Рабочая учебная программа «Технология және оқыту әдістемесі»



бет7/16
Дата01.12.2022
өлшемі50,33 Kb.
#54152
түріРабочая учебная программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
2.2 тақырып. Көркем еңбек.
2.2.1 тақырып. Талшықты материалдармен, матамен және жіппен жұмыс.
Мата өнеркәсібінің дамуы. мата өнеркәсібіндегі кешенді механикаландыру және автоматтандыру, жоғары өнімді жіп иіру машиналары.
Талышқатарды топтастыру: табиғи және химиялық талшықтар. Табиғи талшықтарды игеру. Иірілген жіп.
Маталар. Матаны тоқу процесі (тоқымашылық). Мата жіптерінің иілуінің қарапайым түрлері. Маталардың оң және теріс жақтары. Әр түрлі маталардың атқаратын қызметтері мен технологиялық қасиеттері.
Тапсырма: Талшықты материалдар, маталар, жіптер туралы мәліметтерді жұмыс дәптеріне жазу. Маталардың үлгілері коллекциясын дайындау.
2.2.2 тақырып. Матаны пішу және тігу.
Маталармен жұмыс істеуге керекті аспаптар мен құралдар. Аспаптардың сақталуы. Маталармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Жұмыс орны. Тігу кезіндегі жұмыс қалпы. Түзу қиылған тігін бұйымдарын қолмен пішу және тігу. Бойлық /негізгі/және көлеңке/арқау/ бағыттағы әр түрлі
маталардың қасиеттері. Тоқымашылық жіптердің бағытын ескеру арқылы үлгіні орналастыру. Маталарға үлгілерді бекіту. Сызғыш пен лекалоның көмегімен маталарды белгілеу. Маталарды тігу кезіндегі қолданылатын тігістер.
2.2.3 тақырып. Жіптермен, баулармен, сутаждармен жұмыс
Өруге және тоқуға арналған материалдар. Бау мен арқанды бір немесе бірнеше ширатылған жіппен өру. Ширатылған үш немесе төрт жіпті тоқу. Жіптердің ұшын түйіндеп қосу. Әр түрлі бұйымдардың түйіндері. Бастауыш сыныптардағы өру мен тоқуды оқыту әдістемесі.
Тапсырма: Өру мен тоқу тәсілдерін орындау. Бауларды тоқу.
2.2.4 тақырып. Тігу кезіндегі тігістер. Кесте тігіу.
Тоқыма бұйымдарын көркемдеп безендіру. Кесте тігуде жіптерді таңдау. Кесте тігуде қолдаылатын материалдар, аспаптар мен құралдар. Тігістің түрлері.
Суреттерді таңдау ұлттық өрнектер мен оюлар. Суреттің көлемін клетка арқылы, пантографтың немесе эпидиаскоптың көмегімен өзгерту. Қағаздан тігілетін кестенің суреттік композициясы.
Сурет бөлшектерінің үйлесімі мен байланысы. Көшірме қағаз, трафарет арқылы суретті матаға көшіру.
Тапсырма: Ұлттық бұйымдарға тышқан ізін қолданып кесте тігу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет