Рахмет самалы



жүктеу 2.47 Kb.

бет6/19
Дата29.01.2017
өлшемі2.47 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Тағы  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) былай айтады:
«Маған  мал-мүлік  жинау  немесе  саудагер  болу 
уаhи  етілмеді.  Маған:  «Раббыңның  даңқын  жай; 
сәжде  еткендермен  бол  және  құлшылық  істе!»  -  деп 
бұйырылды».
Басқа бір Киелі Хадисінде былай деп айтқан:
«Әрбір  намазыңды  ең  соңғы  намазың  сияқты  оқы! 
Ертең  өзің  өкініп  қалатын  сөздерді  айтпа.  Адамдар-
дың  (ғапыл  бір  түрде)  армандағандарын  армандауды 
қой!»
(Ибн Мәжә, Зүһд, 15)
 Бір күні өзінен:
«Ең кәміл адам кім деп есептеледі?»-деп сұралғанда:
«Пәк  болғандар,  күнә,  шүбә,  алдау,  өтірік  және 
қызғаныштан  тазарғандар!..»
(Әбу  Дәуіт,  Жиһад,  5) 
-  деп 
жауап берген.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
адал  мен  арамға  қатысты  өте  абай  болған  және  де 
шүбәлі,  күдікті  нәрселерден  де  өте  сақ  болған.  Әуелі 
бір  жолы  Хазіреті  Хасан  әлі  кішкентай  бала  кезінде, 
мешітте  атасының  тізесінде  отырып,  зекетке  беріл-
ген  құрмалардың  таратылуын  көріп  отыр  еді.  Алдын-
дағы  құрмалардың  біреуін  ауызына  лақтырған  оған, 
Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Таста,  таста!  Құрманы  шығар!  Біздің  садақа 
жемейтінімізді  білмейсің  бе?»  -  деп  ескертті  және 
немересінің  аузындағы  құрманы  жерге  лақтыртты
 
(Мүслим, Зекет, 161)
Хазіреті  Меулана  (Құддисе  Сиррұһ)  адал  тамақ 
жайында былай бұйырады:
«Жұтымдар  тура  тұқымдық  дән  сияқты,  жемісі 
пікір, көзқарас және ниеттер болады.

- 68 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сен  үшін  ғибадат  пен  құлшылыққа  қарай  қалау, 
әуестік  және  тәбет  қозғап,  жанға  нұр  төккен 
жұтымдар адал, ғибадат және құлшылыққа қатысты 
жалқаулық  тудыратын  және  жүректі  ауырлық  пен 
қараңғылықтың басуына себепші болатын жұтымдар 
арам деп есептеледі».
«Сен  өміріңде  адал  тамақтарды  көбейт!  Шүбәлі 
және арам жұтымдардан қаш та, ғибадат пен құлшы-
лықтың  ләззатын  татып,  көңіл  тыныштығына 
жет!»
Аллаhтың  сүйікті  құлдарынан  болған  бір  әулие 
осылай бұйырады:
«Ғибадат және шын көңілмен берілуден ләззат алу - 
ең керемет құбылыс болып табылады.»
Аллаh Тағала көркем аятта:
«Сөзсіз,  намаздарын  көңіл  тыныштығымен,  шын 
ықыласпен  оқыған  мүминдер  құтылды» 
(Мүминун,1-2)
,-
деп бұйырған.
Аллаhтың  адамзатқа  адал  қылған  игіліктері  сансыз 
көп  болғанымен  оларға  қанағат  етпей,  арамға  немесе 
шүбәлі  нәрселерге  қарай  жөнелу,  құлдыққа  жарас-
пайтын әрекет. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи 
уә  сәлләм)  арам  екені  білінбеген,  бірақ  арам  болуы 
мүмкін нәрселерді тастау жөнінде:
«Сені  күдіктендірген  нәрселерден  аулақ  бол,  күдік-
тендірмегендерге жақында!..» - деп бұйырады.
Сонымен  қатар  қолданылуы  күмәнді  нәрселерден 
қашамын  деп  адал  игіліктерден  алыстау  немесе  адал 
болған игіліктер туралы күдіктеніп, керексіз жерде әрі-
сәрі болу да жөнсіз.
Ислам  діні  Аллаhтың  құлдарының  алаңсыздықты, 
сүйініш  пен  тыныштықты  көңіл  сарайларында  іздеуін 

- 69 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қалайды.  Өйткені,  бүкіл  жақсылықтар,  әсемдіктер 
жүрек  гауhарында  деп  есептелінеді.  Ал  бұл  Хазіреті 
Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  көңіл 
ерекшелігін, тереңдігін және нәзік тұстарын сезіп, біліп 
өмір сүру арқылы жүзеге асады. 
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
ешбір  күнәсі  болмаса  да  кей  кездері  түндерді  аяқтары 
ісігенге  дейін  намаз  оқып,  талай  сағаттар  шаршағанға 
дейін  Құран  оқумен  өткізген.  Ол  Аллаhты  ең  қатты 
сүйген, ең көп зікір еткен және қорыққан адам еді.
Намаз  -  құлдардың  Раббысымен  кездесуі,  Оның 
алдында  тұруы.  Хақты  сүйгендер  үшін  тоймастай  бір 
тебірену.  Бұл  «тойымсыздықты»  жалғастыру  үшін 
кейбіреулер нәпіл ғибадаттары жолына да түседі.
Намазда  берілу  бар,  ол  берілу  нәпсіге  ауыр  тиеді. 
Жалғыз осы жағдайдың өзі Исламның хақ және намаз-
дың шексіз ғибадат екенін көрсетеді.
Нәпсілеріне  бағынып,  соған  құл  болғандар  намазға 
жақындамайды.  Нәпсісінің  бөгетінен  аса  алмағандар 
да  намазды  бейнелеуші  ретінде  қалып  қалады.(
Намазды 
жүрегімен  емес  тек  қана  қимылымен  орындау  мағынасында
)  Шын 
намаз,  өте  аз  адамға  нәсіп  болады.  Аллаhтың  Елшісі 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бұл  ақиқатты  Киелі 
Хадистерінде былай баяндаған:
«Екі  кісі,  бір  уақытта  және  бір  жерде  екі  рәкәғат 
намаз  оқиды.  (Бірақ)  араларындағы  айырмашылық 
жер мен көктей».
Айша (Радиаллаһү анһә) былай деп айтқан:
«Кейде  Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) намазға тұрғанда, жүрегінен қазандағы судың 
қайнап  жатқандағы  дауысындай  бір  дауыс  келетін. 
Азан шақырылған уақытта, Аллаhтың алдына шыға-
тынынан жан-жағындағыларды танымайтын бір әлге 
түсетін еді!»
(Әбу Дәуіт, Салат, 157; Нәсәй, Сәһу, 18)

- 70 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Жаратылыс  Нұрының  оразасы  да  үмбетіне  қандай 
жақсы үлгі.
Ол көбінесе сәресіге
 (Ораза кезінде таңертең күн шықпай тұрып 
ішілетін тамақ) 
жейтін ешнәрсе таба алмаса да, аш күйінде 
ораза тұтатын. Кейбір күндері Саум Уисаль (ауыз ашпай 
бірнеше  күн  жалғастырылатын  ораза)  тұтатын  еді. 
Сахабасы да осылай жасауға ниет еткенде:
«-Сендердің күштерің жетпейді!» - деп айтқан.
Ибн  Аббас  (радиаллаһу  анһу)  нақылында  баян-
дағанындай «Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бірнеше түн бойы аш күйінде таң атырып, үйінің іші де 
көбінде  кешкісін  жейтін  бір  нәрсе  таба  алмайтын  еді. 
Негізінде нандары да арпадан пісірілген нан еді».
(Ибн Сад, 
әт-Табақатул-Кубра, І, 400)
Әнес бин Мәлік (радиаллаһу анһу) мынадай оқиғаны 
баяндайды.  Бірде  Фатима  анамыз  Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пісірген нанынан бір-екі 
жапырақ әкеледі. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм):
«-Бұл не?»-деп сұрағанда:
«-Пісірген  наным.  Сізге  әкелмей  жаным  тартпады»-
деген,  сонда  Әлемдердің  мақтанышы  Фахр-и  Әлем 
(Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«-Yш  күннен  бері  әкеңнің  аузына  түскен  алғашқы 
жұтым осы!» - деген екен.
Әбу 
Хурайраның 
нақылында 
баяндалғандай, 
Аллаhтың  Елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
аштықтан қарнына тас байлаған кездері болған. 
(Ибн Сад, 
әт-Табақатул-Кубра, І, 400) 
Оразаның ең бірінші ерекшелігі және негізгі мақсаты, 
үздіксіз  бір  ғибадат  сана-сезімінің  ішінде  нәпсімен 
күресіп, оны жеңу.

- 71 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ал  Қажылық  –  Хазіреті  Ибраһим  (аләйһиссәләм) 
және  Хазіреті  Исмайлдың  (аләйһиссәләм)  тәуекелдігі-
нен  ғибрат  ала  білу,  ішіміздегі  нәпсі  деп  аталатын 
дұшпанға,  сыртымыздағы  шайтани  бейімдерге  (көңіл 
аударатын) тас лақтыра білу, ұлттық айырмашылықтан 
арылып  кебінге  оралғандай,  бірдей  болу  жағдайына 
түсіп,  Рабқа  жалына  білу,  қиямет-қайымның  үрейлі 
көрінісін  әрдайым  естен  шығармай,  содан  қорқу, 
мұсылмандар  арасындағы  өзара  алыс  тұратын  жұрт-
шылықтың  бір  араға  келіп,  бір  иман  бауырластығын 
құру деп есептеледі.
Аллаhтың  Елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
қоштасу  қажылығы  және  құтпасы  (сөйлеуі),  үмбетінің 
қиямет-қайымға дейін созылатын қажылығына қандай 
жақсы үлгі.
Сондай-ақ Қоштасу Қажылығында Аллаhтың Елшісі 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  тарапынан  махаббат 
негіздері 
белгіленіп, 
мұсылмандар 
арасындағы 
хұқықтың негізі осы махаббатпен қаланған.
Қажылық  ғибадаты  адамды  көңіл  дүниесіне  бет 
бұрғызады.  Өйткені  бұл  нәзік  ғибадат  аң  ауламау, 
жайқалған  өсімдіктерге  тиіспеу,  Аллаhтың  мақұлық-
тарын  қинап-ренжітпеу  сияқты  рахым,  мейірім  және 
махаббат сияқты ерекшеліктерге толы.
Хазіреті  Омар  (радиаллаһу  анһу),  бір  мұсылманды 
ренжітіп аламын ба, деп алаңдап Хажәр Әсуәдті* сүюден 
алыста тұрған.
Қажылықтағы  бұл  жәйттер  мен  мәмілелер,  адам 
баласына  өз  нәпсісімен  есептесуді  үйретеді  және 
келешектегі  өмірін  сәулелендіреді.  Бүкіл  ғибадаттар-
дың жалғыз мақсаты, Аллаh Тағалаға жақын болу.
Қажылықтың  орындалатын  мүбәрәк  мекені  де,  ұлы 
бір әлемнің рухани ауа-райы деп есептеледі.

- 72 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Арафат ғапу мен сыйыну мекені.
Муздәлифа  Құран  Кәрімде  ишарат  етілген  «әл-
Мәшарул-Харамның»(
қажылардың  бір  сәт  те  болса  болулары 
уәжіп болған  Мүздәлифе деген жердегі қасиетті мекен
) руханиетімен 
рахмет көріністеріне толы болған бір мекен.
Минә  -  Хазіреті  Ибраһим,  Хазіреті  Исмаил  және 
Хажер анамыздың шайтанға қарсы жеңіспен аяқталған 
бір құдайға берілу және тәуекел мекені деп есептеледі.
Қағба  -  Аллаh  Тағаланың  Құранда  «Сәжде  ет  және 
жақында!» 
(Алақ,  19)
  бұйрығымен,  оқылуы  әмір  етілген 
намаз  ғибадатының  нысанасы.  Сондықтан  бүкіл 
мұсылмандардың көңілдерімен бет бұрған нүктесі, яғни 
Ислам дүниесінің күре тамырының соққан жері.
Ал  бұл  қасиетті  жерлерден  кейін  қажылар  зиярат 
ететін  Аллаhтың  Елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  «мекен-жайы»  Құдайы  махаббат  нақыштары-
мен  әшекейленіп,  ұлылыққа  жеткен  жер.  Өйткені, 
Аллаh Тағаланың «хабибім» (сүйіктім) деген ілтипаты-
на тек қана Ол жеткен.
Хазіреті Имам Мәлік шарапатты қабір тұрған мекен 
Қағбадан да қасиетті деп айтады. Өйткені бүкіл әлем Ол 
үшін жаратылып, Оған арналған.
Бұл  қасиетті  жерлер  Хазіреті  Адамнан  бері  бүгінге 
дейін  иманды  жүректердің  руханиетімен  қаныққан, 
ғашықтық  көз-жастарымен  суарылған.  Пайғамбар-
лардың  нұр  бұлағы  болған  осы  мекен  Пайғамбарлар 
тарихының қадірлі естеліктеріне толы.
Қорыта  айтсақ  қажылық  адамды  діни  өмірдің 
кәмілдігінің бағытына түсіретін бір ғибадат.
Қажылық адам өз рухының сәйкестігін, ауасын және 
бейнесін  табатын,  негізгі  сипатына  жететін,  «рухани 
нұр»  жаңбырымен  тазаланып,  пәк  болатын,  шын 
мәніндегі ақиқатына жететін рухани көріністерге толы 
бір ғибадат.

- 73 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Зекет - бай адамдардың қолдарындағы мал-мүліктен 
бір  бөлігін  құдайы  салық  ретінде  кедейлерге  беріп, 
қалған малдарын адал қылуы. Әрі бұл мүлік саты-саты 
көпшілік қауымның әлсіздеріне, кедейлеріне өткізіледі. 
Мұнымен  қоғамда  теңдік,  әділет  және  сәйкестік 
көріністері пайда болады.
Зекетте  жылдық  табыс  емес,  барлық  мал-мүлік 
туралы  сөз  етіледі.  Сол  себептен  әрекетсіз  жатқан 
құндар  азая-азая  бітеді.  Яғни  Ислам  бүкіл  мүлік  және 
материалдық  құндардың  белсенді  жағдайға  түсіп, 
қоғамның  экономикасында  әрекет  етуін  қамтамасыз 
етеді.
Зекет  пен  инфақтағы  (мүлікті  қайырға  жұмсау) 
сырлардың  біреуі  -  жекеменшік  капиталдың  өте  көп 
болуына  және  өте  жаман  бір  ісік  күйіне  келуіне  қарсы 
шара болуы.
Зекет берген және алған кісінің арасында достық және 
сүйіспеншілік  сезімдерінің  күшеюіне  дәнекер  болады. 
Басқаша айтсақ зекет - жағдайы жақсылардың, мұқтаж 
адамдарға қарызы екені анық. Құран Кәрімде:
«Мұқтаж  адамдардың  және  арланып  сұрамайтын 
пақырлардың  капиталда  белгілі  хақы  бар» 
(Зарият,19) 

делінген.
Зекет  пен  садақада  әдептің  маңызы  өте  зор.  Бер-
геннің  алғанға  рахмет  айтуы  бір  сана-сезімде  болуы 
керек. Өйткені оны парыз ғибадаттан босатып, сауапқа 
кіргізіп  отыр.  Бір  жағынан  берілген  садақалар  берген 
кісіні  ауру  мен  жамандықтардан  сақтайтын  қорғаныс 
болады.  Көркем  аятта  бұл  ғибадаттың  ерекшелігіне 
назар аудартып:
«Садақаларды  Аллаh  алады!» 
(Тәубе,  104)
  -  деп 
айтылған. Киелі Хадисте де:
«Инфақ (қайыр) алдымен Аллаhтың қолына, содан 
кейін мұқтаждың қолына тиеді» - деп айтылған.

- 74 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Инфақты  берер  кезде  екіжүзділіктен,  тәкаппар-
лықтан,  өркөкіректіктен,  өзін  және  ісін  жақсы  көріп 
мақтанудан  сақ  болу  керек.  Әйтпесе  берілген  қайыр 
Аллаhтың  қолына  тимейді,  адамдардың  қолында 
жоғалып, ақыретке жететін бір бөлігі де қалмайды.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
адам таң қаларлықтай зүhд және инфакты өмір сүрген. 
Айша анамыз Ол туралы былай деген:
«Аллаhтың  Елшісінің  асқазанына  бір  күнде  екі 
түрлі  тамақ  түспейтін.  Ет  жегенде  басқа  нәрсе 
жемейтіндей,  құрма  мен  нан  жегенде  де  оларға  қосып 
басқа  нәрсе  жемейтін  еді»
(Ибн  Сад,  әт-Табақатул-Кубра,  І, 
405)
Әбу  Нәдр  айтады:  Мен  Айша  анамыздың  мынандай 
әңгімесін естідім:
«Бір  күні  Аллаhтың  Пайғамбарымен  бірге  отыр 
едік, әкем Әбу Бәкір бізге бір қойдың санын берді. Түннің 
қараңғысында  Аллаhтың  Елшісімен  оны  бөлшектеп, 
бұзайық деп отыр едік, біреу:
«Шырақ не шам жоқ па?» - деп айтқанда, «Жағатын 
майымыз  болса,  біз  оны  жер  едікң-дедім».
(Ибн  Сад,  әт-
Табақатул-Кубра, І, 405) 
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
қолдағыны  қайырға  жұмсауды  өте  жақсы  көретін  еді. 
Сондықтан Хазіреті Біләлға:
«Ей,  Біләл!  Қайырға  жұмса,  қайырға  жұмсаумен 
«ғарыш  иесінің»  сенің  малыңды  азайтатынынан 
қорықпа!..»
(әл-Лума 134; Әбу Дәуіт, Имарә 35)
 - деп айтқан.
Шынында  да,  Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи 
уә  сәлләм)  мал-мүлік  жинауға  мүлдем  әуес  болмаған. 
Өйткені, таңдауды «құл пайғамбарлық» жағына жасап 
қойған.  Бұл  ақиқатты  баяндау  үшін  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Құл пайғамбарлық пен 

- 75 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сұлтан  пайғамбарлықтың  біреуін  таңдау  еркіндігін 
алдым. Жәбірейіл қарапайым болуымды ишарат етті. 
Мен  де  құл  пайғамбар  болуды  қаладым.  Және  «бір  күн 
тойсам, бір күн аш қалайын...» - деп айттым»
(Хәйсами, 
Мәжмауз-Зәуайд, IX, 192)
 - деген.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
үйін әшекейлеп жатқан қызы Фатима (радиаллаһу анһә)-
нің үйіне кірмей:
«Осындай әшекейлі жерлерге кіру бізге жараспайды!» 
(Аср-ы Сағадат, ІІ, 90)
 - деп айтқан.
Бірақ  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) іске асырған бұл ұлы құлшылығымен ешқашан 
мақтанбаған.  Аллаhтан  өзіне  берілген  нығметтерді 
санап:  «Лә  фахра»  (мақтаныш  жоқ)  деген  сөздерімен 
жоғарғы дәрежелі қарапайымдылық көрсететін.
Тәкаппарлық  басқалар  тарапынан  мақталу  және 
ұнату  арқылы  пайда  болады.  Осы  қылық  -  адамды 
құтыртатын белгілі мінездердің біреуі.  Аллаhтың Елшісі 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  Аллаhтың  мақтауына 
жетіп  адамзаттың  ең  мәртебелісі  болған  жағдайда  да, 
сахабаларына:
«Мені  «Аллаhтың  құлы  және  Елшісі»  -  деп 
атаңыздар» 
(Бухари, Муслим) 
 -деп бұйырған.
Діннің  мақсаты  -  жақсы,  әсем  және  парасатты  адам 
қалыптастыру. Бұл кәмілдікке жүректің қобалжуымен 
және  лүпілдеуімен  Аллаh  Тағалаға  құлшылық  ету 
арқылы жетеді.
Аллаh Тағала:
«Сөзсіз,  мүминдердің  жүректері  тек  қана  Аллаhты 
еске алған кезде ғана қобалжиды» 
(Әнфал сүресі 2-аят)
 - деп 
айтқан.

- 76 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Адамзат» (инсан) сөзі «нисян»(ұмыту) және «үнспен» 
(жақындық) байланысты. Ұмытудан қорғайтын іс зікір 
болып табылады. Құран Кәрімде 250-дей жерде «зікір» 
сөзі кездеседі. Зікір гауhары жүректің ортасынан орын 
алса,  ол  жүректе  Хаққа  құлшылық  ету  мен  Хақты 
тану  басталады.  Сүйгендер  сүйіктілерін  ешқашан 
ұмытпайды,  аузынан  тастамайды  және  ойларынан 
шығармайды.  Иманды  өмірді  зауықпен  және  сапалы 
сүруді  қалаған  көңілдер  зікірді  жүректерінде  жалғас-
тыра  береді.  Жүргенде,  отырғанда,  жатқанда  зікір 
етіп  аспан  мен  жер  жүзінің  жаратылуындағы  ерекше 
сырларға ой жібереді де:
«Уа  Раббым!  Бұларды  бекерге  және  орынсыз 
жаратпадың;  Бүкіл  кемшіліктерден  таза,  пәксің. 
Біздерді  тозақ  азабынан  сақтай  көр  Аллаhым!»
  (Әли 
Имран,191) 
-дейді.
Бұл  тереңдікке  және  оның  нәзік  тұстарына  жете 
алмаған  жүрек  Аллаhтың  (Жәллә  Жәләлуһу  (
Мәртебесі 
жоғары  -  құдіреті  күшті
))  ілтипатынан  тыс  қалады.  Зүмәр 
сүресінің 22-аятында:
«Аллаhты дәріптеуден безген тасжүректерді қарғыс 
атсын!..» - делінген.
Аятта  зікірден  алыстағандардың  адамдық  қасиет-
терін жоғалтатындықтары білдіріледі.
Адам  баласында  құл  болу  ерекшелігі  бар.  Адам 
баласы  не  затқа,  не  жеке  мүддесіне,  не  Раббысына  құл 
болады.  Раббысына  құл  болу  адамды  жеке  мүддесіне 
және дүниеге құл болудан сақтайды.
Фұрқан сүресінің 43-аятында Хақ Тағала:
«Аңсары мен ойын тәңір жасап алғанды көрдің бе?» 
- деп айтады.
Адам  баласының  келешек  үшін  бірталай  аңсары 
мен  армандары  болуы  және  ол  армандардың  «ақырет 

- 77 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бақытына» жетуге қарасты емес, тек қана дүние жөнінде 
болуы  оны  шер  мен  мұңға  толы  бір  соңға  ұшыратады. 
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
былай бұйырады:
«Абайлаңыздар!  Аңсарларыңыз  бен  дүниеге  деген 
армандарыңыз  сіздерге  ажалдарыңды  ұмытқызбасын! 
Әйтпесе жүректеріңіз қатаяды...
Абайлаңыздар!  Шын  мәніндегі  (өлім,  кейін  қайта 
тірілу  және  ақыреттегі  ақуал  сияқты)  келешек  өте 
жақын». 
(Ибн Мәжә, Мұқаддиме, 7)
Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бұл 
ескертулерін толық түсінген, парсылық Салман:
«Yш  нәрсе  мені  күлдіріп,  үш  нәрсе  де  жылатады»,- 
деп,  осы  үш  жағдайдың  біреуі:  өлім  өзін  тосып  тұрса 
да, адамның «тоймас арманға» түсуінің өзін күлдіретін 
және таң қалдыратын жағдай екенін айтады.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Қарт кісінің бүкіл күш қуаты кетсе де дүниеге деген 
махаббаты және «тойымсыз арманы» жайында көңілі 
әрдайым жас қалады!..» 
(Бұхари, Риқақ, 5; Муслим, Зекет, 114)
 
- деген.
Бұл  киелі  хадис  «дүние  махаббаты»  мен  «тойымсыз 
арманның»  ешқашан  адам  баласының  көңілінен  шық-
пайтын екі жағдай екенін баяндайды. Дене күш-қуатын 
жоғалтып  әлсіресе  де,  рухта  өлмейтін  сипат  болған-
дықтан  адамзат  мәңгі  жас  болып  қалуды  армандай-
ды  және  жоғалтқандарының  қасіреті  мен  өкінішінде 
болады.  Сол  себепті  бітпейтін,  тоймайтын  бір  ашкөз-
діктің тұтқыны болып өмір сүреді.
Топырақ  үстіне  төгілген  суды  сіңіріп,  ішіне  тартып 
алатынындай,  нәпсі  де  бүкіл  дүние  ләззаттарын  өзіне 
жинауға тырысады. Бірақ, адам баласы нәпсісін ағарту 
мен  көңілді  тазарту  арқылы  өзіне  келген  нығметтер-

- 78 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ді  топырақ  секілді  сыртқа  лақтырып,  жүрегін  қатты-
лықтан  яғни  жаман  мінездерден  және  жеке  басын 
күйіттеушіліктен құтқарады.
Жаман  мінездер  емтихан,  сынау  мақсатымен 
жаратылған. Сондықтан Аллаh Тағала көркем аятта:
«Нәпсіге  және  оның  терең  жүйесін  жасаған  және 
оған  жамандықтармен  қоса  жақсылықтарды  да 
шабыттандырғанмен (өзіммен) ант етемін, нәпсісін таза 
ұстаған кісі бақытты болады, ал ішін жамандықтармен 
былғаған кісі қайғы мен зиянға ұшырайды ...» 
(Шәмс, 7-
10) 
-деп айтқан.
Сана-сезіміне  ешкім  жете  алмайтын  және  түпсіз 
тереңдіктердің  үлгісі  болып  жаратылған  адам  бала-
сының  жоғарғы  бағаға  ие  болуы,  тек  қана  Аллаhқа 
құлшылық ету және көңілді дүниеге деген махаббатпен 
кірлетпей өмір сүруіне байланысты.
Тәбүк  сапары,  машақатқа  толы  сапар  болды. 
Сахабалар  мың  шақырымдай  жүріп  қайтты.  Мәдинаға 
жақындағанда  түрлері  адам  танығысыз  болып  кеткен 
еді. Терілері сүйектеріне жабысқан, сақалы мен шашы 
бір-біріне  шатасып,  ұйысып  қалған  еді.  Сол  кезде 
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Енді  біз  кіші  жихадтан  (дін  үшін  күрес)  үлкен 
жихадқа қайтып барамыз!..» - деген екен.
Сонда сахабалар таңданып:
«Ей  Аллаhтың  Елшісі!  Бұдан  да  үлкен  жихад  бар 
ма?»-  деп  сұрағанда,  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм):
«Енді  үлкен  жихадқа  -  нәпсімен  күрес  жихадына 
барамыз...»
(Бәйхаки, Суюти)
 - деп айтқан екен.
Нәпсі жихады – жүрек тәлім-тәрбиесі деп есептеледі. 
Мақсат  –  мінез-құлықты  жоғары  дәрежеге  жеткізу 

- 79 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
және адамды кәмілдікке жеткізіп, «кәміл адам» хәліне 
келтіру.
Хадис Құдсиде 
(Аллаһтан келген бірақ Пайғамбар өз сөздерімен 
жеткізген хадис)
 Аллаh Тағала:
«Біз адамның сырымыз. Адам да біздің сырымыз!..» - 
деп айтқан.
Бұл  сыр  тек  қана  Мұхаммеди  ақиқатпен  сезіледі. 
Біз  оның  махаббатына,  іс-әрекетіне  қаншалықты 
берілсек,  бұл  ақиқат  соншалықты  айқындала  түседі. 
Адам  баласы,  бұл  әлемнің  жаратылу  мақсатын  (ішкі 
сырын,  құпиясын)  таба  алмаса,  бұл  әлем  оны  жұтып 
жібереді.  Дүниеге  келу  себебін  аңғарып  біле  алмаған 
кісі  «адамның  киелі  құрылымынан»  хабарсыз  қалады. 
Жаратылыстағы  Құдайы  мақсатты  аңғара  алмайды. 
Халифатуллаh  (Аллаhтың  жер  жүзіндегі  халифасы) 
болғандығын  түсіне  алмайды.  Ал  Аллаhтың  халифасы 
болуға тура келе жатқан құлдар Раббысының көрер көзі, 
еститін құлағы жағдайына жетеді. Адамның жаратылу 
мақсаты  болған  «Уасыл-ы  Илаллаh»  (Аллаhқа  жету) 
жолына түседі.
Бұл әлемде барлық нәрсені адамның түсінігімен толық 
түрде анықтау мүмкін емес. Бір нәрсені түсіндіру үшін 
қолданылған  сөздердің  өзі  басқа  бір  сөзбен  анықталуы 
керек.
Бүкіл  анықтай  алмайтынымызды  тағы  да  түсіндіре 
алмайтындарымызбен  анықтауға  тырысып  жатқанда, 
толық түсіндіру және анықталуы мүмкін болмағандар-
дың ең ұлысы мүтеал, яғни түсінігімізден тыс (ақылымыз 
толық  жетпейтін)  Аллаhтың  болғанын  ұмытпайық. 
Аллаh әлемнің сөзсіз түсінігі болып табылады.
Оны махаббат, берілу және білімнен қанша есе алсақ 
сонша есе түсіне аламыз.

- 80 -

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал