Сатып алушыларға алған тауарлары үшін төлеуге
шот (ҚҚС қосылған) қойылды
918400
Есеп13.7. «Арман» АҚ-ның 2014 жылы жасалынған заңды тұлғаның салық салынатын табысының декларациясында көрсетілгендей кәсіпорынның жылдық жиынтық кірісінің сомасы төмендегі кірістерден тұрады:
а) өнімді сатып өткізуден түскен кіріс – 2869300 тг; б) мүліктерді жалға беруден түскен кіріс – 720500 тг; в) басқадай кірістер – 17000 тг.
Жылдық жиынтық кірістен салық кодексіне сәйкес жасалған шегерімдер сомасы төмендегілерден тұрады:
а) өнімді (жұмысты) сатып өткізу бойынша шығындар – 2420100 тг;
б) негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдар – 330375 тг;
в) төленген салықтар және табыс алумен байланысты басқа да шығындар – 505800 тг.
Табу керек:
Салық салынатын табыс сомасын.
Бюджетке төленуге тиісті КТС сомасын анықтаңыздар.