Құрамы Тамақ өнімдерінің органикалық заттары және энергетикалық құндылығы Тамақ өнімдерін сақтау



бет8/101
Дата09.05.2022
өлшемі328,05 Kb.
#33323
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101
Бақылау сұрақтары:

  1. Өнеркәсіпте шығарылатын еттен жартылай өнімдерді атаңыз.

  2. Шабылған жартылай өнімдерге органолептикалық және физико-химиялық мінездеме беріңіз.

  3. Шабылған массадағы қоспаны анықтау.

  4. Құрғақ заттарды анықтау

  5. Тұзды анықтау.

2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. Ет және ет өнімдерінің жалпы химиялық құрамын анықтау


Ет және ет өнімдерінің жалпы химиялық құрамын анықтау - ылғалдылық, белок, май және минералды заттарға байланысты, ет және ет өнімдерінің сапасы, олардың тағамдық құндылығы жайлы мәләметтер алуға мүмкіндік береді.

Ет өнімдеріндегі негізгі тағамдық заттардың құрамы олардың рецептуралары мен технологиялық өңдеулері арқылы анықталады.

Ылғал мөлшерін анықтау.

0,001 г дәлдікпен өлшеніп алынған, ұсақталған, салмағы 2-3 г өнімді металл бюкске салып, САЛ аппаратында 15 минут аралығында немесе кептіргіш шкафта 150 О С 1 сағат шамасында кептіреді. Ылғалдылық мөлшерін мына формула бойынша анықталады:

мұнда, х1 – ылғалдылық құрамы, %;

m1 – өлшеп алынған өнімі бар кептіргенге дейінгі бюкс салмағы, г;

m2 - өлшеп алынған өнімі бар кептіргеннен кейінгі бюкс салмағы, г;

m – бюкс салмағы, г.

Майдың құрамын анықтау. Ылғалдылықты анықтағаннан кейінгі өлшемді (навеска) бюкске салып, 10-15 мл еріткіш ерітіндіні құяды. Майды экстрагирлеу 3-4 минут бойы 4-5 рет қайталай отырып (перолейлі немесе этил спирті) жүргізеді.

Процесс барысында өлшемді шыны таяқшамен араластыра отырып, ерітіндіні қайта-қайта құйып алып отырады. Соңғы рет құйып алғаннан кейін, еріткіштің қалдығын ауада булайды. Майсыздандырылған өлшемі бар бюксті кептіргіш шкафта 105 ОС 10 минут бойы кептіреді.



Майдың құрамын мына формула бойынша анықталады:

мұнда, х1майдың құрамы, %;

m1 – өлшеп алынған өнімі бар майсыздандырғанға дейінгі бюкс салмағы, г;

m1 – өлшеп алынған өнімі бар майсыздандырғанға дейінгі бюкс салмағы, г;

m – бюкс салмағы, г.

Күлдің құрамын анықтау

Алдын-ала өлшенген тигельге майсыздандырылған кейінгі бюкстің ішіндегі затты салады. Бюкстің қабырғасындағы өлшем қалдықтарын еріткіш етітіндінің біраз мөлшерімен жуып, содан соң бу моншасында толық жоғалып кеткенше қыздырады. Тигельдегі құрғақ майсыздандырылған өлшемге 1 мл магний ацетатын құяды.

Өлшемі бар тигельді электр плитасында күйдіріп (обугливают), содан соң температурасы 500-600 ОС муфель пешіне 30 минутқа қояды. Дәл осылайша 1 мл ацетат магнийды да минералдайды.

Күлдің құрамы мына формула бойынша анықталады:

мұнда, х3 – күлдің құрамы, %;

m1 – күлдің салмағы, г;

m1 – магний ацетаты ерітіндісін минералдағаннан кейін алынған магний оксидінің салмағы, г;

m – бюкс салмағы, г.

Белок құрамын анықтау.

Белок құрамын мына формула бойынша анықтайды:



мұнда, х – белоктың құрамы, %;

х1ылғалдылық мөлшері;

х2 – ылғалдылық мөлшері;

х3 – күлдің мөлшері;

Белок құрамын анықтау.

Белок құрамын мына формула бойынша анықтайды:



мұнда, х – белоктың құрамы, %;

х1 – ылғалдылық мөлшері;

х2 – ылғалдылық мөлшері;

х3 – күлдің мөлшері;

Реактивтер: Петролейлі эфир, магний ацетаты ерітіндісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет