Қосымшаларды оқыту
“Білімнің негізі - бастауышта”, - деп тегін айтылмаған. Бастауышта сынып оқушыларының зейін тұрақтылығы әр түрлі. Олардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыруды, ой - өрісін жетілдіруде, ойлау мен сөйлеу тілін дамытуды ойын элементтерінің орны ерекше. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері дамитын атақты педагог Макаренко атап көрсеткен, бауырмалдық, жанашырлық, үлкенді сыйлау, кішіні қамқорлыққа тәрбиелеу, қуыршақпен ойнату арқылы іске асырылады. Әрбір сабақтың тақырыбына сай көрнекті құралдарды қолдана отырып, ойын түрінде жүргізілген сабақтан түсінгендерін оқушылар естерінде ұзақ сақтай алады, ойынға дұрыс қатысқан болса, бала дұрыс сөйлеуге, өз ойын жүйелі баяндай білуге дағдыланады, дүниетанымы кеңейді. Көрнекті ғалым А.Байтұрсынұлы айтқандай, бала тілін дамытуда сөз үйретіп, сөзік қорын молайтуда өте тиімді әдістердің бірі-ойын, атап айтқанда, ол баланы ойната отырып, ойланатын әдістер қолданса деген. Екіншіден, сөздердің құрылымдық жақтарын баланың ұғымына түсінікті ойын тәсілімен жеткізуді талап еткен. Осындай ойындардың шарты:
“Түбірді жалғастыр”. Балаларды екі командаға бөліп, мұғалім бір түбір сөз айтады, бірінші қатар жұрнақ жалғап айтады, екінші қатар жалғау жалғап айтады, ұшінші қатар осы сөздермен сөйлем құрайды. Олардың мағынасын түсіндіреді. Қай команда жылдам және көп сөз жасаса, сол команда жеңеді. Мысалы: гүл, күн, балық, домбыра, қой. Айтып не болмаса суреттерін көрсетіп ойнауға болады. Басталатын сөз болатын сөз карточкасы жасалады. (барлығы 40)
1 ойын. Бас, бастық, басшы, босқа, баспалдақ, басшылық, басқарушы, бассар, бастас, басым, бассыз, бастықшыл, басты, бастама.
Еңбек, еңбекші, еңбекқор, еңбетес, еңбекшіл, еңбектік, еңбекқор.
Бала, балалық, балалы, баласыз, балажан, балапан.
Су, сушы, сулық, сулар, сулы, суат, сусар, сума, суық, сушыл.
2 ойын. Жұмыс, жұмысшы, жұмыскер, жұмыстық, жұмыстас, жұмысшыл.
Оқу, оқ, оқушы, оқулық, оқымысты, оқтау, оқшау, оқытушы, оқырман, оқпан.
Ас, астық, астар, аспан, аспаз, асхана, асыр, асық, асыл, асфальт, Асқар.
Ой, ойшыл, ойын, оймақ, ойлау, ойлан, ойық, ойыс, ойнақ.
Әрбір ойын үшін жасалған сөз карточкалары оқушыларға таратылып беріледі. Қызылмен жасалған 4 сөздің біреуін алған оқушы оны тақтаға іледі. Сөзбен түбірлері бірдей сөз карточкалары бар оқушылар отырған орындарына қарай тақтаға ілетін болады.
Қалған үш сөз тобы да осылайша ойналады. Қазақ тілі пәніне тек сабақ кестесінен ғана жүрмей, кластан тыс уақытта да олардың білімдеріне байқау жүргізуді қолдануға болады. Мұнда “Қызық грамматика” ойындары қолданылады.
“Сөзтізбек ойыны” Бір жұмбақпен айтқызып, мысалы: “Үй үстінде алты тас, алайын десе табылмас”. Жұмбақтың шешуіне сәйкес сөзтізбегін құрату, тізбектегі ойластырған сөздердің мағынасына назар аудару.
Жұлдыз
О
Рахмет
А
Р
А
Қағаз
А
М
А
Нан
ұ
ребус т.с.
“Не қажет” Бұл ойын “Сөз және оның құрамы” “Түбір мен қосымша”, сөздердің байланысы сөйлемдегі тақырыптарын өткенде жүргізіледі. Қатысушыларға карточкалар үлестіреді. Үлгісі: балалар серуен шық
Олар орман іші кел
Биік өскен ағаш көрін деген бірнеше карточкалар таратылады.
Әрбір оқушы өз карточкасындағы сөйлем сөздерінің қойған қосымшаларын тауып, дәптеріне тез жазуға тиіс. Дұрыс әрі тз орындаған оқушы жеңген болады.
“Ұқсас қайда?” ойыны үшін бір түбірден құралған, бірақ әрқайсысы жеке мағына беретін бірнеше сөз карточкалары жасалады. Ойынға 4 түбір сөз алынады. Олар қызыл сиямен боялады. Сонан соң осы түбірден сөз құрамы тақырыбынан алынаған білім деңгейі қай дәрежеде екенін, оны жетіп меңгере алғандығын көрсету өтілетін жұмыс.
“Грамматикалық домино” ойыны, ойынға екі не үш және 5 оқушы қатсу керек. Бір карточка ерекше қызыл сиямен боялады. Ойынды қызыл карточкасы бар бала бастайды. Кім бұрын қолындағы доминоны тауысса, сол жеңеді. Бұл ойынды қазақ тілі сабағында қолдандым. Қатты картоннан 8х4 см. Көлемінде 28 домино дайындау. Ойынға 7 сөз алынады (туынды сөздері). Ойынға 4 оқушы қатысады, әр доминоға екі сөз жазылады.
Сол сөздердің құрамына талдау жасау.
Сөйлем құрау (балықшы, орындық, әнші, көзілдірік, байлық, ойыншық). “Сөз құрамы” тақырыбына арналып құрастырылған кроссвордтар мен анограммалар:
1.
Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі. (жеміс)
Көлдің беті көк әйнек. (мұз)
Балық аулайтын зат. (қармақ)
Үлкен алып табақтан әлемге нұр таратқан. (күн)
Суда өседі, сыртқа шықса өледі. (балық)
Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (қалам)
Егер дұрыс шешсең, белгіленген торкөзден сөздің бір бөлігі шығады. Оған анықтама бер, мысал келтір.
2.
Сөздің мағыеалы бөлешгі. (түбір)
Қосымша арқылы туған сөз. (туынды)
Балық аулайтын кісі. (балықшы)
Түбір сөзге қосылатын бөлшек. (қосымша)
3.
Кешкі мерзім. (түн)
Орманда отыр, күндіз көрмес соқыр. (үкі)
Араның еңбегімен келетін дәм. (бал)
Суырдың үйі. (ін)
Алғыс айту. (рахмет)
Дұрыс тапсаң, басқы әріптерінен сөздің мағыналы бөлшегі шығады. Қандай бөлшек, анықтама бер.
Қорыта айтқанда, осындай жұмыс түрлері сабақ соңында немесе қайталауда пайдаланса, ол оқушыларды сергітумен қатар, олардың алған білімдерін қорытындылауға көп көмегін тигізеді.
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ және жалғау.
Сабақтың мақсаты: Сөз және оның құрамы бойынша ұғымдарын жинақтау. Сөз туралы ұғымды пысықтау. Оқушыларға қосымшаның қызметі әртүрлі болатынын, яғни, жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру, айыра білуге үйрету, айырмашылықтарын байқату. Сөздің құрамына қарай талдауды меңгеру, ойын арқылы әдептілікке тәрбиелеу.
Оқыту әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, салыстыру, ойын әдістері.
Көрнекілік: Кесте, суреттер, сөздер кассасы, үлестірме қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Өткен сабақты пысықтау (сұрақ – жауап әдісі)
“Түбір мен қосымша”
Ережелерді жатқа сұрау, мысал келтіру.
А) Түбір дегеніміз сөздің өзгермейтін бөлігі. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлімі түбір сөз дейді (гүл, күн, көк, балық, домбыра).
ә) Қосымша дегеніміз түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз (домбырашы, гүлдер, көкшіл, балықтың).
3. Пысықтау жұмысы. Берілген сөздерге тұсындағы қосымшалардың тиістісін қосып жаз.
Бала / - ға, ге
Түр / - нің, ның
Есік / - ты, ті
Қала / - лық, лік
Жаңа сабақ.
Түсіндірме сөз (баяндау әдісі).
Кестенің көмегімен балалардың сөз туралы білетін ұғымдарын еске түсіріп, жинақталады. Содан кейін түбір сөзге әр түрлі қосымша қосып, нәтижесінде не пайда болғанын байқатылады. Мысалы: балалар мына кестеде
“бала” сөзі түбір сөз бе, қосымша қосылған сөз бе?
Ендеше осыған қосымша қосып көрейікші бала – ның.
Сөйлем құрайық. Мысалы: баланың ақ көйлегі бар. Мұндағы бала сөзінде жалғанған қосымша сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаларды “жалғау” дейміз. Келесі “жылқы” түбір сөзіне –шы қосымшасын жалғап көрейік – жылқы – шы. Жылқышы сөзі пайда болады. Осы туынды сөзді талдайық. Мұндағы түбір сөз “жылқы”, яғни, малдың түрін білдіріп тұр. Ал туынды сөзге көңіл бөлейік – жылқышы. Жылқышы деп сол жылқы малын бағатын адамды айтады. Мұндағы қосымша сөз мағынасын өзгертті. Яғни, сөз мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз. Тек осы анықтамаларға жүктеліп, бұл екеуінің ара жігін ажыратып, олардың қызметтерін толық танып білу жеткіліксіз. Себебі, бұл тақырыпқа бірнеше сағат берілген. Әр сағат сайын оқушыларға толық терең түсіндіріліп, пысықталады, салыстырылып, талданады.
Пысықтау жұмысы.
Қала/ - лық колхоз / - шы
Қала / -ға колхоз / - мыз
Көл / -шік бес / - інші
Көл / - де бес / -ке
Берілген түбір сөзге қосымша қосып, екінші бағандағы сөздермен байлаыстыр.
Аула / шықтым Автобус / келдім
жүр міндім
көрдім. түстім
көрдім
Төмендегі байланысқан сөздердің түбірін бөліп алып, оларға басқа қосымша қосу арқылы жаңа сөз жаса.
Шаңғымен балташы оқуым
жұмысқа домбырамен балалар
Сабақтың қорытындсы: Жаңа тақырыпты пысықтау үшін сұрақ қойылады.
Түбір сөз деген не?
Туынды сөз деген не?
Жалғау, жұрнақ деген не?
Олардың айырмашылығын атаңдар?
Бірнеше мысал келтіру.
Бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма беру. 210 жаттығу, 15 бет.
3 сынып ІІ тоқсан.
Келесі бірнеше сабақтарында жалғау мен жұрнақ тақырыптары пысықталады. Бағдарламада бұл тақырыпқа 8 сағат берілген. Жеткілікті деп санаймын. Барлығы сөз құрамын берілген 3 сыныпта 28 сағат. Осы сабақтың тақырыбын әрі қарай тереңірек жалғастыру сабақ барысында қолдану ерекшіліктерін айтуды жөн көрдім.
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздің түрлерін пысықтау.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік жағы – қос сөз туралы түсініктерін кеңейту, ой өрісін дамыту, сөз қорын байыту. Күшейтпелі буын қосу арқылы жаңа мағыналы сөз жасауға болатындығын меңгерту, қайталану арқылы жасалатын қос сөзерді меңгеріп, түрлерін ажырата сөйлеуде қолдануға үйрету.
ә) тәрбиелік мақсаты – қазақтың әдеп – ғұрпын, салт – дәстүрі туралы түсінік бере отырып, инабаттылыққа тәрбиелеп, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тырыстым.
Б) ой өрісін дамыту – сұрақ – жауап арқылы, талдау, жинақтау, ойын әдістері арқылы ой өрісін арттыру.Сабақтың көрнекілігі: Буклет (бұзау, құлан, қозы, бота, бие, сиыр, қой , түйе бейнеленген суреттер, карточкалар, сыйлықтар, Алдаркөсенің қоржыны, жұмбақтар, магнитафон, қос сөздер жазылған таблица).
Сабақтың барысы:
Бір оқушыны Алдаркөсе қылып киіндіріп, сабақ бастадым. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін, сабақты ойын – сауық түрінде жүргіздім.
Магнитофоннан Сарыарқа күйі ақырын естіліп тұрады.(Құрманғазы күйі)
Тақтаға мал өрісі салынған сурет ілінеді.
Балалар, сәлеметсіңдер ме?
Біздің бүгінгі сабағымыз мал өрісінде өтеді, - деп бастадым.
Сабағымыздың кейіпкерлері төлдер, оның қай – қай түрлерін білесіңдер? (Атағаннан кейін буклетті көрсеттім).
Онда нелер көріп тұрсыңдар? (бота, құлан, бұзау, қозы)
Осы сәтте есік қағылады. Есекке мінген Алдаркөсе кіреді.
Балалар, біздің сабаққа қонаққа кім келді? – Алдаркөсе.
Алдаркөсеге сәлем берейік!
Ассалаумағалейкум, Алдаркөсе! (бір бала шығады)
Алдаркөсе өзімен бірге қоржын ала келіпті, - дедім одан әрі, - қоржында бізге әкелген сыйлықтары бар екен. Әкелген сыйлықтарын алу үшін, сабаққа жақсы қатысуға тиіспіз.
Өткен сабақты (Қос сөз) пысықтау үшін “Төлдерді өріске айда” атты ойын ұйымдастырылып, оқушыларға төрт түлік малдың суретін таратып, төлдердің атын айтқызу, олардың сыртына мынадай сұрақтар жаздым.
Иілді тал шыбық
Қораға тығылады
Қозы – лақ шұбырып.
Өлеңді мәнерлеп оқып, қос сөзді тап.
Жұмбақты шешіп, қос сөзді тап.
Қос дегеніміз не?
Қос сөз қалай жасалады?
Қос сөздерге сөйлем жаз.
Сұраққа жауап берген оқушылар малдардың суреттерін тақтадағы “Өріске” апарып қойды. Сергіту сәтіне “Қошақаным” әнін тыңдаттым. Тақтадағы сөздерге көңілін аударып: қап – қап, ата – ана, сырт – сырт, үлкен – кіші сөздерін оқытып, “Бұлар қандай сөздер? Қос сөздер қалай жасалған? Қос сөздер қалай жазылады?”, деген сұрақтарға жауап алдым да, өз ойларынан бір сөздің қайталануы арқылы жасалған тағы да бір қос сөз жаздырдым.
Ұққандарын бекіте түсу мақсатымен көру диктантын жаздырып, ішінен қос сөздерді таптырып, астын сыздырдым. Диктанттың мазмұны: Әдептілік, ар – ұят адамдықтың белгісі. Ақтылы – көктілі көбелектер қалт – құлт етіп, екеу – үшеуден жарысып ойнайды.
Тексеріп бағаладым.
“Төлдерді шақыру” ойыны.
Балалар біз төлдерді өріске айдап жібергенбіз.Енді оларды қалай шақырамыз? Кеш болып қалды.
Балалар төлдерді былай шақырады:
әукім - әукім
шөре – шөре
құрау – құрау
қос – қос
Тағы да сөздерге байланысты сұрақ қойып, жауап алдым. Оқушылар “Қос сөздер бір сөздің қайталануы арқылы жасалып тұр.”, деген қорытынды өздері жасады.
Әрі жаттығу, сергіту, әрі алған білімдерін қорытындылау мақсатында Алдаркөсені пайдаландым.
Енді жұмбақтар, жаңылтпаштар басталды. Жұмбақ шешіп, ондағы қос сөздерді табыңдар. Жаңылтпаштарды жақсы айту, ішіндегі қос сөздерді айту. Қалай жасалыпь тұр?, - деп алдын ала дайындаған жұмбақтар мен жаңалтпаштарды оқыттым.
Қабат – қабат киінген
Төбеден шашы түйілген
Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен.
Шыр – шыр етеді
Құлағыңнан өтеді
Ұстай алсаң
Сөйлеп кетеді.
Үлкен – үлкен
Қалаларда жүреді.
Табаны темір
Төбесінде жүрегі.
Жерге тырс – тырс тамады
Сайға сылдыр ағады.
Шешуін кім табады?
(пияз, телефон, трамвай, жаңбыр)
Жаңылтпаштар: 1. Ас үйге асты таси – таси
Әси ас үйге асты
Шаошады таси – таси.
2. Тарта – тарта қойдым
Орта – орта қойдым
Жорта – жорта қойдым.
Тәтті қақ
Қап – қап қақ,
Алма қақты
Көп қақпақты.Алдаркөсе әкелген сыйлықтарды оқушыларға таратып бердім. Ең жақсы жауап берген оқушыға қоржынына шапан суретін бердім, келесі оқушыға тымақ суретін бердім. Ешқайсысы да сыйлықсыз қалмады.Сабақтың қорытындысы: Пысықтау үшін қойылатын сұрақтар.
Қос сөз дегеніміз не?
Қайталама қос сөздерге мысал айтыңдар?
Екі түрлі сөздің қосарлануына мысал келтіріңдер.
Күшейтпе буын арқылы жасалатын қос сөздерге мысал келтіріңдер. Әр қайсысының мағынасын түсіндіру.
Үйге тапсырма. Мысалдар оқып келу, мағынасын түсіну.
Достарыңызбен бөлісу: |