Құрамы Қан сарғылттау келген сұйық зат плазмадан және оның ішінде жүзіп


Қан тамыры арнасының түрлі бөлімдеріндегі қан ағысының



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата02.12.2023
өлшемі360,59 Kb.
#132067
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
2-рк физиология

23.Қан тамыры арнасының түрлі бөлімдеріндегі қан ағысының 
көлемдік және сызықтық жылдамдығы. 
Қан ағысының жылдамдығы Қан ағысының жылдамдығы үш түрлі 
өлшеммен сипатталады : көлемдік , сызықтық және қан айналымының 
толық мерзімі .
Қан ағысының көлемдік жылдамдығы деп тамыр түтігінің тұрақты 
диаметрі арқылы белгілі уакыт ішінде өтетін қан көлемін айтады . Қан 
ағысының көлемдік жылдамдығы тамырдың бас жағымен аяқ жағындағы 
қысымдарының айырмасына және тамырлардың шеткей кедергісіне 
байланысты.яғни қан ағысының көлемдік жылдамдығы тамырлар жүйесінің 
қай бөлігінде болса да , бірдей болуы шарт , әйтпесе белгілі бір тамыр қанға 
толы болса , екінші бір тамыр суалып қалады . Әдетте ондай жағдай 
кездеспейді . Бірақ әрбір ағза арқылы өтетін қан мөлшері бірдей емес , ол 
сол ағзадағы қантамырларының санына тамыр түтігінің көлеміне 
байланысты .
Қан ағысының сызықтық жылдамдығы деп қан тамшысының бір секунд 
арасында өткен жолын айтады, Қан ағысының сызықтық жылдамдығы кан 
тамырының ортасын да , қабырғасына таяу жерінде бірдей болмайды . 
Дегенмен де сызықтық жылдамдык орташа көрсеткіш болып есептеледі . 
Тамыр неғұрлым кең болса , қан ағысының сызықтық жылдамдығы 
солғұрлым баяу болады . 
 Қан айналымының толық мерзімі деп бір тамшы қанның үлкен және кіші 
қанайналымы шеңберлерінен бір айналып шығатын уақытын айтады . Бұл 
мерзім сау адамда қалыпты жағдайда 17-25 секундқа тең . Қанның қан 
шеңберлерін қанша уақытта бір айналып шығатынын шынтақ венасына 
бояу, радиоактивтік натрий изотопы арқылы білуге болады . Бұл 
заттардың арасында лобелин жиірек қолданылады . Лобелиннің 1 % -тік 
ерітіндісінің 1 мл көлемін , қанға құйса рефлекс аркылы тынысты 
тереңдетеді не жиiлетеді немесе жөтел пайда болады . Осы рефлекстің 
пайда болу уақыты анықталады . Рефлекс кезінде лобелин араласқан қан 
кіші шеңберді 3,5-5,4 секунд ішінде бір айналып өтеді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет