйымдарды дайындау.
Трафареттердің, штамптардың, таңбаларын, халықтық оюлардың жақсы шыққан үлгілерін жұмыс альбомына желімдеу.
2.1.5 тақырып. Қағаз бен қатырма қағазды бүгу және қаптау
Бүгу өндірістік операциясы, оның мәні. Қағазды, қатырма қағазды, ағашты, металды және басқа материалды бүгу. Қағазбен қатырма қағазды машиналардың көмегімен бүгу.
Бүгу мен қатпарлаудың тәсілдері. Целиндр формалы бұйымдарды алуда қатырма қағазды бүгу, қатпарлау әдістерінің ерекшеліктері.
Бастауыш сыныптардағы қағаз бен қатырма қағазды бүгу және қатпарлауды оқыту әдістемесі.
Тапсырма: Бүгу жолымен алынған көлемді бұйымдарды альбомға салу. Бүгу нәтижесінде алынған жалпақ бұйымдарды альбомға желімдеп жапсыру.
2.1.6 тақырып. Қағаз бен қатырма қағазды кесу. Біріктіру жұмыстар.
Кесу – өндірістік операциянының бір түрі және маңызы. Өндірісте қағазды, қатырма қағазды, металды, ағашты және басқа материалдарды кесу.
Қол құрал-саймандарымен кесу. Кесу арқылы қағаз бен қатырма қағазды қолмен түзеу және қисық сызық бойымен, қайшымен, пышақпен кесу. Кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Қағаз бен қатырма қағаздан қиылған бұйымдарды құрастыру.
Қағаздан және қатырма қағаздан жасалынған бөлшектерді біріктіру.
Құрастыру-монтаждау операциясы мен технологиялық процесі. Қағаз бен қатырма қағаздан жасалған бұйымдарды желім, қағаз, жіппен, матамен, сыммен біріктіру.
Қағаз бен қатырма қағазды желімдеу. Өсімдіктен жасалынған желімдер, жануарлар тегінен жасалынатын желімдер.
Мектеп жағдайында қолданылатын әр түолі желім. Әр түрлі желімдердің артықшылығы мен кемшілігі. Әр текті желім түрлерін дайындаудың әдістері. Желімдерді сақтау. Желім ерітінділерін дайындау және онымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасы.
Желімдеудің тәсілдері. Қағаз парақтарын желімдеу. Қатырма қағазды желімдеу, кептіріп сақтау. Қағаз бен қатырма қағазды тоқыма кездемелермен біріктіру.
Тапсырма: Дәптерге желім мен оны дайындау туралы мәліметтерді жазу. Желімдеу прцесінде пайда болатын бүрісу-тырысулардың болу себептері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет