Құрамы мен құрылымы



бет2/4
Дата25.05.2023
өлшемі22,93 Kb.
#97601
түріҚұрамы
1   2   3   4
2.2 Амортизациялық төлемдер
Өндiрiстiк процесiндегi негiзгi қорлар физикалық тозуға душар болады және сол себепті олар өзінің техникалық-экономикалық сапасын төмендетедi. Физикалық тозу негiзгi қорлар құнының азаюымен ілеседі. Амортизациялық түсінікке көліктік жұмысты немесе өнімнің өндіріс процесінде қайта пайда болған құнына ауыстыру кезінде тозуға ұшыраған негізгі қорлардың орнын толтыру ұғылады. Негізгі қорлардың орнын толтыру үшін әрбір кәсіпорын белгілі бір соманы амортизациялық қорға аударады.
Амортизациялық төлемдердiң сомасын дұрыс анықтауға үлкен мән беріледі. Амортизациялық қорлар өнімнің өндірісі мен көлік жұмысының орындалуына кететін шығынның құрамды бөлігі болғандықтан олар белгілі бір деңгейде автокөлік өнімінің өзіндік құнын анықтайды. Амортизациялық қор жаңа негiзгi қорлардың тозу орнын толтыру үшiн жеткілікті болуы керек.
Ерекше экономикалық мазмұнда өндірістік емес негізгі қорлар бойынша амортизациялық төлемдері болады. Өндірістік емес қорларды пайдалану жаңа өнiмнiң жасалуымен немесе көлiк жұмысының орындалуымен байланысты емес. Ол материалдық өндiрiстiң саласына емес, дербес немесе қоғамдық тұтыну саласына жатады және онымен уақыт бойынша сәйкес келеді. Сондықтан өндірістік емес қорлардың құны өнiмнің құнына ауыстырылмайды. Олардың пайдаланылу шамасына қарай құны жоғалады. Тозуға ұшыраған бұл қорлардың орны еңбек етушілердің жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) қайта орналастыру тәртібінде түсетін кірістер есебінен жүзеге асырылады. Осылайша, өндірістік емес негізгі қорлар бойынша амортизациялық төлемдер келесі ЖІӨ бөлу формасын көрсетеді.
Негiзгi қорлар тек қана физикалық емес, сонымен қатар моралдiк тозуға да ұшырайды. Өндіріске жаңа өнімдірек және үнемді құрылғыны ойлап табу немесе шығару шамасына қарай ескі машиналар құнын жоғалтады, яғни моральдік тозуға ұшырайды және олар физикалық тозуға ұшырайтын мерзімге жетпес бұрын кейінгі түрдегі машиналарға ауыстырылуы керек. Моральдік тозу деп, техникалық ескірген құрылғының «физикалық өліміне» дейін құнсыздануын айтамыз. Машина әлі де физикалық түрде жарамды, бірақ сыртқы моральдік ескіргенімен экономикалық пайданы емес, керісінше қоғамдық еңбектің тікелей жұмсалуына әкеледі.
Негiзгi қорлардың моральдiк тозуы екi түрде болады. Моралдiк тозудың бiрiншi түрі бұл кейбір жұмыс істеп тұрған машиналар менмеханизмдердің осы өндіріс құралын дайындайтын салаларда еңбек өнімділігін көтерудің нәтижесінде құнның бір бөлігін жоғалтуында көрініс алады. Дәл осындай құрылыстағы жаңа машиналар қажет ететін қоғамдық еңбектің төмен шығынымен өндіріледі, себебі ертеректе шығарылған және қазір қолданыстағы жоғары бағадағы машиналар бұрынғы көлемде өнім бере алмайды, өйткені бұл құн заңына қайшы болар еді және бұл өнімнің мәнсіз қымбаттауына әкелуі мүмкін.
Моральдiк тозудың екiншi түрі үнемдiрек және өнiмдiрек жабдықтың пайда болуымен байланысты. Орташа қоғамдық еңбек өнімділігін қамтамасыз етпейтін техникалық ескірген бір типті машиналар толық физикалық тозуға ұшырауға дейін жаңа машиналармен ауыстырылуы керек, себебі олардың келесідегі әрбір қолданысы еңбек өнімділігінің өсуін тежейді, өнімнің өзіндік құнын көтеріп, үлкен шығынға әкеледі және ішкі шаруашылық қордың көлеміне кері әсер етеді. Осылайша, физикалық жарамды, бірақ іс жүзінде ескірген өндіріс құралы тиімсіз болғандықтан істен шығарылуы керек.
Яғни, автомобиль көлігінің ескі модельдерін пайдалану тасымалдаудың өзіндік құнын өсіріп, неғұрлым үнемдірек, өнімдірек жаңа модельдерге қарағанда жинақтың аз сомасын береді. Техникалық жабдықтары бірдей және бірдей қолданыс жағдайларында жұмыс істейтін, бірақ техникалық-пайдалану көрсеткіштері (моральдік тозу деңгейімен анықталатын) әртүрлі автокөлiктік кәсiпорындар әртүрлі экономикалық көрсеткіштерді (еңбек өнімділігі, рентабельділігі, тасымалдың өзіндік құны және т.б.) көрсетуі мүмкін. Қазіргі заманға сай құрастырылған жаңа модельдегі автомобильдері немесе техникалық қызмет көрсету және автокөлікті жөндеу үшін жаңа құралдары бар кәсіпорындар жоғары өндірістік көрсеткіштерге ие болады. Тәжірибе көрсеткендей, құрылғыны модернизациялау нәтижесінде ғана оның өнімділігін 1,5-2 есе көтеруге болады.
Негiзгi қорлардың мерзіміне сай (жылға) немесе орындалған жұмысының көлеміне қарай тозуы, амортизация нормасымен аталады. Амортизациялық норма төлемдері құрылғының құнынан белгілі бір пайыз ретінде анықталады.
Амортизацияның нормалары негiзгi қорлардың нақты тозуына сәйкес келуi керек. Оған әрбір кәсіпорын өнімінің өзіндік құнының деңгейі және қорлардың қалыптасу мүмкіндігі тәуелді болады. Амортизациялық төлемдер ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сай жаңа техникалық негізде негізгі қорларды жасау үшін жеткілікті болуы қажет. Себебі қолданыстан алынып тасталғандардың орнына келген жаңа негізгі қорлар анағұрлым техникалық пайдалану сапасы жоғарырақ болады, амортизация болса ұдайы өндірістің бір факторы болып табылады.
Қолданылатын амортизациялық норма төлемдері негізгі қорлардың моральдік және физикалық тозуының орнын толтыруы керек. Моральдіктозу негізгі қорлардың амортизациялық нормаларын есептегенде олардың физикалық жарамдылық мерзімдерін ғана емес, сонымен бірге олардың келешекте қолданылуының экономикалық тұрғыда мақсатқа сай болуын талап етеді.
Негiзгi қорлардың бастапқы құны бағалау кезінде қалпына келтірілген бағасынан едәуір өзгеше болуы мүмкін. Бұл негізі қорлардың қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге арналған амортизациялық төлемдердің көлдемін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейді. Тіпті кей жағдайларда, қолданыстағы амортизациялық төлемдер нормасы негізгі қорлардың мерзімін дұрыс есептегенде амортизациялық төлемдер сомасы негізгі қорлардың іс жүзіндегі тозуына сәйкес келмейді, себебі бірыңғай форма әртүрлі уақыт мерзімдерінде бағаланған қорларға қолданылады. Демек бұл жағдайда бірдей негiзгi қорлардың әр түрлi бастапқы құндарына бірыңғай амортизациялық төлемдер нормасы қолданылады, сондықтан да амортизациялық төлемдер сомасы негізгі қорлардың нақты іс жүзіндегі тозуын көрсетпейді.
Нәтижесінде, жоғары бағадағы негізгі қорларды пайдаланатын автокөліктік кәсіпорындарда амортизациялық қор жоғарылайды және керісінше, төмен бағадағы негізгі қорлары бар автокөлік кәсіпорындарында амортизациялық төлемдер көлемі жеткіліксіз болады. Аталған жағдай тасымалдаудың өзіндік құн көрсеткішін дұрыс көрсетпейді. Бұл құбылысты түзету үшін автокөлік кәсіпорнында, сонымен бірге басқа да мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындарда барлық қорлары қайта бағаланды, осыдан соң негізгі қорлар бойынша жаңа амортизациялық нормалар өңделінді. Нәтижесінде амортизациялық қордың нақты көлемі анықталды және тасымалдаудың өзіндік құнын жоспарлау тәртібі мен есебі реттелді. Амортизациялық төлемдердің жаңа нормалары негізгі қорлардың моральді тозуына сәйкес олардың қайта бағалануы негізінде өңделінуі керек. Халық шаруашылығының негізгі қорларын толығымен қалпына келтіруге амортизациялық төлемдердің бірыңғай нормалары анықталды. Бірыңғай нормалар шаруашылық есебі негізінде жұмыс істейтін, ведомстволық басшылығына және меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар, бірлестіктер мен ұйымдар үшін міндетті түрде қажет. Амортизациялық төлемдер барлық кәсіпорындармен және ұйымдармен Орталық банктің мекемесіне енгізіледі. Амортизациялық төлемдерді пайдалану да реттелген. Автокөлікте амортизациялық төлемдердің жаңа нормалары негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсартады және оларға жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.
Жылжымалы құрам бойынша амортизациялық төлемдердің әдісін анықтау олардың басқа негізгі қорларының түрлері бойынша анықтау әдісінен ыңғайлырақ. Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы бойынша амортизациялық төлемдер нормасы автомобильдер моделі емес, тобыбойынша бекітіледі. Бұл автокөліктердің жаңа маркаларын шығарған кезде оларға бағаның өзгеруінде амортизациялық төлемдердің жаңа нормаларын өңдеуді қажет етпейтіндігі байланысты жасалған.
Амортизациялық төлемдер нормасын қалыпқа келтіру үшін жиналған жалпы сома бастапқы құнның 90% көлемінде қалдық соманың есебімен қарастырылатын жағдаймен анықталады. Мысалы, орташа жылдық жүріспен жүк көтергіштігі 2 т болатын жүк көлігінің қызмет ету мерзімі 6 жыл, аса төмен кластағы жеңіл автокөлік – 5 жылға дейін, төмен кластағы – 7 жыл, орташа кластағы (таксиді есептемегенде) – 8 жыл, аса төмен кластағы автобустар – 6 жыл. Барлық арнайы автокөліктер үшін амортизациялық төлемдер нормасы 10 жыл қызмет көрсету мерзіміне қарай есептелген. Карьерлерде үнемі жұмыс істейтін 1 км дейін аралықта жүретін жүк көтергіштігі 27 т және одан астам барлық автокөлік –самосвалдар үшін нормалар машинаның құнынан пайыздық көрсеткішпен қолданылады, ал басқа жағдайларда 1000 км жүріске машинаның құнынан пайызбен қолданылады.
Жедел және шұғыл жәрдем машиналары «РАФ» және «УАЗ» автокөліктер і үшін 1,6 коэффициенті қолданылады.
1990 жылы шығарылған «Москвич-2140, -2141» автокөліктер і үшін 1,3 коэффициенті қолданылады; жүргізушілерді оқыту үшін арналған автокөліктер үшін 1,8 коэффициенті қолданылады. Бекітілген нормаларға қосымша түрде автокөліктің жұмыс істейтін жағдайларына қарай әртүрлі коэффициенттер қолданылады.
Жылжымалы құрамды қалпына келтіру нормасы баланс құнынан пайызбен анықталады немесе 1000 км жүгіріске баланстық құнның пайызымен анықталады:
мұндағы - Сн - жаңа автокөліктің құны (тіркеменің);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет