Работников по акмолинской области сборник материалов



Pdf көрінісі
бет3/34
Дата06.03.2017
өлшемі4,68 Mb.
#7901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Муз рук: Ребята, на этой странице в каждом домике  живут необыкновенные жители. Они 
поют,  танцуют  или  маршируют.  Узнайте,  прослушав  музыкальный  отрывок,  что  делают  в 
домике – поют, танцуют или маршируют. А затем лупой проверите правильный ответ. 
 
 
ЛОГОПЕД ТОБЫНДА ВАСКАБОВИЧТЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ 
БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ ҚОЛ МАТОРИКАСЫН ДАМЫТУ 
  
Есенеева А. С., 
№1 «Айгөлек» балабақшасы 
логопед тобының тәрбиешісі 
Степногорск қаласы, Ақмола облысы 
 
    Жобаның өзектілігі: Васкабович 90-жылдардың басында пайда болған. Алғашқы ойындар. 
«Мөлдір шаршы»,  «мөлдір көрсеткіш»,  «Домино  »  «Ойын алаңы  »  Васкабович алаңы  «Түс 
сағаты» Планета математикалық себеттер. 
 Қазіргі  оқу  үрдісінде  дәстүрлі  емес  сабақтар,  кештер,  дидактикалық  ойындар,  ұсақ 
маторикасын,әр  түрлі  әдіс-тәсілдер    кеңінен  қолданылып  жүр.  Ұстаз  қандай  әдіс-тәсіл 
қолданса  да  мақсат  біреу,  ол  балаға  тиянақты  да  сапалы  білім  беру  және  оны  әр  түрлі 
қосымша  материалдар  мен  оқушының  тиянақты  да  сапалы  білім  беру  және  оны  әр  түрлі 
қосымша материалдар мен оқушының есінде қалатындай етіп ұйымдастырып бекіту. 
Жобаның мақсаттары : 
Баланың танымдық қызығушылық және зерттеу дамуын  арттыру . 
• бақылау , қиял , жады , көңіл , логикалық ойлау және шығармашылық дамыту. 

17 
 
• әлем туралы негізгі ұғымдар ( математикалық, ауызша дағдыларын қалыптастыру 
Ұсақ моториканы дамыту  
Мақсаты:  Васкабовичтың  әдіс-тәсілдерін    қолдана  отырып,  балалардың  ұсақ  қол 
моторикаларын  дамыту.  Ұсақ    қол  моторикаларын  дамыта  отырып,  балалардың  сөздік 
қорларын, ойлау қабілеттерін  дамыту көзделеді. 
Жобаның  мерзімі: 
Қысқа мерзімді. 
2015 қыркүйек  – 2016 ақпан   
  Ұйымдастыру шаралары:  
Тақырыбы және оның дамуы.  
1. Таңдау .  
2.    Аталған  мәселе  бойынша  ғылыми  және  ғылыми-  практикалық  ,  әдістемелік  көздерін 
зерттеу . Тақырып бойынша әдістемелік материалын  таңдау. 
 3.  ЖСТД  және  сәндік-қолданбалы  өнерге  баланы  қатыстыру  арқылы  балалардың    ұсақ  қол 
моторикасын дамыту бойынша жұмыс жүйесін әзірлеу.  
 4. Ұйымдастыру 
 5. Сұхбат , танымдық ойындар. 
 6.  Ата-аналарға арналған  сауалнама, ұсынымдар әзірлеу 
7.   Балалар мен ата-аналар бірлескен іс- шара  
8.  Көрме бұрышы 
Диагностикалық шаралар (2015 қыркүйек  -  2015қазан) 
1. Балалардың саусақтарының ұсақ қол моторикасын  даму деңгейін анықтау 
2. Жобалау және қол еңбек арқылы  балалардың даму деңгейін бақылау. 
3. Модельдеу арқылы балалардың даму деңгейін сипаттау . 
4. Шығармашылық қызығушылығын анықтау мақсатында ата-аналарға сауалнама 
Практикалық шаралар (2015 қазан-2015желтоқсан) 
1. Жұмыстарды іске асыру 
2. Зерттеулерді, талқылауды, білім беру ойындарды, ойын-сауық  жинақтарын әзірлеу  
3. Балалармен жұмыс 
4. Ата-аналар арналған кеңестер әзірлеу 
5. Балалармен бірлескен жұмыстың жемістерін, ата-аналармен  бөлісу. 
Синтез шаралары (2015 желтоқсан- ақпан2016)  
1. ЖСТД  балалармен жұмыс жүйесінің тиімділігін анықтау 
2. Талдау - қолданбалы өнер. 
3. Нұсқаулықтарды әзірлеу. 
4. Фотоколлаж дайындау . 
5. Балаларға арналған ертегілер мен әңгімелер жинағын дайындау . 
6. Ойындар мен жаттығулар жинағы. 
7. Тақырып   бойынша сюжеттік - рөлдік ойындар. 
8. Балалар мен ата-аналар бірлесіп жұмыс істеу үшін материалды әзірлеу. 
Тәжірибелік маңыздылығы: 
баланың  өмірге  бейімделуін  қалыптастыру  кезінде    оның  қабілеттерін  дамытуға  көмектесу 
үшін ата-аналармен бірлескен шығармашылық қызметтері:  
• балалармен біріккен қол өнер жұмыстарын өткізу 
• ұсақ қол  моторикасын дамытатын ойындар өткізу    
•  ата-аналар мен балалар үшін әдістемелік материалдар  жинақтау 
Жобаның құрылымы 
  Мектепке  дейінгі  мекемелерде  қол  өнер  жұмыстарын  қолданады.  Ол  түрлі  жолдармен 
ұйымдастырылған, алуан түрлі  және жан-жақты болып табылады.  Шебер қолдан жасалған 
жұмыстар: кескіндеме, аппликация, модельдеу, құрылыс, қол еңбек.  

18 
 
Осы  іс-шаралардың  мақсаты:      балалардың  қабілеттерін,  жүйелі  жаттығуларды  және 
балалардың    көркемдік  талғамын  дамытатын      ұсақ    қол  моториканы    нығайту  болып 
табылады. 
Ұсақ  қол  моториканы  дамыту  барысында,  дене  шынықтыру  нұсқаушысы,  музыкалық 
жетекшісі педагог- логопед тердің тигізер үлестері зор. 
Біздің  топтың  ерекшелігі  логопедпен    тығыз  ынтымақтастықты  көздейді.  Логопед 
сабақтарында    ,  балалармен  жеке  жұмыс  барысында  ,  түзету  білім  беру  сағаттарында  , 
педагог  -  логопед  балалармен  бірге  белсенді  орындайды,  мониторлар  ,  ұсақ  моторикасын 
дамыту үшін тақырыптық жаттығулар мен қызметін талдайды .  
2016 жылы жобаның нәтижелері 
Ұсақ қол моторикасын дамыту бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде балалар сөздік 
қоры  молаяды.  Балалардың    дамуындағы  диагностикалық  нәтижелерін  растайды  және 
жобаның маңыздылығы мен өзектілігін дәлелдейді. 
Ата-аналар  балалардың  қызығушылығын  белсенді  қолдау  және  бірлесіп  атқарылған  жұмыс 
тараптары болып келеді. Әрбір отбасы өзінше дарынды.  
Ұсақ қол моторикасын дамыту барысында осы нәтижеге жетеміз: 
1. Сөйлеу тілі жетіледі 
2. Қимыл қозғалыс қаблеті артады. 
3. Икемділігі арта түседі. 
4. Логикалық ойлау қабілеті дамиды. 
5. Танымдық деңгейі артады. 
    Соңғы жылдары біздің әлемде балалардың тіл дамуы төмендеді. Қазіргі кезде сөздік  қоры 
актуалдық  мәселе.  Сонымен  қатар  саусақтың  қозғалуы,  баланың  жасына  сай  болуы  керек. 
Жалпы  моториканың  және  саусақтың  қозғалуының  жетіспеуі  тілдік  функциясына 
байланысты.  Қолдың  ұсақ  моторикасы  баланың  дамуына  өте  маңызды.  Мектепке  дейінгі 
ұйымда жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор. 
      Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына 
да  әсерін  тигізеді.  Бала  саусақтарымен  әр  түрлі  жаттығулар  орындап,  үлкен  жетістіктерге 
жетеді  және баланы сурет  салуға үйретеді,  ары қарай жазуға да көмектеседі. Егер баланың 
саусақтары  шапшаң  жұмыс  жасап,  иілгіш  болса,  соғұрлым  бала  өзінің  күнделікті  өмірін 
жеңілдетеді. Ұсақ қол моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. 
Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан белсенді нүктелеріне әсер 
ете  отырып  массаж  жасау  керек.  Ерте  жаста  және  мектепке  дейінгі  кіші  жаста  қарапайым 
жаттығуларды  жасауда  өлеңмен,  тақпақпен  ұйымдастырылған  жаттығуларды  пайдалану 
ұсынылады.  Сонымен  қатар  өзіне-өзі  қызмет  ету  дағдысын  қалыптастыру:  түймесін  өзі 
салып,  өзі  ағыту,  бауын  байлау  т.б.    Ал  ересек  топтағы  балалар  үшін  ұсақ  моториканы 
дамыту  және  қолдың  икемділігін  арттыруға  арналған  жаттығулар  мектепке  дайындықтың 
яғни,  жазу,  сызуға  үйренудің  маңыздысы  болып  саналады.  Егер  4  –  5  жастағы  балада  бау 
байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстыра алса және 6 жаста 
түйме    тігу  –  орындалмас  және  қауіпті  іс  болса,  онда  сіздің  балаңыз  кінәлі  емес.Өкінішке 
орай  көп  ата-ана  қолдың  икемі  мен  ұсақ  моториканың  даму  деңгейінің  төмендігін  тек 
мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен 
қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарындашпен жазып үйренуі керек.Егер сіз бірінші 
сынып  оқушысында  жазуда  қиындық  болмасын  десеңіз  немесе  3  жастағы  бала  тілінің 
дамуында ақау болмасын десеңіз, дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан 
кейін  бастаңыз.  Ұсақ  моториканы  дамыту  әдістемесі  мұндай  жағдайда  өте  тиімді. 
Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, 1,5 жастағы  баламен саусақ ойындарын 
бастауға 
болады. 
Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ  жаттығуларын ең 
төменгі деңгейден бастаған дұрыс. 
Содан кейін ғана белсенді саусақ жаттығуларына көшуге болады 

19 
 
Қортынды.  Балалармен  жұмыс  барысында  байқағаным,  әр  ойынды,  әр  сабақты  не  ғұрлым 
қызықты өткізсем, со ғұрлым балалар жұмысты көңілді жасайды. 
Бұл біздің болашағымыз үшін маңызы зордеп есептеймін. 
Балалар  бақшада  ғана  емес,  отбасында  да  осылайша  қызықты  ойнаса,  олардың  сөйлеу 
қабілеттеріне  жақсы әсер берер деп ойлаймын. 
 
Қосымша 
Ашық сабақ жоспары 
 Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы 
             «___________»  «_____________» 
Білім беру саласы: Дыбыс дамыту 
Бөлімі: Қатынас. Тану. 
Тақырыбы: С-З дыбысы 
Мақсаты:  Балаларға  дыбыстарды  түсіндіру.  Дыбыстарды  айыра  білу.    Дыбыстың 
артикуляцияларын  меңгеру.  Жаңа  сөздерін  меңгеру,  осы  сөздердің  мағынасын  түсіндіру. 
Сөздік қорын молайту. Қолдың ұсақ  маторикасын дамыту. Қызығушылыққа тәрбиелеу. 
Түзету  жұмысы:  Балалармен  суретке  қарап  әңгімелесу  арқылы  сөздерді  дұрыс,  анық 
айтқызу. 
 
Көрнекіліктер: Қаздың суреті, Масаның суреті т.б. 
 Іс-әрекет кезеңдері 
Тәрбиешінің іс-әрекеті 
Балалардың іс-әрекеті 
Себепті қозғаушылық 
 
 
 
Таңғы шеңбер. 
Қонақтармен амандасу. 
Гу-гу-гу гуілде 
Қалып қойма біріңде, 
Пыш-пыш-пыш біз кеттік, 
Жүрісті біз үдеттік 
Шеңбермен  жүру.  Жылан 
тәрізді жүреміз.   
Шеңберге тұру 
Ұйымдастыру ізденушілік 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шаттық шеңбер. 
Қайырлы таң аспан ата! 
Қайырлы таң жер ана! 
Қайырлы  таң  балалар!  Ал  енді  осы 
жылуымызбен 
поездға 
отырып, 
сабаққа  поездбен барайық.  
Балалар  қараңдаршы  бізге  қонақ 
келіп  тұр.  Ол  кім?    Түлкімен 
амандасайық.  Шалеметшіздер  ме 
балалар.  Түлкінің  тілін  түзетуге 
тырысады. 
Балалар 
түлкі 
бізбен 
дұрыс 
амандасты ма?  
Қазір жылдың қай мезгілі?  
 
Бүгін аптаның нешінші күні?  
Көктем  мезгілінің  құбылыстарын 
атаңдар? 
Артикуляциялық жаттығу. 
Ерте ерте ертеде бірүй болыпты, ол 
үй  біздің  аузымыз.  Ол  үйдің 
шарбақтары  болыпты.  (жымию)  Ол 
үйдің  иесі кім? 
Тіл 
ұйқыдан 
тұрып, 
сағатқа 
қарапты.  Тіл  енді  шәй  ішкісі  келіп 
тұр. Тіл нді көңіл күйін көтеру үшін 
далаға шығып әткешек тепкісі келіп 
тұр. Тіл өлең айтқысы келіп тұр. 
Балалар  іс-қимылды  бірге 
қайталайды. 
 
 
 
 
 
Түлкі 
Амандасады 
 
 
Жоқ  
Далада көктем мезгілі. 
Бүгін  аптаның  төртінші 
күні бейсенбі. 
Тіл 
Сағаттың тілі 
Пиала 
 
Әткеншек 
Трубочка 
 
 
 
С-с-с-с-с-с-с-с 
 
 
 

20 
 
Судың өлеңі қалай шығады? 
Буынға қосып айтайық. 
Са-са,  со-со,  су-су.  Сөздер  айту 
маса,  мысық,  сүт,  сиыр.  Маса 
ойыншығын көрсетіп, өлеңін айту.  
Сурет көрсету 
Зияда қазды айдады. 
Са-са-са –ұшады маса. 
Су-су-су –құяды су. 
Сергіту сәті 
Бала, бала, балақан  
Қане қайсы алақан 
Саусақтарым әйбат 
Былай былай ойнат 
Түлкі  балалармен  қоштасады.  Мен 
сендерге  алып  келген  сыйлығымды 
тастап  кетем,  сендерге  апайларын 
сабақ біткен соң таратып береді. 
З-з-з-з-з-з-з-з 
 
 
 
 
 
Балалар жаттығу жасайды 
 
Балалар қоштасады 
 
 
Рефлекциялық айқындағыш 
  
Маторика дамыту. 
Қарындашпен, 
резенкемен, 
фасольмен, құммен.  
Қорытындылау. Мадақтау. 
Балалар 
берілген 
тапсырманы орындайды 
 
 
Күтілетін нәтиже: 
Нені біледі: Дыбыстарды меңгереді,сөздерді, буындарды айтып түсінеді. 
Қандай түсініктерді игереді: Дыбыс артикуляциясын дұрыс игереді. 
Меңгерген  дағдылары  мен  іскерліктері:  Маторика  жұмыстары  арқылы  қол  саусақтары 
дағдыланады. 
 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ 
ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Хуандых А., 
«Балдәурен» балабақшасының  тәрбиешісі 
Бұланды ауданы, Ақмола облысы 
 
      Жұмыстың өзектілігі:   
Балабақшада тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды: 
-  мектепке дейінгі жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын меңгерту; 
- мектепке дейінгіжастағы балалардың грамматикалық дағдыларды қалыптастыру. 
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату 
қажет  деп  табылды.  Бұрын  балалардың  орфографиялық  дағдысын  қалыптастыру 
грамматикалық  ұғымдарды  меңгертуге,  байланыстырып  сөйлеуді  дамытуға  бағытталған 
жұмыстармен  байланыссыз  жүргізілсе,  немесе  грамматикалық  ұғымдарды  меңгерту  тілдің 
лексикалық  және  синтаксистік  жүйесін  оқытумен  ұштастырылмаса,  енді  мұның  бәрін  бір 
мақсатқа  балалардың  өз  ойларын  мазмұнды,  грамматикалық  тұрғыдан  сауатты,  стильдік 
жағынан ойын дәл бейнелеп айта білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды. 
Жұмыстың  мақсаты:  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  грамматикалық 
дағдыларын қалыптастыру. 
Жұмыстың міндеті:  
- мектепке дейінгі жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын  қалыптастыруда, 
жас ерекшелігін ескеру; 

21 
 
-  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  грамматикалық  дағдыларын  оқыту 
принциптерін басшылыққа алу; 
- тақырыпқа сәйкес әдістемелік, педагогикалық еңбектерге сараптама жасау; 
-  сөйлеу  тілінің  дыбыстық  ерекшелігін  меңгерту,  яғни  сөздегі  дыбыстарды  дұрыс 
айтуға үйрету.  
Тәрбиешінің  негізгі  міндеті  балаларды  тәжірибеде  фразалық  тілді  пайдалана  білуге 
үйрету,  яғни  тілде  негізгі  грамматикалық  категорияларды  дұрыс  пайдаланудан,  сөзді 
практикада  жекелік,  көптік,  септік,  шақтық,  жақтық  формалармен  түрлендіру  дағдысын 
қалыптастырудан тұрады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың грамматикалық қателердің 
түрлері мынадай: 
-
 
зат  есімшенің  көпше  түрінің  бір  фонетикалық  вариантының  орнына  екіншісінің 
қолданылуы:  «жолдар», «көлдер» типі бойынша -лар (-лер) вариантының орнына -
дар (-дер) айтылады: «үйдер», «терезелер», «баладар», «көліктар»; 
-
 
зат  есімнің  септік  жалғауларының  фонетикалық  варианттары  бірінің  орнына  бірі 
қолданылуы:  «баладың»  («баланың»  деудің  орнына),  «үстелга»  («үстелге»  деудің 
орнына),  «адамты»  («адамды»  деудің  орнына),  «бақшатан»  («бақшадан»  деудің 
орнына), «балабен» («баламен» деудің орнына); 
-
 
стильдік жағынан бір септік жалғауының орнына екіншінің бір септік жалғауының 
қолданылуы: «үйде бардым» (дұрысы - «үйге бардым»), «көлікте міндім» (дұрысы - 
«машинаға  міндім»),  «жолда  бардым»  (дұрысы  -  «жолмен  бардым»),  «орындыкқа 
отыр» (дұрысы — «орындыққа отыр»), «орманда кетті» (дұрысы - «орманға кетті»), 
«кино бардым (дұрысы - «киноға бардым»); 
-
 
табыс  септігі  жалғауын  стильдік  жағынан  дұрыс  қолдана  білмеу:  «Мен  суретті 
салдым» (дұрысы   - «Мен кеше сурет салдым»), «Жазуды жазды» (дұрысы  - «Жазу 
жаздым»); 
-
 
септелмейтін зат есімдерді септеу; 
-
 
салыстырмалы 
шырайдың 
жасалуы 
кезіндегі 
сын 
есім 
түбірлерінде 
дауыссыздардың алмасуының болмауы; 
-
 
етістіктің  жіктік  жалғауларын  бірінің  орнына  бірін  қолдану:  тәрбиешінің  қойған 
сұрағына  орай  жіктік  жалғауының  1-жағы  жекеше  түрдегі  етістік  2-жақ  жекеше 
түрде немесе 3-жақ жекеше түрде айтылады. Мысалы:      - Сен көп ойнадың ба?  - 
Иә, мен көп ойнадым. - Мына суретті кім салды? - Бұл суретті мен салдым; 
Міне,  осындай  грамматикалық  катынастың  салдарынан  балалардың  тілі  жүдеу  болып 
шығады. Баланың грамматикалық дағдысының қалыптасу жұмысың негізгі мазмұны – сөздік 
жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қаблеттерін дамыту, өз ойын еркін 
жеткізуін,  қоршаған  орта  мен  айналасындағы  адамдармен  еркін  қарым-қатынасқа  түсу, 
сөйлеу  қабілеттерін  қалыптастыру.  Сонымен,  балалардың    грамматикалық  дағдыларының 
қалыптасуының дамуы төмендегідей нақты міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады деп 
ойлаймын:  
Балалардың  жас  мөлшеріне  қарай  жайылма  сөйлемнің  құрылысын,  мәселен,  тікелей 
толықтырылатын қос-құрылымдық сөйлемді игеруі үшін түрлі тәсілдерді (әңгімелесу әдісін) 
пайдалану керек. Бес жастағы бала үшін сөзбен елестетуге сүйену (сөйлесу. әдісі) тәсілі: 
—  Балалар,  «Кім  көбірек?»  ойынын  ойнаймыз.  Кім  менің  айтқан  сөзіме  көбірек  сөз 
қосар 
екен? 
Мен: 
«Аспазшы 
түскі 
асты 
әзірлеп 
жатыр»,— 
деймін. 
Ал  сендер:   «Аспазшы  таңертеңгі    (кешкі,    сәскедегі)    асты    әзірлеп    жатыр», 
«Аспазшы  компот  қайнатып   (шыжғырып,   қуырып,   бұқтырып;   сорпа,   щи: балық, ет…) 
жатыр»  деулерің  керек.  Соңғы  бала  сөйлегеннен  кейін  ешкім  сөз  қосып  айта  алмаса,  сол 
жеңеді. Алты – жеті жастағы  балалармен жұмыс істегенде, біріншіден, күрделі синтаксистік 
форма  берілу  (сөйлемде  оңашаланған  мүшелерді  пайдалану  немесе  күрделі  сөйлем  құрау), 
екіншіден, лексиканың ауқымы кеңейтілу арқылы сөйлесу әдісі күрделілендіріледі. 

22 
 
Төрт   жастағы  баламен  жұмыс  істегенде  бұл  міндетті  шешуді  суретке  сүйену  тәсілін 
қолданып (сөйлесу әдісі) жеңілдету қажет. Адам мамандығын толық бейнелейтін суреттердің 
жиынтығы керек: пеш жанында тұрған аспаз, күрек ұстаған бақшашы және т.с.с. 
Мектепке  жасына  дейінгі  балалардың  грамматикалық  дағдыларын  қалыптастыруда  
жүргізілген зерттеу жұмыстар: 
- морфологиялық және синтаксистік өңдеу  дұрыстығы;  
- берілген тапсырмаларды балалар өздігінен орындайды;  
-  күрделі және аумағы  үлкен тапсырмалар үлкендердің  көмегі арқылы орындау.  
1  тапсырма  –  ілік  септігіндегі  сын  есімді  қалыптастыру  мүмкіндігін  анықтауға 
бағытталған.  
Нұсқау: «иттің аяғы, жолбарыстың аяғын қалай атайды?» Ұсынылатын материалдар: 
қасқырдың аяғы, аюдың аяғы, құс тұмсығы, қыран ұясы.  
2  тапсырма  -  сапалы  сын  есімді  қалыптастыру  мүмкіндігін  анықтауға 
бағытталған. Нұсқау: « ашулы адамды-ашущаң , сараң адамды қалай атаймыз?» Ұсынылатын 
материалдар:  сараңдық  –  ашкөздік,  қорқыныш  -  қорқақтық,  суық  күн-  аязды,  егер  жаңбыр 
жауып тұрса– жаңбырлы (бұлтты) күн, жел болса – желді күн.  
3-тапсырма  мақсаты:  негізгі  сөздер  бойынша  ұсыныстар  әзірлеу  үшін  балалар 
дағдыларын анықтау.  
Нұсқау: сөздерді тыңдау: қыз, кітап, жақсы көреді. Сөйлем құрау: Қыз кітапты жақсы 
көреді:  Ал  енді  мен  басқа  сөздер  ұсынамын,  сіздер  сол  сөздерден  дұрыс  сөйлем 
құрастырыңыздар.   
Ұсынылатын  материал:  дәрігер,  емдеу,  балалар. Құс,  отыр,  бұтақ. Алмұрт,  әжесі, 
немересі, берді. Ермек, ит, сүйек таста. Болат, қызыл доп, анасы, сатып алу.  
Осындай тапсырмалардан тұратын 10тапсырма орындауға берілді. 
Өткізілген зерттеулер процессте сөздердің   мектеп жасына дейінгі балаларда сөздер 
грамматикалық  құрастырулар  ерекшеліктері  айқындалған  және  талданған  еді.  Ең  негізгі 
қиыншылықтар    сөздер  құрастыру    және  грамматикалық  ресімдеу  тапсырмалары.  Мектеп 
жасына  дейінгі  балаларда  тілдің  нашар  дамуы,  сөз  грамматикалық  құрылыс  құрастыру 
бойынша бағыттаған жұмыстарды өткізуге қажеттілік көрсетіп отыр.  
Қорыта  айтқанда, грамматика, ең алдымен,  сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол 
қатынас  -  грамматикалық  қатынас.  Яғни  сөйлемдегі  сөздер грамматикалық формалар (жұрнақтар, 
жалғаулар) арқылы бір-бірімен байланысып, грамматикалық қатынасқа түседі. Сөйтіп, грамматика 
ойды түсінікті етеді. Сондықтан тәрбиешілер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, 
септік,  тәуелдік  жалғауларында  қолдануды,  түбір  сөздерден  сөз  тудыру  тәсілдерін  үйретіп 
отыруға міндетті. 
Сөздің  грамматикалық  құрылысын  меңгерту  арнайы  сабақ  түрінде  емес,  тіл  дамыту 
сабақтарында  қосымша,  дидактикалық  ойын  (сөздік  ойындар),  түрлі  жаттығу  жұмыстары 
арқылы іске асады. Мысалы, зат есімдерді көптік,септік жалғауларын қосып айтуға үйретуде 
«Кімге не керек?», «Не жоқ?», «Кім қайдан келді?» т.б ойындар ойнату қолайлы. 
Қазіргі  жеткіншектерімізді  өзге  елдің  емес,  өз  елінің  мәдениеті,  өнері,  дәстүрі 
этнопедагогика  әлементтерін  пайдалына  отырып,  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»,  ары  таза, 
өнегелі-өнерлі, сауатты етіп тәрбиелеу - әр тәрбиеші, ұстаздың қасиетті парызы. 
 
Пайдаланған әдебиеттер  
1.
 
Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға білім 
беру стандарты. Ресми басылым. Астана 2007 жыл. 
2.
 
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы – 1981 жыл. 
3.
 
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 1973, 1978, 1993. 
4.
 
Ә.Ишмұхамбетов.  Қызықты грамматика. Алматы, 1995 жыл. 
5.
 
Әмірова  Ә.С.  Сауат  ашу  және  жазу.  Әдістемелік  құрал.  Алматыкітап  баспасы,  2008 
жыл. 

23 
 
БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫН ОЙЫН БАРЫСЫНДА ДАМЫТА 
ОТЫРЫП, БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ШЫНЫҚТЫРУ 
 
Какейқызы Г.,  
  «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі  
Зеренді ауданы,  Ақмола облысы 
                                                   
            Менің алдыма қойған мәселем: « Балалардың тілдік қарым - қатынасын ойын барысында 
дамыта отырып, бала денсаулығын шынықтыру». 
Міндеттер: 
1.
 
Балалардың тілдік қорын ұйымдастырылған оқу  іс - әрекет барысында ойын 
элементтерін қолдана отырып дамыту. 
2.
 
Ойын барысында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып,  
адамгершілікке тәрбиелеу. 
3.
 
Балалардың өмір қауіпсіздігне назар аудара отырып, дене  
қимыл- қозғалысын жетілдіріп, әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы шынықтыру 
шараларын меңгерту. 
Осы мәселе мен міндеттерді іске асыру үшін мен балалармен жүргізген жұмыстарымда ойын 
технологиясын қолдандым.  
А.С. Макаренко: «Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе солай 
болады»-деген.  
Тіл үйренудегі ойын технологиясының негізгі мақсаты:  
1.
 
Тілді дұрыс меңгерту. 
2.
 
Ауыз екі сөйлей білуі. 
3.
 
Көркем сөз үлгілерін үйрену және игерілген білімдерін қолдана білу. 
Тіл үйренудегі ойын технологиясының негізгі міндеттері: 
1.
 
Әр сөзді тұрақты түрде есте сақтау. 
2.
 
Балаларға таныс заттарға байланысты сөздерді үйрету. 
3.
 
Сөздік қорын молайту. 
4.
 
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге 
үйрету. 
Осындай мақсат міндеттерден кейін біз қандай нәтижені күтеміз: 
1.
 
Балаларға қазақ тілінде сөйлеп, мектеп табалдырығын аттағанда білетін сөздерін емін-
еркін айталатын деңгейге жетеді. 
2.
 
Қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс оқылып, дұрыс айтылу дағдысы қалыптасады. 
3.
 
Ойын кезінде баланың ұйымдастырылған іс-әрекетке (сабаққа деген) деген 
қызығушылығы артады. 
Бірінші міндет: Балалардың тілдік қорын ұйымдастырылған оқу  іс- әрекет барысында ойын 
элементтерін қолдана отырып дамыту. 
       Ойын  бала  іс-  әрекетінің  негізгі  қайнар  көзі,  ойын  арқылы  бала-сөйлейді,  сөздік  қоры 
дамиды,  өседі,  меңгереді,  таниды,  достарымен  қарым  қатынаста  болады,  шаттанады, 
қуанады,  қызығушылығы  артады  бір  сөзбен  айтқанда  бала  білімді  меңгереді.  Осы  білімді 
балаға дұрыс және жас шамасына сай меңгерту тәрбиеші біздердің міндетіміз.Ойын түрлері 
өте  көп.  Мысалы:  дидактикалық  ,  сөздік,  қимылды,  логикалық,  үлестірмелі,  ұлттық, 
мазмұндық, ролдік, т.б ойын түрлерін өз іс-тәжірибемде  
қолдандым. Бұны тек оқу барысында ғана емес серуен, саяхат, ертеңгілік және күннің екінші 
жартысындағы жұмыстарда қолданамын.  
     Аудандық семинарда «Тіл дамыту сабағында жаңа технологияны қолдану» тақырыбында 
баяндама  оқыдым  ,  онда  ойын  технологиясының  тіл  дамыту  сабағындағы  тиімді  әдіс-
тәсілдері аталып өтті. 
 Сонымен  қатар  бала  тілінің  дамуында  оқылған  баяндамалар:  «Баланың  танымдық 
белсенділігін  дамыту»,  «Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  үйретудегі  ойын 

24 
 
технологиясын  қолдану»,  «Бес  жасар  баланың  тәрбиесі»,  «Мектепке  кеткен  дайындық 
сыныбындағы балалардың оқу тәрбие үрдісі» мектеппен байланыс. «Баланың тілін дамытып, 
ана  тілінде  еркін  сөйлей  білуіне  үйретіп  және  баланың  тілге  деген  құрметін  ояту» 
тақырыбында  шығармашылық  жұмыс  есебімді  де  жаздым.  Ойын  іс-әрекеті  бойынша 
аудандық  семинарда  2010-2011  оқу  жылында  математика  сабағынан  «Заттар  қандай 
пішіндерден құралады?»  шебер топ өткіздім.  
   Екінші міндет: Ойын барысында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып,  
адамгершілікке  тәрбиелеу  бағытында  2010-2011  оқу  жылында  «Балапан  ару»  қыздар 
арасында сайыс өткізілді. Онда шығармашылық тұрғыда сайыскерлер  сынға түсті.Сонай- ақ 
«Қазақ  тілін  жақсы  білемін»  өзге  ұлт  балаларының  арасында  сайыс  қазақ  тілінде 
ұйымдастырылды.    
2011-2012 оқу жылында  психолог қызметін атқару барысында «Ұжым арасындағы байланыс 
құралы  –психологиялық  тренинг»  тақырыбында  аудандық  семинарда    ойын    өткізілді  . 
Ондағы  мақсат    топқа  келген  балаларды  топқа  ,  ұжымға  бейімдеу.  Тез  тіл  табысудың  
тренинг ойындар  психологиялық тұрғыдан тиімді түрі екенін түсіндіру.       
Шығармашылық  білім  беру  саласына  жататын  пәндер:  жапсыру,  мүсіндеу,  сурет  және 
музыка  ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері.  Күнделікті іс-әрекет  барысында әр түрлі  әдіс-
тәсілдер  қолданамын.  Олар  суретте:  нүктелі  сызба,  майшаммен  салу,  үрлеу,  айнамен  салу, 
шимай, бастыру, бейнелеу, саусақпен, пароланмен т.б. түрлері болса мүсіндеу іс-әрекетінде: 
ширату, жапсыр, жаймалау, алақанмен басу, домалату, үзу, орау т.б. жапсыру іс-әрекетінде 
жіппен, иректеу, қағазбер, мақтамен, табиғизаттармен, cаусақпен басу , таяқшалармен  және 
т.б. 
Шығармашылық іс-әрекеті барысында  әдіс-тәсілді күнделікті өзгертіп отырса балалардың да 
қызығушылығы артып, белсенділігі дамиды. Іс-әрекет барысындағы жұмыстың нәтижесі де 
өзгеше болады.  
      Үшінші  міндет:  Балалардың  өмір  қауіпсіздігіне  назар  аудара  отырып,  дене  қимыл 
қозғалысын  жетілдіру  және    әр  түрлі  әдіс-  тәсілдер  арқылы  шынықтыру  шараларын 
меңгерту. 
     2013-2014  оқу  жылында  аудандық  тамыз  кеңесінде    «Мектепке  дейінгі  балалардың 
денсаулық  сақтау  технологиясы  және  қауіпсіз  мінез  -құлық  негіздері»  тақырыбында 
баяндама оқып, өз іс-тәжірибеммен  бөлістім. Онда балабақшадағы балалардың денсаулығын 
шынықтыру бағытында көптеген жұмыстар жүргіздік. Күннің екінші жартысы яғни ұйқыдан 
кейінгі уақытта әр түрлі әдістер қолдана отырып шынықтыру шараларын жасадық.  
Май  табанға  қарсы  қарындаш  жолдармен  жүру,    жылан  жүрісті  жолдар,  жұмсақ  жолдар, 
арнайы  іздермен  жүру  бойынша  жаттығулар  жасаттық.  Балалардың  тыныс  алу  жолдарын 
жақсарту  барысында    пласмасса  бөтелкеге    жеңіл  заттар  салып,  оны  үрлеу,  денеге    массаз 
жасау  тұзды  қалташалармен,  қимылды  жеңіл  жаттығулар  жасау,  ленталармен  жаттығу, 
түйме  үстімен  жүру,  төсек  үстінде  жаттығулар  жасау,  музыка  әуенімен  жаттығулар  жасау 
т.б.   
    Ата-аналармен  «Әкем  шешем  және  мен»  спорттық  ойындар  ұйымдастырдық,  күнделікті 
таңғы  жаттығуды  балабақшаның  барлық    топ  балаларымен  бірге  спорт  залда  
денешынықтыру жетекшісімен бірге жасаймыз. Балалар онда тек шынығып ғана қоймайды, 
қызығушылығы  артып,  таңғы  көңіл-күйлері  көтеріліп,  топқа  жаңа  келген  балалар  топқа 
бейімделе бастайды. Таңғы жаттығу  қимылды және әуенді болып келеді. 
Қорыта  айтқанда    бала  тілін  дамыту  барысында  тәрбиелеген  өзге  ұлт    балалары  қазақ 
тіліндегі аудандық  «Балғын шақ» байқауларына қатысып, 2007  жылы Белоусов Александр  
ІІІ-орын жеңімпазы атанса,  Соловев Роман  2010 жылы ауданда бірінші орын алып , облыста 
да  бірінші  орын  жеңімпазы  болды.  Сондай-  ақ    аудандағы  сайыста    орыс  ұлтының  қызы 
Сабина Юриқызы ІІІ-орын  иеленсе, Сыраомяжко Дмитрий алғыс хатпен оралды. 
Облыстың  «Балғын  шақ»  байқауының  жеңімпазы  Соловьев  Роман  Қазақстан 
Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл «Балғын шақ» байқауына 10 жылдық мерей тойына 
арнайы қонақ ретінде шақырылып, алғыс хатпен оралды.  

25 
 
           ИГРА – КАК СРЕДСТВО ЭКОНОМИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ ДЕТЕЙ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет