Радиотехника, электроника және телекоммуникация



бет19/27
Дата20.12.2023
өлшемі1,12 Mb.
#141878
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
копарналекция

Кемшіліктері: қолданылмайтын БЖ – ты керекті деңгейде бұқтыру қиынға түседі. Сонымен қатар ФК сұлбасында  ( фазалау қатесі) төмен болуы керек (сұлба күрделірек болып келеді).
Арнаны жиілікпен бөлетін КАТЖ аппаратурасының топтық құру
қағидалары.
АЖБ КАТЖ аппаратурасын құру кезінде жиілікті көп рет түрлендіру қолданылады. Мәні: бастапқы сигнал жиілік шкаласымен облыстың үлкенірек жағына өтеді, сызықтық спектрде өз орнына ие болады. Ал қабылдау жағында бұл жиілік түрленуі кері тәртіпте жүреді. Көпретті жиілік түрлендіру қарапайым, арзан сүзгілерді, арналар санын бөлу КАТЖ-де стандартты жабдықтарын қолдануға мүмкіндік береді және жиіліктер облысында линияны барынша тиімдірек қолдануға мүмкіндік туғызады. Арналық сигналдың жиіліктер спектрінің сызықтық спектрде орналасуын виртуалды (елес) тасымалдаушы жиілік көмегімен сипаттауға ыңғайлы. Виртуалды жиілік дегеніміз – жиіліктің біртекті түрлену көмегімен бастапқы облыстан сызықтық спектрде өзіне тиісті орнына сигнал спектрдің көшірілуін қамтамасыз ететін жиілік (яғни, барлық аралық түрлену сатыларын өту).
Мысалы: ТЖ-ң бірінші арнасы К-60 сызықтық спектрде 12,3 – 15,4 кГц жолағына ие болдады.

31 – сурет. ТЖ К-60 сызықтық спектрі
Виртуалды тасымалдаушының орны сызықтық спектрде нөлдік тасымалдаушысы бар болғандағы орнын алғандай болатын еді. Жеке құру тәсілінде әрбір арна үшін арналық сүзгілер, түрлендіргіштер және басқа құрылғылар жеке болады және соңғы және аралық станциялар құрамында берілген аппаратурада арналар саны нешеу болса сонша рет қайталанады.
Қазіргі кезде жеке құру тәсілі таралу қашықтығы кіші және арналар саны аз болғандықтан іс-жүзінде қолданылмайды. Тарату қашықтығының шектелуі арналық сүзгілерді көпретті қолдану қажеттігі салдарынан туындайды, себебі жеке тарату тәсілін құруда соңғы және аралық станцияларда және т.б. сүзгілерді көпретті қолдану қажеттігі туындайды. Жиілікті бірнеше рет қолдану нәтижесінде жеке сүзгілерді қолданғанда өткізу жолағы тарылып кетеді, ал бұл берілген ТЖ үшін қажетсіз. Топтық құру тәсілінде соңғы станциялардың тек бір бөлігі әр арнаға тиісті болады, ал аралық және соңғы станцияның қалған құрылғылары жалпы болады. Осыған орай бүгінгі күндері станцияларда тек топтық әдіс қолданылады.
Функционалды операциялық жүйе (ОЖ) үш бөлімнен тұрады:
- типтік түрлендіру аппаратурасы (ТТА) немесе арна түзеуші аппаратура (АТА). Сұлбасы 32-суретте көрсетілген;
- түйістіру аппаратурасы;
- сызықтық трактілердің соңғы аппаратурасы (СТСА).
 
 
32 – сурет. ТТА немесе АТА-ң құрылымдық сұлбасы
32-суреттегі сұлбада:
- түрлендірудің бірінші сатысы жеке болады, әр топта n1 шығу көзінен сигналдардың бірдей жиілік жолақтары болады. Нәтижесінде топтық сигнал n1 арналық сигналды қосады;
- түрлендірудің екінші және де қалған сатылары топтық болады. Бұл сатыларда n1, n арналық сигналдар топтық сигналдарға бірігеді;
- түрлендірудің үшінші сатысында n1, n, n3 арналық сигналдар бірігеді, нәтижесінде топтық сигнал қалыптасады;
- түрлендірудің төртінші сатысында n1, n, n3, n4 арналық сигналдардан құралған жалпы топтық сигнал құрылады.
КАТЖ құру кезінде арналар саны өскен сайын төртінші, бесінші және
алтыншы түрлендіру топтары қолданыла алады. Қолданыстағы барлық топардың құрылғылар жиынтығы типтік түрлендіруші аппаратура немесе арна түзеуші аппаратура деп аталады. ТТА қолданысы: 0,3 – 3,4 кГц жиілік жолағында жатқан N арналық сигналды стандарттық топтардың бірі болатын топтық сигналға түрлендіргіш. ТТА құрамы арналар санына байланысты. ТТА-ны топтық қағида бойынша құру сүзгілерді оптималды тәртіпте осы барлық факторлардың үстемдігі меңгерілген жиілік диапазонын қолдануға мүмкіндік береді. Жеке сигналдардың арналық сүзгілері құрылымы күрделірек болады. Осы сүзгілер сапасы неғұрлым жоғары болған сайын, арналық сигналдардың жиіліктік саңылауы соғұрлым азырақ болады, яғни арналар санын көбейтуге болады. ТТА-н пайдалану кез-келген операциялық жүйелер (ОЖ) үшін стандартты түрлендіргіш құрылғыны қолдану негізінде аппаратураны құруға болады, яғни әр түрлі станциялар стандартты құрылғыны пайдаланады.
Халықаралық электрбайланысы бірлестігінің (ХЭБ) ұсынысы бойынша келесідей топтық құрулар қабылданған:
- біріншілік топ (БТ) 12 біріншілік арнаны қосады;
- екіншілік топ (ЕТ) бес БТ қосады;
- үшіншілік топ (ҮТ) бес ЕТ біріктіреді;
- төртіншілік топ (ТТ) үш ҮТ сигналын біріктіреді.
Әр топтың жиілік жолағы берілген жиілік диапазонына әсер ететін факторлар ескерілетін абсолютті және салыстырмалы спектр кеңдігі минималды болатындай етіп алынады, бұлардың көмегімен пайдалы бүйірлік жолақты немесе аралық күшейткіштердегі топтық сигналды бөліп алуға болады. Біріншілік топтың абсолюттік кеңдігі бастапқы сигналдың (0,3 – 3,4 кГц) спектр кеңдігімен және  кГц-ке тең арналық сигналдар арасындағы таңдалған жиіліктік саңылауымен анықталады. Арнаның бірнеше құраушылары арасында жиілік қашықтықтары 4 кГц-ке тең. Сонымен, 12-арналы біріншілік топтың спектр кеңдігі  кГц-ке тең. Құраушылар сигналдың спектрінде жатпауы үшін осы топ спектрі жоғарғы жиіліктер (ЖЖ) облысында болуы қажет. ЖЖ қолдану генераторлық құрылғы күрделендіреді, сондықтан біріншілік топ үшін 60-тан 108 кГц жиілік диапазоны қолданылады.
Бұл диапазонда кварцтық және магнитострикциялық сүзгілер жұмыс істейді.
Екіншілік топтың спектрінің абсолютті кеңдігі  кГц болады. Ол өзіне 5 БТ-н біріктіреді, бұның жиілік жолағы  кГц болады.
Үшіншілік топтың өткізу жолағы  кГц болады, яғни кГц. Төртіншілік топтың өткізу жолағы  кГц, ал жиілік саңылауы
8 кГц. 300 арналы топ бөлінуін ұйымдастыру үшін спектрде осы топтар арасында  кГц жиіліктік саңылау бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет