Рахмет самалы



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
әсіресе  құлдарға  (соғыс  құлдарына)  өте  мейірімді  еді. 
Сахабаларына:
«Олар сендердің бауырларың, жегендеріңізден жегізіп, 
ішкендеріңізден  ішкізіңіздер!» 
(Мүслим,  Әйман,  36-38)
  -  деп 
айтатын еді.

- 93 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Құл  азат  етуді  үгіттеп,  мұның  үлкен  ғибадат  екенін 
айтатын.  Бір  күні  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  Әбу  Зәррдің  (радиаллаһу  анһу) 
ойланбай,  құлына  қатал  әрекет  істеп  қойғанын  көріп 
мұңаяды да:
«Әй, Әбу Зәрр, сен әлі қараңғы кезеңнің әдет-ғұрпынан 
арыла алмағансың ба?»- дейді, одан соң сөзін былай деп 
жалғастырады:
«Аллаhтың  жаратқанына  жамандық  көрсетпе! 
Мінезіне,  ісіне  сәйкес  келмейтін  болса  оны  азат  ет, 
артық жүк жүктеме, жүктейтін болсаң оған жәрдемші 
бол!» 
(Мүслим, Әйман, 38)
 
Бір  адам  құлы  мен  күңін  үйлендіреді.  Кейін  олар-
ды  ажырастырғысы  келеді.  Құл  мәселені  Хазіреті 
Пайғамбардың  алдына  дейін  апарып,  төрелігін  беруді 
сұрайды.  Бұған  қарап  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) құлдың иесіне:
«Yйлену  не  ажырасуда  сенің  хақың  жоқ,  сен  ара-
ласпа» - деп айтады.
Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
сахабаларынан  құлдардың  кемшіліктерін,  қателерін 
әрдайым кешірулерін сұрайтын.
Бір  күң  иелерінің  ұн  ал  деп  берген  ақшасын  жолда 
жоғалтып  алады.  Таяқ  жеймін  деп  қорыққанынан, 
үйге  де  бара  алмай,  жолда  жылап  жүреді.  Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бұл  жағдайды  көргенде 
дереу  оған  жоғалтқанындай  ақша  берді.  Және  де, 
иелеріне сенбегендіктен күңді иесіне дейін алып барды 
да,  оларға  мархамат  пен  мейірімділікті  насихаттады. 
Сонымен иелері күңді кешірді.
Бұл арада мына жағдайды да айта кеткен жөн:
Исламда құлдыққа қатысты өкімдердің болғанының 
тағы  бір  сыры  -  бәрібір  болмай  қоймайтын  соғыстар 

- 94 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
әрі  сол  соғыстардың  табиғи  нәтижесі  болып  келе 
жатқан соғыс тұтқындарының болуы. Ислам тәртібінің 
өзгеше  сипаты  мейірімділік  және  мархамат  болған-
дықтан  соғыс  тұтқындарының  еркін  адамдар  деңгейін-
де  болуын  сұрайды.  Расында  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) құлы Зәйдті азат етсе де, ол әкесінің 
табандылықпен  шақыруына  қарамастан  мемлекетіне 
қайтпай, 
өмір 
бойы 
Әлемдердің 
мақтанышы 
Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасында 
болуды қалаған.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
айтады:
«Қол  астыңда  жүріп  тамағыңды  пісіргеннің  есесін 
бер!  Оны  жаныңа  отырғыз!  Онымен  бірге  же!  Мұны 
істемейтін болсаң, бір жапырақ нанды май жағып оның 
аузына қой, жақсылық істе!
Аллаh  Тағала  оларды  сендерге  қызметкер  және 
құл қылған. Егер қаласа, сендерді оларға қызметкер 
қылар еді!»
(Ғазали, Кимиа-йы Сағадет)
Сол себептен бірталай сахаба құл ақысынан қорқып, 
құлдарын өте қысқа мерзімде азат етіп жіберген.
Ислам  бұл  өзгешелігімен  де  адамзат  тарихына 
ғажайып бір ерекшелік сыйлады.
Рахмет Пайғамбарының
әйелдерге мәмілесі
Жаһилие 
делінген 
қараңғы 
кезеңде 
әйелдер 
ханымдық  қасиетін  төмендететін  бір  мәмілемен  өмір 
сүретін. Сондықтан қыз балалар жезөкше болып кетеді 
деген күдікпен тірідей топыраққа көміліп, ұждансыздық 
пен  қараңғылықтың  әсерінен  жамандықтан  сақтану 
үшін одан сорақы кісі өлтіру іске асырылып жатқан еді. 

- 95 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Шынында Хақ Тағала, Құран Кәрімнің Нахл сүресінің 
58-аятында олардың жағдайын былай көрсетеді:
«Әлгілердің  әлдебірінен  «Әйелің  қыз  таптың,  -деп 
сүйінші сұрасаң, түстері қашып, жандары күйіп кетеді. 
(Қыз  тапты  дегеннен  арланып,  жұрттың  жүзін  көрмей 
жатып қалады)».
Күңдер ар-намысын түсіріп, жоғалтатын ойын-сауық 
құралы сияқты көрініп, қорланатын еді.
Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)нің 
әмірі бойынша әйелдерге қатысты заңдар мен тәртіптер 
шығарылды.  Әйел  қоғамда  пәктік  және  ерекшеліктің 
үлгісі  болды.  Аналар  жүйесі  өз  мәртебесін  тапты. 
«Жәннат  аналардың  аяғының  астында!» 
(Ахмет  бин 
Хәнбал,  ІІІ,  429)
  -деген  хадисімен  әйел  лайықты  бағасына 
Мұхаммеди ілтипаттың арқасында жетті.
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  әйелдерге  көрсеткен  әдептілігіне,  мына  мысал 
қандай жақсы түседі:
Бір  сапарда  Әнжәшә  есімді  бір  құл  әндетіп 
түйелердің  жүрісін  тездетеді.  (
Түйелер  дауыс  пен  әнге  мәз-
мейрам  болады.  Сондықтан  түйе  шопандары  табындарын  тез  жүргізу 
үшін  әндетеді
)  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  шапқан  түйелердің  үстіндегі  әйелдердің  нәзік 
денелерінің  қиналып  қалуы  мүмкін  екенін,  көрікті 
теңеумен  баяндап:  «Әй,  Әнжәшә!  Абайла,  әйнектер 
сынбасын!» 
(Бұхари, Әдеп 95)
 -деп бұйырған еді.
Расында  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) басқа бір хадисінде:
«Маған дүниеде әйел және әдемі иістер (иіс су, әтір) 
сүйдірілді,  намаз  да  көзімнің  нұры  қылынды»
  (Нәсай, 
Ишретун-Ниса 10; Ахмет бин Хәнбал, ІІІ 128, 189)
 -деген.
Әйел  мен  әдемі  иістер  дүние  өмірінің  маңызды 
игіліктері болып табылады.

- 96 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Дүние  өмірінің  тыныш  және  бақытты  болуында 
салиқалы 
(Аллаһтың  бұйрығын  ұстаған,  сабырлы,  адал,  таза) 
әйелдің  маңызы  зор.  Мал-мүлікті  қорғайды,  үйді 
тәртіпке  салып  құрады  әрі  ұрпақты  және  намысты 
қорғайды.  Жанұяны  рухани  шаттыққа  бөлейді.  Yйдегі 
әр  түрлі  қиыншылықтар  олардың  мейірімді  назар-
ларымен жойылады. Балаларға өмір мен бақыт әуендерін 
шағылыстырып  жеткізетін  ана  жүрегінен  аялы,  терең 
әрі сезімтал орын бар ма?
Аналар 
жаратушының 
мархаматына 
ең 
көп 
бөленгендер 
деп 
есептеледі. 
Әйелдердің 
«бақыт 
сұлтандығы»,  ерекшелігі  ана  болуымен  басталады. 
Әсіресе «Жәннат аналардың аяғының астында!..»-деген 
хадис, аналарға деген ең жоғарғы Мұхаммеди ілтипат.
Ал  әдемі  иістер,  рухтарды  аялай  толқындататын 
кеңдіктер.  Келбетті  де  сыпайы  періштелердің  де  ұна-
тып, талап еткендері нәзік талғамдарынан деп білінеді. 
Намаз  да,  құлдың  Раббысымен  сөйлесуі  болып  табы-
латын  Раббани,  Құдайы  бір  қосылу.  Рухтың  миғражға 
көтерілуі.
Тағы бір хадисінде:
«Сендердің 
іштеріңдегі 
ең 
қайырымдыларың 
жанұясына ең жақсы мәміледе болғандарың!..»
(Ибн Мәже, 
Никаһ, 50; Дәрими, Никаһ, 55)
 -деп айтқан.
Басқа бір Киелі Хадисінде:
«Адамның  өз  басына,  жанұясына  күн  көру  үшін 
шығарған шығындары садақа деп есептеледі...» -деген.
Ол бұл хадистерімен бақытты жанұялардың тек қана 
махаббат негізінде құрылатынын көрсеткен.

- 97 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Рахмет Пайғамбарының
хайуандарға қарасты мәмілесі
Жаһилие  кезеңінің  адамдары  хайуандарға  өте 
ынсапсыз  және  мархаматсыз  еді.  Жандары  ашымай 
тірі  күйінде  хайуандардың  етін  және  құйрығын  кесіп 
жейтін, оларды төбелестіріп бәсекелесетін еді. Хазіреті 
Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бұндай 
ұжданды  кірлететін  көріністерді  тоқтатты.  Қазіргі 
кездегі  әтештер  төбелесі,  түйе  және  бұқа  төбелестері 
сияқты  әдеттер,  жаһилие  кезеңінің  қалдықтарының 
жалғасы.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
бір күні жолда беті таңбаланған бір есекті көріп, көңілі 
бұзылды да:
«Аллаhтың  қарғысы  оны  таңбалағандарға  бол-
сын»
(Бұхари, Зәбайх 25) 
 -деді.
Ол белгі болу үшін салынатын таңбалардың хайуан-
дардың  жанын  ауыртпайтын  жерлеріне  салынуын 
үгіттеген.
Құстың  ұясынан  жұмыртқаларын  алып  алған 
сахабаға:  «Одан  балапан  шығады,  сондықтан  оны 
орнына қой!»- деп бұйырған.
Арықтығы сондай, сүйектері ырсиған түйенің иесіне: 
«Сөйлей  алмайтын  бұл  хайуандар  үшін  Аллаhтан 
қорық! (Оларды аш тастама!)» - деп ескерткен.
Абдуллаh  бин  Жафер  (радиаллаһу  анһу)  мынандай 
оқиғаны айтады:
«Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір 
күні  ансардан  біреудің  бақшасына  барады.  Сол  жерде 
жүрген  түйе  Аллаhтың  Елшісін  көргенде  ыңырсып, 
көздерінен  жас  тамшылай  бастайды.  Аллаhтың  Елшісі 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  жанына  барып  басын 
сипағанда,  түйенің  көз-жасы  тиылады.  Бұдан  кейін 

- 98 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бақшаның 
иесін іздеп тауып, ол адамға:
«-Саған осы хайуанды мүлік ретінде берген Аллаhтан 
қорықпайсың  ба?  Бұл  маған  сенің  оны  сабап,  азап 
тарттыратыныңды  айтып,  наразылығын  көрсетіп 
жатыр»,- деп айтты.»
Бір Киелі Хадисінде:
«Сендерге  кімнің  тозақтан  және  тозақтың  да 
кімнен алыс болатынын айтайын ба?» - деп сұрағаннан 
кейін:
«Олар  нәзік,  рахымды,  мархаматты,  жанға  жайлы 
және  жұмсақ  болғандар  ...»
(Ахмет  бин  Хәнбал,  І,  145)
  -деген 
еді.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
мархаматты  және  мархаматсыз  адамдардың  жағдайын 
Киелі Хадистерінде осылай анықтап отыр:
«Күнәкар  бір  әйел  шөлде  қаталап,  тілімен  құмды 
жалап жатқан бір итті көреді де оған жаны ашып аяқ 
киімімен  құдықтан  су  шығарып  иттің  шөлін  басады. 
Сондықтан Аллаh Тағала бұл әйелдің күнәларын кешір-
ді.  Басқа  бір  әйел  мысығын  бақпай  аш  қалдырған  еді. 
(Тіпті  құрт-құмырсқаны  да  жегізбеген).  Аяғында  
мысық  аштықтан  өлді  де,  ол  әйел  мархаматсыз-
дығынан  тозақ  жолаушысы  болды!» 
(Бұхари,  Әнбия,  54; 
Мүслим, Сәлем, 151, 154; Бирр, Нәсай, 133; Нәсай, Кусуф, 14)
 
Бұл екі Киелі Хадисте жарияланған ақиқат бойынша 
ортаға  қойған  мағынасы  -  кәміл,  толық  бір  мұсылман-
ның мейірімі жыртқыш хайуандарға да түсетін дәрежеде 
кең  және  терең  болуы  керек.  Өйткені,  Исламда  жылан 
және  шаян  сияқты  қауіпті  хайуандардың  да  көп  азап 
көрмеуі үшін, бір рет ұрғанда өлтірілулері әмір етілген. 
«Екі  ұрғанда  өте  аз,  ал  үш  ұрғанда  өлтірген  одан  да 
аз сауап алады!»
 (Кимиа-ы Сағадет)
 -деп айтылған. Қауіпті 

- 99 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
хайуандарды өлтіруде де мейірімділік ұсынылуы, шексіз 
қайырымдылықтың үлгісі емес пе?
Ол хайуандарға мейірімді болуды әмір етуімен бірге, 
оларды лағынеттеуді, қарғауды да ұнатпайтын. Расында 
Батнұбуат  соғысына  кетіп  бара  жатқанда  ансардан 
бір  адам,  түйеге  міну  кезегі  өзіне  келгенде,  ақырын 
жүрген  түйені  лағынеттейді,  сонда  Аллаhтың  Елшісі 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  ол  ансарды  түйеден 
түсіріп былай дейді:
«Енді  лағынеттелген  түйемен  бізге  жолдас  болма. 
Әсте  өздеріңді  қарғамаңдар,  балаларыңыз  бен  мал-
дарыңызды да қарғамаңыздар!» 
(Муслим, Зүһд, 74)
 
Бұл  хадис,  Исламдағы  мархаматтың  шексіздігін 
баяндайды.*
Аллаһтың  Елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
мінез-құлқымен  мінезденіп,  «Султанул  Арифин»  яғни 
Аллаhты  білгендердің  сұлтаны  лақабымен  даңқы 
шыққан  Байезид  Бистаминнің  мына  жағдайы,  бұл 
оқиғаға сондай жақсы мысал болады:
Бір күні Байезид базардан өтіп бара жатып бір есектің 
өте  аянышты  түрде  сабалғанын  көреді.  Қатты  азаптан 
хайуанның артынан қан ағады. Бұны көрген Байезид те 
* Еуропалық зерттеуші Клауд-Фарер мақұлиқатқа деген мейірімділік 
пен  қайырымдылықты  көрсетуді  әмір  еткен  Ислам  этикалық  тәртібінің 
қоғамдағы рухани нәтижесін, былай көрсеткен:
«Ыстамбұлда жолымыз түскен бір ауданның мұсылмандардікі немесе 
мұсылман еместердің ауданы екенін, сол жердің мысықтары мен иттерінің 
сізге деген қимылдарынан түсініп қоясыз. Егер мысық пен иттер сіздермен 
ойнап, төңірегіңізде шыр айналып, ұнамды бір көрініс болса, сол жердің 
мұсылмандар  тұратын  көше  екенін  білесіз.  Ал  егер,  сізге  айбат  шегіп, 
қорқытып  өзіңізді  қорғауға  мәжбүр  болсаңыз,  сол  жердің  мұсылман 
болмағандардың көшесі екенін білесіздер».
Христиан  саяхатшысы  баяндаған  бұл  жағдай  «Жаратушыдан  себеп, 
жаратылғандарға  мархамат,  рахым  және  махаббат  сезімінің  өте  анық, 
ашық көрінісі болса керек».

- 100 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бір ерекше сезімге түседі. Хайуанның азап тартқан әлін 
өзі  де  сезініп,  мархаматының  көптігінен  Оның  да  аяғы 
қанай бастайды.
Мұсылманның  өзгеше  сипаты  мархамат  болып 
табылады.  Әрқашан  бір  істі  бастағанда  оқыған 
бисмилламызда,  Аллаh  бізге  өзінің  мархамат  иесі 
болғанын  білдіреді.  Мейірімділік  мұсылманның  кісі-
лігінің (адамгершілігінің) ерекшелігі деп есептеледі.
Аллаhтың  әулие  құлдарының  біреуі  Фудайл  ибн 
Иядтың  мына  жағдайы,  мүминнің  көңілі  үшін  сондай 
жақсы мысал.
Оның жылап жатқанын көргендер:
«-Не үшін жылайсың?»-деп сұрағанда:
«-Маған  зұлымдық  істеген  бір  бейшара  мұсылманға 
жылаймын.  Бүкіл  қайғым,  оның  қиямет-қайымда 
масқара болатынында...»-деп жауап қайтарған.
Осы  жағдайлардың  бәрі,  Мұхаммеди  көңіл  тәрбие-
сінің  қандай  нәзік  және  қандай  көркем  көріністері 
болғанын көрсетеді.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Жер 
жүзіндегілерге 
мархамат 
көрсетіңдер, 
көктегілер (періштелер) де сендерге мархамат көрсет-
сін!» 
(Тирмизи, Бирр 16) 
 -деген.
Рахмет Пайғамбарының тұлдыр жетімдерге 
мәмілесі
Киелі Хадисте:
«Ең  жақсы  үй  -  ішінде  жетім  жақсы  қаралған  үй, 
және  ең  жаман  үй  -  жетімді  дұрыс  қарамаған  үй!»
(Ибн 
Мәже, Әдеп 6)
 -делінген.
Ал  Құран  Кәрімде  жетімнің  қорғалуына  қарасты 
аяттар көп. Аллаh жетімдерге қарсы сезімді және абайлы 
болуды ұсынады.

- 101 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Жетімді қайғыртпа! (Жетім жесірді қорлама)» 
(Дұха, 9)
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
қадірлі сахабаларынан әрдайым :
«Бүгін  бір  жетімнің  басынан  сипадыңдар  ма?  Бір 
аурудың  көңілін  сұрап  бардыңдар  ма?  Бір  жаназаны 
шығарып  салдыңдар  ма?»
  (Таберани,  Сахибул-Жами,  80)
  -деп 
сұрайтын еді.
Қауымдағы  «жабырқау  көңілділерге»  деген  бұл 
маңызды  қауымдық  міндеттердің  орындалуын  ескер-
тетін еді.
Басқа бір Киелі Хадисінде:
«Кім қолындағы жетімге жақсы қараса, ол және мен 
жәннатта  бірге  боламыз» 
(Бұхари,  Әдеп,  24) 
  -деп  айтып, 
екі саусағын біріктіре көрсететін еді.
Хазіреті  Пайғамбарға  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) бір қатал жүректі адам туралы арыз айтылады. 
Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да сол 
кісіге (қаталдығына) ем болсын деп:
«Жетім-жесірдің  басынан  сипап,  пақырларды 
тойғызсын!» 
(Ахмет  бин  Ханбәл,  ІІ,  263)
  -деген  хабар 
жібереді.
Хазіреті  Пайғамбар(Саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
дүниеге жетім болып келуімен жетімдік (жетім болу) бұл 
дүниеде және ақыретте ұлылық пен мәртебеге ие болды. 
Ақын Мехмед Аслан өлең жолдарымен жетімнің жайын 
қандай жақсы суреттеген:
Жетімнің иесі Аллаh,
Жетімді ренжіту күнә...
Жетімді күшсіз деп ойлама,
Жетімнің көз-жасы қару!

- 102 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Рахмет Пайғамбарының көрші
ақысы туралы ұсыныстары
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
көрші  ақысына  өте  ұқыпты  болуды  қалайтын.  Киелі 
Хадисте:
«Жәбірейіл маған әрдайым көрші ақысын ескертетін 
еді.  Тіпті  мен  «өлгенде  малымнан  (көршілерім)  мирас 
ала  ма?ң-деп  ойлаған  едім!..» 
(Бұхари,  Әдеп  28;  Муслим,  Бирр 
140)
 -деп айтқан.
Басқа бір Киелі Хадисте:
«Кәпір  көршінің  бір  ақысы,  мұсылман  көршінің  екі 
ақысы  бар.  Ал  мұсылман  әрі  туыс  болған  көршінің  үш 
ақысы бар»
(Сүюти, Жамиус-Сағир І, 146)
 -деп айтқан.
Көршінің  терезесіне  қарамау,  тамақтың  иісімен 
көршіні  қинамау,  көршіге  ұнамайтын  іс-әрекеттерді 
жасамау көршінің ақыларынан болып табылады.
Кедейлерден  болған  сахаба  Әбу  Зәрр  әл-Ғыфари 
айтады:
«Маған  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) тамақ пісіретін кезде сорпасын көбірек қылып, 
одан  біразын  көршіме  беруді  бұйырған  еді...»
(Ибн  Мәжә, 
Әтыме 58)
  Әбу  Зәрр  сахабалардың  пақырларынан  еді.  Қолын-
да  өзінің  қажетінен  артық  тамағы  болмағандықтан, 
пісірген  тамағына  тек  қана  біраз  су  қосатын.  Киелі 
Хадисте  бұйырылғандай  көрші  ақысын  орындауға, 
жоқтық сылтау болмауы керек.
Аллаhтың  Елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
мейірімі өліктерді де айналып өтпейтін еді.
Өлік үстіндегі ең алаңдатарлық мәселе оның артында 
қалдырған  және  төлей  алмай  кеткен  құл  ақысы. 

- 103 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаназа 
намазын  оқытатын  кезде,  оның  үстінде  құл  ақысы  бар 
ма, жоқ па соны сұрап алатын да, төленбегенше намазын 
оқымайтын еді.
Өліктің  құл  ақысымен  қабірге  кіруі,  Аллаһтың 
Пайғамбары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)ді өте қатты 
алаңдататын.  Өйткені  Ол  Ұлы  мейірімділік  әрі  рахмет 
Пайғамбары еді.
Рахмет Пайғамбарының дұшпандарына
және кәпірлерге қарсы мәмілесі
Әбу  Басра  әл-Ғыфари  қалай  мұсылман  болғандығын 
былай түсіндіреді:
«Мәдина  қаласына  бардым.  Хазіреті  Пайғамбарға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қонақ болдым. Сол түні 
жеті ешкінің сүтін де мен іштім. Хазіреті Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  менің  бұл  дөрекілігіме 
қарсы  бір  сөз  де  айтқан  жоқ.  Пайғамбар  сол  түні  аш 
жатса  да  наразылық  не  ренжу  белгісін  көрсетпеді. 
Мұндай  керемет  әдеп  пен  мінезді  көрген  соң  мен  де 
ынсапқа келіп мұсылман болдым...»
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
әлемге Рахмет болып жіберілгендіктен Оның махаббаты 
мен мейірімі бүкіл жаны барларды қоршайды. Бір күні 
Одан қарғыс айтуы сұралғанда:
«Мен  бұл  дүниеге  қарғау  үшін  жіберілген  жоқпын, 
Мен рахмет Пайғамбарымын»
(Муслим, Фәзәил 126, Тирмизи, 
Дағауат 118) 
 -деп айтты.
Мұсылмандықты тарату (тәблиғ) үшін Тайф қаласына 
барған кезде надан, пұтқа табынушы, менменшіл Тайф 
халқы Оған тас лақтырған. Хазіреті Жәбірейіл Хазіреті 
Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

- 104 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Осы  екі  тауды  бір-біріне  соғып,  бұл  қауымды  жоқ 
қылып  жіберейін  бе?»  -дегенде,  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  разы  болмай,  өзіне  тас 
лақтырған сол қауымға:
«Аллаhым, бұл қауымды тура жолға сал. Мен бұлар-
дың ұрпағынан мүмин бір нәсіл келуін тілеймін» - деп 
дұға  еткен.  Бұл  дұғаның  нәтижесінде  Тайф  халқы 
бірнеше жылдан кейін мұсылман болған еді.
Рахмет Пайғамбарының
кешірімшілдігі
Аллаh Тағала кешірімді болуды сүйіп, жақсы көреді. 
Аллаhтың  құлы  өзі  істеген  қателеріне  шын  жүректен 
өкініп, тәубаға келсе, Аллаh Тағала оның тәубесін қабыл 
ететініне уәде береді. Құран Кәрімде де өзі өте кешірімді 
болғандықтан,  құлдарының  да  кешірімді  болуын 
сұрайды.
Ғапудың  шарты  өкініш  және  Аллаhтың  әмірлеріне 
мойынсұну  әрі  харам  нәрселерден  қашу.  Ғапудың  ең 
жақсы мысалдары Хазіреті Пайғамбарның (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  өмірінде.  Ұхуд  соғысында  әкесінің 
інісі  болып  келетін  Хазіреті  Хамзаның  бауырын 
(денесіндегі)  кектеніп  тістеп  алған  және  соған  қуан-
ғаннан айқайлаған Хиндті, иман етуі себепті, Меккенің 
алынуы күні кешірген.
Хинд  Аллаhтың  Елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) артына келіп тұрып:
«-Ей, Аллаhтың Пайғамбары! Мені таныдың ба?» - 
деп сұраған.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
Ұхуд  соғысынан  соң  сегіз  жыл  өткеніне  қарамастан, 
Хиндтың қуанышты айқайын ұмытпағанын көрсетіп:

- 105 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«-Мен ол айқайды ұмытамын ба?» - деп жауап берген 
және  келиме-и  таухидтің  (Аллаһты  бірлеу)  құрметіне 
Хиндті кешірген.
Бұған 
қосымша 
қайырымдылық 
Пайғамбары 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Меккені алғаннан кейін 
не істейтінін құмарланып күткен қала тұрғындарына:
«-Ей, Құрайыш қауымы! Енді мен сендерге не істейді 
деп ойлайсыңдар?» - деп сұрады.
Құрайыш халқы:
«-Біз  сенің  қайырымдылық  пен  жақсылық  істеуіңді 
үміт ете отырып «Қайыр істейсіңң-дейміз. Сен ұлылық 
және  жақсылық  иесі  бір  бауырсың!  Ұлылық  пен 
жақсылық иесі бір бауырдың ұлысың ...»-деді.
Бұл  сөздерге  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм):
«-Мен  де  Хазіреті  Юсуфтың  інілеріне  айтқанын-
дай:  «Сіздерге  бүгін  ешбір  қақпайлау  және  айыптау 
көрсетілмейді!»  -  деймін.  Кәнеки,  тараңдар,  енді 
еркінсіңдер» - деп бұйырды.
Басқа бір сөйлеуінде:
«-Бүгін  мейірім  күні.  Бүгін  Аллаh  Құрайыштарды 
Исламмен күшейтетін, үстем қылатын күн», - деген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет