«Радиоэлектроника негіздері» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет30/33
Дата20.12.2023
өлшемі2,83 Mb.
#141240
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
реттегіштік 
сипаттамасы 
деп аталады. Ол жүктемедегі кернеудің орташа мәнін табуға арналған 
өрнектен анықталады. Бұл кернеу [α;π] аралығында екіншілік кернеудің синусоидасына 
сәйкес келеді, яғни
Есептеу нәтижесі мынаны береді 
мұндағы U
do
= 0,9U
2
-α= 0 болғандағы жүкемедегі кернеудің орташа мәні. 
Бір фазалық көпірлік басқарылатын түзеткіштің сұлбасы да басқарылмайтын 
түзеткіштің 
сұлбасына 
ұқсас 
жасалады. 
Ол 
басқарылатын 
вентильдердің 
(тиристорлардың) саны толық және толық емес варианттарда қолданылады. 
Басқарушы вентильдерінің саны толық көпірлік түзеткіштің жұмыс тәртібі мен 
реттегіштік сипаттамасы нөльдік нүктелі бір фазалық түзеткіштікімен бірдей.
Бұл түзеткіштердің айырмашылығы басқарылмайтын вентильдерде ғана емес, 
сонымен қоса вентильдердегі кернеудің қисығының формаларында да. Көпірлік сұлбада 
оның формасы U
2
кернеуімен анықталады, ал нольдік нүктесі бар сұлбада 2U
2
кернеуімен 
анықталады, яғни 0,5-қа тең масштабтық коэффициент кіргізетін болсақ тиристорлардағы 
кернеудің қисықтары көпірлік сұлба үшін де дұрыс болады. 
Басқарылатын вентильдерінің саны толық емес көпірлік түзеткіште (симметриялы 
емес сұлбада) екі вентиль басқарылады, ал екі вентиль басқарылмайды (2, а-сурет). 


2-сурет. Басқарылатын вентильдерінің саны толық емес көпірлік түзеткіш (а) және 
оның диаграммалары (б-и) 
Сұлбаның жұмыс істеу тәртібі нольдік нүктесі бар бір фазалық сұлбаның жұмыс істеу 
төртібіне ұқсас. Сұлбаның жұмыс істеу ерекшеліктерін активті-индуктивтік жүктеме 
жағдайы үшін қарастырамыз. 
Т
1
, Т
3
тиристорларының ашылуын U
2
кернеуінің нөльден өткен моментіне қатысты α 
бұрышына кешіктіріп жүргізеді. [α;π] аралығында тоқты Т
1
тиристоры және Д
2
диоды 
өткізеді. Жүктеменің тогы і
d
(оның контуры диаграммада тұтас сызықпен көрсетілген) 
трансформатордың екіншілік орамы арқылы (кернеудің полярлығы жақшасыз 
көрсетілген) және айтылған вентильдер арқылы өтеді. [α;π] аралығы біткеннен кейін 
U
2
кернеуінің полярлығы өзгереді, бұл Д
2
диодының жабылуына және ол арқылы 
i
d
тогының өтуінің тоқтауына әкеледі (2, е-сурет). L
ж
индуктивтілігімен демелген жүктеме 
тогы ашық күйінде қалған Т
1
тиристоры және ашылған Д
4
диоды арқылы өте береді (2, д, 
и-суреттер) жүктеменің тізбегі Т
1
тиристоры және Д
4
диоды арқылы (I
d
тогының контуры 
диаграммада үздікті сызықпен көрсетілген) тұйықталады. 
Уакыттың π+α моментінде басқарушы импульс беру арқылы Т
3
тиристоры ашылады. 
U
2
кернеуінің әсерімен Т
1
тиристоры жабылады да оған кері кернеу беріледі (2, д, и-
суреттер). Жүктеме тоқ көзінен энергияны мына тізбек арқылы тұтынады: 
трансформатордың екіншілік орамы Д
4
диоды-Т
3
тиристоры (2, а, ж, з-суреттер). 
Уақыттың 2π моменті өткеннен кейін сұлбада алдыңғы жарты период аяқталғанға үқсас 
жағдай туындайды: Д
4
диоды жабылады, ал Д
2
диоды ашылады да Т
3
тиристорымен біріге 
отырып [2π; 2π+α] аралығында қысқа түйықталған жүктеме тізбегін түзеді. 
Сонымен, [2π; 2π+α] аралығында і
d
тогының трансформатордың екіншілік, демек және 
біріншілік орамдары арқылы етуі мүмкін емес. U
d
қисығына (2, в-сурет) U2 кернеуінің 
теріс полярлықты бөліктері кірмейді, ал і
1
, і
2
тоқтарының қисықтары 2, б-суретте 
көрсетілгендей болады. Тұтыну тогының бірінші гармоникасының қоректендіруші 
кернеуге қатысты жылжу бұрышы α/2-ге тең. 
Қарастырылған басқарылатын түзеткіштердің бір фазалық түрлерінен басқа үш 
фазалық түрлері де болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет