Радиотехника, электроника және телекоммуникация


Симметриялық кабелдермен жұмыс істейтін жүйелер



бет22/27
Дата20.12.2023
өлшемі1,12 Mb.
#141878
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
копарналекция

Симметриялық кабелдермен жұмыс істейтін жүйелер
Симметриялық кабелдерде жұмыс істеу үшін, біржолақты, төртсымды жүйелер қолданады. Параллелді тізбектердің арасындағы ықпалдың көптігінен, жақын шеткі қажетті қорғауын қамтамасыздандырудың қиындығынан байланыс жүйесінде екі арналы жүйе қолданылады. Кабель өткізгіштерінің ішінде параллельді тізбектердің өзара ықпалы, сызықтық спектрдің жоғарғы жиілігін таңдауды шектейді. Қажетті қорғанысты 260 кГц – жоғарғы жиілікпен қамтамасыз ету қиын, сондықтан сызықтық спектрдің жоғарғы жиілігін fж=252 кГц, ал төменгі жиілігі 12 кГц-ке тең деп алынған. Жиілік 12 кГц-тен төмен болған кезде АЖС сызығының едәуір төмендеуі байқалады. КАТЖ-ның симметриялық кабельде сызықтық спектрлердің түзілу негізін стандартты топтардың спектрлері салынған 312-552 кГц жиілік жолағында жатқан (12 арнаның) біріншілік топтары атқарады.

№11 Дәріс. Жергілікті желілер үшін тарату жүйесінің ерекшеліктері


Дәріс мақсаты: Жергілікті желілер үшін тарату жүйесінің ерекшеліктерін, радиорелелі және спутникті байланыс жүйесіндегі КАТЖ-ң жұмыс істеуін, сызықтық трактінің спутниктік тарату жүйесінің (СТЖ) ерекшеліктерін зерттеу.
Бұндай тарату жүйелерінің ерекшеліктері, линиялардың ұзындығының кішірек болуы. Қысқа жолдарға байланысты сызықтық қондырғылардың жұмсалуы салыстырмалы үлкен емес, ал соңғы қондырғының бағасы үлкен, сондықтан рентабелділікті көбейту үшін, соңғы станциялық қондырғыны арзандату керек. Ол үшін магистралды ТЖ-дегідей, көлденең тасушылар арасындағы қашықтық 4 кГц болып таңдалмай, 8 кГц жиілік жолағының тиімді таратуын сақтаған кездегі эффективті жиілік жолағы 1,2 кГц. Сигналды басқару және өзара әсерлесу, шешуші жиіліктен тыс таратылады және де олар үшін f = 4 кГц жолағында алынған арна бөлініп алынады. Бір алынған арнаның жиілік жолағының кеңеюі, АМ қолданғанда, екі бүйірлік жолақты және тасушыны өткізгенде, екі бүйірлік тасушысыз және бөліктеп жұтылу бір бүйірлі жолақ (ББЖ) сигналы кезіндегі ББЖ сигналы.
Отандық тарату жүйелерінде (ТЖ) үшінші әдіс, яғни ББЖ таратуын қолданады. Бұл жағдайда ТЖ 26 дБ-ден кем емес қолданбайтын жұтылу бүйірлік жолағы бар ОБП сигналын үлкейтетін фаза айырымдық әдісті қолданады.
Берілген құрылғыларда, ( ) фазалық ауытқуы үлкен фаза айырымдық контурлар қолданылады, ол құрылғыны арзандатады. Қабылдағыш жоғарғы және төменгі бүйірлік жолақтың соғуы асинфазды тасушы генераторлар кезінде болмауы үшін, осы жұтылулар жеткілікті болады.
Абоненттік линияда (АЛ) жұмыс істейтін ТЖ-де екі бүйірлік жолақтың және және тасушының таралуы қолданылады. Бұл әдісте ұзындығы 3-5 км, тек өте жақсы линияларында қолданылады, себебі бұл жағдайда айнымалы күшейткіштерді қолдану мүмкін емес. Мұндай ДАР жүйесі, бір физикалық АЛ-де екіншілік ЖЖ арна ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жиілікті қалалық телефондық желіде (ҚТС) симметриялық кабелдерде және де ТПП типті кабелдерінде жұмыс істей алатын 30-арналы КАМА ТЖ-сі қолданылады. Ауалық тарату сымдарында түрлі түсті металлдардан В-3-3 С қолданылады. Соңғы кездері, осы жүйелердің орнын арналары уақытпен бөлінген АУБ-ген - ИКМ – 30 жүйесі басты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет