Рабочая учебная программа «Технология және оқыту әдістемесі»


-тақырып. Технология сабағына алдын-ала және тікелей дайындық. Сабақтағы жұмыс түрлері



бет5/16
Дата01.12.2022
өлшемі50,33 Kb.
#54152
түріРабочая учебная программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1.9-тақырып. Технология сабағына алдын-ала және тікелей дайындық. Сабақтағы жұмыс түрлері.
Мұғалімнің сабаққа алдын-ала әзірлігі: бағдарламаны оқу, оқу құралдарын талдау, материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау,көрнекіліктерді іріктеу.
Сабаққа нақты әзрлік: сабақтың тақырыбы, оның оқыту, тәрбиелеу және оқыту мақсаттарын анықтау, бұйымның үлгісін және оның графикалық бейнеленген түрін жасау, білімі мен біліктілігі деңгейін анықтау, оқушылардың бұйымды құрастыруда және өз ойларын жүзеге асыруда тиімді әдістерді таңдап алу, жұмысты есепке алу және оны бағалау әдістемесін анықтау.
Сабақты жаппай түрде, топтық және жекелей тапсырмалар беру арқылы ұйымдастыру. Фронтальды және жеке жұмыстарды ұйымдастыру. Еңбекке баулу сабағында оқытудың әр түрлі форма, әдістері мен әдістемелерін қолдану.
1.10 тақырып Технология пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар.
Сабақтан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты. Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
Өндіріс, ондағы адам еңбегімен таныстырудағы саяхаттың маңызы. Саяхат түрлері. Саяхатты жоспарлау және оған оқушыларды дайындау.
Саяхатта оқушылар жинаған материалдарды жинақтау және оны талдау.


2 бөлім Материалдарды өңдеу технологиясы мен оқыту әдістемесі
2.1 тақырып Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс технологиясы
2.1.1 тақырып Қағаз және қатырма қағаз. Көлемді геометриялық формалар
Қағаз және қатырма қағаздың адам өміріндегі, өндірістегі және тұрмыстағы маңызы. Қағазды шығару жайлы мәлімет, қағаз өнеркәсібі. Қағаздардың өнеркәсіпте және тұрмыста қолданылуы. Қағаз бен қатырма қағаздың түрлері. Қағаз бен қатырма қағаздан көрнекі құралдар, макеттерді, үлгілерді, тұрмыстық заттарды дайындау үшін қажетті материал.
Шырша ойыншықтарын дайындау.
2.1.2 тақырып Қағазды бояу
Шаблон, трафарет, штамптар үшін бояу ерітіндісін даярлау және оны бояу әдістері.
Практикалық жұмыстар: Шаблон, трафарет, штамптар қолдану үшін бояу ерітіндісін даярлау және оларды әртүрлі бояу әдістерін қолдана отырып орындау.
2.1.3 тақырып Қағаздар мен қатырма қағаздарды өңдеу процесіндегі өлшеу, белгілеу және бақылау.
Өлшеу, белгілеу және бақылау, олардың технологиялық процестегі орны мен маңызы. Белгілеу және өлшеп бақылауға арналған құралдар: сызу тақталары, рейшина, масштабтық сызғыштар, сызба бұрыштар, техникалық циркульдер, мектепке арналған сызу құралдарының жиынтығы, штангенциркул, микрометр, белгілеу сызғыштар және бұрыштар, рейсмус, қарындаштар, белгілегіштер. Белгілеу және өлшеу құралдарын жұмысқа дайындау және тексеру. Өлшеу және белгілеу құралдарын қолдана білу.
Қағаздар мен қатырма қағаздарды өңдеу процесінде техникалық құжаттарды пайдалану: эскиздер, техникалық суреттер мен сызулар, технологиялық карталар.
Оқушыларды техникалық сызу элементтерімен таныстыру. Графикалық кезеңдердің түрлері. Сызу - техникалық құжаттардың негізі болып саналады. Сызулардың түрлрі мен мазмұндары. Бастауыш сыныпта қолданылатын сызулардың ерекшеліктері, сызуларды оқудың реттері. Сызудағы шартты белгілер: заттың нұсқасы орталық және ось жеке орталық сызықтар, көрінбейтін нұсқалардың сызықтары, бүгіліс сызықтар, өлшемдерді белгілеу және түсіру т.б. Қағаздар мен қатырма қағаздарды белгілеудің тәсілін бұйымды көрсету үлгісін беру: эскиз, техникалық сурет, сызу, ауызша суреттеу. Белгілеу процесіндегі өлшеудің тәсілдері.
Тапсырма: Сызу аспаптары мен құралдарын тексеру. Жұмысқа қажетті қағаздар мен қатырма қағаздардың дайындамасын белгілеу. Жұмыс альбомында әртүрлі шаблондар мен трафареттерді сызу. Негізгі геометриялық фигураларды сызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет