Рахмет самалы



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
тап бүткіл мәліметтерді қамтыған бір сөзбен 1400 жыл-
дай бұрыннан «түйінді» шешіп қойған.
Міне  Құран  берген  мәліметтерді  алдымен  қабыл-
дамай, кейіннен толығымен қабылдауға мәжбүр болған, 
тіпті  осы  кезде  бірталай  жаңа  ақиқаттарды  да  білген 
профессор  др.Маршал,  ақыры  былай  айтудан  өзін  өзі 
тоқтата алмады:
«-Ия,  ғалымдар  тобына  жарық  берген  осы  Құран 
Аллаh  тарапынан  түсірілген.  Кезі  келген  сайын  соның 
ақиқаттары  осылайша  бірте-бірте  ашылып,  ортаға 
шығады. Аллаh түсірген:
«(Құран білдірген шексіз ақиқаттар жарияланған) әр 
хабардың  (және  ұлы  мәліметтердің)  жүзеге  асатын  бір 
заманы бар. Жақында сендер де шындықты білесіңдер!» 
(Әнғам сүресі 67-аят)
 аяты жүзеге асады».
Білім 17-ғасырда әлі микроскоп табылмастан бұрын 
шәует  (сперма)  ана  жатырына  дәл  бір  адам  түрінде  кі-
реді  деп  пайымдап,  адамның  жаратылысындағы  мер-
зімдерді  білмейтін.  Осы  көзқарас  18-ғасырда  да,  тіпті 
19-ғасырдың  жартысына  дейін  жалғасып,  ғалымдар 
адамның  үш  бөлек  кезеңде  жаратылатындығының 
шындығына  жете  алмаған.  Бірақ  соңғы  кездердегі 
техникалық  мүмкіндіктердің  әбден  күшеюінен  осы 
мәселеде жеткілікті зерттеулер жасай алды да 1400 жыл 
бұрын Құран баяндаған ақиқаттың табалдырығына жете 
алды.
Осы  тұрғыдан  қарағанда  бүткіл  ғылыми  зертеулер 
тура  түрде  нүктеленіп  толығымен  аяқталғанда  ортаға 
шыққан  шындықтың  Құранды  бекітуден  басқа  нәрсе 
емес екенін айта аламыз. Қалай бір кездері Құран «күн 
айналадың  дегенде,  күннің  айналмағанын  дәлелдеуге 
тырысқан  ғылым,  бүгін  шындықты  көріп,  «Ия,  күн 
айналады  екен!ң  деген  дәрежеге  жеткен  болса,  басқа 

- 183 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
да  ақиқаттардың  бәрі  мүмкіндіктері  ілгерілегенше  сол 
дәрежеге келеді.
Бүткіл адамзат келешекте Құран Кәрімге мойын иіп, 
қабылдауға мәжбүр болады.
Мінеки,  Құран  Кәрім  барған  сайын  дамыған  био-
логиялық  мұғжиза  сырымен  біздерге  жаңадан  бел-
гілі  болған  осы  ғылыми  ақиқаттарды  және  құдайы 
тәртіпке салуды биология саласында бір де бір жаңалық 
ашылмаған он төрт ғасыр бұрын хабар беріп, баяндаған. 
Бұл  Құранның  ұлылығы  мен  салтанатын  көрсететін 
дәлелдердің біреуі ғана.
Дактилоскопия
Саусақтардағы  бедерлерді  зерттейтін  бұл  білім  са-
ласы  саусақ  ұштарындағы  бедерлердің  өмір  бойы 
өзгермейтінін,  бір  адамның  саусақ  ұштарындағы  бе-
дерлері  басқа  адамдікіне  ұқсамағанын  ортаға  қойған. 
Сондықтан қауіпсіздік, заң органдарында ең сенімді си-
паттану (опознание) саусақтағы бедерлер арқылы жаса-
луда. Осы ақиқат, 19-ғасырдың аяғына қарай табылып, 
пайдаға аса бастаған. Ал Құран Кәрім:
«Адам  баласы  біз  сүйектерді  жинай  алмайды  деп 
ойлай  ма?  Әрине  жинаймыз,  оны  саусақтарының 
үшіне  дейін  әдемілеп,  орын-орнына  келтіріп  қайта 
жасай  аламыз» 
(Қиямет  сүресі  3-4  аяттар)
  деп  айтып,  саусақ 
ұштарының осы ерекшелігіне талай ғасырлар бұрын на-
зар аудартқан.
Ешбір  адамның  беті  басқасына  ұқсамағанындай 
саусақ  ұштарындағы  бедерлер  де  толығымен  өзгеше 
өрнектер  мен  түрлерде  салынған.  Осыншама  кішкене 
әрі тар жерде осындай қайталанбастай өзгеше әрі кере-
мет өрнектердің салынуы шексіз бір құдірет пен ғылым 
иесі болған және ең үлкенінен кішісіне дейін әр нәрсені 
оңайлықпен  жаратып  бүткіл  жаратылғандарды  кәміл 

- 184 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бір  тәртіпке  бағындырған  және  өнерін  жүргізген  ұлы 
Заттың туындысы.
Дерматология
Тайланд  Жайн-Майн  Университетінің  Медицина 
Факультетінің деканы профессор др.Тажакет Тажасонға 
бір  медицина  конференциясында  Құран  Кәрімдегі 
ғылыми ақиқаттар туралы айтылғанда, алғашында мән 
бермей:
«Осыған ұқсас мәліметтер біздердегі кришна (Будда) 
дінінің киелі кітаптарында да бар», - деген.
Бірақ  сөзінің  дәлелденуі  сұралғаннан  кейін  зерттей 
бастайды да бар деп айтқан мәліметтердің ешбіреуін таба 
алмайды. Бұдан кейін Құрандағы баяндамаларды зерт-
тейді  де  бұрынғы  істеріне  өкінеді.  Осы  мәселе  туралы 
таласқан мұсылман білім адамдарынан кешірім сұрауға 
мәжбүр болады.
Тажасон  бұрыннан  азапқа  байланысты  зерттеулер 
жасап мынандай нәтижелерге жеткен:
Тері  отта  жанып  сезімі  жоғалғанда,  қайтадан  сол 
сезімді  жандандыратын  бір  жағдай  керек.  Яғни  азап 
тері үстінде болғандықтан, тері жанып-жанып ішіндегі 
бұлшық ет бұзылады да істемей қалады. Осы жағдайда 
енді  азап  сезілмейді.  Өйткені  ми  басқаратын  сезу 
жұмысын  тері  арқылы  жүргізеді.  Басқаша  айтқанда 
тері  -  бұлшықет  өз  міндетін  атқаратын  алаң  деп  есеп-
теледі.  Сондықтан  тері  жанып  көмірдей  қарайып  кет-
кенде бұлшықеттер міндетін атқара алмайды. Жаңа бір 
тері  кидірілуі  керек.  Сонда  ғана  азапты  сезетін  жүйе 
қайтадан құрылады.
Осындай  ғылыми  табысқа  жеткен  Тажасонға 
төмендегі аят көрсетіледі:
«Негізінен  ондай  аяттарымызға  қарсы  шық-
қандарды  жедел  тозаққа  саламыз  да,  олардың  тері-
лері  жанған  сайын  азапты  татулары  үшін,  оны  басқа 

- 185 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
терілерге  ауыстырамыз.  Шексіз  Аллаһ  тым  үстем,  аса 
кемеңгер». 
(Ниса сүресі 56-аят)
Тажасон  аяттан  өте  қатты  әсерленіп,  Құранның 
адам  сөзі  болмағанын  қабылдап,  мойындады.  Мемле-
кетіне  қайтқанда  өткізген  бірінші  конференцияда 
оқушыларынан бес кісі иман келтіріп, мұсылман болды. 
Ақыры өзі де Риадта өткізілген сегізінші медицина кон-
грессінде иман келтіріп, қуанышпен: «Мен де мұсылман 
болдым!»  -  деп  айқайлады.  Және  бұдан  кейінгі  өмірін 
Құранға арнады.
Сүттің пайда болуы
(Құрастырылуы)
Сүтті  құраған  элементтердің  хайуан  денесінде  пай-
да болатын жер туралы Құран Кәрімде берілген мәлімет 
қазіргі кездегі ғылыми табыстармен бірдей. Осы мәселеге 
байланысты аятта былай айтылады:
«Шын  мәнінде  сендер  үшін  малдар  да  ғибрат  бар. 
Малдың  қарнындағы  қанымен  жынның  арасынан 
шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүтті сендерге ішкі-
земіз». 
(Нахыл,66)
Аяттағы  жын  мен  қан  сөздері  химияның  және 
сіңдіру 
физиологиясының 
жеткен 
табыстарының 
арқасында  қазіргі  кезде  енді  ғана  түсініліп  отыр.  Хазі-
реті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кезінде-
гі ғылымдар осы туралы мәліметтерді мүлдем білмейтін 
еді.  Бұл  мәліметтер  жиырма  бірінші  ғасырдың  алдын-
да әрең табылды. Ал қан айналу жұмысын Құраннан он 
ғасырға жуық уақыттан кейін Харвей тапқан.
Осы  жаңалықтарға  ишарат  еткен  бір  аяттың  Құран 
Кәрімде  болуы  білдірілген  заманның  қаншылықты 
бұрын  болғаны  ойланса,  ешбір  түрде  адамзаттық  бір 
шығармамен түсіндіре алынбайды.

- 186 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ана Сүті
Бұл жерде ана сүтіне байланысты бір ақиқат туралы 
сөз етілсе дұрыс болады. Құран Кәрімде:
«Емізуді тоқтатқысы келген кісі үшін, аналар бала-
ларын толық екі жыл емізеді...»
 (Бақара сүресі 233-аят)
«Біз  адамзат  баласына  ата-анасына  қарайласуды 
ұсынамыз. Өйткені анасы қаншама қиын-шылықтарды 
көре тұрып оған жүкті болған. Омыраудан айыру да екі 
жылда  болады» 
(Лұқман,  14)
  -  деп  айтылып,  балалардың 
толық екі жыл емізілуі ұсынылады.
Қазіргі  замандағы  дамыған  медицина  білімі  де, 
анасының  баласын  емізуі  өзінің  және  баласының 
денсаулығына өте маңызды екендігін белгілеп қойған.
Ана  сүті,  құдайы  құдірет  ағыстарына  толы  бір 
кәмілдік көрсетеді. Онда баланың өмірлік қажеттері бо-
лып табылатын витаминдер, гормондар, қорғаушы эле-
менттер бар.
Ана  сүтінде  баланың  өсуі  үшін  қажетті  негізгі  эле-
менттер  болған  протейн,  шекер,  май,  фосфор  және 
витаминдердің барлығы нәрестенің денесіне сай келетін 
түрде өте сәйкес өлшемде кездеседі. Бұлар құдайы түрде 
тәртіпке келтірілген.
Ана сүтінде нәрестенің алғашқы алты айында барлық 
микробтық  (жұқпалы)  аурулардан  қорғайтын  имму-
нитет заттары бар. Осындай және басқа да себептермен 
әсіресе  баланың  алғашқы  алты  айында  тек  қана  ана 
сүтімен қоректенуі биологиялық қажеттілік.
Дамыған  білім  бойынша  да  емізу  уақыты  толық 
екі  жыл  болуы  керек.  Өйткені  бауырдың  қан  жаса-
уы  себебімен  жұмысы  ауыр  болып  және  мүшелер  өсу 
күйінде  болғандықтан  ана  сүтіне  деген  қажеттілік  екі 

- 187 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жыл  жалғасады.  Басқаша  айтсақ,  өсудің  ең  маңызды 
мерзімдерінде  табиғи  биологиялық  заттарға  деген 
қажетті уақыт екі жыл деп саналады. Өйткені медици-
на нәрестенің алғашқы екі жылдағы өсуінің ең маңызды 
дәуірі екенін нақты түрде белгілеген.
Және  де  медицина  нәрестені  1-2  жыл  емізген  анада 
биологиялық жаңару болатынын, емізудің нәтижесінде 
омырау рагының өте аз кездесетінін, ал нәрестесін еміз-
беген аналардың денсаулығы қауіпті болғандарын баян-
дауда.
Осы  айтылған  пайдалардың  бәрі  кәміл  түрде  пайда 
болуы үшін емізу мерзімі екі жылға созылуы керек. Бұл 
да бір Құран мұғжизасы.
Сонымен  қатар  Ниса  сүресінің  23-аятында  өзде-
рімен  үйленулеріне  тиым  салынған  әйелдердің  ішінде 
саналғанда сүт қарындастары, яғни басқаның баласы бо-
лып тұрып, бір шешеден сүт емген қыздар да саналады.
Ислам заңы бойынша балалық шақтың алғашқы екі 
жылы ішінде болған емізулерде сүт бауырлығы пайда бо-
лады. Екі жылдан кейінгі емізулерде осы бауырластық 
болмайды. Демек екі жылдан кейін ана сүті өзіндегі не-
гізгі ерекшеліктердің көбін жоғалтады.
Ана  сүті  баланың  жатырда  ортаға  шығуымен  бірге 
пайда  болады.  Басқа  бір  бала  екі  жылдың  ішінде  осы 
сүттен  азғантай  болса  да  емсе  сүт  бауырлығы  пайда 
болады.  Бұл  сүт  баланың  жаратылуымен  бірге  пайда 
болғандықтан соны емген басқа баланың мінез-құлығы, 
сипаты  да  сол  жатырдан  шыққан  баламен  бірдей  бола-
ды.  Яғни  ортақ  сипатты  иеленген  бір  бауырлық  сипат 
пайда  болады.  Сол  себептен  Исламда  әңгіме  етілген 
аятпен  сүт  бауырлардың  бір-бірлерімен  үйленулері  ха-
рам  қылынған,  яғни  тиым  салынған.  Бір  анадан  туған 
бауырлық  сияқты,  сүт  бауырлығы  да  махремиет  шарт-

- 188 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
тарына 
(Үйленуге  болатын  не  болмайтын  кісілердің  тізімін  жинаған 
шарттар)
 бағынады.
Осы тиымның өте көп және қазіргі уақыттарда әлі бі-
лінбеген сырларды қамтығаны сөзсіз.
Астрономия
Әлемнің  ең  алғашқы  затының  не  болғаны  тура-
лы  көне  замандардан  бері  бірталай  ойлар,  пікірлер 
айтылған. Бірақ бұл мәселе осы кезге дейін нақты түрде 
анықталмаған.  Сонда  да  ортаға  қойылған  пікірлер 
арқылы Құран Кәрімнің бұл мәселеге қатысты ақиқатын 
және иғжазын өте жақсы түсінуге болады.
Көркем аяттарда:
«Әуелде  көк  пен  жер  бір  тұтас  еді  ғой.  Біз  екеуінің 
арасын ажыраттық, жанды мақұлықтың барлығын су-
дан  жараттық.  Кәпірлер  осыны  қалай  білмейді?  Оған 
неге сенбейді?»
 (Әнбия сүресі 30-аят)
«Сонан соң (Аллаһтың еркі) аспанға бет бұрды. Бұл 
кезде аспан бұлыңғыр түтін ғана еді» 
(Фүссиләт сүресі 11-аят)
 
деп айтылады.
Қазіргі  кездегі  астро-физиктердің  осы  саладағы  ой-
пікірлері де жоғарыдағы аяттардың мазмұнына сәйкес.
Токио  Ғылыми  Зерттеулер  Орталығының  бастығы 
профессор Др. Иушили Козаина жердің пайда болуы ту-
ралы Құрандағы мәліметтер ұсынылғанда:
«-Бұл кітап қашан түскен?» - деп сұрады.
«-1400 жыл бұрын», - деп жауап берілгенде өте қатты 
таң қалып, былай деді:
«Күмәнсіз  бұл  кітап  әлемге  төбесінен  қарайды. 
Қарасаңдаршы  не  бар  не  жоқ  әр  нәрсені  ұсақ-түйегіне 
шейін  көрген  әрі  күш  жеткісіз  бір  кәмілдікпен  түсін-
дірген! Оған құпия болатындай ешбір нәрсе жоқ!»

- 189 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Профессор  Иушили  бір  конференциясында  жер-
дегі  және  көктегі  басқа  заттардың  пайда  болуы  ту-
ралы  қазіргі  заманымыздағы  білім  дүниесінің  өте 
нақты табыстарға жеткенін айтып және осы заттардың 
тұрақты  газ  тобы  күйінде  тұрған  кезінде  жарылуының 
нәтижесінде  пайда  болғанын  түсіндіріп  жатыр  еді. 
Міне  оған  өзін  таң  қалдырған  Құран  мәліметтері  осы 
кезде  берілген  еді.  Құран  осы  жаратылу  күйіндегі  бол-
мысты  «дұхан»  деп  атаған  еді  де,  осы  сөз  профессорға 
түйсігін  ерітетіндей  әсер  етті.  Өйткені  сол  кезге  дейін, 
білім  газ  тобының  жарылуының  нәтижесінде  белгілі 
бола бастаған жағдайды «тұман» сөзімен баяндаған еді. 
Алайда тұманда сұйықтық пен су сияқты ерекшеліктер 
болғандықтан  «тұман»  сөзі  осы  ақиқатты  түсіндіре  ал-
майтын еді. Ал Құран «дұхан», яғни «түтін» деп айтуы-
мен толық мағынада түсініктемесін беріп, реакционист 
ғалымдарға да жол көрсетіп, жарылудағы қызу туралы 
сөз еткен. Сондықтан Құран білімнің өте алмаған есігін 
1400 жыл бұрын ашып, адамзатқа (олардың жаңадан біл-
ген) кәміл бір ақиқат мәліметін берген. Расында көркем 
аят, осы мұғжизаны қандай анық түрде баяндайды:
«(Сүйіктім!)  …  Өздеріне  білім  берілгендердің,  саған 
Раббыңнан түсірілгеннің хақ екендігіне және мақтаулы, 
үстем Аллаһтың жолына салатындығына көздері жете-
ді». 
(Сәбә сүресі 6-аят)
Кім біледі осы көркем аят әлі келешекте түсініле ала-
тын тағы да басқа ақиқаттардың ашылуы сүйіншілеріне 
толы шығар!
Профессор Др. Иушилиден білімнің бірнеше құпия-
ның ұсақ-түйектерін әлі жаңадан белгілеп тапқанын, ал 
Құранның бұларды бұрыннан қалайша хабарлағаны ту-
ралы сұралғанда, ол былай жауап берді:
«-Осы  мәліметтер  адамның  сөзі  болуы  мүмкін 
емес!  Өйткені  біздер,  яғни  ғалымдар  тек  бір  салада 

- 190 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
тереңдей  аламыз.  Ал  Құран  әлем  туралы  бүткіл  түсіне 
алмағандарымызды  да  ең  кәміл  түрде  баяндайды  да 
бір  түсіндіру  әдісін  ортаға  қояды.  Осындай  көптеген 
саланы  қамтыған  ең  тура,  ең  кәміл  ғылыми  құдіретті 
ешбір  адамзат  баласы  түсіндіре  алмайды!  Бұдан  кей-
інгі  ғылыми  өмірімнің  бағыты  Құран  Кәрім  болады. 
Бұрынғы таяздығымды Құран арқылы жоямын!»
Құран Кәрімде жердің домалақ екеніне ишарат еткен 
бірталай көркем аят бар. Осылардың біреуінде:
«Аллаһ түнді күндізге, күндізді де түнге айналдыра-
ды» 
(Зүмәр, 5)
-деп айтылады.
Осы  аятта  айтылған  «юкауиру»  сөзі  бас  сияқты 
домалақ  бір  заттың  айналасында  бір  нәрсені,  мысалы 
сәлдені  айналдырып  орау  сияқты,  «орау»  мағынасына 
келеді.
Осы  «юкауиру»  сөзі  жер  жүзінде  көрінген  бір 
шындықтың суретін көрсетеді: Өз осьінің айналасында 
айналған  Жердің  Күнге  қарайтын  бөлімі  жарық,  яғни 
күндіз  болады.  Бірақ,  Жер  айналғандықтан  жарық 
болған  бөлімі  үнемі  күндіз  болып  тұра  бермейді.  Жер 
айналған  сайын  жарық  болған  бөлімі  қараңғы,  ал 
қараңғы  болған  бөлімдері  жарық  болады.  Яғни  үнемі 
бір  түрде  түн  күндізге,  ал  күндіз  түнге  айналады.  Осы 
да  жер  жүзінің  домалақ  болғанын  көрсетеді.  Міне  аят-
та қолданылған «иұкеұұйру» сөзі жер жүзінің шеті жоқ 
шар  тәрізді  домалақ  болғанын,  әрі  айналғанын  баян-
дайды.
Ғалымдар;
«Тауларды  көріп,  табжылмай  тұр  деп  ойлайсың. 
Негізінде  ол  бұлт  тәрізді  жүреді.  Бұл  әр  нәрсені  берік 
жасаған  Аллаһтың  шеберлігі.  Күдіксіз  Ол  жасаған 
нәрселеріңді  толық  біледі» 
(Нәміл  сүресі  88-аят)
  аятын  да, 
дүниенің айналғанына ишарат еткен аят деп санайды.

- 191 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ай мен Күннің жағдайларына қатысты Иәсин сүре-
сінің 38, 39 және 40-аяттарында былай айтылады:
«Ал күн белгіленген жағына қарай жылжып кете ба-
рады. Мұның өзі әрі үстем, әрі дана Аллаһтың алдын ала 
белгілеген ісі». «Айдың да тұрақтайтын орнын белгіле-
дік. Кәрі құрманың қураған бұтағындай болғанға шейін 
ол да аспанды кезіп жүреді». «Күннің айды қуып жетуі, 
түннің күндізді басып озуы мүмкін емес, әрқайсысы өз 
орбитасында жүзеді де жүреді».
Миләди жетінші ғасырда Ай мен Күннің белгілі бір 
орбитада  айналғандарын  ойға  сиғызу  мүмкін  емес  еді. 
Олардың  әрекеттері  (қозғалысы)  туралы  негізсіз  пікір-
лер  көптеген  түрде  кездесетін.  Хазіреті  Пайғамбардың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  ұлы  Ибраһим  қайтыс 
болғанда  Күн  тұтылған  еді.  Халық:  «Хазіреті 
Пайғамбардың ұлы қайтыс болғандықтан Күн тұтылды» 
-  деді.  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бұл 
сөздерге қарап:
«Ай  мен  Күн  Аллаhтың  бар  екендігін  көрсететін 
дәлелдер болып табылады. Ешбір адамның өлімінен де, 
өмірде болуынан да тұтылмайды. Осындай бір жағдай 
көрсеңдер, сол кезде Ай мен Күн ашылғанға дейін намаз 
оқыңдар,* дұға етіңдер!»
(Бұхари, Кусуф, І, 15)
 -деп айтты. 
Расында Аллаhтың күші мен құдіретіне дәлел болған 
аяттардан  Ай  мен  Күннің  сырлары  білінбегендіктен 
Хижри 3-4 ғасырдың атақты мүфессирі 
(Құрандағы аяттардың 
мағынасын шешіп беретін ғалым)
 Табери, Иәсин сүресінің 38, 39 
және 40-аяттары туралы:
* Хусуф (Айдың тұтылуы) және Кусуф (Күннің тұтылуы) намаздары 
Пайғамбарымыздың  Сүннет-и  Сәниеесі  болады.  Өйткені,  осындай 
оқиғалар  Аллаһтың  құдіретін  көрсететін  оқиғалар.  Күннің  және  Айдың 
құдайы  құдіретпен  жаратылғанын  көрсетеді.  Ал  оқылатын  намаздар 
Аллаһ  Тағалаға  бір  шүкірлік  белгісі.  Адамзат  Ай  мен  Күн  болмаса 
түндеріміз бен күндеріміздің қараңғылықта қалатынын ойланса керек!

- 192 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Мазмұнын  дәл  біле  алмайтын  осы  аяттардағы 
сияқты жағдайларда міндетіміз үндемеу!» - деген.
Осы үкім сол замандағы адамдардың Ай мен Күн үшін 
бар болған «орбита» ұғымын түсіне алудан қаншалықты 
ұзақ болғанын көрсетеді. Егер «фәлақ», яғни орбита сөзі 
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
дәуірінде  қабылданған  бір  астрономия  ұғымын  баян-
даса,  осы  аяттардың  тефсірі,  яғни  анықталуы  осындай 
қиындық  туғызбайтыны  Күн  тәрізді  айқын.  Жағдай 
осындай  болғанымен  қатар,  Құран  Кәрімде  тек  қана 
ғасырлардан кейін айқын болып білінетін орбита ұғымы 
мағынасы сақталған түрде айтылған еді.
Құран Кәрім бұдан басқа, Ай мен Күннің бір-бірлері-
нен бөлек, басқа заттан тұратынын да білдіреді:
«Аллаһтың  жеті  қат  аспанды  бірінің  үстіне  бі-
рін  келтіріп,  қалай  жаратқанын  неге  көрмейсіңдер? 
Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді де шам қылып 
жаратқан!» 
(Нұх сүресі 15-16 аяттар)
«Төбелеріңе  күмбез  етіп,  жеті  қат  аспанды,  жанып 
тұрған шырақ етіп күнді жараттық». 
(Нәбә сүресі 12-13 аят-
тар)
Көркем  аятта  Ай  «мунир  (жарық  беретін)  зат»  деп 
сипатталған және де осы сөздің түбірі «нұр» сөзі болып 
табылады. Ал Күн бір шырақ немесе көз қаратпастай бо-
лып жарқырап тұрған лампаға ұқсатылған.
Бұл жерде бір мәселеге назар аудару керек.
Негізі өзгертілген Таурат Күн мен Айды «жарықтар» 
деп  атап,  бірақ  бұлардың  біреуін  «үлкен»,  екіншісін 
«кішкене»  деп  сипаттайды.  Ал  Құран  Кәрім  Күн  мен 
Айдың  бір-бірінен  айырмашылығы  болғанын  білдіре-
ді.  Және  де  ерекшеліктері  бір-бірінен  бөлек  жарықтар 
екендігін айқын түрде баяндайды.
Сонымен  қатар  Айдың  қозғалысындағы  мерзімдер 

- 193 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
уақыттардың  белгіленуі  үшін  адамзаттың  пайдасына 
ұсынылған:
«Нұр шашыратып күнді, жарығын жайғызып айды 
жаратты Аллаһ. Сонан соң сендердің жыл мен ай мер-
зімдерін  айыруларың  үшін  олардың  орындарын  белгі-
леді. Аллаһ оны жайдан жай жасаған жоқ. Біле-білген-
ге Аллаһ аяттарын осылайша айқын түсіндіреді». 
(Юнус 
сүресі 5-аят)
Уақиға сүресінің 75-76 - аяттарында:
«Жұлдыздардың  тұрған  орындарымен  ант  етемін. 
Біле білсеңдер, мұның өзі үлкен серт екені даусыз»-деп 
айтылады.
Көркем  аят  күшті  бір  антпен  жұлдыздардың  орын-
дарына  назар  аудартуда.  Қазіргі  кездегі  физика  және 
астрофизика  мамандары  «жұлдыздардың  орындары-
ның»  жұлдыздар туатын «ақ тесіктер» және өліп, жоқ 
болатын «қара тесіктер» екенін баяндайды.
Ақ тесіктер - ақыл жетпейтіндей бір энергия қоймасы 
тәрізді.  Іштерінде  миллиардтаған  жұлдыз  шығаратын-
дай  энергия  бар.  Бұлар  галлактиканың  тұқымдары 
сияқты.
Ал қара тесіктер - құпия бір жұлдыздар қабірі. Бұл 
тесіктер төңірегінде болған бүкіл замандар мен заттарды 
өз «белгісіздігінде» жоқ қылады.
Көркем  аят  күшті  бір  антпен  әңгіме  еткен  осы 
мәселені  адамзат  қазіргі  кездегі  мәліметтердің  көмегі-
мен  тек  қана  осындай  дәрежеде  түсіне  алған.  Күмәнсіз 
осы аят, анықталуы керек болған әлі қаншама сырларды 
қамтиды.
Мүлік сүресінің 3-аятында былай айтылады:
«... Көзіңді (аспанға) қарат та бір қара, бір бұзықтық 
көре аласың ба?»

- 194 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Жұлдыздардың көкке себілуінің бір себебі адамзатқа 
жол көрсетуші болулары:
«Ол құрлық және теңіздің қараңғылықтарында сол 
арқылы жол табуларың үшін жұлдыздарды жаратқан. 
Расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік». 
(Әнғам сүресі 97-аят)
«(жол  табу  үшін  пайда  алынатын)  белгілер  де  (жа-
ратты).  (Адамдар)  жұлдыздармен  де  жол  таба  алады». 
(Нахл сүресі 16-аят)
Әлемдегі  бүткіл  заттарда  құдайы  бір  өнер  және  ор-
наластыру бар. Араларында жол апаты (авария) сияқты 
ешбір соғысу болмайды. Әрекеттерінде бір сәттік кеші-
гу  немесе  артық  кету  мүмкін  емес.  Yнемі  бір  қалыпта, 
құдайы деңгейде жалғаса береді. Осы жағдай да көркем 
аятта ишарат етілген тағы бір ұлылық көрінісі.
Осы орасан зор, шексіз жүйенің жаратылуы, ең ұлы 
жаратушы  болған  Аллаh  Тағала  үшін  тіпті  де  қиын 
емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет