Рахмет самалы



Pdf көрінісі
бет19/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Сол  күні  мал-мүлік  те  бала-шаға  да  пайда  бере 
алмайды!»
«Бірақ Аллаhқа қалб-и сәлиммен (таза бір көңілмен) 
келгендер тыс (бөлек)». 
(Шұғара сүресі 88-89 аяттар)
Жәннәт тұрғындарының бір бөлігі жететін айрықша 
бір сый, ілтипат тағы бар. «Руят-и жәмалуллаһ» 
(Жәннатта 
Аллаһты  көру)
  делінген  осы  ерекше  ілтипатқа  тек  қана 
қалб-и селим арқылы жетуге болады.
Раббымыз  көңілдерімізді  Құрани  ақиқаттар-
мен  және  оның  сырларымен  толтырып  қалб-и 
селимнен  сәулетті  бір  нәсібе,  сүйікті  Мырзамыз 
Пайғамбарымыздың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
руханиетінен нұр табысты шықтар берсін!
Көңіліміз Аллаh пен Пайғамбар махаббатының бітіп 
таусылмайтын қазынасы болсын!
Әмин!

- 234 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
СОҢҒЫ СӨЗ
Исламның  бүкіл  әлемдік  бір  діни  көзқарасы 
болғандығынан,  оның  пікір  жүйесінде  адамзаттың 
мәмілелерін 
тәртіпке 
салған 
заң, 
мінез-құлық, 
экономика  т.б.  сияқты  барша  білімдерге  қарасты 
шарттардың  болуы  табиғи  нәрсе.  Осы  шарттар  ең 
жайынан ең кәміліне, ең шектісінен шексізіне дейін әр 
мәселені  қамтитын  дәрежеде  болуы  керек.  Бұлардың 
бір бөлімі барша адамзатқа қатысты жай және әлемдік 
мәселелер  болғанымен  кейбір  бөлімдері  оқымысты, 
зиялы  адамдарды  да  шаршатып  әлсіз  қалдыратын 
«терең  мағыналар»  және  сыр  әлеміне  қарасты  шын-
дықтар деп саналады. Міне осындай мәселелерді әсіресе 
оқырмандары  белгісіз  болатын  кітапта  қолға  алып 
зерттеудің әрі жинаудың қиын екені даусыз.
Осы мәселелерді зерттеу өрге шығып бара жатқанда 
шөлдеудей, әрі құзар шыңға өрмелегендей қиын. Сөзсіз 
осы қиын және шексіз шындықтарды ақыл, білім және 
тілдің  мүмкіндіктеріне  қарай  ортаға  қоюға  тырысу 
бірталай адам бас тарта алмаған жұмыс болса да, мұнда 
кәміл табысқа жету мүмкін емес.
Сонымен қатар бұл мәселелерді толығымен анықтау-
ға  адам  баласының  дәрмені  жетпегенімен  «барлығына 
жете алынбағандықтан жеткенінен айнып бас тартпау» 
Ислами шарт. Сондықтан құрметті оқушыларымыз бізді 
де осы шартқа бағынған деп түсініп, анықтамаларымыз 
бен  түсіндіргендеріміздегі  кемшіліктерімізді  кешіреді 
деп үміттенеміз.
Сондай-ақ  адамдық  түсінік  және  салыстыру  осы 
әлемнен  алған  әсерлерімізбен  іске  асып  жалғасады. 
Сондықтан  көзбен  көру  мүмкін  болмаған  «шексіз» 
ақиқаттар  турасында  жаңылмау  немесе  соларды 

- 235 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
толығымен анықтау қалай мүмкін болмаса, жаратылыс 
кереметі болған әлемдердің мақтанышы Пайғамбардың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  ақиқаты  және  әсмаи 
илаhияның  (Алланың  есімдері  мен  сипаттары)  кәміл 
түрдегі  көрінісі  болған  Құран  гауhарының  адам 
баласының шамасымен аңғарылып түсіндірілуі де мүм-
кін емес. Шынында жәннәт, тозақ және тағы басқа ұқсас 
суреттеулер  негізі  тек  қана  Аллаh  Тағаланың  ілімінде 
болған бір жағдайдың біздердің түсініктеріміз бойынша 
баяндалғанынан тұрады. Діннің бүткіл метафизикалық 
ақиқаттары турасында ақыл мен «қалб-и сәлим» арқылы 
жасалған бағалаулар тура, бірақ кем болады. Әрине тура, 
өйткені осы әлемнен алынған әсер бойынша анықталуы 
және түсінілуі осынша ғана болады. Әрине кем, өйткені 
осы  әлемде  болып  жатқан  құдайы  істердің  негізі  мен 
соларға  ұқсас  болған  жағдайларды  салыстыру  арқылы 
келген шешіміміздің арасындағы айырмашылық шетсіз 
де  шексіз.  Осындай  шындықтарды  толығымен  аңғара 
білу үшін адам баласының ақылынан басқа ақыл, түйсік, 
мүмкіншілік және дәнекерлер қажет, бірақ осы дүниеде 
бұл  да  мүмкін  емес.  Мысалы  «рүиет-и  жемалуллаh...» 
(Аллаhты  жәннәтта  көру)  Ақыретте  мүминдер  үшін 
болатын  осы  жағдайды  «руят»,  яғни  «көру»  сөзінің 
мағынасына  сыйғызу  кем  емес  пе?  Амал  жоқ  бәрі  бір 
кем, бірақ осы мәселенің түсіндірілуі де қажет.
Сондықтан адамдардың  мұхит тәрізді кең және терең 
деп көріп «ақиқатқа батырған ыдыстарының» көлемінен 
артық нәрсе алулары мүмкін емес! Бір мұхитты бір кесеге 
сыйғызу мүмкін болмағанындай... Тіл де бір «ыдыс», ми 
да  бір  «ыдыс»,  көру  мәселесінде  көз  де  бір  «ыдыс»  т.б. 
Бірақ барлығы әлсіздік!
Расында  Хақ  Тағала  көркем  аятта  адам  баласының 
түсінігімен  аңғарылуы  мүмкін  болмаған  ұлылығын 
былайша суреттейді:

- 236 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Айт: Раббымның сөздері үшін мұхит сия болса және 
тағы  да  соншама  қосылса,  Раббымның  сөздері  бітпей, 
алдымен мұхит бітіп қалады». 
(Кәһф сүресі 109-аят)
Ойлану керек; шетсіз де шексіз құдайы салтанат пен 
ұлылықтың  алдында  адам  баласының  «ыдысының» 
көлемі қанша тұрады?
Әрине  ақыл  мен  түсініктердің  кемшіліктеріне  бола 
ақиқат шектелмейді ғой!
Мәселенің  негізі  осылай  болып  тұрғанда,  ақиқатты 
аңғару  мәселесінде  ең  кең  мүмкіншіліктерге  ие  болған 
үнсіздікке оралып сөзді осында тоқтатуға мәжбүрміз.
Әлемдердің 
мақтанышы 
Пайғамбарымыз 
дың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) руханиятымен жамылу-
дан басқа амалымыз жоқ. Бүткіл бейшаралардың жал-
ғыз шарасы Аллаh Тағала.
Әлсіздік мұхитында «медет,  ей Раббым!»
Дахилек 
(есігіңді аш)
 ей, Аллаhтың Пайғамбары!

- 237 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Құрметті оқырманға!
Біз  Ұлы  Пайғамбарымыз  туралы  кітапты  мазмұны 
толық түсінікті болатындай қылып аударуға тырыстық 
сондықтан  әдеби  жағынан  біраз  кемшіліктер  болды. 
Және де бәріміз қарапайым адам баласы болғандықтан 
басқа да кемшіліктеріміз болуы мүмкін. Сіздерге арнап 
шын ниетпен жазылған бұл кітаптағы кемшіліктеріміз 
кешіріледі деген үміттеміз!
Кітапта қолданылған кейбір ерекшеліктер:
Қасиетті  Құран  Кәрімнің  аяттары  қою  әріптермен 
жазылды  және  кітап  Ұлы  Пайғамбарымыз  туралы 
болғандықтан Ол кісі туралы айтылғанда есімдерін қою 
әріптермен, айтқан сөздерін қиғаш әріптермен жаздық.
Сіздерге  түсінікті  болу  үшін  өзіміз  біраз  (беттердің 
төменгі жағына) түсініктемелер бердік.
Кітаптың  мазмұны  діни  бағытта  болғандықтан 
кейбір  сөздердің  атауларын  арапша  бердік.  Бұл  бір 
жағынан  қазіргі  қолданылып  жүрген  қазақ  тілінде 
толық  баламасын  таба  алмағандықтан  болды,  екінші 
бір  себеп  Құдай  бұйыртса,  еліміздің    мұсылман  дініне 
деген көзқарасы жақсарып, өміріне ене берсе, осы сөздер 
күнделікті қолданыстағы қазақ тіліне енсе деген үміт...
Арапша діни терминологиялық сөздерді қолданғанда 
айтылуы дұрыс болса деген үмітіміз де болды. Мысалы 
«Алла»  сөзі,  сөздің  негізі  арапша  болғандықтан  және 
сол тілдегі айтылуы бойынша  «Аллаһ» деп айту дұрыс 
шығар деген оймен кітапта осы сөзді қолдандық. Және 
арапша  сөздердегі  ерекшелікті  ескере  отырып  сөздерде  
(апостроф)  белгісін  қолдандық,  бұл  әріп  тамақтан,  сәл 
қысылып  шығарылады,  дыбысталуы  қазақ  тіліндегі 
«ғ»  әрпіне  ұқсастау  (сондықтан  кейбір  кітаптарда  бұл 
әріптің орнына ғ әрпі қолданылып жүр, мысалы кейбір 

- 238 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
кітаптардағы Ғалейһіссәләм  сөзін біз аләйһиссәләм деп 
алдық).
Таурат  пен  Інжілден  мысалдар  келтіргенде  сол 
кітаптардағы  баптарының  аттары,  пайғамбарлардың 
есімдері 
қазір 
миссионерлер 
қолданып 
жүрген 
кітаптарда  әр-түрлі  болғандықтан    және  сол  діндердегі 
адасушылық  туралы  білгісі  келіп,  қызыққан  адамдар 
болар деген оймен орыс тілінде жазылған кітаптардағы 
баламаларын да бердік.
Кітаптағы мәліметтер ойларыңыз бен сезімдеріңізге 
өз пайдасын тигізсін!
Табысқа жеткізуші тек қана Аллаһ!
Аудармашыдан

- 239 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мазмұны
АЛҒЫ СӨЗ ............................................................ 3
ӘЛЕМДЕРДІҢ МАҚТАНЫШЫНЫҢ (с.а.у.)
Жер бетіне түсіп дүниемізді
ерекше мәртебеге жеткізгені ............................ 6
ӨНЕГЕ СИРЕТІ ЖӘНЕ БАСҚА ПАЙҒАМБАРЛАР 
АРАСЫНДАҒЫ ОРНЫ ......................................... 37
Рахмет Пайғамбарының сиретінің мүшриктер 
тарапынан қабылдануы ................................ 49
РАХМЕТ ПАЙҒАМБАРЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕН МЫСАЛДАР ...................... 61
Мейірімді пайғамбарымыздың тақуалығы
және нәпсісін Ағартуы...................................62
Рахмет Пайғамбарының өміріндегі нәзіктік, разым 
және қамқорлық .................................................. 80
Рахмет Пайғамбарының
кедейлерге деген сыпайылығы ............................... 85
Рахмет Пайғамбарының әйелдерге мәмілесі ............ 94
Рахмет Пайғамбарының
хайуандарға қарасты мәмілесі ............................... 97
Рахмет Пайғамбарының
тұлдыр жетімдерге мәмілесі .................................100
Рахмет Пайғамбарының
көрші ақысы туралы ұсыныстары .........................102
Рахмет Пайғамбарының дұшпандарына және 
кәпірлерге қарсы мәмілесі ...................................103
Рахмет Пайғамбарының кешірімшілдігі ................104
Рахмет Пайғамбарының жомарттығы ....................107
Рахмет Пайғамбарындағы жақындық,
шындық және адалдық ........................................109
Рахмет Пайғамбарының инабаттылығы .................111
Рахмет Пайғамбарының адамдардың
жақсылығын қалауындағы сергектігі ....................112

- 240 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ХИЛИЕ-И ШӘРИФЕ (киелі жаратылыс) ..............128
Мүбәрәк шәмайл шәрифалары ............................120
Көркем мінезі және мәмілесінің бірнешесі ...........122
Теңдессіз батылдығы мен ерлігі ..........................125
ДАСТАНИ МАХАББАТТЫҢ
КӨҢІЛДІ КҮЙДІРЕТІН ӨЛЕҢДЕРІ ....................127
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................139
РАХМЕТ ПАЙҒАМБАРЫНЫҢ ҚҰРАНИ 
МҰҒЖИЗАЛАРЫ .............................................141
I) Шешендігі мен әдеби тәсілі .............................147
Құранның тәсіліндегі ерекшеліктер ....................150
II) Құран Кәрімнің адамзат тарапынан
өзгерістер енгізуден пәк болуы ............................155
Уаһидің кешігуі ....................................................-
Уаһида Хазіреті Пайғамбарға
ескерту жасалуы ...............................................158
Уаһидің мүжмәл келуі .......................................163
III) Ғайыптан хабар беруі ...................................168
IV) Ғылыми табыстар туралы хабар беруі .............177
Биология .............................................................-
Дактилоскопия .................................................183
Дерматология ...................................................184
Сүттің пайда болуы (құрастырылуы) ...................185
Ана сүті ...........................................................186
Астрономия .....................................................188
Ботаника .........................................................198
Геология ..........................................................199
Физика ............................................................202
Генетика ..........................................................206
Гигиена ...............................................................-
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЕВРЕЙЛІК ЖӘНЕ 
ХРИСТИАНДЫҚ ..............................................213
Еврейліктегі кітап ұғымы. Таурат ...........................-
Еврейліктегі «Аллаһ» ұғымы .................................-

- 241 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Пайғамбар ұғымы .............................................216
Ақырет ұғымы .................................................219
Христиандықта кітап ұғымы. Інжіл ........................-
Төрт Інжілдегі қайшылықтардың мысалдары .......221
Христиандықтағы «Аллаһ» ұғымы және
Үш Тәңір (Теслис) сенімі ....................................224
ТАУРАТ, ІНЖІЛ ЖӘНЕ ҚҰРАН ........................226
Аллаһ ұғымы .......................................................-
Пайғамбар ұғымы .............................................227
Пайғамбарлардың мұғжизалары және
кітап ұғымы .....................................................228
Жауапкершілік ұғымы ......................................230
СОҢҒЫ СӨЗ .....................................................234
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНҒА .................................347


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет