Есеп12.12. Қызметкерге 2012 ж. 1 қаңтардан бастап күнтізбелік
24 күнге ақылы еңбек демалысы берілді. 2011 ж. 1 қаңтардан 2012 ж. 1 қаңтарға дейінгі есепті кезеңде ол толық жұмыс істеді және осы кезең бескүндік жұмыс аптасы кезінде 250 жұмыс күніне тең болды. Мерекелік күндерді (2012 ж. 1 және 2 қаңтарды) ескере отырып, қызметкер жұмысқа 27 қаңтарда кірісуге тиіс.Оқиға алдындағы күнтізбелік он екі ай ішінде 630000 тг. жалақы есептелді.
Тапсырма:
Демалыс ақысын есептеңдер.
Операциялар бойынша бухгалтерлік жазу беріңдер.
Есеп12.13. Қызметкер М. Оспанова кәсіпорында 2013ж. 5 мамырдан бастап жұмыс істейді. Жалақысы 60000 теңге. 2014ж. 12 мамырдан 4 маусым аралығында еңбек демалысында болады. Демалысқа дейінгі күнтізбелік 12 айда қызметкер әйел 302 күн жұмыс атқарған.
Тапсырма:
1. Демалыс ақысын есептеу қажет.
Есеп 12.14. Серіктестік қызметкері А.Әлиевке 2015 ж. наурыз айында есептелген еңбекақы сомасы – 94000 тг. Сонымен қатар келесі табыстары болды:
Іс-сапар шығыстары үшін – 28000 тг.
Жұмыстың жүріп тұру сипаты үшін қосымша ақы – 8000 тг. Тапсырма:
Есепті кезеңге жеке табыс салығы сомасын есептеу керек.
Есеп 12.15.Қызметкер 2014 ж. қандардың 1-нен 24-не дейінгі сырқаттық қағазын бухгалтерияға төлеуге тапсырды. Ол есепті кезеңде – 2013 ж. 1 қаңтардан 20013 ж. 31 желтоқсанға дейін толық жұмыс істеп (250 күн), оған бір жылға (оқиғадан бұрынғы күнтізбелік 12 ай) 500000 теңге есептелді. Ұйымдағы жұмыс аптасы – бескүндік.
Қажет етіледі:
Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу.
Есеп12.16. Төменде берілген шаруашылық операциялар бойынша бухгалтерлік жазулар құрыңдар (12.4-кесте).
Бастапқы мәліметтер:
Кесте 12.4
20ж. маусым айындағы шаруашылық операциялар
Р/с
№
Шаруашылық
операциялар мазмұны
Сомасы,
теңге
Дт
Кт
1.
1.1.
Еңбекақы есептелінді:
өндірілген өнім үшін негізгі цехтың жұмысшыларына
945000
1.2.
жабдықтарды күтіп-ұстаумен
айналысатын жұмысшаларға