Құрамы туралы зерттеулер бастауыш сыныптарда сөЗ ҚҰрамын меңгерудің тиімді жолдары



бет5/7
Дата22.01.2023
өлшемі170 Kb.
#62348
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Түбір және туынды сөздерді оқыту

Екінші сыныпта өтілетін сөз құрамы тақырыбы бойынша үйретілетін білім мазмұны мынандай: негізгі түбір, қосымшалы сөз, қосымша, бір түбірге қосымшаның жұрнақ және жалғау болып екі түрге бөлінетіні, туынды сөз, қосымшалардың сөзге жалғану тәртібі.


Түбірмен таныстырғанда мысалға алынатын сөзім оқушыларға таныс заттың атын білдіретін сөздер болуы ескертіледі. Ал қосымшалардан оқушылардың тез түсінуге қолайлысы- көптік жалғаулар. Мысал үшін: гүл, күн дегенімізде бір гүл , бір күн деген ұғымды түсінеміз, оларға «дер» қосымшасын жалғап айтқанда, гүлдіңде, күнніңде саны әлде нешеу, көп деген мағына пайда болады. Енді осындай сөз мағынасына көптік мән беретін қосымшаны өздерің ойлаған сөздеріңе жалғап қандай өзгеріс болғанын байқаңдаршы, - деп балаларға өздік жұмысын орындату тәсілі қолданылады. Сонда оқушылар жете таныс кітап, дәптер, қалам, парта сияқты сөздерге көптік жалғауларын жалғап айтып, сабақ материалында айтып байытуға өз үлестерін қосады. Бұл арада көптік жалғау деген термин әзір аталмайды. Бірақ көптік жалғауды таныту қызметіне дайындық жасалып, балаларға оны практикалық тұрғыда байқату, түсіндіру мақсаты жүзеге асырыла бастады.
Одан әрі қосымшаладрдың түр-түрі кездесетіні, сөдер арқылы қосымшалы сөз жасалатыны көрсетіледі. Қосымшалардың сөздерді түрлендіретіні және сөзйлемдегі сөздерді бір бірімен байланыстырып, сөйлеу құруға қызмет ететіні бірте- бірте танытылады. Сонымен, бұл тақырыпьтан сөздің өзгермейтін бөлімін негізгі түбір ( түбір сөз) сөздің түбірге жалғанатын бөлшкгін қосымша деп атайтынымыз жөнінде екі ереже үйренеді жаттығы тапсырмаларын орындатқанды түбінр сөздерді қосымша сөзге айналдыру, қосымшалы сөзден түбірді таптыру немесе берілген сөздерде лайық қосымшаларды тауып жалғап жазу міндеттері орындалады,-дейді ғалым С.Қазыбаев . Осы жұмыстарға байланысты , тьүбір мен қосымшаға байланысты емле ережелері үйретіледі . Демек, түбірдегі дауыстылардың жуан және жіңшке дыбыс болуларына қарай қосымшалардың да жуан және жіңішке болып жалғанатыны, ал түбірдің соңғы дыбысының дауысты, қатаң, ұяң болуына сәйкес қосымшалардың алдыңғы дыбысының сондай дыбыстан басталып, үйлесіп жалғанатынына мысалдар арқылы бақылатып, жаздырып түсіндіріледі.
Мысалы: ән, оқу, аң сөздеріне – шы,-ші,-қыш,-ғыш,-гіш, қосымшаларының лайықтысын жалғау жөнінде ьапсырма беріледі. Сондықтан негізгі түбірлерден кейін үстемеленіп қосылып тұрған сөз бөлшектерін қосымша дейміз деп, осы қосымшалар сөз, қосымшалау сөз деген ұғымнан нақты білімге қарай жетелеп, сол қосымшалардың мағыналарын байқату жолымен жұрнақ, жалғау деген ұғымға әкелеміз. Рахметова бұл арада көронекіліктің орасан зор пайда келтіретіні мәлім,-дейді.
Әуелі жұрнақ таныстырылады. Ол үшін түбір мен жұрнақтың , сөздің мағыналары салыстырылады. Оны әр сөзге әр түрлі жұрнақ жалғап та, немесе бір сөзге әр түрлі жұрнақ жалғап та, байқатуға болады. Мұнда алынатын сөзіміз деректі заттың аты болуы тиіс.Мысалы: су-шы, су-лы,су-сыз,су-дан.Бұл ұғымға оқушылар түсінген кезде , сөз мағыналарын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз деген ереже беріледі. Одан әрі жалғаулардың мағынасы мен қызметі түсіндіріледі. Бұл арады бір сөзге бірде жалғау жалғап салыстырылады.
Ал оқулықта : « Екі түбірден құралған сөзді біріккен сөз дейміз». Олар бірігіп жазылады»,- деген анықтама айтылады да, аққу, күнбағыс, шаңсорғыш, балмұздақ, иитмұрын сөздері мысалға беріледі. Бұл сөздердің тиісінше ақ және қу , күн және бағыс деген екі-екі сөзден бірігіп, үшіншісі жаңа мағыналы сөз пайда балғанын таныту міндет көзделмейді . Өйткені біздің орфографиямызда біріккен сөздер сөздің өзіне тән айырым белгісі әлі егжей-тегжейлі дәлелденіп біте алмай келеді. Егер төртінші сынып оқушыларына екі түрлі мағыналы сөз пайда болады, - деген ереже берілсе, ғалым С. Қазыбаевтың айтуы бойынша « тоғыз жасар бала кез келген сөз тіркесіп келген жа ғдайда оларды біріккен сөздер тобына қосып қате түсіндеі». Ал ең бастапқы түсінік дұрыс, айқын болуы тиіс.Әйтпесе, оқушының не қате не жансақ ұққан түсінігін қайталап жөндеп алу өте қиынға түседі. Сол себептен жас балаларды жаңсақтыққа кезіктірмей , оларға біріккен сөзден мысал көрсету, жаздыру жолымен есте сақтау арқылы түсінік беріледі.
Сол үшін бақылау әдісі қолданылып, мысалға келтірілген біріккен сөздің қандай- қандай сөздерден екені таланып көрсетіледі. Одан әрі текстен біріккен сөздерді өздеріне таптыру тәсілі қолданылады. Немесе біріккен сөздер жасату тапсырмалары орындатылады.
Ғалым Әбдірахман Исабаевтың еңбегінде қазақ тілі бойынша талдауы , орындалу тәсіліне қарай ауыз ша да, жазбаша да, жүргізілетіндігі айтылады. Ауызша талдау көбінесе сыныпта , ал жазбаша талдау үйде өткізіледі,-дейді, Кейде бұл екеуін қосып өткізуге де болады,- дейді. Төртінші сыныпта берілетін білім көлемі, негізінде оқулыққа ендірілген сөздерді ғана меңгерту принципінде оқулыққа ендірілген сөздерді ғана меңгерту принципінде ұсталады. Оларда сөздің ішкі мәніне теориялық жағынан сақтауды талап етеді. Сол талапқа орай, 92 біріккен сөз енгізілген 86 адам, жер, су, жануар, өсімдіктер, деректі заттардың аттарын білдіретін зат есімдер. Мұндай біріккен сөздерді түсіндерген кезде әр және кім , бір және неше деген екі-екі сөз бірігіп «әркім» «бірнеше» «ешкім», «ешбір» деген жаңа сөздер жасалған деп айтып, жазылу үлгісін көрсетіп қана қоймай , сонымен бірге ондай сөздерді есте сақтау тапсырылады. Әйтпесе, олар қай-қай сөз таптарынан бірігіп тұрғанын түсіндіруге оқушылардың дайындығы жоқ деп айтада. С.Қазыбаева өзінің еңбегінде . Біріккен сөздерді оқытқанда ерекше көңіл бөлетін мәселе олардың жазылу емлесі бойынша бұл сыныпта төмендегі төрт жағдайды ескеру қажет.
Біріншіден, жалпы біріккен сөздердің қосылып жазылытандығы . Ол барша практикалық жұмысқа байданысты үздіксіз орындалып отырады.
Екіншіден , кейбір бірігіп жасалатын екі сөз аралығында к,қ, дыбыстарының г,ғ дыбыстарына айналап айтылатыны. Бірақ жазғанда тбірдей бұрынғы қалпы сақталады. К,қ дыбыстарының жазылатын көк жиек , қарақұс тәрізді сөздердің көкжиек, қарағұс болып айтылуын байқату, жаздырып дағдыландыру әдісімен түсіндіріледі. Осы арада мынаған тоқтала кетейік . оқулықта қырық аяқ түрінде жазылатын сөздің айтылуы қырығаяқ болып айтылады. Демек, қырық сөзінің соңғы бітеу бойындағы ы дыбысы келесі аяқ сөзінің басқы а дыбысының ықпалымен сөйлеуде түсіп қалады. Осы рақ буынындағы ы дыбысының түсіріліп айтылуы, кәдімгі ойын, орны, қырық сөздерінің соңғы буындарындағы Осы -рық буындағы ы дыбысының түсіріліп айтылуы, кәдімгі ойын, орын, қырық сөздерінің соңғы буындарындағы ы дыбыстарының оларға жалғанған дауысты дыбыс әсерімен түсіріліп, ойна, орналыс, қырқы түрінде айтылатын дыбыстық ережеге дәлме – дәл келеді. Алайда бұл ереже етілмегендіктен оқушыларға тек тәжірибелік тәсілмен түсіндіруге тура келеді. Ал ғалым С.Қазыбаев бастауыш сыныптардың қазақ тілі оқулықтарына осындай дүдемел мысалдар ендірілмеуі керек еді деген ой айтады.
Үшіншіден, біріккен сөз ішінде дауысты дыбыстың қатар келгенде, бір дауысты дыбыс арқылы айтылып, алдыңғы дауысты дыбыстың естілмейтіні, жазғанда, түбірлер өзгермей екі дауыстың да қатар жазылатыны меңгертіледі. Бұл да көз қанықтыру, жазып дағдыландыру әдістерімен үйретіледі.
Мысалы: Сарөзен, Қарарна болып айтылып солай естілетін жер – су атауларының екі түбірі де әуелі қалпын сақтап,Сарыөзен, Қараарна түрінде екі дауысты арқылы жазылады.
Төртіншіден, бірқатар бөлек жазылатын тіркес сөздердің емлесін оқушылардың есінде қалдыру үшін тапсырма орындалады. Ал, өзара байланысты сөз тіркестерінің жазылуы жөнінде ереже берілмейді. Мысалы: жан қалта, сағат қалта,сары май, тоң май сияқты сөздердің жазылуы түсінік беріледі. Жазылуын есте сақтау арқылы меңгерілетін бірге не бөлек жазылатын сөздерді көрнекі құралға ендіріп пайдаланса, сабақтың сапасы арта түседі. Балалар кітап оқығанда, н сөйлегенде біріккен сөздерді сол өзгеріске түскен қалпында айтып дағдыланады. Сөйтіп, балалар тексті жазылуына теріс оқымай, дыбысталып айтылуын дұрыс келтіріп, мәнерлеп оқуға машықтанады.
Бағдарламада берілген біріккен сөздердің жазылуы емлесі төмендегідей мәселерді қамтиды. Жалпы біріккен сөздердің қосылып, ол кісі және жер – су атауларының басты әріппен жазылатыны, біріккен сөздер сыңарларының арасында, екі дауысты дыбыс қатар келгенде екі түрлі жазылатыны: жер – су атаулары болса, екі дауысты дыбыс әріптерінің сақатлып, ал егер кісі аты болса, біріуінің түсірілетіні, яғни естілуі бойынша бір дауысты әріппен жазылатыны меңгеріледі.Бұл ережелердің ішінде кісі аты, жер –су аттары бас әріппен жазылатыны 1 сыныптан таныс, сондықтан ол тек жаттығу жұмысы үстінде қайталау есебінде еске түсіріледі. Сонда 4 сынып Үшін жаңа білім біріккен сөз туралы ұғымды, оның бірге жазылатыны, екі сөз аралығындағы көрші келген дауысты дыбыстардың сөйлеуде бір дыбыс арқылы айтылатыны, ал бұларды жазғанда, жер – су атауларында бастапқы түбірлері сақталып, морфологиялық принциппен жазылатынын, кісі атының фонетикалық принцип бойынша бір дауыстымен жазылатындығын меңгерту ғана болып саналады.
Мұғалім оқушыларға тіркес сөздерді біріккен сөздерден ажырата білуді, олардың бөлек жазылатын емілесін практикалық әдісін қолданып меңгереді. Алайда балалар бұл емледен оқулықтағы он тіркес сөздің жазылуын көріп, көшіріп алумен ғана толық түсінік алып үлгермейді. Сондықтан мұғалім сабаққа арнап біріккен сөздер мен тіркес сөздердің өзгеше жазылатын емілесін түсіндіру үшін салыстырмалы таблица жасап пайдаланады.
Осындай тәжирибе әдісінде оқушы мен мұғалімнің белсенді қарым қатынасы тікелей сезіледі, - дейді ғалыс Әбдірахан Исабаев өзінің еңбегінде . Таблицада тіркес сөздерді жаңартып, оқулық материалын толықтырады. Сонымен қатар тек қана тіркес сөздердің мысалын арттырып қоймай, онымен салыстырылатын біріккен сөздер де оқулықта берілгендірмен сөзбе – сөз болуға тиіс. Қазыбаев еңбегінде де осы әдістерді жиі кездестіреміз.
Символды көрнекіліктің ішінде таблицаны пайдаланған тимді, - дейді Қазыбаев. Ондағы таблица әрі ықшам, әрі негізгі тілдік деректерді тануға қолайлы етіп өрнектелген.
Сөз тіркестері Біріккен сөздер
Ат үсті тасбақа
Сары май жолбарыс
Жан қалта көкқұтан
Қол сағат аққу
Асқар тау кемпірқосақ
Шалқар көл әлде
Тайға таңба ешқандай.
Оқулықта біріккен сөздердің саны сексеннен астам екені жоғарыда айталыды. Демек, оқулықта берілген біріккен сөздер шеңбермен шектеліп қана қоймайды, басқа сөздерді талдап, біріккен сөзге жататын, жатпайтынын анықтау, оларды қатесіз жазуға үйретуі тиіс, - дейді ғалым методист Қазыбаев өз еңбегінде. Бұған оқушылардың шамасы келмейді деу дұрыс емес. Мұғалім мемлекеттік бағдарламамен оқулық материалдарын жан – жақты зерттеп, олардың бір – біріне сәйкесітігін және не оқы, не жетіспейтінін әбден анықтап алуы тиіс. Содан кейін үйретілетін білімнің мазмұнын жете түсіндіру үшін лайықты мысалдармен байыптап оқыту әдістері ойластырылады.
Енді осы сыныптың қазақ тілі оқулығындағы біріккен сөздер мағыналырына қарай саралағанымызда төмендегідей мәлімет алынады. Кісі аты – 23 сөз, адам ұғымын білдіретін әркім, ешкім, әрбір, ешбір, деген 4 сөз.
Жер – су аты 23 сөз, 15 деректі зат атау (қалған, фотосурет, автожол), өсімдік аты – 6 сөз, мезгіл атау – 2 сөз, құбылыс атау - оқулықта бір ғана сөз берілген – кемпірқосақ. Термин сөздер: тепловоз, аэроклуб, автовокзал – 3 сөз. Бұлардан тыс хана, стан, кент арқылы жасалған: шеберхана, Қазақстан, Жаркент, деген 3 сөз кездесті.
Енді осы сөздерді оқулық ережелеріне сәйкестігіне қарай ажыратып, барлығы да біріккен сөздердің екі түбірден құралып, әрі бірігіп жазылатындығы көрсетіледі. Ал, түбір аралығындағы қ дыбыстың г – ге айналып естілуіне 7 мысал, к – ның г дыбысына айналуына 13 мысал сәйкеседі. Жер – су аттарында қатар келетіні кісі атының бір дауыстымен жазылуы ережесіне 4 сөз мысал берілген. Сонда 50 сөз нанымды мысал болуға жарап тұр. Ал қалған отыз шақты сөз оқулық берген ережелерді бекітуге қызмет ете алмайтын сияқты, ғалымның айтуынша. Міне осы жағдай біріккен сөздердің емлесін қанықиыра түсіндіруге тіл фактілерінің аз талданатынын көріп отырмыз. Енді бір мәселе – жоғарыдағы елу сөздің ішінде Аманкелді, Жанқозы сөздеріндегі н дыбысының ң болып, Ақбөпе, тасбақа сөздеріндегі б дыбысының п болып, күнбағыс сөзіндегі н дыбысының ң болып айтылатыны жөнінде оқулық ешбір ереже бермейді.
Олай болса бұл сздердгі дыбыс өзгерістерін ескермей кете алмайды. Тиісті ұғымды, емлені түсіндіріп отырады. Ол үшін қажет болған жаңа тіл фактілерімен молынан пайдаланып, сабақ матералдарын байытады әрі оның білімдік мәнін толықтырады. Сабақ материалын жаңа біріккен сөздермен толықтыру жұмысына жаңа оқушылар да біраз үлесін қосады. Оқушыларға таныс бірнеше сөз беріледі де,солардың жаңа мағына беретіндей етіп екі – екі сөзді біріктіру тапсырылады да орындалады. Немесе бірнеше жеке сөздер беріледі. Сол сөздердің әрқайсысына біріккен сөз құрайтын жаңа сөз қосып белгілі бір тақырыпта шағын шығарма жазу тапсырылады. Көптеген жаттығу жұмыстарын орындау кезінде, бағдарлама бойынша белгіленген ережеге сәйкес әлденеше жаңа біріккен сөздер туындап, сабақ материалы кеңейе түседі. Келесі “қос сөздер” тақырыбын өткенде 4 сынып оқушылары қос сөздердің 3 түрлі жасалу жолымен танысады: бір сөздің қайталануы, екі түрлі сөздің қосарлануы және күшейтпе буын арқылы. Олардың дефис арқылы бөлек жазылатын емлесі үйретіледі. Қос сөздердің бір сөз сияқты бір түйдек екпінмен тұтас оқытылатыны, айтылатыны байқату, бақылату, жаттықтыру әдістерімен меңгеріледі. Қазақ тілі оқулығында қос сөздер тақырыбын оқытқанда жүргізілнтін практкалық жұмыстар үшін 20-дан астам жаттағу берілген. Бұлардағы қос сөздерді жасалу түріне қарай ажыратқанда, қайталама қос сөзде – 31, екі түрлі сөздің қосарланған түрі – 34, күшейтпе буын арқылы жасағандар – 20 сөз. Барлығы 85 қос сөз қатысқанын көреміз. Енді осы сөздерді мағыналық белгісіне қарай ажыратсақ, олар адам, деректі – дерексіз зат, жан – жануар, сын – сапа, сан – қимыл, мезгіл, бейне ұғымдарын білдіреді. Бұлардың ішінде ең көп орын алатын сын – сапа мәнді қос сөздер екнші орында- бейне мәнділер. Үшінші орында зат атаулары екен, ал ең азы жануарлар мен қимыл ұғмын блдіретін қос сөздер, олар екі – екіден, адам мен мезгіл мәнді қос сөздер де үш – үштен қатыстырылыпты.
Ал бағдарлама талабына оқулықтың бағыты сәйкес келмейді. Оқулық балаларға қос сөздерді сырт формасы бойынша танытуды көздеген сияқты. Ал бағдарлама сөздің тек формасын білдіруді ғана емес, мағыналық белгісін танытуды мақсат етеді. Мәселен, онда былай делінген: “Сыңарлары ұқсас және қарсы мәнді қос сөздер” оқытылады. Бағдарламаның қос сөздердің “ұқсас мәнді”, “қарсы мәнді” жеке айтқанда мәнсіз болып келетін сөздерден жасалатынын білдіруді көздеген талабы оқулықта ескерілмеген. Оған қарсы мәнді “кәрі – жасы, күні – түні , үлкені – кішісі, ашып – жұмғанша, жоғары – төмен” деген сөйлем ішінде кездесулері немесе бір сыңары, не екеуі де жеке айтқанда мәнсіз сөздерден жасалған “айқыш – ұйқыш, жарық – жұрқ, жауын – шашын, киім – кешек, темір – терсек, азық – түлік, қалт – құлт, жора – жолдас, тарс – тұрс, күтір - күтір” жалғауларда кездеседі. Соның өзінде жаттығу тапсырмаларда осындай сөздердің мағынасын назар аудару міндеті жүктелмейді. Ал оқулықта жаттығулардан қос сөздерді табу, көшірген қос сөздердің астын сызу талаптары ғана қойылады, сонымен қатар бағдарламаға сәйкес оқыту жағын қарастырған жөн болмақ. Мұғалімдер іс жүзінде солай істеп те жүр. Олар сабақ материалын өздері байытады. Жасаған көрнекі құралдарда, карточкаларында, талдауға алған мысалдарда қос сөздердің оқулықта келтірілгендеріне талайын қосып, пайдаланады. Қос сөздердің семантикалық, лексикалық мәндерін ашып көрсетеді. Сөйтіп оқушылардың сөздік қорын байытады, тіл байлығын арттырады, логикалық олауы мен дүниетанымын жетілдіреді. 4 сыныпта соңғы тақырып туынды сөздер ішінде қысқарған сөздер ішінде қысқарған сөздер 1980 жылдан бері өтіліп жатыр. Бағдарлама сөздің бірінші әріптерінен бірінші сөздің басқы буынынан келесі сөздердің басқы буындарыннан жасалатын түрлерін тануды және олардың жазылу емлесін үйретуді талап етеді. Қысқарған сөздерді өткенде методикалық жағынан ескерілетін мәселелер:

  1. оқушыларға сөзді қысқартып қолданудың артықшылығын аңғарту керек. Ол үшін сөзді толық жазуға, оны оқуға көп уақыт кететіні қысқарған сөзді жазудың, оқудың жеңілдігімен салыстырады.

  2. қысқарған сөздердің бас әріптерден жасалатын түрлерін (с,н,г,а,қ,ш) әріп аттарымен айтып, оқытып жаттықтыру арқылы практикалық дағды беріледі.

  3. Бас әріппен жазылатын және кіші әріптермен жазылатын сөздің бірінші әріперінен қысқарған сөздердің емлесін түсіндіру үшін жаттығу жұыстары орындалады, мұндай сөздер оқушылардың сөздіктеріне жаздырылады, әрі жаттатылады.

  4. қысқарған сөздердің мағыналарын дұрыс ұқтыру үшін олардың толық түрін айтқызып, жазғызып, білім бекіту жұмысы іске асырылады.

Қорыта айтқанда, мұғалім маетриалды мазмұнына, сипатына қарай, оны меңгерудің ең қолайлы деген әдістерін өзі белгілейді. Сонымен оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан – жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұнына ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Осындай әдістердің бірі сабақ барысында өздік жұмыстарын ұйымдастыру. Осындай жұмыстарды орындау процесінде оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуге баулу. Олардың білімге ынтасын арттырып, алған білімлердің іс жүзінде пайдалана білуге, оқыған материалдарын тиянақты меңгеруге жәрдемдеседі. Қазіргі кезде осындай жұмысьарға елеулі мән беріледі.
Осы жұмысты орындау барысында әр оқушы өзінің қандай тапсырманы орындайтынын, нені тындыратынын және қандай тәсілдерді қолданатынын білегні дұрыс. Сонда ғана оқушының еңбегі нәтижелі болады. Оқушының шамасына қарай өздігінен жұмыстың өздік жұмысының көлемін шағын, мазмұнын қарапайым етіп ұйымдастыруды, мұндағы жұмыстар көбінесе әртүрлі карточкалар, перфокарталар, оқулық, кроосвордтар, ребустар арқылы іс жүзіне асырылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет