"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Інжілден бір-біріне жақын төрт-ақ кітап қабылданған.
Бұлар: Маркос (Марка, Марқа), Матта (Матфей,
Матай), Юханна (Иоан, Жохан) және Лука (Лука, Лұқа)
Інжілдері. Осы төрт Інжілдің түпнұсқа-лары да жоқ.
Мұны христиандар да мойындайды. Төрт Інжілдің де
Аллаһтың Хазіреті Исаға түсірген негізгі, шын Інжілге
қатысы жоқ. Осы жайды растайтын дәлел-құжаттар өте
көп.
Қазіргі қолданылып жүрген Інжілдердің Маттадан
басқасының ең ескі нұсқалары Грек тілінде жазылған.
Ал христиандардың өздері жазған көне кітаптарында
Хазіреті Исаның Ибранише-Арамейше сөйлегені және
үгітті осы тілде жүргізгені айтылған. Алайда Інжілдің
тілі мен Исаның (аләйһиссәләм) сөздерінің мазмұны
қолға алынғанда, тым құрыса түпнұсқаларының
Хазіреті Исаның ана тілімен жазылуы және сақталуы
керек екендігі көрінеді. Бірақ бүгінде не Інжілдердің
тілі, не болмаса Исаның (аләйһиссәләм) өз сөздері Оның
ана тілінде жазылмаған.
Төрт Інжіл туралы қорытындылап, төмендегідей
баға бере аламыз:
1. Бұл кітаптар Хазіреті Иса тарапынан жаздырыл-
маған және де осы Інжілдердің ешқайсысын Иса
(аләйһиссәләм) көрмеген.
2. Осы Інжілдерді жазған адамдардың ғылыми
қабілет жағынан бірталай-кемшіліктері болған және
бірнешесінің кім болғандары да білінбеген адамдар.
Тіпті жазған кітаптармен қатысы да білінбейді.
3. Осы жазушылар Інжілдерді төңірегіндегілердің
талабы бойынша сұранысқа сәйкес жазған. Сонымен
қатар, бұл сұранысты берген адам да, жамағат та
белгісіз.
4. Төрт Інжілдің де түпнұсқалары жоқ және
осыны христиандар да мойындайды. Інжілдерді бір-
- 221 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бірлерінен
көшіргендердің
және
аударғандардың
надандықтарынан
және
қастықтарынан
бірталай
қателер мен кемшіліктердің пайда болғанын христиан
ғалымдары да мойындап отырғанда, негізгі нұсқа-
ларының жоқ болып, ортада қолдан қолға өткен және
аударылғаны айтылған Інжілдердің қаншалықты тура
болғанын қайтып айта аласыз.
5. Сонымен қатар осы Інжілдердің жазылу тарих-
тары меселесінде таласпай, бір шешімге келген екі
ғалымды да таба алмайсыз.
Төрт Інжілдегі қайшылықтардың
мысалдары
• Маркос және Юханна Інжілдері Хазіреті Исаның
ата тегі туралы мүлдем айтпайды. Ал Матта мен Лука
Оның ата тегін жазады. Бірақ Матта Хазіреті Исадан
Хазіреті Ибраһимге дейін 40 ата санағанымен, Лука 55
ата санайды. Бұдан басқа Лука Хазіреті Адамға дейін 20
кісіні тағы қосып тізбекті 75-ке жеткізген.
Исаның (аләйһиссәләм) ата тегін Ибраһимге
(аләйһиссәләм) дейін Маттаның 40 деп санауы Лукада
жазылған 15 кісіні ұмытып кеткеннен емес. Ата тегінің
тізбегі зерттелгенде көбінің бір-бірлерінен бөлек болғаны
және ұқсас есімдерінің өзі басқа орындарда тұрғаны
көзге іліне кетеді.
• Матта Інжілінің 1-бабының 1-17 аяттары арасына
жазылған тізбекте Хазіреті Исаның әкесі Жүсіп деген
адам болғаны айтылғанымен дәл осы Інжілдің осы
бабының 18-25 аяттары арасында Хазіреті Мәриямның
Аллаһтан екіқабат болғаны баяндалады. Осы жағдай
төрт Інжілдің арасындағы қайшылықтың бір Інжілдің
бір бабындағы аяттары арасында да болғанын көрсетеді.
- 222 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
• Матта Інжілінде Хазіреті Яхияның Ілия екендігі
айтылады, бірақ Юханна Інжілінде керісінше Яхия Ілия
емес делінген.
• Яхияның
(аләйһиссәләм)
Хазіреті
Исаны
танып-танымағаны жайындағы баяндамаларда айырма-
шылықтар бар. Ал Яхияның (аләйһиссәләм) өлтірілуі
Матта мен Маркоста ұзақ айтылғанымен Юханнада бұл
мәселе мүлдем қозғалмаған.
• Исаға (аләйһиссәләм) Інжілдерде тәңірлік сипат
жалғанғанымен бірге, бірталай жерде адам баласы
деп айтылған. Адамның бір жағынан Аллаһтың ұлы,
бір жағынан адам баласы болуы мүмкін бе? Мүлдем
болмайтын жағдай! Әйтпесе адамзат Аллаһпен тең болар
еді. Бірақ бұл ой туралы таласуға да болмайды. Өйткені
Аллаһ - жаратушы, ал адамзат жаратылған.
Бірақ христиандар Інжілдерде жазылған «Аллаһтың
ұлы» сөзімен Аллаһтың Исаның денесіне кіріп, сонда
орналасып, Исаның денесінде адамзатқа көрінгендігін
айтып, Исаның Тәңірдей болғанын надандықпен
жарияласа да, бұны қабылдау Аллаһтың ұлылық және
әр түрлі кемшіліктен пәк болу жағдайымен келіспейді.
Негізінде «Аллаһтың ұлы» деген сөз Исаның
Тәңірлігін көрсетуден өте алыс. Өйткені бұл сөз
басқа христиандарға да қолданылған. Мысалы Иса
(аләйһиссәләм) шәкірттеріне былай айтады:
«Дұшпандарыңды жақсы көріп, сүйіңдер! Сендерге
зұлымдық істегендер үшін дұға етіңдер! Егер осылай
істесеңдер көктерде болған Әкенің ұлы боласыңдар!»
Сенімдегі осы бұзылу мен азуды, ақиқатпен ешқалай
келістіріп, жарастырудың мүмкін еместігін ақылы
дұрыс әрбір адам түсіне алады. Тіпті Юханна Інжілі
сенімдегі бұзықтық мәселесінде тағы да ілгерілеп, Яхия
(аләйһиссәләм) туралы айтыларда иман еткендер үшін
осы сөздерді қолданады:
- 223 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Олар қаннан да, дене сұранысынан да, Исаның
талабынан да туған жоқ; керісінше Аллаhтан туды!..»
• Авторлар Інжілдерінде Исаны (аләйһиссәләм)
өз армандарына сәйкес, қияли түрде сөйлестіріп, Оны
бірталай сөз қайшылықтарының ішінде қалдырады.
Иса (аләйһиссәләм): «-Егер мен өзім үшін куәлік ететін
болсам, осы куәлігім тура болмас!»-деп айтады, бірақ
басқа бір жерде: «-Менің өзім үшін берген куәлігім тура
болады!»-дейді.
• Иса (аләйһиссәләм) крестке керілген кезде
Матта және Маркос Інжілдері бойынша: «Құдайым,
құдайым! Неге мені тастадың?» - деген. Бірақ осындай
сөз бір пайғамбар айта алатындай сөз емес. Өйткені
пайғамбарлар тәуекелділік және Аллаhқа берілу
жағынан жай адамдар жете алмайтындай биік дәрежеде
жаратылған.
Аллаhтың ашуын басу үшін ұлын бір жеміске бола
өлтіру турасындағы сенім, бір алманың айыбын өліммен
төлететіндей қандай қызық, қандай таң қаларлық сенім.
Бұл есі ауысқандық! Христиандар бұл жағдайларына
қарамастан адамдарды өз діндеріне шақырған кезде,
Хазіреті Исаның жанын пида етіп, адамзаттың күнәла-
рын мойнына алғанын аңғалдықпен және батылдықпен
баяндап, негізі бүтінімен бұзылған діндерін, адамдарға
тартымды қылып көрсетуге тырысады.
Христиандардың осы килігуі бір жағынан адамдарды
тұрпайы және жаман істерді жасауға еліктіреді (ықпал
етеді), екінші жағынан ұлы пайғамбарларға жабылған
жаланы, үлкен қатені көрсетеді. Алайда пайғамбар
адамзат ішіндегі ең таңдаулысы болған, Аллаhтың
қасында да әрбір ой-әрекетімен қабылданған кісі деп
саналады. Сондықтан Аллаhтың таңдаған және сүйген
Елшісіне осындай азап көрсетуі, сенген былай тұрсын,
ойға да сыймайтын, әрі Аллаhқа надандықпен зұлымдық
- 224 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
секілді қасиет жалғау деп есептеледі. Ал шындығында,
Аллаh, пайғамбарлары үшін қаншама мерейлі және ұлы
дәрежелер, орындар, жақсылық және сыйлықтарды
уәде еткен. Мәселенің негізі осылай болып тұрғанда
өзіне «тәңірлік сипат» жалғанған Иса (аләйһиссәләм)
христиандардың айтқанындай шынымен Аллаh болса,
Аллаhтың креске керілетіндей әлсіз болуын ойлау,
мақұлдау қалайша «дұрыс» түсініле алынады?
Христиандықтағы «Аллаh» ұғымы және Yш
Тәңір (Теслис) сенімі
Исаның (аләйһиссәләм) ештеңе жазбағаны және
қазіргі Інжілдердің де Оның көкке көтерілуінен бір-
талай уақыт өткеннен кейін, адамдар тарапынан болған
килігулер арқылы жазылғаны ескерілсе, негізі Тәуһидке
(Аллаhты бірлеу жүйесі) тірелетін бір дінге, «үш тәңір»
сенімі қалай кіріп, енгені де оп-оңай түсініледі.
Теслис (Yштеу) Христиандардың «Әке, ұл және
қасиетті рух» үштігінен құралған Тәңір сенімдерін
көрсететін бір сөз болып табылады. Негізінде Христиан-
дық жалпы бір Тәңірге сенген діндерден деп есептеледі.
Христиандық сүйенген «Ескі Сөз»-де қабылданып,
қолға алынған теухид сенімі христиандардың орталығы
болған Құдұста (Иерусалим) Yнді және Грек мәдениет-
терінің арасында қалып, солардың әсерінен теухидке
қарсы күйге түскен. Теслистің Христиандыққа енгі-
зілуі біршама ұзақ уақыттан кейін болған. 325-жылы
жиналған Изник консилінде әлі теслис ұғымы болмаған.
Сол кезде тек қана әке мен ұлының Тәңір болғаны және
олардың бөлек-бөлек гауhарлардан болғандары ай-
тылған еді. 533-жылы жиналған Константинополис
консилінде християндардың үш негіз, яғни теслис
күйіндегі бір құдайға табынуы ұсынылған.
- 225 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазіреті Иса екі мың жыл бұрын жоқ еді, кейінірек
туды. Аллаhқа кейіннен жалғау дұрыс бола ма? Аллаh
адамдар оны креске керетіндей әлсіз бе? Өйткені
Інжілдерде Хазіреті Исаның креске өз ықтиярынсыз
керілгенін баяндаған жерлер бар. Матта 27/46-да:
«Аллаhым, Аллаhым мені неге тастадың?» - деп
айқайлайды. Матта Інжілі бойынша Иса осы сөзді
керілген күйде, жан тапсырарының алдында айтқан
болуы керек. Маркос Інжілінде де
(Маркос Інжілінің 15, 34 -
жерлерін қараңыз)
Исаға жалғанған осындай сөздер әлсіздік
пен қарсы келудің көрінісі болып, адамдық кемшіліктер
деп саналады. Негізінде, бұл, пайғамбарлар айтатындай
сөздер емес.
Інжілдер осындай жағдайда болып тұрғанда, Құран
Кәрім Аллаh Тағаланың жалғыз Құдай екендігін
(Бақара,
163)
; егер жерде және аспанда Аллаhтан басқа Тәңірлер
болса, жер мен көктің деңгейі (тұрақтылығы) және
тәртібі сөзсіз бұзылып кететіндігін
(Әнбия сүресі 22-аят)
білдіреді және Аллаhпен бірге басқа Тәңірлер болған
жағдайда пайда болатын нәтиже туралы қосымша былай
айтады:
«Аллаһ еш бала иемденбеді. Онымен бірге басқалай
тәңір де жоқ. Ондай болғанда, әрине әр тәңір өз
жаратқандарына ие болар еді де бір-біріне үстемдік
қылар еді. Аллаһ олардың сипаттағанынан пәк».
(Мүминун, 91)
Тәуһид мәселесінде осыншама сергек болған Құран,
христиандардың не екені белгісіз, шым-шытырық және
тиянақсыз болған теслистерін қабылдамайды, әрі мұның
күпіршілік болатынын білдіреді:
««Аллаһ - үш тәңірдің біреуі ғана» деушілер мүлде
кәпір болды. Тәңір-біреу, одан басқа Құдірет жоқ. Егер
олар айтқандарынан қайтпаса, әлгі кәпір болғандар (екі
дүниеде де) қатты азапқа ұшырайды».
(Маидә сүресі 73-аят)
- 226 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ТАУРАТ, ІНЖІЛ ЖӘНЕ ҚҰРАН
1. Аллаh ұғымы
Кітабымызда жазылған талдаудан шыққан нәтиже
мынандай: Еврейлікте тек қана Еврей ұлтына қарасты
«Яhеу» немесе «Яхоуа» есімді бір Аллаh ұғымы бар.
Сипаттары адамдық сипаттарға және адамдық іс-
әрекеттерге өте жақын және ұқсас болғандықтан
Еврейлер антропоморфтік ұғыммен өмір сүруде.
Еврейлер «мүдде және үстем ұлт» философиясымен
Аллаhты ұлттық қылып, оны жалғыз Еврей ұлтына
қарасты деп қабылдаған және басқа ұлттар «Еврей-
лерге қызмет етуші ретінде жаратылған» деген сеніміне
«өздерін көндірген» еді. Нәтижесінде ұлт дін, ал дін ұлт
күйіне келіп қалған.
Христиандықта болса, Аллаhтың біреу және
үшеу болғаны сияқты бір-біріне қайшы және ақыл
мен түсінікке жатпайтын бір ұғым бар. Хазіреті Иса
пенде болып тұрғанда тәңірлестіріледі. Ол тек қана
христиандарды кешіретін, басында адам сонан соң Рабб
болған жаратушы деп саналады.
Ал Исламдағы ұғым бойынша Аллаh - кем сипат-
тардан пәк, кәміл сипаттарға ие, «ұлы» яғни түсініктер
де аңғара алмайтындай кәмілдіктерге ие. Аллаhты
толығымен түсініп, аңғара алу адамзат түсінігінен тыс.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Аллаhты қалай қиялдап ойласаңдар, Ол қиял-
дарыңыздан да тыс» - деп айтады.
Ислам Аллаhқа жалғанған бүткіл адамдық
сипат-
тарды қабылдамай Ықылас сүресі арқылы бет
бұрады.
- 227 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сөздің түйіні: Еврейлік пен Христиандықта адамға
ұқсайтын Тәңір ұғымы және сенімі, ал Исламда
адамзатқа ұқсамайтын, барлық кемшіліктерден пәк
болған бір Аллаh ұғымы және сенімі бар.
2. Пайғамбар ұғымы
Еврейлікте пайғамбарлардың міндеті, Аллаhтан
келген әмірлер мен тыйымдарды білдіру және болашақта
жүзеге асатын оқиғалар туралы хабар беру деп саналады.
Бұдан басқа адам баласындағы кемшіліктердің бәрі де
пайғамбарларда бола береді. Күнә істей алады. Айла
жасап адамдарды алдай алады да, артынан тәубе ете
алады. Міне Еврейлер өз іс-әрекеттеріне сылтау табу
үшін пайғамбарлық ұғымын осындай бір күйге келтіріп
тастаған.
Ал Христиандықтағы жағдай шым-шытырық.
Нақтылық жоқ. Хазіреті Иса соңғы кездеріне дейін
тәуекелділік және Аллаһқа берілуден алыс бір көріністе.
Матта мен Маркоста баяндалған бойынша креске
керілуге апарыла жатқанда Раббысына:
«Аллаhым, Аллаhым! Не үшін мені тастадың?»
-деп, айтуымен Аллаһқа берілуге қайшы күйде.
Пайғамбар-ларда болуға тиісті жақсы мінез-құлықтан
алыс көріністе.
Ал Исламда - пайғамбарлар сидық, аманат, фатанат,
исмет және тәблиғ* деп аталатын бес сипатқа ие болу
* Сидық: Пайғамбарлар өте адал және шыншыл адамдар. Ешқашан
жалған сөйлемейді. “Болды” дегендері болған, “болады” деген нәрселері
де уақыты келген кезде міндетті түрде болады. Аманат: Пайғамбарлар -
сенім артуға тұратын адамдар, аманатқа еш уақытта қиянат жасамайды.
Фатанат: Пайғамбарлар - өте ақылды, көзі ашық, көңілі ояу. Исмет:
Пайғамбарлар жасырын болсын, ашық болсын ешқандай күнә істемейді.
Тәблиғ: Пайғамбарлар Аллаһтан алған діни үкімдерді айнытпай,
ешқандай өзгертпестен адамдарға жеткізген.
- 228 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
керек. Осы сипаттар пайғамбарларды басқа адамдардан
айыратын
белгілер
болып
табылады.
Исламда
пайғамбарлар өздері арасында болған қауымға «усвей
һасәнә», яғни барлық жағынан үлгі, өнеге болған кісілер
деп саналады. Пайғамбарлардың 120 не 220 мыңнан
көп болып жіберілулері қауымға үлгі-өнеге болып өмір
сүрулерімен және хал-ахуалдарымен жақсы мінез-
құлықты және нәпсіні ағартуды үйретулері үшін.
3. Пайғамбарлардың мұғжизалары және кітап
ұғымы
Пайғамбарлар жіберілген қауымдардың ішінде
пайғамбарлықтарын белгілеу жөнінде адамзаттың күші
жете алмайтын «мұғжиза» делінетін төтенше оқиғалар
көрсетеді.
Хазіреті Мұса мен Хазіреті Иса және олардан
бұрын келген барлық пайғамбарлардың көрсеткен
мұғжизалары,
өз
кезеңдері
және
мекендерімен
шектелген. Не Хазіреті Мұсаның аса-таяғынан не
болмаса Хазіреті Исаның өліктерді тірілтуінен қазіргі
кезде ешқандай бір ізге кезігу мүмкін емес.
Ал Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) ең үлкен мұғжизасы болған Құран Кәрім бұрын
да айтқанымыздай шешендігі және келер шаққа қарасты
берген хабарларының оқиғаға сәйкес түрде шындыққа
шығуы, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) қалауы мен армандарына сәйкес келмей, тіпті
оның кейбір мәмілелерін айыптауы, яғни адамдардан
әрқандай бір килігуден қорғалуы жағынан және дамыған
ғылымның алдында барған сайын оларға шырақ болуы
жағынан қияметке дейін күшін жоғалтпай, жалғаса
беретін теңдесі жоқ мұғжиза.
Бақара сүресінің 2-аятында Құран Кәрім туралы «Ол
ішінде мүлдем күдік болмаған бір кітап» - деп айтылған.
- 229 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Және бұл жөнінде күдіктенгендерден соның бір ұқсасын
келтірулері бірталай аятта қайта-қайта сұралған.
Ең соңында:
«(Ей Мұхаммед): Оларға айт: «Егер адамдар және
жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті
олар бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды»»
(Исра
сүресі 88-аят)
- деп айтылып бүткіл адамзат және жындар
жекпе-жекке шақырылған.
Хазіреті Мұсаға түскен Таурат және Хазіреті Исаға
түскен Інжіл, басында Аллаhтан түскен киелі кітаптар
болғанымен, осы екі пайғамбар қайтыс болғаннан кейін
адамдардың килігуіне ұшырап негізі бұзылып кеткен.
Расында осы екі кітаптың тура жақтарын бекітіп,
қателерін көрсеткен Құран Кәрім осы кітаптардың
өзгертіліп, бұзылғанын анық түрде баяндайды.
Өткен беттерде берілген мысалдар осы екі кітаптың
өзгертіліп, негізі бұзылғанын, сонымен «құдайы сөз
болу ерекшеліктерін» де жоғалтқанын көрсетеді.
Ал Құран Кәрім: «Әлбетте Құранды біз түсірдік,
қорғаушысы да әрине бізбіз!»
(Хижр сүресі 9-аят)
- деп
айтуымен килігулерден қорғалуы Аллаhтың кепілде-
месіне алынған және кітап беттерінде әрі көңілдерде
сақталып бір әрпі де өзгертілмей бүгінге дейін келген
және қияметке дейін жалғаса беретін Құдайы кітап.
Әлем қалай керемет жаратылған өнер болса, Құран
да осындай дәрежеде. Өйткені әлем - Аллаhтың есімдері
мен сипаттарының істегі, яғни жаратудағы көрінісі,
ал Құран - Аллаhтың келам, яғни сөздегі көрінісі.
Аллаhтың есімдері мен сипаттарының барлық кәміл
көріністері Әлем мен Құранның сырларын шеше алатын
қабілетте болуы үшін тек қана адамзатқа арналған.
- 230 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
4. Жауапкершілік ұғымы
Таураттың тәфсірі, яғни анықтаушысы болған
Талмұтта тек қана Еврей ұлтына қарасты «айып
хұқықтары»
(Қылмыс кезіндегі жаза, дау мәселелеріне берілген
шешімдер)
үкімдері бар. Ал Еврей ұлтынан болмағандар
Еврейлерге қызмет етушілер деп аталған. Еврей ұлтының
жеке мүддесі үшін Еврей болмағандарға әр түрлі мәміле
көрсетіле алынады.
Яхоуа Еврейлердің ұлттық тәңірі болғандықтан
басқа жаратылғандарға көңіл бөлмейді. Ал Еврей
күнәкарлары ақыретте жеңіл түрдегі бір жазамен, яғни
бір жыл азап көрумен ақталады. Басқа ұлттар бұтқа
табынғандары үшін мәңгілік азапқа ұшырайды.
Ал Христиандықта ең үлкен күнәнің Адам
(Аләйһиссәләм) мен Хауадан бастап тізбек секілді
келе жатқаны туралы сенімі бар, сондықтан әрбір
адам күнәкәр болып туады. Тазалап ағарту ерекшелігі
поптардың қолында. Яғни құлы мен Раббысының
арасында басқалар бар. Хазіреті Иса адамзаттың осы
тізбек қалпындағы күнәсін кешірту үшін креске керіледі
де олардың Раббысы болады.
Христиандардың ұғымы бойынша:
«Шопан, отарын қорғайды, қасқырдан сақтайды. Иса
да шопан болғандықтан сендерді қорғайды. Ақыретте
сендерді сұраққа тартпайды!»-делінеді.
Христиан шоқынумен тізбек қалпындағы күнәдан
тазаланады. Ал қайтыс болғанда, Раббысы болған
Иса сұраққа тартпайтындықтан жауапкершіліктен
құтылады.
Христиандықтағы
осы
көзқарас
адамзаттың
жаратылу мақсатына қарсы тұрады. Ал шындығында
Аллаh адамзатты жаратылғандардың ішіндегі ең үстемі
қылып жаратқан, әлемді қызметіне берген және өзіне
- 231 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бір нәпсі бөгетін беріп, құлшылық міндетімен істейтін
амалдарға соны жауапты қылған. Көркем аятта былай
айтылады:
«Адамзат өзін басы бос, еркін қоя беріледі деп ойлай
ма?»
(Қиямет сүресі 36-аят)
Ал «тізбек қалпындағы күнә» адамзат түйсігіне
кіріп қабыл етілмейтін бір түсінік. Хақ Тағала, Бақара
сүресінің 286-аятында:
«Аллаh ешбір адамға шамасы жетпейтін міндет
жүктемейді» - деп айтылады.
Тағы Зилзал сүресінің 7-8 - аяттарында:
«Әркім тозаңның салмағындай қайыр (жақсылық)
істеген болса соны көреді. Кім тозаңның салмағындай
жамандық істеген болса да соны көреді» - деп
айтылады.
Ал Исра сүресінің 16-аятында: «...ешбір күнәкар
басқаның күнәсін жүктенбейді!» - деп айтып, күнә-
нің тізбекке ұқсап жалғанбайтынын, жауапкершілік
әркімге жеке-жеке болатынын көрсетеді.
Ағраф сүресінің 6-аятында да Аллаh Тағала:
«Әлбетте өздеріне пайғамбар жіберілгендерді де,
жіберілген пайғамбарларды да сөзсіз есепке тартамыз!»
- деп айтып, тек қана қарапайым адамдар ғана емес исмет,
яғни «күнәсіз» сипатына ие болғанына қарамастан
пайғамбарлардың да ауыр жауапкершіліктері болғанын
баяндайды.
Бұлардың айрықша, жәннәттық болатындары
турасында Аллаhтың кепілдігі бар болғанына қара-
мастан, пайғамбарлар тәблиғ міндеттерін орындаудағы
істері жөнінен есепке тартылады.
Құран Кәрімнің өзгертіліп, негізі бұзылған кітап-
тардан басқа бір айырмашылығы да сыртқы дүние мен
рухани дүниенің бүтіндігі жөнінде.
- 232 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Негізі бұзылған кітаптарда руханиетте көбінесе
болып біткен (шекті) оқиғаларға жер беріледі. Тауратта
сыртқы дүние алға шығады. Ал Інжілде руханиет
маңыздылықпен қолға алынады.
Ал Құран Кәрім шексіздікке, яғни құлды мәңгілік
жолаушылығына (Уасыл-ы Илаллаһ болуға) жөнелтеді,
рухани өмірді табиғи өмірдің ішіне негіз ретінде кіргізеді.
Құранда ғибадаттардың мақсаты және негізі белгіленіп,
қалай іске асырылатыны Хазіреті Пайғамбардың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жүзеге асыруына,
мужтәхид-тердің (Құран мен хадиске қарап үкім
шығаратын ғалымдар) үкім берулеріне қалдырылған.
Мысалы Құранда намаздың парыздары, уәжіптері
және рәкәғаттардың саны жазылмағанымен, намаз-
дағы хушу (Аллаhтың алдында тұрғанын біліп, қорқу),
хузу (жанның тыныштыққа бөленіп, рақаттануы) және
Аллаһтың алдында мойын иіп харамға қарамау, харамға
қол созбау сияқты мағыналарға келетін қиямның
күнделікті өмірге де әсер етіп, жалғасуының қажеттілігі
туралы айтылады. Басқа ғибадаттарда да осындай
ұсыныстар бар.
Пайғамбар
қиссаларында
да
хронологиялық
(Тарихи тізбектегі оқиғалар)
оқиғаларға жер берілмей терең
сырларынан ғибрат алу және қиссадан есе алу мәселесі
қолға алынады.
Осы ғибадаттар мен түсінілдірілген қиссалардың
барлығының мақсаты, құлдың рухани кірлерден тазарып
ағарғаннан кейін құдайы сырларды қабылдай алатын
күйге келуі және жаратылысындағы аһсен-и тәқуимға,
яғни ең жақсы «тәртіпке» жете алуын қамтамасыз ету.
Шынында да Жұма сүресінің 2-ші, Бақара сүресінің 129-
аяттарында пайғамбарларға жүктелген үш міндеттің
біреуі - «пенделердің нәпсісін ағартуы» екендігі
белгіленуі осы ақиқатты күшейтіп, бекітеді. Төмендегі
көркем аят осы жағдайды қандай жақсы баяндайды:
- 233 -
Достарыңызбен бөлісу: |