Жұмыс істеу қағидасы Бөлінген және өндірілген БЖ сигналы, күшейткіш коэффициентінің сызықтық күшейткішін өзгертетін реттегішпен басқарылады. Содан кейін сигнал қабылдау түрлендіргішіне (ҚТ) келіп түседі, мұнда ол өзіне ыңғайлы Uтұрақ түрленеді. ҚТ шығысынан сигнал салыстыру кернеуін шығарады.
Таратқыш құрылғысы (ТҚ) Uэт эталонды сигналын қалыптастырады. Uсал сигналы реттеу құрылғысына жіберіледі. Ол реттегішпен басқарылатын пропорционалды Uорт сигналын өндіреді. Реттегіш сызықтық күшейткіштің тарату коэффициентіне әсер етеді. ДАР жүйелері КТБ-ты (ООС) тұйық жүйесі болып табылады. ДАР жүйелері статистикалық және астатистикалық болады. Кез-келген жүйе звенолар жиынтығын құрауы мүмкін: күшейткіш звеносы; апериодикалық звено; тербеліс звеносы; интегралдаушы звено; дифференциалдаушы звено; кешігу звеносы.
Артықшылықтары: сұлбасының қарапайымдылығы, жүйенің сенімділігін азайтатын ұсақ детальдар мен түйіндердің болмауы, тозуға аз бейімделген.
Кемшіліктері: реттеудің ауытқуы, жадының болмауы, яғни БЖ сигналының жоғалуы және оның келесі жоғалтуға дейінгі күшейту шамасы болмайды, өйткені күшейту коэффициенті БЖ деңгейімен тікелей байланысты.
№10 Дәріс. Жиілік бөлгіш арналары бар көпарналы тарату жүйесінің аппаратурасы
Дәріс мақсаты: Жиілік бөлгіш арналары бар көпарналы тарату жүйесінің аппаратураларын (К-120 жүйесі, К – 3600 тарату жүйесі, К – 1920 тарату жүйесі, К-300 тарату жүйесі, симметриялық кабельдермен жұмыс істейтін жүйелер) зерттеп білу. Коаксиалды кабель жүйесімен таратудың, магистралді желідегі телеграмма таратуын және байланыстың күшті бумаларын ұйымдастыруға болады. Бұл жүйелер төртсымды бірполюсті, яғни әртүрлі бағыттағы физикалық тізбектердің таралуы.
К-120 жүйесі және суасты кабелдерімен жұмыс істейтін жүйелер ерекшеленеді. Олар екісымды екіполюсті болып келеді. Тарату жүйесінің төменгі жиілікті диапазоны талап етілген бөгеуіл қорғаныстығымен қамтамасыз етіледі де, жоғарғы жиілікті диапазоны арна санына тәуелді болады. Мынаны да ескере кеткен жөн, жиілік өскен сайын оның өшулігі өседі де, күшейту аймағының ұзындығы кішірейеді.
К – 3600 жүйесі
Берілген жүйе, диаметрі 2,6/9,4 мм коаксиалды жұптармен, КМБ-8/6 немесе КМБ-4 типті кабелдермен жұмыс істеу үшін арналған. Бұл жүйе әр бағытта 3600 (ТЖ) тоналді жиілікті арналар немесе 1800 ТЖ және бір телевизиялық сигнал арналарын ұйымдастырады. Осы жүйенің сызықтық тракті
f = 312 – 17596 кГц
жиілік жолағын қамтиды.
Осы жүйенің байланыс ұзақтығы 12500 км құрайды, бірақ бұл жүйенің арналары ұзындығы 25000 км құрайтын халықаралық аймақтарда да қолдануы мүмкін. Ұзақтықты қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетілетін Күшейткіш пункттерде (ҚКП) және қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттерін пайдаланады. ҚКП-ҚКП типті жүйелер арақашықтығы 180 км-ге дейін қолданылады, қызмет көрсетілмейтін пункттердің саны ҚКП-ҚКП екі соңғы пункт арасында 61-ге дейін жетуі мүмкін.
Күшейткіш аймақтың ұзындығы 3 + 0,15 км. Жоғарғы жиіліктегі қайтатаратқыш аймағының максималды ұзындығы 1500 км-ге дейін жетеді.
К – 3600 ТЖ-ң қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттердің үш түрі бар: реттелмейтін; реттейтін (әрбір бесінші); коррекциялайтын (әрбір жиырмасыншы).
Реттейтін қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттердің құрамында грунт арқылы және бақылау жиілігіндегі бақылау тогы
fк = 18432 кГц
құрайтын ДАР құрылғысы бар. Көрсетілген БЖ негізгі болып табылады, сонымен қоса екі қосымша БЖ – 9216 кГц және 768 кГц қолданылады.
Қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттердің құрамында АЖС коррекциялайтын құрылғылар бар. Қызмет көрсетілетін күшейткіш пункттердің жене қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттердің магистралдарында ТЖ арналарды бөліп алу үшін және енгізу үшін К – 1020 Р және К – 224 Р жүйелерінің сәйкес тармақтанулары қолданылады. ДАР жүйесі қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттердің күшейту коэффициентін, грунт температурасы + 120 С өзгергенде өзгертуі мүмкін. К – 3600 тарату жүйесі ТТА – ны қолдану арқылы құрылады, сондықтан арнайы болып келетіндері тек түйіндесу аппартурасының құрылғысы және сызықтық трактінің соңғы аппаратурасы. К – 3600 арна тарату жүйесінің қарапайымдалған сұлбасы 35-сурет көрсетілген. К – 3600 түйістіру аппаратурасының көзі, үшіншілік тп\оп (ҮТ) сигналы болып келеді. Бірінші сигналынан басқа, ҮТ әрбір сигналы жиілікпен модулятор арқылы тасымалданады. Түрлендіру тасушы жиіліктер арқылы іске асады.
Бірінші арналық топтың орнына дыбыстық арнасы және радиотарату арналары бір ТВ арна ұйымдастыруға болады. Бұл кезде екінші арнадан (жиілік жолағы 9884-17565 кГц) теледидар (ТД) арна ұйымдастыруға болмайды. Екінші 1800 арналық топта барлық арналарда тасушы жиілігі арқылы ұйымдастырылатын жиіліктік түрлендіру бар. Арналық сигнал 9884-1765 кГц жиілік жолағын қамтиды. Әрбір арналық топтың шығысында сүзгі орнатылған. Сигналдар жиілік арқылы бөлінеді де ДЖ арқылы беріледі. Әрі қарай трактіге 9000 кГц жиілігі енгізіледі. Ол қабылдау станциясында құрылғыларды синхрондау үшін қолданылады. Нәтижесінде синхрондық қалыптасады, яғни таратқыш және қабылдағыш құрылғыларының тасушы жиілігінің fт теңдігі. Содан кейін сигнал корректор арқылы линияға енгізіледі.
35 – сурет. К – 3600 жүйесінің қарапайымдалған сұлбасы
К – 3600 станциясының арна қабылдау функционалдық сұлбасы осы сияқты, бірақ сигнал қарама – қарсы жаққа бағытталған. КАТЖ-де К-3600 қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттерін дистанциялық бақылау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл бақылау f=19872 кГц жиілікте іске асады.
К – 1920 тарату жүйесі
Бұл біржолақты төртсымды жүйе, КМБ-2,6/9,4 мм коаксиалды кабелде жұмыс істеу үшін арналған. Әр бағытта 1920 арна ТЖ, немесе 300 арна ТЖ және теледидар (ТД) бейне немесе дыбыстық реттеуді ұйымдастырады.
1920 арналары ТЖ 312-8544 кГц жолақтық спектрі, сигналдарды стандартты үшіншілік топқа бірігуімен қалыптасады. Олардың әрқайсысы 812-2044 кГц спектрді немесе бес тасушы жиілікті түрлендіру арқылы алынады (сәйкесінше біріншілік 1800-арналық топқа К-3600).
Бірінші екіншілік топтың сигналы линияға жиілік арқылы түрленусіз беріледі де, екіншілік топтың түрлендіру жиілігі 1116 кГц.
Тарату жүйесі 300 арнаның ТЖ және ТВ арналарын ұйымдастыру үшін, осы 300 арна бес екіншілік топтың бірігуінен құралады. Осы кезде бір екіншілік топ линияға жиіліктегі түрлендіру арқылы емес, қалған төрт топтық сигналдың жиіліктеріне ығысады.
К-1920 тарату жүйесінің әсер ету ұзақтығы 12500 км-ге дейін, ал қайта қабылдау аймағының L максималды ұзындығы 1500 км-ге дейін.
Бұл жүйенің ҚКП-і:
- күшейткіштің құрылғымен ҚКП арасындағы максималды ұзындығы 186 км-ге дейін;
- сызықтық трактілерді ауыстыру құрылғыларымен, ТВ сигналды яғни тармақтау және қосу, L=400 км.
Күшейткіш аймақтың ұзындығы – 6 + 0,3 км.
К-1920 тарату жүйесі қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттер мен ДАР немесе (БТ)-арқылы f = 5974 кГц жиілікте қарастырылған.
БТ арқылы біржиілікті ДАР шамамен грунтті 5-8 ДАР арқылы қосылады.
К – 300 тарату жүйесі
Бұл жүйе аймақішіндік желілер үшін және бір-біріне тартылатын экономикалық аудандардың арасындағы байланыс үшін қолданылады.
Азгабаритті КМТ-1,2/4,4 мм коаксиалды кабелді пайдаланады.Осы жүйеде ҚКП–де арналардың тармақталуы және енуі қолданылуы мүмкін.
Жүйенің сызықтық спектрі: 60-1300 кГц. Ол екіншілік топтың бес стандартты сигналының біргуінен құралады, оларды түрлендіру төрт тасушы арқылы іске асады да , бір екіншілік топ линияға түрлендірусіз өтеді (36-сурет).
36 – сурет. К-300 тарату жүйесінің сызықтық спектрі
Бұл түрлендіру ТТА құрамына кіретін ҮТ-ң стандартты құрылғысында іске асады. Сондықтан берілген тарату жүйесіндегі түйіндесу аппаратурасы болмайды (оның функциясын ҮТ-ң стандартты аппаратурасы істейді). К–300 тарату жүйесінің байланыс ұзақтығы 12500 км. ЖЖ-гі қайта қабылдау аймағының максималды ұзындығы 1500 км-ге дейін құрайды. ҚКП-ке дейінгі қашықтық 240 км, күшейткіш аймаққа дейінгі ұсынылған ұзындық 6 км-ге дейін. ҚКП арасында 40 қызмет көрсетпейтін күшейткіш пункті қосылуы мүмкін. Қызмет көрсетпейтін күшейткіш пункт К-300 ТЖ: ДАР грунтовкасымен; негізгі бақылау жиілігінде f = 1364 кГц ДАР-мен; сызықтық бұрмаланудың коррекциясымен.
Коррекциялайтын қызмет көрсетпейтін күшейткіш пунктті ҚКП-ҚКП аймақтарының ортасында орналастырады. К-300 жүйесімен қатар, ҚКП мен қызмет көрсетпейтін күшейткіш пункті стандарты бөлініп алынған арналық құрылғылар қолданылады.