Есеп 13.8 Берілген мәліметтер негізінде дивидендтер бойынша есептеу есебінің бухгалтерлік жазуларын құру (13.2-кесте).
Кесте 13.2.
Бастапқы мәліметтер
20ж. ақпан айындағы шаруашылық операциялар
Есеп13.8. «Алға» АҚ-ның 2012 жылғы бөлінбеген таза табысы 5300000 тг. құрады. Акционерлердің жалпы жиналысында бөлінбеген таза табысының 5% мөлшерінде қарапайым акцияны ұстаушы акционерлерге дивиденд төлеу шешімі қабылданды. Төлеу көзінен салық салынғаннан кейін акционерлерге тиесілі дивиденд және салық сомасы ағымдағы шоттан өтелді.
Тапсырма:
Дивиденд бойынша жалпы төленуге тиісті соманы есептеңдер.
Жоғарыда аталған шаруашылық операцияларға бухгалтерлік жазу беріңдер.
Есеп13.9. «Спектр» АҚ есепті кезеңдегі жылдық таза табысы 1725000 тенге болды.
Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша алынған табыстың бір бөлігі келесі мақсатқа жұмсалынды:
а) дивидендтер есептелінді:
жай акциялар бойынша – 625500 тг;
артықшылықты акциялар бойынша – 242000 тг;
б) резервтік капиталды толықтыруға бағытталды – 550000 тг; в) балалар үйіне демеушілік көмек көрсетілді – 120000 тг.
Табу керек:
Операциялардың бухгалтерлік жазуын құрыңдар.
Есепті кезеңнің бөлінбеген пайда қалдығының сомасын анықтаңдар.