СӨЗ ҚҰРАМЫ – МОРФОЛОГИЯНЫҢ БАСТЫ ОБЪЕКТІСІ
Сөз құрамының қарастыратын мәселелері
Грамматика сөзді тексергенде фонетикаға да, лексикаға да сүйенеді, олармен тығыз байланыста отырып, сөздің сырын ашады. Сөзден сөз тудырып, оларды бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:
Сөз құрамы.
Сөздің жасалу жолдары.
Жалғаулардың жалғану тәртібі.
Сөз таптары олардың қызметі.
Әрбір сөз табына жататын сөздердің түрленуі және өзгеруі.
Зерттеу жұмысының актуальдылығы-
бастауыш сынып оқушыларының ең қиын тақырып екендігіне, оның себептерін ашып, қиындықты жеңу жолдарын практикада, іс жүзінде көрету.
Зерттеудің теориялық мәні- аталған проблеманың төңірегіндегі ғалымдар көзқарасына талдау беру.
Зерттеудің практикалық мәні- сабақ үлгілері арқылы тақырыпты меңгерту жолдарын қарастыру.
Қорыта айтқанда, тіліміздің болашағы сәби тілінен басталады. Сол тілдегі сөздің мағынасын сезіп, асыл ойын көңіліне тоқып өссе, педагог үшін одан жоғары мақсат та, мұрат та жоқ.. Морфологияның негізгі міндетінің бірі-сөздің грамматикалық құрылысы дегенде, әрине, біз ең алдымен сөздің морфологиялық тұлға –тұрпатын сөз етеміз. Сөйлеу дағдысында әр сөз белгілі заң бойынша сөздермен қарым-қатынасқа түседі, қилы өзгеріске ұшырап, әр түрлі қызмет атқарады.
Морфология сөздерді, олардың қарым-қатынастарын сол тілдің өз жүйесінде бар, сол жүйенің қалыпты бір көрінісі, бөлшегі ретінде талдап, оларды бір-бірімен ұштастырып қарайды. Өйткені сөзден сөз талдау, сөзді түрлендіріп өзгерту, сөз бен сөзді жалғастыру амал-тәсілдерін алсақ, олардың қай-қайсысы болсын, әбден қалыптасып, орныққан, әрі үнемі қолданылатын дағдысы, жүйелі құбылыстар.
Осы себептен сөздер морфологиялық құрылысы жағынан әр қилы болады. Сол әр қилылық сөздердің құрамының әр түрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Мысал алып сөздің құрамы деген ұғымды анықтайық. «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл » (Абай), -деген сөйлемдегі тілі, тіл, тілсіз сөздері сөйлеу қажетіне қарай өзгертіліп қолданылған. Өзгеріс сөздердің сыртқы көрінісінен айқын көрініп тұр. Бұлардың ортақ формасы тіл деген түркі бөлшек сыртқы формасының үш түрлі болу ерекшеліктеріне қарай, мағыналық өзгешеліктері де бары даусыз. Мұндағы тіл деген түркі бөлшек сөздің негізгі лексикалық мағынасы не, ол бөлшек адамның мүшесі әрі қоғамдық қатынас құралының аты. Ал тілі дегенде – і бөлшегі құралды үшінші адамға (ғашыққа) желіп тұрса сіз бөлшегі (тілсіз) сөзі жоқ тіл деген мағынаны білдіріп тұр.
Сөздің лексикалық, грамматикалық мағыналарын білдіретін осындай бөлшектер морфемалар деп аталады.
Морфема- гректің mopphe (форма) деген сөзінен алынған термин. Олар түрлі болады.
білдіретін мағынасының сипатына қарай.
Сөз ішіндегі орнына қаай.
Сөз ішіндегі атқаратын қызметіне қарай.
Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтері бірдей емес. Ең алдымен, ол морфемаларды түбір морфема және қосымша морфема деп негізгі екі салаға бөледі.
Мысалы, бастық, тілші, келісім сөздерінің құрамында түбір морфема да, қосымша морфема да бар. Түбір морфеа сөздің ұйытқысы, ал ең негізгі морфема: бас, тіл, кел.
Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша сағына үстейтін морфемаларды айтамыз.Қосымша морфеманың бір де –біреуі, бірнешесі қосылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайды.
Мысалы: Жолы берді жолдас дейді. Жолы, жолдас- түпкі морфемасы жол, ал қосымша морфемалары- -ы,-дас. Жеке тұрғанда ешқандай мағынасы жоқ.Осындай мағыналары мен қызметтеріне қарай сөзден –сөз тудыратын қосымшалар жалғаулар деп аталады.Ал енді жұрнаққа тоқталсақ, мағынасы мен қызметіне қарай, жұрнақтарды сөз тудыратын және форма тудыратын жұрнақта деп екі салаға бөлуге болады. Сонымен қатар, кейбір жұрнақтар әрі сөз тудыратын, әрі форма тудыратын синкретикалық морфема есебінде қызмет ете беретін (мыс: ойыншық, борасын) жалғаулар, жұрнақтар да, форм тудыратын қосымшалар да, сайып келгенде, сөздің формасы деген ұғымға енеді және өзара бір-бірімен тығыз байланысты.Бірақ қаншалықты байланыста боғанымне де оларды өзара миластыруға да, бірін-бірімен теңестіруге де болмайды.
Өйткені олардың бәріне тән ортақ жалпы заңдар, жалпы қасиеттер бола тұрса да, өзді - өздеріне ғана тән ерекшеліктері, соған лайық өз заңдары бар. Сол себептен бұларды бір –бірінен ажырату қажет.
Сөзден сөз тудыратын жұрнақтардың қай-қайсысы болсын, сөзге (түбірге) жаңа лексикалық мағына үстемелейтіндіктен өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады. Мысалы: ек, егу, егін, егіннен, егінші, егіншілік сөздерінің түбірі бір болғанымне, олардың әрқайсысы басқа-басқа ұғымдарды білдіреді. Форма тудыратын жұрнақтар да сөз тудыру категориясына жақын. Бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл жұрнақтың мағынасы мен қызметі жағынан сөз тудыратын жұрнақтар мен сөз байланыстыратын жалғаулардың екі арасындағы, демек, екеуінің де ерекшеліктеріне жуықтайтын категория деп қарауға болады. Демек, бұл жұрнақ сөзді өзі жалғанғаннан кейін де сол сөздің түбірден негізгі лексика-семантикалық қазығынан алшақ әкетпейді.Мысалы: кел, келме, келер, келе, келсе, келгелі, келеді.Түбірге жұрнақ жалғанғаннан кейінгі форма негіз я туынды түбір деп аталып жүр. Мысалы: егіншілік-ек Түбір сөзіне әуелі –ін, одан кейін –ші, одан кейін –лік жұрнақтары қосылған. Ұйы-м-дас-тыр-у-шы-лық, осы сияқты сөздер туынды сөздер деп аталады.
Жұрнақтар құрамы жағынан бір дыбысты да, екі дыбысты және одан көп дыбыстар да бола береді. Сөз формалары да- тарихи құбылыстар. Демек, тілдің грамматикалық құрылысының дамуы, жетілу ерекшеліктерімен байланысты, сөз формаларының да бірте-бірте өзгеріп я ауысып, я жаңадан қосылып, немесе, керісінше, қолданудан шығып қалып отыруы-заңды нәрсе.
Бұған тіл-тілдердің грамматикалық құрылыстарды, олардың формалары замандар бойы бірте-бірте даму, жетілу, ауысу, жаңару, көнеру процестерінің нәтижесінде пайда болдған деген жалпы қағиданы сөз етпей –ақ түрік тілдеріндегі морфологиялық формалар бұрынғы кездегі синтаксистік формалардың дамуын туған дейтін пікірді айтса да жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: |