Құрамы туралы зерттеулер бастауыш сыныптарда сөЗ ҚҰрамын меңгерудің тиімді жолдары


БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СӨЗ ҚҰРАМЫН МЕҢГЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ



бет4/7
Дата22.01.2023
өлшемі170 Kb.
#62348
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
kur -bastauysh-synyptarda-soz-quramyn-mengerudin-tiimdi-zholdary-27

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СӨЗ ҚҰРАМЫН МЕҢГЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ.



    1. Сөз құрамын бастауыш сыныпта оқытудың жалпы сипаттамасы

Грамматиканың күрделі тарауы морфология «Сөз құрамы» және «Сөз таптары» болып екі салаға бөлінеді. Сөз құрамы бастауыш мектепте грамматикалық терминдер арқылы оқытылады. Бағдарлама бойынша негізгі тақырыптарды өте отырып, оқушылар алғашқы бетте түбір сөз, қосымша және жалғау мен жұрнақ деген ұғымдармен танысып, олардың анықтамаларын, қызметін түсінеді. Содан кейін барып, біріккен, қос, қысқарған сөздердің ерекшеліктерін, жазылу емлесін үйренеді. Бұларға қоса оқушылар сөз формалары, олардың өзгеру, түрлену жолдары жөніндегі білімдерін сөз таптарын оқумен байланысты тереңдете түседі. Сөз таптарын оқығанда сөз құрамы білімдері әлдеқайда ұлғаяды. Сөз құрамын жақсы меңгеру сөз таптарын жақсы қабылдауларына негізін салады. Сондай-ақ әр бір сөз табынын туынды сөз тудыратын көптеген жұрнақтармен танысады. Сонымен , осы тақырыпты алудағы себебім, осы тақырыпта тереңірек қарастырып, жақсы әдістерін іріктеп,іс жүзінде іске асыру міндетті жүктеледі.


Сонымен, сөз құрамы – бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше мәні бар әрі қиын тақырып, сөздің мағыналы бөлшектерінің (морфологиялық) ұғымын жетік меңгеру процесі. Оқушылардың абстракциялы ойлауының дамуын, тіл фактілерін бақылап, оған талдау жасап алуын және мұғалімнің жетекшілігі арқылы өздігінен келе білуін талап етеді.
Ал морфемаларды оқып білудің, толық меңгерудің маңызы мынады:

  1. Сөзді морфологиялық құрамына қарай талдау және сөз жасау жаттығулары оқушының логикалық ойы мен тіл байлығын дамытуға өлшеу әсер етеді.

  2. Сөз құрамын оқып үйрену оқушының орфографияны толық меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз қалайды, өйткені қазақ тілі түбір сөздерін дұрыс жазу ережелері морфологиялық принципке негізделеді. Балалар сөз құрамы жөніен үйренген теориялық білімі мен сөзге талдау сөзді және оған жалғанатын қосымшаларды ұрыс жазуға заңдылықтарын саналы түрде бірте-бірте меңгере түседі.

  3. Сөз құрамы жөнінен теориялық материалмен танысу балалардың тіл туралы білімін кеңейтеді.

  4. Сөз құрамын меңгерту мен сөз жасау тәсілдеріне жаттықтыру , сөз тануға деген назары мен ынтасын аударады. Сөздің мәніне терең түсініп, дұрыс қолдана білуге сөз мағынасы мен формиаларының ара қатынасына зейін аударуға дағдыланады.

  5. Сөз құрамы бөліктерін үйретумен бірге сөздің қоры байиды. Сөз тіркестерінің байланысын табуға және өз ойларынан сөз тіркестерін жасауға , сөйлем құрау дағдысына машықтану арқылы оқушылардың ауызша , жазбаша сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасады , орфоэпиялық норманы сақтап, мәнерлеп оқуға және таза сөйлеуге үйренеді. Сөз құрамы тақырыбынан алғашқы ғылыми ұғымдарды меңгеріп, дағды алуы жас балалардың дүние танымының саналы қалыптасуына негіз болады.

Қазіргі бағдарлама бойынша сөз құрамы 2- сыныптан таныстырылады. Мұнда түбір мен қосымша туралы түсінік , қосымшаларды жұрнақ және жалғау болып бөлінетіні, бұлардың бір-біріне айырмашылығы , негізгі, туынды түбір жайында білім беріледі, қосымшалардың жазылу емлесі меңгертіледі. 3– сыныпта осы берілген ұғымдар кеңейтіле түседі, бұған қоса жұрнақтың түрлері , түбірлес сөздер туралы түсінік алады. 4- сыныпта күрделі яғни, туынды сөздер және олардың түрлерімен танысады, олардың әрқайсысының жазылу емлесін игереді. Сөз құрамын меңгерту төмендегідей міндеттерге жетуді көздейді.

  1. Жүйелі практикалық жұмыс процесінде түбір, жұрнақ, жалғау деген ұғымдарды саналы меңгеруді қамтамасыз етеді.

  2. Оқушылар орфографиямыздың морфологиялық принципті мәнімен танысады .

  3. Оқушыларды сөзді бөлшектеріне талдай алу іскерліген машықтандыру , яғни сөздің түбірін, жұрнақ жалғауларын тану, бірімен – бірі сөзге түрлі- түрлі жұрнақ ,жалғап, түбірлес бар сөз табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары атқарылады, сөйтіп түбір формасы бірдей , мағынасы басқа сөздерді түбірлес сөздерден , ал түбірлес сөздерді омонимдер мен көп мағыналы сөздерден ажырата білуге үйренеді.

  4. Оқушыларға дұрыс ережелерінің негіздерін білдіріп, олардың өз сөздеріне өте жиі қолданылатынын қосымшаларды пайдалануға назар аударылады.

Балаларға жаңа сөз жасату , лексикалық жаттығулар жүйесінде олардың актив сөздігін байыту, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар орындату, байланыстырып сөйлеуге үйрету міндеттерін шешу де көзделеді. С. Қазыбаев : «Сөз құрамы» тақырыбын өткенде, алдымен морфемалардың өзіндік белгісі практикалық жұмыс үстінде аңғартылады, содан соң ғана грамматикалық белгілі ұғымының анықтамасы түсіндіріледі. Бұл бақылау әдісіне негізделген жекеден жалпы ұғымға – қотындыға әкелетін жол , яғни индуктивтік жолмен жұмыс жүргңзгенде жатады. Ал , бастауыш оқушыларының психологиялық еркешелігі дербес ақуалдан, типтік фактілерді талдаудан жинақ қорытындыға келіп, ередже – анықтамалады үйрететін осы индуктивтік әдіспен жұмыс істеуді қалайда. Өйткені 8-9 жасар балардың абстракциялы ойлау қызметі әлі дами қоймайды» -дейді ғалым.
Сөз құрамының анықтамаларымекн танымтыру методикасында түбір мен түбірлес сөздердің мағыналық өзара байланыстарын бақылаьту әдісімен түсіндіріледі. Әр түрлі қосымшалардың жалғануымен бір түбірден өррбіген сөздер бір- бірімен салымтырыла талдатылады.
Содан кейін,барлық түбірлес сөздердің ортақ бөлімі -түбір табылады. Бұл арада сөздің сырт пішінінде, әсіресе , оның бастапқы бөлімінде құрылымдық жағынан ұқсастығы бар сөздерді оқушылар түбірлес сөздер деп шатастырады, соны ескеру керек. Ол үшін ондай сөздердің (түбірді білу) барлығына мағынасы ортақ бір сөздің негіз болып тұрғандығына нанымда мысалдар келтіру керек.
С. Қазыбаев еңбектерінде мынадай мысалдар беру арқылы қарастырған : «Ор» деген сөзді қосымшалар жалғап түрлендіру жолымен одан тараған түбірлес сөздердің бір тобы – зат есім, екінші тобы – сын есім, үшінші тобы- етістік сөздердің негіз алғанын танытуға болады.
Үлгі: 1. Ор-зат есім. –Орды қаз .
Орлы – сын есім. – Жерді терең орла. (ет.)
2 Ор – сын есім. – Ор ешкі.
Ор қоян.
Ор – етістік. – Егінді ор.Егін орағы . (зат есім)
Орғңыш жігіт (сын есім)
Бастапқы буыны сырт формасы жағынан түбірлес сөздерге ұқсас болып келетін сөздерді де балалардың түбірлес сөздер қатарына қосып, жаңылысатыны жиі кездеседі. Оны болдырмау үшін ормиан , орта , орын секілді сөздерді тақтаға жазып, салыстыру әдісімен мағыналарын анықтау қ ажет.
Үлгісі мынадай:
Орман- тоғай арасында көрінеді ақ шатыр.
Орта бойлы бала жігіт келеді.
Бұрын барсаң орын бар-
Деген сөйлемдерде орман, орта, орын сөдерінің әр қайсысы жеке- жеке мағыналары бар дербес түбір сөздер екені танытылады. Демек, ол сөздерден «Ор» деген негізгі түбірдің бөлініп шықпайтынына балалар ғылыми тұрғыдан дұрыс түсінік алды. Негізгі түбірден кейін тұратын сөз бөлшегі қосымша деген ұғым. Бұл екі сатыда түсіндіріледі. Әуелі сөзге жалғанып, оны жалпы түрлетіндіретін сөз бөлшектері. Қосымша деп аталатыны турасында кіріспе іспетті ұғым береді. Бұл тұста қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетіні айлы сөз қозғамайды. Одан әрі қосымшаның сөз мағынасын өзгертетінін және сөздің тек формиасын түрлендіретін екі түрлі болатыны түсіндіреді. Бұл а жаттығу септік жалғау жалғанып, текске өндіріледі де, сол сөздер таптырылып, жалғаудың сөз мағынасын өзгертпей , тек сөзбек сөзді байланысмтырып қана тұрғаны көрсетіледі. Ал жұрнақты жалғап, әлгі сөздің мағынасы түрліше болып өзгергені байқалады.
Сөйтіп, жұрнақ сөз құрамының мағына түрлендіретін деген бөлшегі қорытынды шығарылады. Сонысмен, сөздің бөлімі түбір, жаңа сөз тудыратын бөлімі- жұрнақ, сөз тудырмайтын бөлімі жалғау түйін жасалады. Бұлардың түбірге жалғану реті және бірінің үстіне бірінің еселеп те жалғана беретіні мысалдар арқылы беріледі. Мысалы:қосымшаларды таныстырғанды мына таблицаны пайдалануға болады:

  1. шопан жайлау- ды көрді

шопан жайлау- ға шықты
шопан жайлау- да болды
шопан жайлау- дан қайтты.

  1. Біз кеме- ші - лер- мен кездестік .

Бірінші – бір сөзге әр түрлі қосымша жалғанатынын, ол қосымшалар өзі жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа бір сөзбен байланыстырып тұратыны байқалады.
Екінші мысалдан түбірге қосымшалардың жалғану тәртібі көрінеді. Түбірге алдымен жұрнақ, одан соң жалғаулар үстемелеп жалғанатыны талданып таныстырылады.
Қорыта келгенде сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша дейміз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет