Құрамы мен құрылымы



бет3/4
Дата25.05.2023
өлшемі22,93 Kb.
#97601
түріҚұрамы
1   2   3   4
С0 – автокөліктің қалдық құны (тіркеменің) іріктеуден кейінгі;
D – жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі, жылдар;
LAM - автокөліктің амортизациялық жүгірісі (тіркеменің), км.
Басқа негізгі қорлар бойынша (жылжымалы құрамнан басқа) амортизациялық төлемдер бастапқы құнның пайызымен анықталады. Амортизацияның жылдың нормасы C
мұндағы СП - негізгі қорлардың бастапқы құны;
С0 - негізгі қорлардың қалдық құны; (есептен шығарылғаннан кейін);
D – негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі, жылдар.
Кәсіпорынның немесе ұйымның балансында есепте тұрған негізгі қорлар бойынша жоспарлы амортизациялық төлемдер әрбір негізгі қорлардың түрлерін есептеумен анықталады. Бір жыл ішінде негізгі қорлардың көлемі өзгерген кезде оларды есептеудің жаңа тәртібі анықталады. Амортизациялық төлемдер сонымен қатар запаста тұрған (резервте) құрылғыларға және көліктік құралдарға төленеді (көбінесе толық қалпына келтіруге жататындарға). Бұл өндірістің нақты шығындарын анықтауға және кәсіпорынның запаста немесе резервте сақталып тұрған көліктік құралдар мен құрылғылардың санын шын мәнінде өндір іс процесі үшін қажет көлемге дейін қысқартуға экономикалық қызығушылығын күшейтуге мүмкіндік береді.
Өнімнің өзіндік құнындағы амортизациялық төлемдер үлесі кәсіпорында техникалық үрдістің жетістігін қолдану кезінде төмендейді. Мұнымен бірге, жаңа машиналардың өнімділігі мен құны арасындағы байланыс шешуші рөлді атқарады. Техникалық үрдіс шамасына қарай машинаның құны көп жағдайларда өседі, бірақ қуаттылық бірлігі мен өнімнің шығарылымымен есептегенде төмендейді. Осылайша өнімнің бірлігіне келетін амортизациялық төлемдер азаяды.


2.3 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігі
Өндірістік негізгі қорларды пайдалану қарқынын жоғарылату өндірістің тиімділігін өсіру резерві мен маңызды жағдайы болып табылады.
Автомобиль көлігінде негізгі қорларды пайдалану тиімділігін бағалау үшін қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы және негізгі қорлардың рентабельділігі, сонымен қатар әртүрлі коэффициенттер көрсеткіштер і қолданылады.
Қор қайтарымдылығы ФО Фосн өндірістік негізгі қорлардың 1 сомына келетін кір іс сомасының көрсеткіші ΣД:
ФО = ΣД/ФОСН.
Қор сыйымдылығы ФЕ — кері қор қайтарымдылық көрсеткіші. Ол ΣДкірістің әрбір сомына келетін негізгі өндірістік қордың құнын сипаттайды:
ФЕ=Фосн/ΣД.
Қормен қарулану ФВ — әрбір жұмыскердің негізгі өндірістік қормен қамтамасыз етілуін сипаттайтын көрсеткіш:
ФВ=ФОСН/N,
мұндағы N — автомобиль көлігі қызметкерлерінің орташа адам саны.
Негізгі қорлардың рентабельділігі Rоф автокөліктік кәсіпорынның баланстық пайдасының Пбал, өндірістік негізгі қорлар сомасына қатынасын білдіреді:
Rоф = П6ал/Фоси.
Аталған көрсеткіштерден басқа, автомобиль көліктерінде өндірістік қорларды пайдалану бағасы үшін келесі коэффициенттер қолданылады: экстенсивті пайдалану Кэ, интенсивті пайдалану Кин, интегралды ауыртпалық Кинт және негізгі қорлардың жұмыс ауысымдығы Ксм.
Негізгі қорлардың экстенсивті пайдалану коэффициенті (экстенсивті жүктеме коэффициенті) нақты сағатпен жұмыс етілген уақыттың (тәулік, ай, жыл) мүмкін ТВ ауысымға қатынасын білдіреді:
К3 = Tф/TВ.
Егер алымда жоспарлы Тп, күнтізбелік Тк , режимдік уақыт (номиналды) Тр қабылданса, нәтижесінде экстенсивті пайдаланудың жоспарлы, күнтізбелік және режимдік (номиналды) коэффициенттері есептеліне алады.
Негізгі қорлардың интенсивті пайдалану коэффициенті уақыттың бірлігінде орындалған нақты жұмыс көлемінің Wф жоспарлыға Wn немесе осындай уақытта максималды мүмкін шығарылатын Wmax көлеміне қатынасымен анықтайды:
Ки1 = Wф/Wп
немесе
Ки2 = Wф/Wmax.
Негізгі қорлардың интегралды жүктеме коэффициенті Кинт. негізгі қорларды пайдалануды еңбек өнімділігін есепке ала отырып кәсіпорынныңнегізгі қорларын экстенсивті және интенсивті пайдалану коэффициенттерін жүргізумен бірге анықтайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет