Есеп10.13. Мәліметтер негізінде талап етіледі:
Өндірістік әдіспен тозу есептеу.
Операцияларға бухгалтерлік жазу құру. Берілген мәліметтер:
«Ниссан» автокөлігінің бастақы құны – 2250000 тг. Техникалық құжаттарға сәйкес автокөлік 500 000 км.жол жүргенге дейін пайдаланатын болады.Бірінші жылы жүрген жолы 50 000км, ал екінші жылы 20 000 км құрады.
Есеп10.14. Әкімшілік ғимараты 1987 жылдың 10 шілдесінде пайдалануға берілді. Пайдалану мерзімі 40 жыл, объектінің бастапқы құны 3565940 тенге. Жойылу құны 200 000теңге.
Берілген мәліметтер негізінде анықтау керек:
Ай сайынғы амортизация сомасын.
01.01.2012 жылғы жинақталған тозу сомасын.
01.01.2012 жылғы жағдай бойынша негізгі құралдың қалдық құнын.
Есеп 10.15.Компания 8600000 теңгеге ғимарат сатып алды және қызмет ету мерзімін 50 жылға белгілеп, тозу есептеп отырды. Жойылу құны 50 жыл біткен кезде 180000теңгені құрауы мүмкін. Әкімшіліктің шешімімен 3 жыл мерзімінен кейін ғимаратты басқа фирмаға сату ұйғарылды. Сатылған ғимараттың келісім құны 9000 000 теңге.
Талап етіледі:
Сату кезіндегі жинақталған тозу сомасын анықтау.
Ғимаратты өткізуден алынған нәтижені есептеу.
Операцияларды екі жақтылық әдісін қолдана отырып бухгалтер- лік есеп шоттарында көрсету.
Есеп 11.1. Кәсіпорын 2012 жылғы 15 маусымда 47400 тг. (соның ішінде ҚҚС) «1С: Бухгалтерия» (8-нұсқасы) сатып алды. Ай сайын бірқалыпты әдіспен амортизация есептеледі.
Тапсырма:
МЕА кірістеу бойынша бухгалтерлік жазу беріңдер.
2012 ж. шілде айына амортизация сомасын анықтаңдар.
Есеп 11.2. «Аян» ЖШС жылыжайда температураны қалыптасты- рушы бағдарламалық қамтамасыз етуді 208104 теңге (с.і. ҚҚС 12%) сатып алды. Сонымен қатар ЖШС-нің осы бағдарламаны пайдалануға дайындау және орнатумен байланысты қосымша шығыстар сомасы 85514 теңге болды. Өндірушімен бір жылдық қызмет көрсетуге 42250 теңге (ҚҚС қоспағанда) келісім-шарт жасалынды.
Табу керек:
1. Бағдарламалық қамтамасыз етудің бастапқы құнын.