Бірінші дәрежедегі желілерде электрлі сигналдарды тарату жүйесі
Дәріс мақсаты:Электрлі сигналдың негізгі сипаттамаларын, тарату деңгейлерін, тарату арналарының түрлерін, сигналдың таралу ортасын зерттеу. Электрлі сигналдың негізгі сипаттамалары Қазіргі беру жүйелері әр түрлі сигналдардың берілуін қамтамасыз етеді (ТЛГ, ТЛФ, ТВ т.б.).
Осы барлық сигналдар уақыттың кездейсоқ функциялары болып табылады. Олар тек ықтималдықтың тығыздығын көпарналы бөлу арқылы ғана толық сипатталады. Сигналдың өте мағызды 3 сипаттамасы бар:
- сигналдың ұзақтығы – бұл сигнал болған кездегі уақыттың интервалы, сигналдық ұзындығы неғұрлым аз болса, соғұрлым аз уақыт бойы жол (линия) бос болмайды;
- спектр кеңдігі – сигналдың негізгі, энергиясы шоғырланған жиіліктер алқабын анықтайды. Көп жағдайларда спектрді шектеу қажет. Телефондық арна спектрі F=0.3 3.4 кГц. Бір TV арнасы үшін жиіліктер алқабы – 6,5 МГц. Мәліметтерді беру жүйесі арқылы бергенде F=1.5 Бод. Факсимилді байланыс үшін Fmax= 180 кГц;
- динамикалық диапазон – бұл сигнал қуатының лездік мәнінің (Рmax) неғұрлым аз мәнге (Рmіn) қатынасы.
Дс= 10 lg (Рmax / Рmіn ), [дБ]
Рmіn – ақпараттың тарату сапасымен анықталады және бұл жағдайда сигнал бөгеуілден басталады. ( Рmm = Pшуыл )
ДТЛФ = 35 - 40 дБ Дсимфон.оркестр > 95 дБ дейін
Дфакс = 20-30 дБ Дкомпакт диск > 92 дБ дейін
ДTV = 40 дБ Дмагн.лента > 40 – 60 дБ дейін
Дпластинка > 35 дейін
Тарату деңгейлері Қуат, кернеу және ток арасындағы сандық қатынас негізінен логарифмдік бірліктер арқылы бағаланады. Осы бірліктерді пайдалану себептері:
- мынандай операцияларды жеңілдетеді мысалы: бөлу-алу, көбейту, дәрежеге шығару;
- біздің құлағымыз логарифмдік тәуелділікке ие.
Біз берілетін ақпарат туралы біршама сапалы түрде жорамалдай аламыз.
Қуаттың деңгейлері: Pқ= 0,5ln (Px / P0) , [Нп];
Pк= 0,5ln (Ux / U0), [Нп];
Pқ= 10 lg (Px / P0), [дБ];
Pі,к= 20 lg (Ix/I0), [дБ];
Px =
P0 =
мұндағы Zx, Z0 - өлшеу нүктесіндегі және Zx= Z0=V=1 линия басындағы трактілердің кіріс кедергісі. Егер Px және P0-ды формулаға қойсақ,
онда
Pқ Pк . Сәйкесінше
Рқ = Рт+10*lg .
Егер өлшенген P, U, I шамаларын стандарттық шамаларға, яғни нөлдік деңгейге жатқызсақ, онда
Р0 = 1мВт I0 = 1.29 мA
U0 = 0.775 В Z0 = 600 Ом