Рахмет самалы



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ралы да мәлімет берілген және масайтатын сусындарға 
тиым салынған. Тамақ ішу тәртібі және ем мен жалпы 
денсаулық  шарттарынан  болып  табылатын  өліктердің 
көмілуі де Құранда ескертілген.
Көп  те,  аз  да  емес,  орташа  тамақтануды  әмір  ет-
кен  Құран
  (Ағраф  сүресі  31-аят) 
медицинаның  жарты-
сын  қоры-тындылаған.  Зина,  яғни  ойнастыққа  тиым 
салынуымен  жыныстық  аурулардың  алдын  бөгеп, 
ұрпақтың  табиғи  және  рухани  тазалық  жағынан 
жақсы  түрде  қорғалуын  қамтамасыз  еткен.  Дене  және 
ауыз  тазалығын  сақтамаудың  зияндылықтары  меди-
цина  жағынан  анықталып,  қосымша  анықтамаларды 
қажетсінбейтін өлік, қан және шошқаның етін жеуге де 
тиым салынған.
Дәрет,  намаз  және  оразаның  рухани  пайдалары-
мен  бірге,  денеге  тигізетін  пайдаларын  да  қабылдамау 
мүмкін емес.
Бұл мысал ретінде айтылған мәселелер ғана. Әйтпесе 
негізінде  Құран  Кәрімде  қаншама  құпия  мазмұндарға 
«жарық көрсететін» жүздеген аяттар бар. Осы аяттардың 
мағыналары білім мен ғылым салалары дамыған сайын 
аз  да  болса  білінуде.  Сол  себепті  «Құранның  ең  үлкен 
мүфессирінің,  яғни  анықтаушысының  уақыт  екендігі» 
айтылады.
Осындай  шексіз    көркемділік  және  шешендік-
пен  құрастырылған  әдеби  тәсіл  арқылы,  ішінде  ешбір 
қайшылық және күмән болмаған, қияметке дейін пайда 
болатын бірталай ақиқаттар туралы хабар берген, бүкіл 
адамзат  пен  жындар  әлемін  жекпе-жекке  шақырса  да 
тіпті  ең  қысқа  сүресінің  де  ешбір  түрде  ұқсасы  келтіре 
алынбаған және келтіре алынбайтын бір Кітаптың үмми 
қауымның ішінде өскен, үмми адамның сөзі болуы ақыл, 
түйсік немесе сезім қабыл ететіндей жағдай емес.

- 208 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Құран және сүннет әр дәуірде білім мен ғылым сала-
ларына жол көрсетуші болды. Құран мен сүннет нақты 
түрде  шешімін  беріп  қойған  кейбір  мәселелерде  білім, 
олардың  дәрежесіне  жете  алмағандықтан  «ықтимал» 
деген  үкім  беруде.  Заман  ілгерілеген  сайын  ғылымның 
«ықтимал» деген үкімдері ақиқатқа айналып, Құранның 
ұлылығын көрсетуде. Өткен беттерде көркем аяттардан 
мысал  келтірдік,  енді  киелі  хадистен  бір  екі  мысал  бе-
рейік. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
былай айтады:
«Біреулеріңіздің  табағына  шыбын  түсіп  кетсе,  ал-
дымен  оны  батырып  шығарсын!  Өйткені  шыбынның 
бір қанатында ауру, ал екіншісінде осы аурудың дәрісі 
және емі бар». 
(Бухари, Ахмет бин Хәнбал)
 
Шыбынның  микроб  таситын  жәндік  екені  және 
денесінде  осы  микробтарды  жоятын  антимикробтық 
заттардың пайда болатыны ғылымға белгілі. Сондықтан 
шыбын тамағымызға түссе, істейтін ісіміз – микробтар-
ды  жоятын  антимикробтық  заттар  ортаға  шығу  үшін 
шыбынды тамаққа бір батырып шығару болады.
Аллаhтың  Пайғамбары  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  қажет  кезінде  ыдыстағы  тағамның  немесе 
судың төгілмей, пайдаланылуын ұсынған. Бертін кезге 
дейін  шыбынның  толығымен  микроб  таситын  жәндік 
екені  білінгенмен,  өзінде  у  қайтарғыш  заттардың 
болғаны білінбеген еді. Бірақ бұл ақиқат қазіргі заман-
да  ғана  Пайғамбардың  мұғжизасының  көрінісі  болып, 
ғылымның табысы болды.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
басқа бір киелі хадисінде былай айтады:
«Егер  де  ит  бір  ыдысты  жалап  қойса,  адамдар 
қолданудан бұрын жұқа, таза топырақпен бірге сумен 
жеті рет жуылып-шайылуы керек».

- 209 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Осы  киелі  хадисте  иттің  аузының  ластығы  және 
осы  ластықтың  тазалануында  жұқа,  таза  топырақтың 
маңыздылығы түсіндіріледі.
Білім жаңадан тапқан осы ақиқаттарды сүннет мың 
төрт жүз жыл бұрын хабарлаған.
Ғылыми  жетістіктердің  жинағы  болған  энцикло-
педиялар  жыл  сайын  қосымша  нұсқалар  шығаруымен 
өзгерген ғылыми шындықтарды жаңадан басып өз кем-
шіліктерін  түзетеді.  Ал  Құран,  мың  төрт  жүз  жылдан 
бері сөз түгілі бір әрпін де түзетуді қажетсінбей қияметке 
дейін жалғасады. Өйткені Аллаh Тағала кітабында:
«Расында  өздеріне  Құран  келген  кезде,  қарсы 
болғандар бар. Шын мәнінде, ол - ардақты Кітап. Оның 
алдынан да артынан да бос сөз араласпайды. Ол сөзсіз 
дана,  мақтауға  өте  лайықты  болған  Аллаһ  тарапынан 
түсірілген»
 (Фуссиләт сүресі 41-42 аяттар)
 - деп айтады.
Американдық  профессор  Др.  Жоли  Сентонның 
Құранды  мойындауы  да  қатты  назар  аудартатын 
әңгіме. Сентон Христиандықтың бұзылған кітабындағы 
сандырақтардың себебінен, дінге деген сенімсіздігі пайда 
болып, көңілі суып кеткен. Ол тек қана батыс әлеміндегі 
діннің масқаралығын білетіндіктен, басында Құранға да 
сол  көзқараспен  жақындаған,  бірақ  қарсы  келе  алмай-
тындай  нақты  және  айқын  ақиқаттармен  кездескенде, 
ғажайып түрде таң қалып, былай айтқан:
«-Бұл дін (Ислам) білімге жол көрсетуші болып, өте 
зор нәтижелерге жете алады! Ғылыми төңкерісті жүзеге 
асыра алады!»
Расында  Құранның  сарқылмайтын  мұғжиза  бұлағы 
болғанын  және  мағыналарының  шексіздігін  баяндау 
үшін көркем аяттарда осылай айтылады:
«Айт: Раббымның сөздері үшін мұхит сия болса және 
тағы  да  соншама  қосылса,  Раббымның  сөздері  бітпей, 
алдымен мұхит бітіп қалады».
 (Кәһф сүресі 109-аят)

- 210 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Егер  жер  бетіндегі  ағаштың  барлығы  қалам,  ал 
теңіз сия болса, оған тағы жеті теңіздей сия қосыла, сон-
да да Аллаһтың сөздері (жазумен) таусылмайды. Аллаһ 
шынында да үстем әрі данышпан». 
(Лұқман сүресі 27-аят)
Зия Паша да:
İdrâk-і meâlі bu küçük akla gerekmez
Z
îrâ bu terâzî bu kadar sіkletі çekmez!
(Ұлы  түсінік  осы  кішкентай  ақыл  жете  алмайтын, 
Өйткені бұл таразы осындай ауырлықты тартпайды!)
- деп айтып, әлемдегі және Құрандағы құдайы өнер 
алдында  сезген  қайрандығын  және  сасқалақтағанын 
тілге тиек етеді. Және өз әлсіздігін көріп, Хақ Тағаланы 
бүткіл кемшіліктерден пәк санап, зікірін айтады:
«Күшті  өнерінің  алдында  ақылдар  қайран  қалған 
Аллаhты бүткіл кемшіліктерден пәк деп санаймын!
Шексіз құдіретімен түйсіктерді әлсіз қалдырған Ал-
лаhты бүткіл кемшіліктерден пәк деп санаймын!»
Осы  білім  мен  электроника  ғасырында  түсініл-
гендігінен Құранның жіберілу кезінің ең кәміл түрде дәл 
белгіленгені оның ең маңызды мұғжизаларының біреуі. 
Құран  Кәрім  мен  Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  жіберілу  кезі  бұрынырақ  келгенде, 
түйсіктер  Құранды  мүлдем  түсіне  алмайтындай  кезге 
келетін  еді.  Ал  кейінгі  уақыттарда  келсе,  мұғжизалар 
адам  баласының  бір  шығармасынан  алынды  деген  не-
месе бір ғалымдар тобынан нақыл етілді деген түсінікке 
мүмкіндік  беретін  еді.  Бірақ  бұл  олай  емес,  құдіреті 
күшті Аллаһ жалғыз өзіне ғана тән күшпен және білім-
мен, нақты бір уақыт таңдаған. Шексіз білім иесі Аллаh 
Тағала Құранды ең ыңғайлы заманда адамзатқа сыйлық 
ретінде ұсынған.
Сондықтан  Құран  қияметке  дейін  жалғасатын 
мұғжиза.

- 211 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ол  1400  жыл  бұрынғы  ауылдық  бір  адамның  із-
деп,  сұрағанына  да  жауап  беретін.  Бүгін  де  ең  күшті 
оқымыстыларды  да  қайран  қалдыратын  мәліметтерді 
кезі келгенде паш етіп, әркімді қайран қалдырып, өзіне 
мойын игізуде! Өйткені ол қияметке дейін болған және 
болатын барлық ғылыми жаңалықтарға жол көрсетуші 
болатын ең кәміл мәліметтерге толы.
Негізінде  Құрандағы  «мұғжизауй»  мәліметтерге 
одан да көп жақындай алудың ғылыми табыстар арқылы 
болатыны да аяттарда білдірілген айрықша бір мұғжиза 
ретіндегі  Аллаh  Тағаланың  уәдесі.  Құрандағы  осы 
төтенше  жағдайлар  -  ұлы  ақиқаттардың  құдайы  уәде 
арқылы кезі келгенде жүзеге асуы деп есептеледі. Аллаh 
Тағала айтады:
«Құранның  шын  екендігі  әбден  белгілі  болып, 
айқындалғанға дейін, көкжиектегі және өз нәпсілеріндегі 
белгілерімізді    көрсетеміз.  Расында  Раббыңның  әр 
нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?»
 (Фуссиләт  
сүресі 53-аят)
Аяттағы    «көкжиек»  сөзінен  адамды  қоршаған 
сыртқы  әлемді,  «өз  нәпсілері»  сөзінен  адамның  табиғи 
және рухани құрамын түсінуге болады. Осы түсінікпен 
аяттың мағынасы былай шығады:
«Біз,  адамға  өзін  қоршап  жатқан  сыртқы  әлемдегі 
әрі  өзінің  табиғи  және  рухани  құрамындағы,  біздің 
бар екендігімізді және күшіміздің кәмілдігін білдіретін 
дәлелдерді кезі келген сайын көрсетеміз!»
Әсма-иы Илаhийенің, яғни Аллаhтың сипаттарының 
іске асырылған жері болған Әлемге «үлкен әлем» (әлем 
кубра),  Аллаhтың  есімдерінің  көріністерін  жинап,  ең 
кәміл  түрде  жаратылған  адамға  «кіші  әлем»  (әлем-и 
сұғра)  делінеді.  Білімнің  осы  екі  әлемге  қатысты  жет-
кен  ақыл  мен  түйсікті  тоқтататын  әлемдік  және  руха-
ни табыстары адамға өз әлсіздігін білдіріп, «Мән арафа 

- 212 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
нәфсәһу,  фақад  арафа  Раббаһу  -  Нәпсіні  білген  Раббы-
сын біледі!» - деген хадистің көрінісін ортаға шығаруда. 
Осы жайлы Хаққа ғашық болған Юнус (Жүнүс) қандай 
жақсы айтады:
«Ілімнің басы да, соңы да өзін білу!»
Аллаhтың құдіреті мен салтанатының алдында адам 
өзінің әлсіздігін, ештігін және бейшаралығын сезе алуы 
сөзсіз оған мағрифатуллаhтан 
(Аллаһты тану)
 бір есік ашып 
уасыл-ы илаллаh болуға жөнелтеді.
Құранда  білдірілген  ақиқаттар  кезі  келген  сайын 
адамзаттың  көз  алдында  бірте-бірте  ортаға  шығып, 
ақылдарды  қайран  қалдырғаны  тәрізді  «өлгеннен  кей-
інгі  өмірге»  (бағсу  бағдәл-мәутә)  қатысты  берілген 
мәліметтер  де  сөзсіз  ортаға  шығады.  Әлбетте  хашр 
(өлгеннен  кейін  қайта  тірілу,  махшар:  сот  күні,  сырат:  қыл  көпір,  есеп: 
махшардағы  сот,  мизан:  адамның  күнәлары  мен  сауаптары  өлшенетін 
таразы)
, махшар, сырат, есеп, мизан, жәннәт, тозақ тура-
лы  және  басқа  да  мәліметтер  хақ  болып,  сөзсіз  жүзеге 
асады.
Осы жалған әлемнен керегінше ғибрат алып, көңілін 
нұрмен және руханиетпен байытқан, сонысымен мәңгі 
өмірге  адамзаттық  ақыл  және  күшпен  дайындалып, 
Аллаh  Тағалаға  кіршіксіз  таза  көңілмен  (Қалб-и  се-
лим) барғандар қандай бақытты!

- 213 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЕВРЕЙЛІК ЖӘНЕ 
ХРИСТИАНДЫҚ
Еврейліктегі кітап ұғымы
Таурат
Қазіргі  кездегі  Таурат  адамдардың  қолындағы 
киелі  кітаптың  Жаратылыстың  басталуы  (бытие), 
Шығу (исход), Левиліктер (левит), Сандар (числа) және 
Екізаңдылық  (второзаконие)  деп  аталатын  бес  тарауы-
нан тұрады. Бұл тараулар Еврейлердің киелі кітабының 
ең маңызды бөлімі деп саналады.
Екі  заңдылық  тарауында  Хазіреті  Мұсаның  қайтыс 
болғаны,  жерленуі  және  қауымының  азасы  туралы 
баяндалады. Алайда Таурат Мұса (аләйһиссәләм) өмірде 
болған  кезде  түсірілген.  Сонда  бір  оқиға  іске  аспай 
тұрып қалайша болған сияқты нақыл етіледі? Еврейлер 
осы жағдайды: «Хазіреті Мұсаға Тәңір білдірген, содан 
Ол  өлмей  тұрып  келешекте  болатын  жағдайларды 
Тауратқа жазып қойған»-деп жориды. Осы Екізаңдылық 
тарауында  Хазіреті  Мұсаның  кебінделу  және  жерлену 
рәсімдерінің  баяндалуы  Тауратқа  адамдар  тарапынан 
килігу болғанының ап-анық дәлелі…
Еврейлікте «Аллаh» ұғымы
Аллаhтың  есімі  Еврейлікте  Яхуе  немесе  Яхоуа  деп 
екі  түрлі  сөзбен  аталады.  Таурат  мәтіндерінде  (текст) 
адамдық сезімдермен безендірілген антропоморфтік 
(адам 
сияқты)
 бір тәңір ұғымы ап-анық түрде көрінеді.
Яхоуа  Еврейлерше  ұлттық  тәңір  ретінде  қабыл-
данады.  Құдай  Еврей  ұлтын  таңдап,  назары  мен 

- 214 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ілтипатын  тек  қана  соларға  ғана  аударған.  Өздерінен 
басқа жаратылғандарды және ұлттарды жаратқан, бірақ 
олардың  еврейлер  сияқты  бағасы  жоқ.  Yстем  қауым 
Еврейлер  ғана,  басқалары,  яғни  бүткіл  мақұлиқат 
олардың  қызметкерлері  деп  саналады.  Сондықтан 
«Еврейлік  әлем  жүйесі»  дүние  жүзілік  және  барша 
адамзатқа ортақ болудан өте алыс.
Тауратта  Рабб  адамдық  сипаттармен  безендіріледі. 
Бұл жағдайды осы мысалдардан көруге болады:
Тәңір  Нұх  топанына  қатысты  бұйрық  береді.  Бірақ 
ұмытып кетеді де кейінірек, берген бұйрығы есіне түседі. 
Жер  мен  көктің  су  ішінде  қалғанын  көреді.  Барлық 
мақұлиқат  кемеге  мінгеннен  кейін  кеменің  есігін  өз 
қолымен жабады...
Міне  осылайша  Құдайға  ашық  түрде  ұмыту  және 
өкіну сипаттары жалғанады.
Тағы  осы  сияқты  Израил  ұлдары  (Еврейлер) 
Раббтарына  қарсы  келген  кезде,  Тәңір  оларды  түгел-
дей  жоюға  жарлық  береді.  Бірақ  араға  пайғамбарлар 
кіріп:  «жасама,  істеме,  кетіп  қалма!»  -  деп,  Тәңірді 
берген  шешімінен  айнытуға  тырысады.  Тәңір  бұған 
қарап «жібиді.» Сол кезде Тәңір «жою» туралы жарлық 
бергеніне  қатты  өкінгені  туралы  айтылады. 
(ІІ.  Самуил, 
24/16)
Тіпті  Иеремиа  кітабында  Тәңірдің  Израил  ұлдары-
ның тоқтамайтын қарсыласуларына қарап:
«Енді өкіне-өкіне шаршадым!»-дегені де баяндалады. 
(Иеремиа,15/6)
Қазіргі кездегі Таурат Тәңірдің адам сияқты болғанын 
баяндайды. Осы жайлы бірталай мысалдар келтіруге де 
болады.
Тағы да Таураттағы:

- 215 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Тәңір  әлемді  алты  күнде  жаратты.  Жетінші  күні 
дем  алды»
  (Жаратылыстың  басталуы  2/3) 
түріндегі  баяндама 
Аллаhқа әлсіздік жалғастырғанның қызық  мысалы.
Алайда  дем  алу  -  әлсіздік  пен  қуатсыздықтың 
белгісі ретіндегі, адамдарға және мақұлиқатқа ғана тән 
ерекшелік.
Бұдан да түсініксізі: уаhи туындысы болған кітапта 
болуы  мүмкін  емес  әрі  әдептілікке  жатпайтын  осы 
баяндамаларға да жол беріледі:
«Аллаhтың  ұлдары  Адам  Атаның  қыздарының 
әдемі  болғанын  көрді  де,  барлығы  өз  таңдағандарымен 
үйленді» 
(Жаратылыстың басталуы, 6/2)
Таурат  Аллаh  тарапынан  түскеннен  кейін  ұдайы 
килігулерге  душар  болып:  Аллаhқа  шаршау,  өкіну, 
дем  алу  және  «кеменің  есігін  қолмен  жабу»  сияқты 
антропоморфтік 
ұғымдардың 
жалғастырылғаны 
көрінеді.
Тауратта  әңгімеленген  Жақып  (аләйһиссәләм) 
туралы ақылға, түйсікке симайтын, қисынға келмейтін 
және таң қалдыратын мына сөздерге назар аударыңыз-
дар:
«Yй-ішімен бірге Хазіреті Жақып нағашы ағасының 
қасынан Кенан аймағына қайтып келе жатып, шөлде бір 
адаммен  кездеседі.  Бір-бірлерімен  таныспастан  дереу 
күресе  кетеді  де,  содан  таң  атқанға  шейін  күреседі... 
Жақып (аләйһиссәләм):
«Қойшы  кетейін!»  -  десе  де,  күрескен  адам  оны  қоя 
бермейді.
Сол адам бұдан кейін:
«Енді  сен  Жақып  емес,  Израил  деп  аталасың... 
Өйткені сен Аллаhпен және адамдармен күресіп жеңдің»- 
дейді.» 
(Жаратылыстың басталуы, 32/22-32)

- 216 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Таураттың  «Тәңір,  адам  сияқты  бір  бейнеге  кіріп 
Жақыппен  (аләйһиссәләм)  күресті»  деген  осы  баян-
дамасы  ашық  түрде  антропоморфтік  сенімді  көрсетеді. 
Ал осы сенім теухидтен (бір болудан) мүлдем алыс, кәміл 
сипаттардан  мақрұм  және  кем  сипаттарға  ие  «тәңір» 
ұғымының баяндамасы деп табылады…
Тауратта Аллаh ұғымына сәйкес келмейтін тағы бір 
оқиға баяндалады:
«Күн салқындағанда жәннәт бақшаларын аралаған 
Рабб (Құдай), Адам мен Хауаны іздейді. Олар ағаштың 
артына  тығылған.  Құдай  оларды  таба  алмайды  да: 
«қайдасыңң  деп  Хазіреті  Адамға  айқайлайды!» 
(Жаратылыстың басталуы, 3/8)
Осы  мәселелердің  барлығы  қалай  жорылса  да 
адамдардың  тарапынан  килігудің  нәтижесінде  Таурат-
тың негізгі нұсқасының бұзылып, өзгертілгенін жасыра 
алмайтыны өте анық.
Пайғамбар ұғымы
Еврейлерде Пайғамбарлардың екі сипаты бар екендігі 
айтылады:
1. Адамзатты Аллаhқа құлшылық етуге шақыруы 
керек және Аллаhқа серік қоспауы керек.
2. Болашаққа қатысты хабарлар беріп және айт-
қандары  қалайда  жүзеге  асуы  керек. 
(Екізаңдылық,  18/
20-21)
Бұлардан  басқа,  Ислам  дінінде  пайғамбарлар 
үшін  уәжіп  болған,  яғни  болуға  тиісті  бес  сипат  (246-
бетке  қараңыз)  жоқ.  Сондықтан  Еврейлердің  дінінде: 
пайғамбарлар  айла  жасап,  адамдарды  алдай  алады; 
ойнастық  жасай  алады;  зұлымдық  істей  алады;  өтірік 
айта алады; тек қана өзінің жеке мүддесін ойлайтындай 
мінез көрсете алады.

- 217 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Тіпті  Еврейлердің  Пайғамбарлар  туралы  айтқан 
әңгімелері  Таураттағы  екі  шартқа  да  қайшы  келеді. 
Мысалы  бұзылған  Тауратта  Харун  (Аарон)  Пайғамбар 
алтыннан  бұзау  жасап,  соған  табынуды  әмір  еткен  деп 
кінәланады. 
(Шығу,  32/1-5,  24,  35)
  Еврейлер  осы  жағдай-
ды:  «Харун  (аләйһиссәләм)  бұзауды  бұтқа  табынатын 
қауымның 
қысымының 
нәтижесінде 
жасады»-
деген  түрде  жорыса  да,  бұл  пайғамбарлық  міндетіне 
мүлдем  сәйкеспейді...  Өйткені  пайғамбарлар  «құдайы 
күшейтуге»,  яғни  Аллаhтан  көмек  келуге  жетерліктей 
дәрежеде  жіберілген.  Ал  Құран  Кәрім  Еврейлердің 
Харун  (аләйһиссәләм)  туралы  өсек-аяңдарын  мүлдем 
қабылдамай,  мәселенің  турасын  береді.  Құранда 
келтірілген  мәлімет  бойынша  Харұн  (аләйһиссәләм) 
бұтты  жасамаған,  керісінше  бұзау  түріндегі  бұттың 
жасалуына  кедергі  болуға  тырысқан,  тіпті  сол  себепті 
Израилұлдары  тарапынан  өлтірілу  қаупы  туған 
пайғамбар. 
(Ағраф,150; Тәһә,90-94 аяттарын қараңыз)
Пайғамбарларды  оларға  жат  және  әсте  қабыл 
етілмейтін сипаттармен «безендіреді»:
а.  Хазіреті  Нұх  (Ной)  топаннан  кейін  жүзім  өсіріп 
арақ  өндірген  және  ішкен  маскүнем  біреу.  Бір  күні 
қатты  ішкені  сондай  шатырында(күрке)  мас  болып 
ұйықтап  қалады.  Дәл  осы  кезде  кіші  ұлы  Хам  ішке 
кіреді  де  әкесінің  жалаңаш  жатқанын  көреді.  Бауыр-
лары Сам (Сим, Шам) мен Иафеске (Иафет, Япши) айтып 
әкесінің үстін жапқызады. Нұх айыққанда кіші ұлының 
істегенін біледі... 
Бірақ  Нұх  сол  себепті  ұлын  емес,  немересі  Кенан-
ды  (Ханаан,  Қанахан)  қарғайды.  Сондықтан  Кенан 
есімі  Еврейлердің  ең  жек  көретін  есімдеріне  жатады. 
(Жаратылыстың басталуы, 9/20-29)
ә. Хазіреті Лұт (Лот) Таураттың баяндауы бойынша 
қыздарымен  зина  (ойнастық)  жасаған  болып  шығады. 

- 218 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Содом  және  Гоморе  қалалары  құртылып,  жойылғанда 
Лұт  пен  екі  қызы  құтылып  бір  үңгірге  кіреді.  Хазіреті 
Лұт ұйықтап қалғанда қыздары: 
«-Мемлекетте  нәсілдің  жалғасуы  үшін  біз  тие  ала-
тындай  еркек  қалған  жоқ.  Әкемізге  арақ  іштірейік!»-
деп, (дегендерін істеп) әкесімен қосылады. 
(Жаратылыстың 
басталуы,19/30-36)
б.  Хазіреті  Жақып(Иаков)  әкесінің  батасын  аларда 
егізі Ыйсты(Исав,Есау) айла жасап алдайды. 
(Жаратылыс-
тың басталуы, 27-тарау)
в. Хазіреті Дәуіт (Давид) әйелі көп болған бір патша 
еді.  Сонда  да  Ұряның  (Урия)  әйелін  көргенде,  оған 
пейілденеді  де  зина  жасайды.  Кейіннен  Ұряны  соғыс 
айласымен өлтіртеді.
 (ІІ.Самуил,11/2 - 12/22)
г.  Хазіреті  Сүлейменнің  (Соломон)  мың  әйелі  бар 
еді.  Сүлеймен  өмірінің  соңғы  кездерінде  осы  әйел-
дерінің ішіндегі бұтқа табынатындарының соңына еріп, 
бұттарға табынып кетеді. Осымен Хазіреті Сүлейменнің 
де  «Тәңірдің  алдында  жаман  болған  істерді»  істегені 
айтылады. 
(І. Патшалар,11/1-7)
Еврейлер  өз  ішкі  дүниелеріндегі  нәпсі  армандарын 
Тауратқа  жалғап,  үнемі  өздеріне  жеңілдік  жасауға 
тырысқан еді.
Әлбетте  осылардың  бәрі  Еврейлердің  өз  зұлымдық-
тары  мен  сатқындықтарының  нәтижесінде  айтылған 
өсек-аяңдар.  Осы  «лағынеттелген  қауым»  үшін  бұл 
оқиғалар  жай,  әдеттегі  істер  сияқты.  Өйткені,  олар 
өздерінің  жеке  мүдделеріне  келіспеген  жағдайларда 
өсек-аяң  айтуы  былай  тұрсын,  пайғамбарларын 
өлтіруден  де  тайынбаған.  Хазіреті  Зәкәрия  мен  ұлы 
Хазіреті  Яхия  осылай  зұлымдық  көріп  өлтірілген  екі 
пайғамбар.  Еврейлердің  осы  жағдайын  Құран  қандай 
жақсы баяндайды:

- 219 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Дегенмен  олардың  серттерін  бұзулары,  Аллаһтың 
аяттарына 
қарсы 
шығулары, 
пайғамбарларды 
жазықсыз  өлтірулері  және  жүректеріміз  перделі 
деулері  себепті  Аллаһ,  әрине  олардың  қарсылықтары 
салдарынан,  жүректерін  мөрлеген.  Сондықтан  өте  азы 
ғана иман келтіреді». 
(Ниса сүресі 155-аят)
Аллаһ Тағала Фатиха сүресінде де Еврейлер туралы:
«әл-мағдуб – ашуға ұшырағандар» - деп айтады.
Ақырет ұғымы
Таураттағы  сенім  бойынша  Израилұлдары,  яғни 
Еврейлер  үнемі  жәннәтта  қалады.  Ал  күнәкар  болған-
дары  тозақта  тек  қана  он  екі  ай  қалып,  кейін  олар  да 
жәннәтқа барады.
Ал  Еврей  болмағандардың  бәрі  тозаққа  кіріп  мәңгі 
азап көреді. Өйткені «Еврейлік көзқараспен» қарағанда 
Еврей  болмағандардың  бәрі  бұтқа  табынатындар  деп 
есептеледі.
Алайда  олардың  өз  ұғымдары  және  сенімдері 
түгелімен  Аллаһқа  серік  қосу  және  бұтқа  табынудан 
басқа бір нәрсе емес!
Христиандықта кітап ұғымы
 Інжіл
Құран Кәрімде баяндалған мәлімет бойынша Хазіреті 
Исаға  Інжіл  атымен  жалғыз-ақ  кітап  түскен.  Қазіргі 
кездегі  христиандардың  қолындағы  Інжілдер  Иса 
(аләйһиссәләм)  қайтыс  болғаннан  жарты  ғасыр  кейін 
жазылған.
325 жылы жиналған Изник консилінде 
(әлемнің түкпір-
түкпірінен  білімді  поптар  жиналған  жиналыс)
  саны  жүзге  тарта 

- 220 -

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет