"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Шынында да Хазіреті Пайғамбар (аләйһиссәләм)***:
«Әбу Бәкірдің мал-мүлкін пайдаланғанымдай басқа
ешбір жанның мал-мүлкін пайдаланбадым...», - деп
айтқанда, Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) көзінің
жасын төгіп:
«Мен де, мал-мүлкім де тек қана сенің құрметің үшін
емес пе? Ей Аллаһтың Пайғамбары!»
(Ибн Мажә, Фәдайлу
Асхабун-Нәби,11)
-деп жауап қайтаруы өзінің барлық
дүниеcімен бірге Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) арналғанын және оның жолында фәни
болғанын* көрсеткен еді (бұндай іс сопылық жолын-
да «фәна фирр расул» мәртебесі деп аталады). Ол бүкіл
дүние-байлығын Аллаhтың және Пайғамбарының жолы-
на жұмсаған. Тіпті Хазіреті Пайғамбар (аләйһиссәләм):
«Әскерге көмек беріңіздер», - дегенде, түгел байлығын
алып келеді. Аллаhтың Елшісінің:
«Бала-шағаңа не қалдырдың! Ей, Әбу Бәкір!» - деген
сұрағына күшті бір Иман толқуымен:
«Аллаhты және Елшісін»,- деп жауап қайтарады.
(Сәрраж, әл-Лума. б.169)
Хазіреті Муауие б. Әбу Суфян бұл кісі туралы:
«Дүние Әбу Бәкірді талап қылмайды... Оның да
аңсары дүние емес», - деген.
Бірақ Хазіреті Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһу) бүкіл
дүниесін садақа деп беруі және Хазіреті Пайғамбардың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның бұл ісіне қарсы
келмеуі ерекше бір жағдай. Бұл жағдай Хазіреті Әбу
Бәкірдің және оның жанұясының сабырлылығы мен
тәуекелділігінің күштілігінен болуы мүмкін.
* Пайғамбардың көзқарасына сәйкес көзқарасы болу, Оның
жақсы көрген істерін жақсы көру, Оның жолында құрбан болуға
дайын болу.
- 16 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бұл екі қастерлі жолаушының сүйеніші, рухани ба-
спанасы Хақ Тағала еді. Yңгірдің алдына дейін қуып
келгендердің, өрмекшінің өрмегінен басқаны көре
алмағандары туралы бір ақын:
«Өрмекші көкте емес,
суда емес, жерде де емес,
Хақты* көре алмаған көздегі елес»- деп айтқан.
Бұл екі қастерлі жолаушы Құдайдың қорғауымен
Мәдина қаласының қасындағы Құба деген ауылға жет-
кенде, ынтызарлықпен күтілген қадірлі қонақтардың
құрметіне, Мәдинадағы қайнаған қалың жұрт мейрамға
дайындалып жатыр еді.
«Талағал-бәдру аләйна»** деген, адамның көңіл күйін
тербететін қара өлең дауысы төбелерден толқындап келе
жатқанда тарих тағы да 12 Рәбиул Әууәлді көрсеткен
еді және бұл күн кейін қолданылатын, қиямет-қайымға
дейін созылатын оқиғаны мазмұндайтын Хижрет
күнтізбегіне бастау болды.
Мәдина қаласы сол күннен бастап Ислам дінінің да-
мып, өрлеген баспанасы және айнасы болды. Құдайға
тіл тигізген қарабеттердің жүзі осы хижретпен солып
қалды. Мәсжид сағадат (бақыт, береке мешіті) пен
Мәсжид Куба (Құба мешіті) өте сәулетті бір мағынаға ие
болып махшарға дейін, бұл мүбәрәк хижраттың қасиетті
мекені және естелігі болып қалды.
Ансар*** мұхажирлерге**** өзінің дүниесін көрсетіп:
«мінеки мал-мүлкім, алсаң жартысы сенікі»,- деп
* Хақ
–
Аллаh, Хақты көре алмаған
–
Аллаhқа сенбеген деген
мағынада
** Мағынасы: Толған ай біздің үстімізде туды
*** Сөздікте: көп жәрдем ететін делінген. Мұхажирлерге
көрсеткен жәрдемінің себебімен осылай аталған, Мәдина
қаласының жергілікті, мұсылман тұрғындары
**** Меккедегі дүниелерін, үйлерін тастап дін үшін Мәдинаға
көшіп келген мұсылмандар
- 17 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
айтқан. Осыменен, діни бауырластық үшін аянбай шек-
сіз берілу және сол бауырластық үшін әр түрлі пайда-
дан немесе дүниеден бас тартудың тегі (негізі) қаланды.
Мәдина қаласы Ислам тарихында мәңгілік құламайтын
тақ пен жоғалмайтын сый құрметіне бөленді. Сондықтан
Мәдинада азандар, оразалар, айттар, зекеттер, діни
соғыстар бөлекше бір көрініс және ерекше бір сәулетпен
пайғамбардың үмбетіне үлгі-өнеге және оған бару
аңсаулы арман-тілек болды.
Бәдір соғысы Иманның кәпірлікке қарсы ең алғашқы
табанды қарсылық көрсетуі болды және жеңіспен
аяқталды. Діни бауырластық қан бауырластығын жойып
тастады. Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) ұлымен,
Әбу Ұбайда б. Жәрраһ (радиаллаһу анһу) әкесімен, Ха-
зіреті Хамза (радиаллаһу анһу) інісімен соғысты. Хақ
Тағала бұл үрейлі соғысқа періште әскерлерді де жібер-
ді. Бұл «сәулетті толқуға» қатысқан періштелер басқа
періштелерге қарағанда жоғарғы мәртебе алды. Бұл ора-
сан зор жеңістен кейін Аллаh Тағала, мұсылмандардың
дандайсып кетпеулері үшін Әнфал сүресінің он жетінші
аятын түсірді:
«(Ей, Мұхаммед!) Cонда оларды сендер өлтірмедіңдер,
тек қана Аллаh өлтірді. Атқан кезде де сен атпадың, тек
қана Аллаh атты. Бұл мүминдерді жақсы бір сынақпен
сынау үшін, расында Аллаh толық естуші, бәрін білу-
ші».
Ал Бәдір соғысынан кейін болған Ұхуд соғысы Хазі-
реті Хамзаның қанымен боялды. Онымен шейіттердің*
саны жетпіс болды. Шейіттердің жаназа намазда-
рын оқу үшін ішінде Хазіреті Хамза бар он шейіт
әкелінді. Намаздан кейін тоғызы әкетіліп, ал Хазіреті
Хамзаның сүйегі жерленбей, әр жолы қасына жаңадан
*Шейіт: дін жолындағы соғыста қаза тапқандар.
- 18 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
әкелінген тоғыз шейітпен бірге жаназасы қайта-қайта
шығарылды. Аллаһтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) ағасы, жан жүрегі және «шейіттердің мырзасы»
болған бұл мүбәрәк шейіттің жаназа намазын қаншама
рет қайталап оқыды.
Міне, Бәдір соғысынан кейінгі Ұхуд соғысы осын-
дай үрейлі, мұңды жағдайлармен өтіп жатты. Өмірдің
барлық ащы да, тәтті кездері күшті бір құлшылықпен
өткізіліп жатты және тәуекелдік, көңілмен беріліп мой-
ын ию мен тағдырға ризашылық күшті түрде іске асы-
рылды.
Бұлардан басқа жер мен көкті дірілдеткен оқиға:
Аллаһтың Елшісінің әскери сауытының екі алқасы,
мүбәрәк жүзіне батып бетін жырып, бір тісін сындырған
еді. Сол кезде бүкіл сахабалар мен періштелер терең бір
азаға түсті.
Мырзамыз Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мүбәрәк бетінен ағып, топыраққа тамып жатқан қанды
азапқа себеп болмасын (Аллаhтың қаһарымен дүние жа-
заланбасын) деген үреймен сүртіп, Хақ Тағалаға жалы-
нып:
«Уа Раббым! Қауымым не істегендерін білмейтін на-
дан халық. Сен оларды дұрыс жолға сал»,-деп дұға етті.
Бұл соғыстан кейінгі уақыттардың бірінде Нәби*
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Жәбірейіл Әминнен:
«Аспаннан жер жүзіне түскен сәттеріңде, іштей
қобалжудан, толқыдың ба?»-деп сұрағанда, Жәбірейіл
(аләйһиссәләм):
«Иә, төрт жерде осылай болды», - деп сол оқиғаларды
баяндап:
* Өздеріне кітап түскен пайғамбарларды Расул және өзіне кітап
түспеген, алдында келген пайғамбардың үкімдерін жайып таратқан
пайғамбарларды Нәби деп атайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) ақырзаман пайғамбары болғандықтан әрі Нәби,
әрі Расул деп аталады.
- 19 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Біріншісі
Ибраһим
(аләйһиссәләм)
отқа
лақтырылғанда,
екіншісі: Ибраһим (аләйһиссәләм) пышақты ұлы
Исмаилдың (аләйһиссәләм) мойынына тақағанда,
үшіншісі: Жүсіп (аләйһиссәләм) құдыққа лақтырылған
шақта, толқуменен, қауіптеніп жер жүзіне түстім. Олар-
ды құтқарып Құдайдың әмірін орындадым.
Ал төртінші рет: Ұхуд соғысы күні кәпірлерден саған
зиян келіп, тісіңді сындырған сәтте Аллаh Тағала:
«Құлыма жет! Қаны жерге тамбасын, егер Хабибімнің
(сүйіктімнің) қаны жерге тамса, Ұлылығымның хақы
үшін жерде бірде-бір өсімдік, бірде-бір ағаш өсірмеймін»,
- деп бұйрық берді.
Міне, осы жерде қауіптеніп, дереу мүбәрәк жүзіңізден
тамшылаған қанды алып ауаға жоғалтып жібердім»,-
деген екен.
Міне, Ұхуд соғысында осындай назар аударатындай,
ерекше бір жағдайлар да болған.
Пайғамбардың қадірменді достары Ұлы Сахабалар
Бәдір соғысында Аллаhтың Елшісіне шексіз бағынып,
тәуелді болған. Және оған:
«Ей Аллаhтың Елшісі! Біз саған сендік, Аллаh
Тағаладан келген Құранның хақ болғандығына шын
ықыласымызбен иман келтірдік. Және Саған бағынып
тәуелді болуға уәде беріп серттескенбіз. Қалай қаласаң
солай істе. Бізге де әмір ет, біз Сенімен біргеміз. Сені жі-
берген Аллаh ақысы үшін теңізге кірсең де сенімен бір-
ге кіреміз, ешбіреуіміз қалмаймыз», - деген сахабалар
Құдайы толқудың шыңына шығып, Құдайға шын беріл-
гендігін дәлелдеді.
Ал Ұхуд соғысында бір топ сахабаның Аллаhтың
Елшісінің әмірін орындауды қас-қағым сәт кешіктіріп,
ғапылдықпен дұшпанды аңдамай қалуы және соғыс ол-
- 20 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жасына көңілі ауып кетуі, соғыстың ағысын өзгертіп,
Құдайдың ескертуі ретінде көрінген жеңістің кешігуіне
себеп болған.
Ұхуд соғысы ерекше бір түрде Аллаһтың Елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көңілінде үлкен орын
алған. Өмір бойы Ұхуд тауы мен Ұхуд шейіттерінің
қабірлеріне үзбей зиярат етіп тұрған. Анда-санда:
«Біз Ұхудты сүйеміз, Ұхуд та бізді сүйеді», - де-
ген сөздерімен шейіттер мекеніне құрметін көрсеткен,
қиямет-қайымға дейін, Аллаhтың Елшісінің махабба-
тына бөленген мекен болғандығынан, үмбетіне құшағын
аша қарсы алатын зияратхана болды.
Хәндек соғысында «Жаратылыс Нұры» ешбіреу-
дің сындыруға шамасы келмейтін үлкен бір тасты
сындырғанда, бірінші ұрғанында Кайсардың*, екінші-
сінде Кисраның, үшінші рет Сана сарайларының құлап,
жермен жексен болуын көргенін айтты. Сонымен осы
мемлекеттердің барлығы «Илай-ы Кәлимәтуллаһпен»**
қауышатынының қуанышты хабарын айтып және
уәдесін беріп, үмітсіз көңілдерді келешектегі жеңістердің
толқуымен үміттендірді. Аллаh Тағаланың жақын арада
батыл*** деп аталатын бұрыс ағымның бәрін жоятынын
сүйіншілеп, адам баласының ешқашан болмайды деп
ойлаған бүкіл болымсыздықтарды біртіндеп іске асыра-
тын түрде жалғаса беретін әлемдік hидаят картасын сы-
зып жатты.
Хәндек соғысы азап, шаршау, аштық, суық және
қараңғылыққа толы*, адам төзбейтін мың бір қиналыс
* Қайсар
–
Рим патшасы, Кисра
–
Парсы патшасы, Сана
–
Иемен патшасы
** Илай-ы Кәлимәтуллаһ Аллаh сөзін ең жоғарыға ұстап,
Исламды үстем қылу.
*** қате, теріс мағынасында
- 21 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
алаңы еді. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
«Аллаhым, нағыз өмір тек қана ақыреттегі өмір.
Ансар мен мұхажирлерге жәрдем ет», -деп жалбарыну
арқылы дүниедегі бүкіл азап пен қиындықтың ақырет
мәңгілігінің алдында мәнсіз екенін айтып, ақыретті ны-
сана ретінде көрсетеді.
Бірінен соң бірі туған жеңістерден соң Мекке қаласы
Хұдәйбиәнің** куанышты нәтижесі болып өзара кеші-
рім, бауырластық, қауіпсіздік және Құдайдың тура жо-
лымен жүруін бәріне жеткізген рухани жеңістен кейін
өзінің «асыл иелерін»*** құшақ жая қарсы алды. Азапқа,
зұлымдыққа және машақатқа толы Мекке қасіреті
аяқталды, ұзақ жылдар бойғы жабырқау шаттыққа
ауысты. Бұл жеңістен кейінгі біраз күндерде, сүйінші
ретінде тарихта маңызы үлкен кешірім көрсетілді.
Соның нәтижесінде мұсылмандарды өлтірген бірталай
қылмыскерлер де һидаят деген тура жолға түсіп, Құдайы
сыйға ие болды.
Ең аяғында «қоштасу қажылығы» кезінде соңғы аят
түсті. Діннің түсуінің соңы болғаны, толық дәрежеге
жеткені белгілі болды. Бұл бір жағынан Ұлы кісінің
Раббысына қайтар уақытының келгенін астарлы түрде
білдіру еді. «Жаратылыс Нұры» дінді жайып таратуына
қатысты:
«Сахабаларым дінді жайып тараттым ба?
Тараттым ба?
Тараттым ба?» - деп сұрап, сахабаларының
мақұлдығын алды. Одан кейін Аллаh Тағаладан куә бо-
луын сұрады:
* Хәндек соғысы түнде болған
** Хұдәйбиә: келісім-шарт болған жер аты, бұл жерде, сол
келісім-шарт ретінде айтылған
*** Кезінде дін үшін кетіп қалған
- 22 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Куә бол, ей, Раббым!
Куә бол, ей, Раббым!
Куә бол, ей, Раббым!»
Осымен, жиырма үш жылда келіп болған қасиетті
аманат қиямет-қайымға дейінгі келешек үмбетіне бір
рахмет белгісі болып тапсырылды.
Пайғамбар өзінің мемлекеті, отаны және туған жері
болған Меккені қайтарып алған уақытта, Ансар:
«Аллаh Пайғамбарыға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Меккені ашып берді. Енді Ол Меккеде қалады, Мәдинаға
қайтпайды»,- деп өз ара сыбырласып, қобалжи бастай-
ды.
Ансар бұл әңгімені тек қана өз араларында
айтқанымен, Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) олардың ойларын өздеріне айтқанда олар ұялып,
мойындайды. Бұған Аллаhтың Пайғамбары (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) Ансарға:
«Бұлай істеуден (мені) Аллаh сақтасын. Өмірім де,
өлімім де сендердің қастарыңда болады...»,- деп айтып,
адам баласының түсінігінен де жоғары адалдық үлгісін
көрсетті. Сөйтіп Мәдинаға оралды.
Бұрын да айтып кеткеніміздей Мұхаммедтің
Пайғамбарлығы адамзаттың жаратылысынан бұрын,
Құдайы бір көрініспен басталған. Яғни алғаш рет
жарқыраған жаратылыс гауһары
«Мұхаммеди Нұр»
болған.
Хазіреті Пайғамбар нұрымен Хазіреті Адамнан
бұрын, ал денесімен бүткіл Пайғамбарлардан кейін
жіберіліп, «көрінуімен» пайғамбарлық күнтізбенің
ең алғашқы және ең соңғы беті болды. Ол уақыт
өлшемімен ең соңғы, ал жаратылыс жағынан ең ал-
ғашқы Пайғамбар. Өйткені, пайғамбарлық күнтізбесі ең
алғашқы жаратылған «Мұхаммеди Нұрмен» басталып,
ең соңғы беті «Мұхаммеди денемен» аяқталған. Бұл
- 23 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
көзқараспен пайғамбарлар тізбегі туралы төмендегілерді
айтуға болады:
Періштелердің оған сәжде етуі мәжбүр қылынған
Хазіреті Адам (аләйһиссәләм);
Жеті қат көктің құпияларына қаныққан Хазіреті
Ыдырыс (аләйһиссәләм);
Топанымен кәпірлерді жер жүзінен сыпырып,
тазалаған Хазіреті Нұх (аләйһиссәләм);
Аллаhқа сенбеген жұрттарды борандармен астан-
кестен қылған Хазіреті Хұд (аләйһиссәләм);
Құтырынған және дандайсыған адамдар мекенін
жер сілкінісімен іргесінен шайқалтқан Хазіреті Салих
(аләйһиссәләм);
Намрұттың отын*, Аллаhқа тәуекелі және берілуі-
мен гүлдер бақшасына айналдырған Хазіреті Ибраһим
(аләйһиссәләм);
Ықылас, туралық, тәуекелділік және Аллаһқа шын
көңілмен берілудің үлгісі болған, қияметке дейін созы-
латын қажылық кезінде бүткіл мүминдерге қиссалары
ескертілетін Исмайыл (аләйһиссәләм);
Ұрпағынан Бәни Исрайл (Еврейлер) пайғамбар-лары
шыққан Хазіреті Ысқақ (аләйһиссәләм);
Ар-ұяттан айрылғандықтан жермен-жексен болып,
«тарихтың қоқсығынан» орын алған «Содом-Гоморе»
халқының жабырқау көңілді пайғамбары Хазіреті Лұт
(аләйһиссәләм);
Аллаhты бірлеу туын шығыстан батысқа дейін
жеткізген Зұлқарнайн (аләйһиссәләм);
Махаббат және қасіретпен «қуырылған» және
сабырлылық үлгісі болған Жақып (аләйһиссәләм);
* Ибраһимді (аләйһиссәләм) өртеу үшін Намрұт патша
жақтыртқан от.
- 24 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Біраз уақыт құл болып, одан соң түрмеде жалғыз-
дық, ғаріптік, азап, машақат, аштық және нәпсісімен
күресу емтиханынан өткеннен кейін Мысыр мемлеке-
тіне және адамдардың ілтипатына жетіп көңілдерге
сұлтан болған және жарық айдай сұлулық иесі болған
Жүсіп (аләйһиссәләм);
Сөйлегенде
көңіл
тебірентіп,
«Хатибул
-
Әнбия»* деген лақабқа ие болған Хазіреті Шуғайб
(аләйһиссәләм);
Құдайы сырларды Хазіреті Мұсаға үйреткен Қызыр
(аләйһиссәләм);
Перғауын сұлтандығын астан-кестен қылып, Қызыл
теңіз арқылы ғажайып асатаяғымен жол ашқан Мұса
(аләйһиссәләм);
Әрқашан Мұсаның (аләйһиссәләм) жәрдемшісі
болған адал інісі Хазіреті Харун (аләйһиссәләм);
Айтқан зікір-дұғасымен тау-тастың, жабайы
хайуандардың көңіл-күйін қозғаған Хазіреті Дәуіт
(аләйһиссәләм);
Күшті-құдіретті сұлтан бола тұра, онымен көңілін
кірлетпеген Сүлеймен (аләйһиссәләм);
Өлгеннен соң, жүз жылдан кейін қайта тіріліп,
қиямет-қайымда қайта тірілуге мысал болған Ұзайр
(аләйһиссәләм);
Терең ойларымен сабырдың қайрақ тасы болған Әйюб
(аләйһиссәләм);
Күшті бір толқумен, істиғпар (кешірім сұрау), дұға
және зікірдің ақиқатына тереңдеп, қараңғылықтан
өтіп келген* Жүнүс (аләйһиссәләм);
* Пайғамбарлардың шешені
* Бұл жерде Жүнүсті (аләйһиссәләм) жұтып қойған балықтың
қарыны туралы айтылып тұр
- 25 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Өлгеннен кейін «Ілиясқа сәлем болсын» деген Аллаh
сөзі арқылы Аллаhтың ілтипаты мен ерекше назарына
жеткен Хазіреті Ілияс (аләйһиссәләм);
Әлемдерге
үстем
етілген
Хазіреті
Илйяса
(аләйһиссәләм);
Құдайдың рахметімен толық қамтамасыз етілген
адал Пайғамбар Хазіреті Зүлкифіл (аләйһиссәләм);
Парасатты насихаттары арқылы дастан болған,
адамның ішкі жан-дүниесі мен сыртқы физикалық
дүниесінің дәрігерлерінің пірі болған Хазіреті Лұқпан
Хаким (аләйһиссәләм);
Арамен екіге бөлініп жатқанда да үн шығармай,
тәуекелділік пен тәсілімдігін (Аллаhқа берілу)
сақтаған зұлымдық көрген Пайғамбар Зәкәрия
(аләйһиссәләм);
Әкесі сияқты өлімді шейіттікпен қарсы алған Яхия
(аләйһиссәләм);
Басқалардан ерекшелігі нәпсісін ағартуы болған,
сиынумен және жалынумен ауруларға шипа беріп ем-
деген, өліктерді тірілткен, көктегі Хазіреті Иса
(аләйһиссәләм)
Сөздің түйіні жүз жиырма мың Пайғамбардың және
олардың тағдыры мен Құдайы көріністің ағыстары бе-
рекетті сәуір бұлттары секілді әбден тойып болғаннан
кейін адамзаттың көңіл топырағына мәжбүрлікпен
шашырап жауды. Және берекелі бір Һидаят (тура
жолға салу) ұшқыны күйіндегі Пайғамбарлар тізбегі,
қысқаша айтқанда әлемге рахмет болып жіберілген
Хазіреті Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) келуінің, ықпалы және көктем қарлығашы
болды.
Ибн Аббастан қалған нақылда* былай айтылады:
* Нақыл: риуаят
- 26 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаh Тағала, Хауа анамызды, Хазіреті Адамның
сол
жақтағы
қабырғасынан
жаратты.
Адам
(аләйһиссәләм) сол сәтте ұйықтап жатқан бола-
тын. Оянғанда қасындағы көктемде жаңадан атқан
бүршіктей Хауаны көргенде көңілі ауып, қолын соза-
йын деп жатыр еді, періштелер:
-Ей, Адам, оған тиіспе! Әлі некелерің қиылмады - деп
айқайлады.
Бұдан соң Хазіреті Адам мен Хазіреті Хауаның не-
келері қиылды. Мәһірдің* шартын Хазіреті Мұхаммед
Мұстафаға «салауат шарифа»** айтуымен орын-
дады. Бұл Аллаhтың және Мұхаммеди ақиқаттың
алдындағы ең алғашқы неке болды. Осыменен неке Ха-
зіреті Мұхаммед Мұстафаға келтірілген салауат
дұғасы арқылы сәулетті мәнге ие болды. Неке рахмет,
береке және нұрмен тасып кетті.
Хазіреті Омардан (радиаллаһу анһу) қалған нақыл
бойынша, Адам (аләйһиссәләм) біраз уақыттан кей-
ін жәннәттан шығарылуына себеп болған зеллесін***
кешіру үшін Хазіреті Мұхаммед Мұстафаны дәнекер
қылып Аллаh Тағалаға былай жалыныпты:
- Уа Раббым! Мұхаммед ақысы үшін мені кешіруіңді
сұраймын!
Аллаh Тағала:
- Ей Адам! Әлі Мұхаммедті жаратқан жоқпын сен
оны қалай танып, біліп қойдың, - деп сұрайды.
Адам (аләйһиссәләм):
- Уа Раббым! Сен мені құдіретті қолыңмен жаратып,
жансыз денеме рухыңды үрлегенде басымды көтердім де
* Мәһір: Ислам дінінде келін болған қызға төленетін дүние,
қалыңмал сияқты, бірақ, күйеуі әйеліне уәде береді және өзі
орындайды
** Салауат шарифа: дұға
*** Зелле: Пайғамбарларға қатысты еріксіз қате.
- 27 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ғарыш бағаналарында «Ла иләһә Иллаллаһ Мұхаммед
Расулуллаһ» деген сөйлемді көрдім. Сен өз атыңа тек
қана жаратылғандардың ең сүйіктісін қосатыныңды
білдім ғой - деп жауап береді.
Аллаh Тағала да:
- Дұрыс айттың Адам! Расында да Ол маған
жаратқандарымның ішіндегі ең сүйіктісі. Дұға ете-
тін кезде «Оның құрметі үшін»,-деп айтып жал-
барын! (Өйткені дәл қазір Оның құрметіне дұға
қылғандығыңнан) Мен сені кешірдім. Егер Мұхаммед
болмаса сені жаратпас едім. Осыны біл
(Хәкім, Мустәдрәк,
11,672, Бәйхаки, Дәләил, V, 488-489)
- деді.
Бұрынғы әдебиет көздеріндегі мәліметтер бойынша,
Аллаhтың Елшісінің сүт аналарының біреуі бақытты
әйел Сәубие болған. Бұл әйел, Пайғамбардың дұшпаны
Әбу Ләһабтың жәриесі еді.
Сәубие ханым, Әбу Ләһабқа інісінің туғанын айтып
сүйінші сұрағанда, өзінің елінен, руынан бір баланың
туылғанының құрметіне (тек қана сол себепті) Әбу
Ләһаб бұл құлын азат етті. Осы рушылдықтан туған
қуанышы Әбу Ләһабтың тозақта тартқан азабының
дүйсенбі кештерінде жеңілдетілуіне себеп болды.
Әбу Ләһаб өлгеннен кейін, оның жайы біреудің түсіне
енеді:
- Әй, Әбу Ләһаб, қалың қалай? - деп сұрағанда, ол бы-
лай жауап береді:
- Тозақтамын, азап көріп жатырмын. Тек қана
дүйсенбі күнгі кештерде тартқан азабым жеңілдетіледі.
Бұл кештерде саусақтарымның арасынан су сорғалайды
да, сол суды ішіп салқындаймын. Өйткені, дүйсенбі күні
Сәубие жүгіріп келіп сол таңда Аллаhтың Елшісінің
дүниеге келуіне сүйінші сұраған еді, мен де оны азат ет-
- 28 -
Достарыңызбен бөлісу: |