1 - тарау. Жалпы ережелер
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алуқажеттіліктерін есепке ала отырып әзірленген.
Оқу бағдарламасы оқушылардың жастық танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әрбір оқу пәнінің икемдер мен дағдылар, білім мазмұны мен көлемін анықтаушы оқу-нормативтік құжат болып табылады.
Ақыл-ой қалықтығы жеңіл оқушыларға арналған «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» курсының мазмұнында құрылымы бойынша жеңілдетілген, көлемі бойынша қысқартылған, білім жүйесін қарастыру деңгейі бойынша қарапайым, сонымен бірге онда аталмыш білім саласына тән құрылымдық тұтастық сақталған.
Ақыл-ой қалықтығы жеңіл оқушыларға арналған «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт»пәнінің мақсаты әртүрі тұрмыстық және әлеуметтік жағдайлардағы белсенді және дербес болуға мүмкіндік беретін оқушылардың арнайы әлеуметтік-бейімдік икем мен дағдыларын қалыптастыру.
5. Оқу пәнінің міндеттері:
білім алушылардың тұрмыстық еңбектік дағдыларын қалыптастыру;
білім алуышыларды әртүрлі кәсіпорындар мен мекемелерде бағдарлауға (сауда, тұрмыстық қызмет, байланыс, мәдениет, медициналық көмек), ондағы қызмет түрлерін пайдалана білудің қарапайым дағдыларын үйрету;
білім алуышыларды әртүрлі кәсіпорындар мен мекемелерде бағдарлауға (сауда, тұрмыстық қызмет, байланыс, мәдениет, медициналық көмек), ондағы қызмет түрлерін пайдалана білудің қарапайым дағдыларын үйрету;
Жақын және танымайтын орта адамдарымен қарапайым түрде тұрмыстық қатынас орнату;
Психофизикалық даму кемшіліктерін түзеуге ықпал етеді; сөздікті байыту және жүйелендіру; ауызша диалог пен монологты дамыту.
5. Оқу бағдарламасы әлеуметтік кеңістікте бағытталатын икемдер, оқу қызметтерін дербес игеру жолдарын дамыту, пәндік салалар бойынша икемдерді игеру және оқушылардың білімді игеруі үшін «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» пәнінің әдістемелік әлеуетін пайдалануға бағыттайды.
6. Оқу бағдарламасында арнайы мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдерінің сипаттамасымен бірге оқу-нормативтік құжаттардың дәстүрлік қызметтерімен үйлеседі. Оқу тәсілдері пән бойынша оқу бағдарламасының жаңа құрылымын құрудың негізгі бағыттары болып табылады.
7.Құндылықты-бағыттық, қызметтік, тұлғалық-бағыттық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапқан білім беру процесінің нәтижелері мен оқыту мақсаттары жүйесінің басымдылығын күшейу үшін ұолданылады.
8. Тұлғалық-бағыттық білім беруді жүзеге асыру өзара қарым-қатынастар күштеуге жол бермей, білім беру процесінің барлық қатысушыларының одақтастығы үшін алғышарттар құрайтын оқытудың белсенді әдістерін пайдалану кезінде мүмкін болады.
9. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды қызмет тәсілдері, идея, білім алмасуды ұсынатын шынайы шығармашылық процесстегі оқушылардың өзара қарым-қатынас жасау моделіне айналдырады.
10. Қазіргі деңгейдегі оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі оқушының білімді өз «күшімен» алуына атсалысуды қйымдастыру болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды, сондай-ақ тұлғалық қасиеттерді иеленуіне ықпал етеді, ол оған оның жеке қызығушылықтарын анықтауға, конструктивтік шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Оқушылардың белсенді танымдық әрекеттері мұғалімнің серіктес, кеңесші ретіндегі қолдауы кезінде тұрақты сипатқа ие болады.
11.Тұлғалық-бағыттық білім берудің мұндай сипаты өзара қарым-қатынаста күштеуге жол бермейтін білім беру үрдісінің барлық қатысушылары үшін серіктес болудың алғышарттарын құрайтын оқытудың интербелсенді әдістерін пайдалану кезінде мүмкін болады.
12.Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды өзара білім, идея, әрекет ету тәсілдерін ұсынатын шынайы шығармашылық процесс барысында оқушылардың қарым-қатынас жасау үлгісіне айналдырады.
13. Нақты пән бойынша оқу бағдарламасы аумақтық сипаттағы материалдарды пайдалануға бағытталған оқу қызметін ұйымдастырудың танымдық және әлеуметтік жоспарындағы оқушының белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері). Аталмыш пән бойынша оқыту мақсаттарына қол жеткізу шеңберінде жүзеге асатын тәрбиелік сипаттағы жобалық қызмет ата-аналармен, жергілікті бірлестік өкілдерімен ұйымдастырылуы мүмкін.
14. Оқу бағдарламасында «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» оқу пәнінің мазмұнын анықтау үшін қолданылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түріндегі кұтілетін нәтижелер зинақталған. Мазмұндық аспектіде оқу бағдарламасы тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі және өз субьектісі ретінде оқушыны тәрбиелеуге қосатын оқу пәнінің үлесін аша түседі. Ақыл-ой қалықтығы жеңіл түрде бұзылған оқушыларға арналған «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» оқу пәнінің мазмұны ұсыныстық сипатқа ие. педагог оқушының мүмкіндіктері мен білім алудағы айрықша қажеттеліктеріне байланысты әрбір сынып оқушысын оқытудың қарқыны мен мазмұнына кез-келген өзгерістерді ендіре алады.
15. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» пәні бойынша білім беру процесінің мазмұны оқыту мақсаттарына бағынады және оқушының алған білімін, дағыларын шығармашылық тұрғыдан сабақта және өмірде пайдалана алу дайындығын қалыптастыруға бағытталады,жетістікке жету табандылығын дамыту өмір бой оқуға ынталандырады.
16. Кең ауқымды дағдылармен қатар тұлғалық қасиеттерді дамыту оқушыларды іргелі құндылықтарға баулудың негізі болып табылады, олар: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «сыйласым», «серіктестік», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу». Бұл құндылықтар күнделікті мінез-құлық пен әрекеттерді стимулдап отырушы оқушының тұрақты тұлғалық бағыты болуға ұсынылады.
17.Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт пәнін оқыту процесінде келесі пәндермен пәнаралық байланыстар орнату қажет:
1) Орыс тілі. Тұжырымдарды, ұсыныстарды, ойды дұрыс жеткізуде орыс тілінің ережелерін қолдану;
2) Математика. Есептеуіш және өлшеуіш дағдыларын пайдалануды талап ететін өмірлік ситуацияларды пайдалану;
3) Қазақстан тарихы. Қазақ халықының дәстүрі, тұрмысын көрсететін ситуацияларды пайдалану.
2-тарау. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
18. Жаратылыстану бойынша оқу үрдістерін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері арнайы педагогиканың қағидаларына сәйкес жүзеге асады:
1) ақыл-ой қалықтығы жеңіл оқушыларды дайындау және дамыту ерекшеліктері мен ерекшеліктеріне қойылатын білім беру жүйесінің бейімділік қағидасы;
2) Ақыл-ой қалықтығы жеңіл оқушыларды оқытудағы түзеу-дамыту бағыт олардың мүмкіндіктері мен білім алудағы айрықша қажеттіліктеріне байланысты оқыту қызметтері мен арнайы әдістерімен қамтамасыздандырылады;
3) Оқытудың әлеуметтік-бейімдік бағыттары тұлғаның әлеуметтік бейімделмеуінің алдын алады немесе оны азайтады. Оқушыларға әлеуметтік өмірге қажетті дағдыларды, мінез-құлықтарының әлеуметтік нормаларын игерту бойынша арнайы жұмыстар қарастырылады.
4) Білім берудегі қызметтік тәсіл ақыл ойы қалық оқушыларды тұлғалық тұрғыдан дамыту ерекшелігіне байланысты білім беру құрылымы мен оның негізгі заңдылықтарын ашатын психологиялық ғылымның теоретикалық ережелеріне негізделеді. Және де ол ақыл-ой қалықтығы жеңіл тұлғаны дамыту оларға қолжетімді қызметті ұйымдастыру сипатымен анықталады (пәндік-тәжірибелік және оқу).
5) Оқытудың тәжірибелік бағыты зерттелетін материал мен оқушының тәжірибелік қызметі арасында тығыз байланыс орнатуды, тәжірибелік-бағыттық тапсырмаларды шешуге арналғанбастапқы мәнге ие білім мен икемдерді қалыптастыруды ұсынады;
6) Ақыл-ойы қалықтығы жеңіл оқушылардың оқытудағы дифференциалды және жекелей тәсіл бағдарлама мазмұнын игеру мүмкіндігінің әртектелігімен, оқу материалдарын игеру кезінде көрінетін вариативті типологиялық ерекшеліктердің болуымен көрінеді, ол алынған білім, дағды мен икемдерге ықпал етеді. Ақыл-ойы қалық оқушыларға арналған арнайы мектептегі білім беру үрдіс типологиялық топтардың негізінде жүзеге асады ( В.В. Воронкова бойынша). Әрбір типологиялық топтар үшін педагог балалардың мүмкіндіктеріне байланысты олардың күрделілігі мен көлемін есепке ала отырып оқу материалдарын дайындайды. Осымен оқыту жұмыстарының қарқыны, оқушылардың дербестілік деңгейі, оқыту әдістері мен мен тәсілдері түрленіп отырады.Оқушыларды топтарға шартты түрде бөліну. Дифференциалдытәсіл оқытуды жекелендірумен толығады;
7) Оқу-танымдық және тәжірибелік қызметке арнайы педагогикалықжетекшілік ету қажеттілігі танымдылық белсенділіктің төмен болуына, ойлаудың сараптамалық және жалпылама қызметтердің әлсіздігіне негізделеді. Ақыл-ойы қалық оқушылардың дербес оқу-танымдық қызметтері, әсіресе 3 және 4 типологиялық топтар үшін қиын және мүмкін болып табылмайды, сол кезде педагог оқу тапсырмаларын сәтті орындауды қамтамасыз ету үшін оқушы қызметінің пісіп-жетілмеген компоненттерінің қызметтерін өзіне алады. Педагог ақыл-ойы қалық оқушының жалпы даму заңдылықтарын біле отырып сыныптың әрбір оқушысының танымдық мүмкіндіктерін, оқытудың арнайы әдістемесін ұйымдастырады және оқушылардың оқу-танымдық қызметтерін бағыттайды.
19. Мыналарды қамтитын сабақ беру мен оқытудың әртүрлі стратегияларын пайдалануды ұсынатын педагогикалық тәсілдерді жүзеге асырады:
мұғалім мен оқушы арасындағы сенімділік атмосферасын құру;
Әрбір оқушының пікірін тыңдау;
Оқушының танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әрекет ету түрлері және жіті таңдалынып алынған тапсырмалардың көмегімен оқытуды дамыту және ынталандыру;
Оқушыға түсінікті тілдегі мысалдармен мәселелерді шешу стратегияларын үлгілеу;
Оқушының жекеей ерекшеліктерін есепке ала отырып дифференциалды тапсырмаларды құрау;
Барлық сынып жұмысы мен оқушының топтық, жекелей әрекеттерін ұйымдастыру.
20. Жекелей қарқында даму құқығын тану қағидасы әрбір баланың жекелей ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл қғаиданы ұстану бала дамуын ұдайы зерделеп отыруды ұсынады, мақсаты оны оқытудың жекелей бағдарламаларының мазмұнын анықтау.
21. Педагогтың өзбетімен мазмұнды, әдісті, түр, дидактикалық құралдарды білім алушылардың жекелей мүмкіндіктерін, білімдерін және тұлғалық жетістіктерінің мониторингін таңдау қағидасы.
22.Білім алушылардың заттық және әлеуметтік дағдыларын дамытуда тиісті мектептік ортаны жасау қағидасы:
1) білімдері мен дағдыларын өздері қолданатын жағдайға мүмкіндігінше жақын қалыптастыру. Бұл білімдері мен дағдыларын жаңа жағдайларда қолдану қиындық тудырумен байланысты;
2) кеңістікті, әртүрлі өмірлік жағдайлардың көрінісіне, заттық орта мезгілімен білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай өзгеріп отырады;
3) жайлы әлеуметтік-тұрмыстық және заттық-дамытушылық орта мектепте орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жасын және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып құрылады (демалуға, қимылдық белсенділіккке, тазалық процедурасына арналған кеңістіктерді орнықтыру).
4) Мектептегі білім алудың күнделікті әрекеттернінің кешенді сипатының қағидасы. Оқу жоспарының бірнеше пәндік салаларының интеграциялық мазмұнын қабылдатады, бұл мектепте оқу кезеңінде пәнсіз оқыту идеясын іске асырады. Сабақтар оқу бағдарламасының мазмұнын қолдана отырып, білім алушылардың жалпы дамуына бағытталған (қарым-қатынастық, қимылдық, сөйлеу тілдік, сенсорлық). Білім алушылардың жетістіктері мен жеке дамуының өзгерісіне қарай, пәндік оқытуға ауысу жүзеге асырылады.
Оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі әдеуметтік бағыт қағидасы. Оқыту және тәрбиелеу ортасы шарасыз шектетілгендіктен, барынша білім алушылардың ерекшелігіне қарай бейімделгендіктен, сонымен қатар қалыпты дамып келе жатқан серіктестерімен араласуға мүмкіндік бермейтіндіктен, баланы күрделі әлеуметтік ортаға қосатын әлеуметтендіру шараларын жүргізу талап етіледі:
11) кезең-кезеңмен және біртіндеп білім алушының мүмкіндігіне сай өмірлік тәжірибесін және әлеуметтік қарым-қатынасын дамыту;
2) қоғамға жанын жараламай енгізу үшін, төзімді және қолайлы орта құру. Осы мақсатта мектептің жүйелі жұмысы баланың отбасымен және қоғаммен болу керек.
26. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың сабақта белсенділігі мен өзбетімен жұмысты дамытатын негізгі шара түрлері мыналар болуы тиіс:
Тірі және өлі табиғатты және әдеуметтік өмірдің құбылысын бақылау;
Заттық-тәжрібиелік әрекет;
Ойын әрекеті және ойын қызметі;
Тұрмыстық-еңбектік қызмет;
Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;
27. Арнай қағидаларға сәйкес құрылған «Әлеуметтік тұрмыстық бағыт» пәнінің педагогикалық іс-шаралары. Оқушылардың жеке белсенділігінің дамуына, олардың бастамасы мен дербестілігіне бағытталуы тиіс.
28. Ақыл-ой қалықтығы жеңіл оқушылардың оқу материалдарын игеру нәтижелерін бағалау нормалары бағдарламада ұсынылған мақсатқа негізделген және оқушыларың оқу жетістіктерін бағалау және тексеруді ұйыдастыр кезіндегі ортақ тәсілдерді жүзег асыруға бағытталған.
29. Ақыл-ой қалықтығы түрдегі қушылардың жетістіктерін бағалау тек ішкі бағалау құралдарымен жүзеге асады. Оқу бағдарламаларын игеру нәтижелері сабақ барысында тікелей мұғалім арқылы бағаланады. Негізінде -аАқыл-ойы кем оқушылармен жұмыс жасаудың барлық педагогикалық процесі ұүрылған «Біріккен диагностика және түзеу-дамыту жұмыстары» арнайы педагогика қағидасына сүйене отырып педагогтар бақылаушы бағалау қызметтерін жүзеге асырады.
30. Ақыл-ой қалықтығы жеңіл оқушыларды оқыту нәтижесін бағалау ағымдық (сабақ барысындағы), кезеңдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде жүзеге асады.
31. Ағымдық бақылау сабақтағы оқушылардың әрекеттеріне бақылау жасау, тәжірибелік және өзіндік жұмыстарға талдау жасау, қызметтің ұжымдық түрлері көмегімен жүзеге асады. Оның нәтижелері сабақ карточкаларына тіркеледі (сабақтың ақпараттық картасы, сабақ конспектісі). Сабаққа бақылау жасау оқу процесінің сапасын қамтамасыздандыру үшін педагогпен қолданылатын оқыту әдістері мен мазмұнын түзету мақсатында жүргізіледі. Мүндай бақылау сондай-ақ ынталандырушы және оқушыларға қатысты тәрбиелік сипатқа ие.
32. Кезеңдік бақылау бағдарламалық тақырыптары, бөлімдерді зерделегеннен кейін жүргізіледі. Оның нәтижелері курс тақырыптары бойынша оқушы жетістіктерінің картасында көрінеді.Әртүрлі типологиялық топтарда оқитын белгілі бір тақырып негізіндегі оқу материалдарын зерделеу нәтижелері бірдей болмайды. 1 типологиялық топ оқушылары ( В.В. Воронкова бойынша) оқу материалдарын игеруді білімді қолану деңгейінде көрсете алады. 2 типологиялық топ оқушылары игеруді тақырыптың негізгі мазмұнын түсінумен көрсетеді. 3 типологиялық топ оқушылары материалды тек танитын болады және өздерінің білімін арттыру үшін мұғалімнің көмегіне қажет етеді. 3 типологиялық топ оқушылары олардың жетістіктерін бағалау жүзеге асатын жекелей бағдарламалар бойынша оқиды.
33.Қорытынды бақылау тоқсанның, жылдың аяғында жүргізіледі. Педагогтармен міндетті түрде оқушы жетістіктерінің жиынтық карталарында тіркелінетін оқу жылы ағымында бақылауға алынған әрбір сынып оқушыларының дамуы мен жетістігінің қарқыны сарапталынады.
34. Бағалау үрдісінің көмегімен педагогтармен алынған ақпарат дағдылар мен икемдерді игеру кезінде пайда болған қиындықтарға дер кезінде және уақытында бейімделуге мүмкіндік береді. Педагог мұнда оқушыларға көмек көрсету тәсілдері мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді.
35. Сипаттамалы бағалау тек даму мен оқытудың деңгейін ғана емес, сонымен қатар оқуышымен жұмыс жасаудың келесі қадамдарын анықтайды. Сипаттамалы бағалау мектеп оқушыларының баламалық өзін-өзі бағалауын ұалыптастыру мүмкіндігін береді. Мұнда оқушы жетістіктерін бір-бірімен салыстыруға жол жоқ. Оқушы жетістіктерін салыстыру оның алдыңғы жетістіктерімен байланысты болады. Ақыл-ойы қалық оқушыларға қатысты білім сапасы мен жетістіктерінің пайызын анықтау дұрыс емес.
36. Ақыл-ой қалықтығы жеңіл оқушылардың жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау педагогтардың бағалау қызметінің обьективтілігін қамтамасыз етеді.
37.«Әлеуметтік тұрмыстық бағыт» пәнін оқу барысында курстың тәжірибелік бағыты мақсатты түрде күшейтіледі. Рөлдік ойындар арқылы бекіту, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, мәселелік тапсырмаларды шешу, өмірлік ситуацияларды талқылау, экскурсия жәнекездесу-сабақтарды ұсыну арқылы оқу материалының үлкен бөлігі ұсынылады. Бұл оқушыларда қоғамдық нормалар мен құндылықтар, икемдер, білімге негізделетін қажетті әлеуметтік құзырлықтарды қалыптастыруға ықпалды.
38. Сыныптар бойынша бағдарламалық материалдың регламентациясы үлгілік болып табылады. Бағдарлама мазмұны тоқсан бойынша сараланбайды. Тақырыптарды зерделеудің реті мұғаліммен анықталады және күнтізбелік жоспарлауда көрінеді. Мұғалім оқушыларға қолжетімді тақырыптарға таңдау жасауға және оқушылардың қажеттіліктеріне байланысты оны игеру уақытын анықтауға құқылы. Пән мазмұны әрбір оқушының әлеуметтік және тұрмыстық дербестілігі үшін максималды мүмкіндікті қалыптастыруға бағытталған оқытудың коммуникативтік-қызметтік үлгісіне бейімделіп жасалған. Дағдыларды қалыптастырудың маңызды шарты оқушылардың дербес өнімді қызметін ұйымдастыру болып табылады. Сабақтарда алынған дағдылар сабақтан тыс әрекеттерде және отбасылық тәрбиеде қолданылуымен бекуі қажет. Белгілі бағдарламалық материал сабақтан тыс қызметтерде қолданылуы және оқушылармен жекелей тәртіпте зерделенуі мүмкін.
39. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» пәнін оқыту процесінде оқушыларда ақпараттық-технологияларды қолдану дағдыларын дамыту үшін жағдайлар жасалады. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» пәнін оқыту процесінде ақпараттық-технологияларды қолдану мыналардан тұрады:
Шынайы өмірлік ситуациялардағы еліктемелер, сондай-ақ оларды ары қарай түсіну үшін аталмыш ситуацияларды зерделеу үшін компьютерлік үлгілерді қолдану;
Тәжірибелік тапсырмаларды шешуге арналған аудио-, видео материалдарды өңдеу, кескіндеме, кестелерді, мәтіндерді өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдалану;
Тәжірибелік тапсырмаларды шешу кезіндегі ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдаланудың шығуармашылық әдістері;
Белгілі бір тақырып бойынша топпен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін электронды құралдар көмегімен материалдарды жинақтау және тәжірибе алмасу;
Ақпараттық байланыс жасау технологияларын дербес қолдана алу дағдылары;
Аудитория мен мақсаттарды анықтау үшін әртүрлі ақпарат көздерінен материалдарды іріктеуді қосатын коммуникациялық дағдыларды дамыту;
Электронды оқулықтарды пайдалану;
3-тарау. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
40. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5- сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
2) 6-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
3) 7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
4) 8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
5) 9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
41.Сабақтар қажетті жабдықтары бар арнайы кабинеттерде жүргізіледі.
42. 5-сыныпқа арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағыт оқу пәнінің базалық мамұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1)«Жеке бас тазалығы» (4сағат):Денені жуу. Денені жуу жиілігі. Жеке бас тазалығына қажетті заттар. Денені жуу барысындағы және одан кейін де косметикалық құралдарды пайдалану. Денені күтуге арналған косметикалық құралдар (ванна көбігі, гель, крем және т.б.), олардың тағайындалуы, олардың пайдалануы ережелері мен тәсілдері. Іш киімдерді, шұлықты, колготкийді ауыстыру. Ваннаға, душқа түсу: әрекеттердің кезектілігі. Балалар мен қыздардың интимдік тазалығы. Дезодорантты пайдалану. Оның қызметі. Дезодорант түрлері. Әртүрлі дезордорантты пайдалану барысындағы әдістер мен тәсілдер. Виды дезодорантов.(аэрозолльды, шарикті, қатты).
2)«Киім. Аяқ киім» (8 сағат):әртүрлі маталардан жасалған киім түрлері. Киім тігетін материалдардың түрлері. Материалдарды ажырату, олардан тігілетін кимдер. Әртүрлі материалдардан тігілген киімдердің ерекшелігі. Киімдер тігілетін мата түрлері. Киімдерді күту (жуу, кептіру, үтіктеу және т.б.) Киім тігілген маталар. Жуу, кептіру, үтіктеуге қойылатын талаптар. Матадан жасалған киімдер күтімі. Мақталы матадан тігілген киімдер, оның ерекшеліктері. Мақталы матадан тігілген киімдерді жуу, кептіру, үтіктеудің ерекшеліктері. Жуатын заттарға таңдау жасау. Мақталы матадан тігілген киімдерді қолымен тігу (жейде, блузка және т.б.). Киімдердің әртүрлі заттарын кептірудің тәсілдері. Үтіктеу. Мақталы киімдердің әртүрлі заттарын ілудің заттары (шұлық, іш киімдер, майки, көйлек, жейде, шалбаржәне т.б.) Сақтау. Синтетикалық матадан тігілген киімдер күтімі. Синтетикалық маталардан жасалған киімдер, оның ерекшеліктері. Синтетикалық матадан тігілген киімдерді жуу, кептіру, үтіктеудің ерекшеліктері. Жуатын заттарды таңдау. Синтетикалық матадан жасалған киімдерді жуу (майка, блузка, шорты, колготижәне т.б). Кептіретін заттарды ілуің тәсілдері. Үтіктеу. Синтетикалық матадан жасалған киімдерді орналастырудың орындары мен тәсілдері. Кептіруге арналған заттарды ілу әдістері. Үтіктеу. Синтетикалық матадан жасалған әртүрлі киімдердің орындары мен тәсілдері (колготкалар, блузкалар, шорты, спорттық костюмдер және т.б.) Сақтау. Түйме қадау. Кроссовка күтімі. Кроссовканың қызметі. Кроссовка жасалатын материал түрлері. Кроссовка дайындалатын материалтүрлері. әртүрлі материалдардан жасалған кроссовкаларға күтім жасаудың ерекшелігі.
3)«Тұрғын үй» (8 сағат): Пәтер ғимараттары, үйлер. Тұрғын үй және қосалқы ғимараттар. Әртүрлі ғимарат түрлерінің қызметі және оларды заттармен толтыру. Пәтердегі, үйлердегі жайлылық. Үйде жайлылық орнатудың тәсілдері. Үй ғимараттарының гигиеналық талаптарын ұстану. Тазалық – ұдайы жинастырып отыру. Таза ау – желдетіп отыру, шаңын сүрту, еден жуу, қоқыс шығару, бөлме өсімдіктерін өсіру. Жарықтандыру – пердені күндіз ілу, терезе-перделерді жуу, жарық шамдардың жеткілікті болуы. Шаңсорғыштың көмегімен шаңнан тазарту. Шаңсорғыш. Шаңсорғышты жұмысқа дайындау. Кілемдерді тазалау кезіндегі әрекеттер. Кілем жабынғыларын шаңсорғышпен тазалау. Шаңсорғыштарды сатып алу орындары. Еден жуу. Еден жууға қажетті инвентарьлар. Пол жуу кезіндегі әрекеттер. Жұмысты орындағаннан кейінгі инвентарьды тазалау және сақтау.
4)«Тамақтану» (12 сағат): пәтердегі тамақ дайындауға арналған жер: асүй. Асүй жабдықтары. Тұрмыстық техника (қайнату ыдысы, духовка шкафы, сығынды құралдары және т.б.). асүй ыдысы, құралдар және бейімдеулер. Әртүрлі қызмет атқаратын асүй ыдыстарының заттары: ас дайындауға арналған заттар, азық-түлік пен ас сақтауға арналған заттар. Асүй құралдары және бейімдеулер. Асүй ыдыстарын, құралдарын және бейімдеулерін күту және сақтау тәртіптері. Азық-түлік өнімдері. Азық-түліктердің зерттелген топтары туралы білімді кеңейту (көкөністер, жемістер, жидектер, сүт өнімдері, ұн өнімдері, ет, балық өнімдері, жармалар, кондитерлік өнімдер, тәттілер): атаулары, азық-түліктер қандай топқа жатады, ас қабылдаудың тәсілдері, аспаздық тағамдар. Әртүрлі топқа жататын азық-түлік өнімдерінің адам денсаулығы үшін пайдасы. Тамақтану тәртібі. Шикі көкөністерден салаттар дайындау. Дайындалатын салат құрамын анықтау, азық-түліктерді іріктеу. Шикі көкөністерден салат дайындаудың технологиясы. Пышақ көмегімен шикі көкөністерді өңдеудің тәсілдері: кесу, турау, шіріген жерлерін алып тастау, қабығын аршу. Салатқа арналған көкөністерді турау тәсілдері: кубик тәріздес, ұзынша түрде, сақина формасында және т.б. Пышақпен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. Салат қоспаларын араластыру. Салат дайындау. Салатты үлкен ыдыстан салат салатын ыдысқа салу және т.б. салатты сәндеу әдістері. Жемістерден салат дайындау. Жасалатын салат құрамын анықтау, көкөністерді таңдау. Жемістерден жасалатын салатты дайындаудың технологиясы. Пышақтың көмегімен жемістерді өңдеудің тәсілдері: кесу, турау, шіріген жерлерін алып тастау, қабығын аршу, ортасын алып тастау (алма, алмұрт). Салатқа арналған жемістердің турау тәсілдері: кубик тәріздес, ұзынша түрде, сақина формасында және т.б. Салат қоспаларын араластыру. Пышақпен жұмыс жасауда қаупісіздік техникасын сақтау. Салатты араластыру. Салатты үлкен ыдыстан салат салатын ыдысқа салу. Салатты сәндеу әдістері. Ас ыдыстары мен асүй құралдары. Асүй заттары және олардың қызметтері. Жекелей және жалпы қолданыстағы асүй құралдары. Үстелді түскі асқа дайындау: қажетті ыдыстар мен құралдарға таңдау жасау, олардың столда орналас реті. Ортақ тағамның столда тиімді және сәнді орналасуы. Стол басында өзін-өзі ұстаудың мәдениеті мен сөйлеу этикеті. Ортақт тағамнан тамақ салп алу (салатты ортақ тарелкадан салып алу). Егер тамақ алыста тұратын болса қасымызда орытған адамға қалай өтініп сұрау керекпіз.
5)«Кәсіпорын, мекемлер» (8сағат): сауда кәсіпорындары. Азық-түліктік және өнеркәсіптік дүкендер, дүңгіршектер, науалар. Дүкен түрлері, дүкен бөлімшелері. Тауар түрлері. Дүкеннен керекті тауарларды табу. Сатушының көмегімен тауар сатып алу және өз-өзіне қызмет көрсету. Кәсіпорынның тұрмыстық қызметтері. Жөндеу шеберханалары. Жөндеу шеберханаларының қызметтері. Жөндеу шеберханаларының түрлері. Жөндеу шеберханаларының қызметтерін пайдаану ережелері. Кәсіпорын, байланыс құралдары, пошта. Пошта қызметтері. Пошта жіберілімдерінің түрлері (телеграмма, ашық хат, хат, сәлімдеме, орама хат).
6)«Көше. Транспорт» (4сағат): менің негізгі жаяу жүру бағыттарым. Тұратын аудандағы бағыт, мектептің орналасуы. Үйге, мектепке жақын көшелер, мекемелер. Мен мектепке барамын (дүкенге, кинотеатрғажәне т.б.). маршруттың жүру жолдарын түсіндіру, оның ұзақтығы. Менің негізгі транспорттық бағыттарым. Қалалқы көлік түрлері (автобус, троллейбус, трамвай, метро). Мен мектепке барамын (дүкенге, кинотеатрға және т.б.). қажетті автобусты таңдау (троллейбусты және т.б.): маршртуттық тақтайшалар мен автобус нөмірі бойынша бағытталу. Көлікте қажетті аялдама туралы сұрау (жауап беру) қажеттілігі кезіндегі өзін-өзі ұстау мәдениеті.
7)«Отбасы» (8 сағат): отбасы құрамы, отбасындағы туыстық қатынастар. Оқушылардың отбасы құрамы (тегі, аты-жөні, әкесінің аты, отбасы мүшелерінің жасы). Отбасы мүшелеренің арасындағы өзара қарым-қатынас. Оқушылардың өз шежіресін білуі: оқушы, оның анасы, әкесі, атасы мен әжесі, отбасылық дәстүрлер. Отбасы мүшелерінің туған күндерін тойлау. Сыйлық таңдау. Туған күни иесін құттықтау.
«Медициналық көмек» (4сағат): алғашқы медициналық көмек көрсету (өзіне немесе досына). Жарақаттанған кезде немесе мұрыннан қан аққан кездегі әрекеттер. Кесіп кеткен кезде, тырналған, көгерген кездегі әрекеттер. Жәндік шаққан кезде жасалатын әрекеттер (маса, ара және т.б.).
8)«Қайталау» (12 сағат): өткен материалдар.
43. 6-сыныпқа арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағыт оқу пәнінің базалық мазмұны:
«Жеке тазалық» (4 сағат): шаш күтімі. Шаш күтімі әдістері. (шашты жуу, тарау, реттеу, қидыру және тағы басқалай).Шаш түрлері. шашты жуу. Шашты жууға арналған құралдар (сабын, шампунь, кондиционер, бальзам және тағы басқалар), олардың қызметтері (тазалау, бекіту, қоректендіру, көлем беру және тағы басқалар). Шаш типіне байланысты жуу құралдарын таңдау. Шашты жуу кезіндегі әрекеттердің кезектілігі. Шашты жуу жиілігі. Шашты кептіру үшін фенді қолдану.
«Киім. Аяқ киім» (8 сағат): Зығырдан жасалған маталар. Оның ерекшеліктері. Зығырдан жасалған маталар жуу, кептіру, үтіктеудің ерекшеліктері. Жуу құраларын таңдау. Зығырдан жасалған маталарды қолымен жуу. Кептіруге арналған әртүрлі киім заттарын ілу тәсілдері. Үтіктеу. Зығырдан жасалған киім заттарын сақтау әдістері. Жүннен жасалған киім күтімі. Оның ерекшеліктері. Жүннен жасалған киімдерді тазалау, оны үй жануарларының жүндерінен тазалау. Жүннен жасалған маталар жуу, кептіру, үтіктеудің ерекшеліктері. Жуу құраларын таңдау. Жүннен жасалған маталарды және киімдерді қолымен жуу. Кептіруге арналған киімдерді орналастыру тәртібі. Үтіктеу. Жүннен жасалған киім заттарын сақтау әдістері (көйлек, жемпір, гольфи, шұлық, шалбар және тағы басқалар). Сақтау әдістері.
Жібек матадан тігілген киім күтімі. Жібек матадан тігілген киімдер. (табиғи және жасанды жібек), оның ерекшеліктері. Табиғи жібектен тігілген маталар жуу, кептіру, үтіктеудің ерекшеліктері. Жуу құраларын таңдау. Жібектен жасалған киімдер қолымен жуу. Кептіруге арналған киімдерді орналастыру тәртібі. Үтіктеу. Жібектен жасалған киім заттарын сақтау әдістері (блузкағ шарф, галстук және тағы басқалар). Жасанды жібектен тігілген киім күтімі (вискоза, жасанды жібек), оның ерекшеліктері. Жасанды жібектен тігілген киімдерді жуу, кептіру, үтіктеу ерекшеліктері. Жуу құралдарын таңдау. Жасанды жібектен тігілген киімдердіің әртүрлі заттарын ілу әдістері. Үтіктеу. Киім заттарын сақтаудың орналастыру орны мен тәсілдері. Трикотаждан тігілген киім күтімі. Трикотаждың ерекшеліктері(оның кенеп матасн тікпейді, тоқиды). Жүн, мақта, вискоза, синтетикажәне т.б. жіп иірімдері. Әртүрлі трикотаж түрінен тігілген киімдер. Трикотажды киімдерді жуу, кептіру, үтіктеудің ерекшеліктері. Жуу құралдарын таңдау. Трикотажды киімдерді қолымен жуу. Кептіруге арналған киімдерді орналастыру тәсілдері. Үтіктеу. Тоқылған киімдердің әртүрлі заттарын орналастыру орындары мен тәсілдері (көйлеу, кофта, шұлық, шарф, бас киім, қолғап және тағы басқалар). Сақтау тәртібі. Киімнің күрделі жерлерін үтіктеу. Киім жапсырмасындағы оның үтіктеудің ерекшеліктері туралы белгілерді анықтау. Үтіктің термореттеуіш дискісін орналастыру. Жейде, блузка, шалбар, көйлек, юбкаларды үтіктеу. Қажетті жағдайда сулау. Булау.
«Тұрғын үй» (8 сағат): жиһаз күтімі. Жылтыратылған және жылыратылмаған жиһаз күтімі. Жұмсақ жиһаз күтімі: мата жабынғылы жиһаз, терімен қапталған жиһаз. Жиһазды күту құралдары, оны пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы. Есіктерді жуу. Есік түрлері (шыныланған, боялған ағаш, пластикалық, дермантимен қапталған) және оларды күту әдістері. Пәтердегі, үйдегі үй жануарларын күту. Үйде, пәтерде үй жануарларын асырау талаптары. Үй жануарлары болған кездегі үй тазалығы ережелерін сақтау. Үйді тазалау. Тұрғын үй ғимараттарын күнделікті және апта сайын тазалап тұру.
«Тамақтану» (12 сағат): азық-түлік өнімдерін сақтау. Әртүрлі топтардағы азық-түліктерді сатып алуда назар аударатын жағдайлар. Сақтау мерзімдері бойынша азық-түлік топтары: тез бұзылатын және ұзақ сақталатын. Мұздатылған азық-түлік. Әртүрлі топтағы азық-түліктерді сақтау орындары, тәсілдері және жағдайлары (қысым, ауа ылғалдылығы, жарықтануы). Азық-түлікті тоңазтқышқа орналастыру тәртібі. Дайындалған тағамдарды сақтау. Зиянды және бұзылған тағамдарды анықтау тәсілдері. Тамақ қалдықтарым мен бұзылған тамақтарды тастау. Плитаны пайдалану (газ, электрлі). Конфорка және соған сәйкес қосу құралдарын білу, Конфоркаларды өшіру және жағу, олардың жұмысының тәртібін реттеу. Плитамен жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы. Төмен жылу өңдеуіштерде ас дайындау. Жұмыртқа асу, сосиска, түшпараны қайнату (варениктер, клёцектер), кеспе, брикеттен жасалған сорпа және тағы басқалар: дайындау жолдары және реті; ас дайындауға қажетті уақыт; астың дайын болғандығын анықтау; ас дайындау барысындағы қауіпсіздік техникасы (ыстық сұйықтықтар). Ас дайындаған соң сол орынды тазалау, ыдыстарды жуу және сақтау орындарына орналастыру. Ас қабылдау мәдениеті және үстел үстінде өз-өзін ұстау. Салат, қайнтылған көкністерден винегрет дайындау. Жасалатын салат, винегреттің құрамын анықтау. Рецепт бойынша салат қоспаларының құрамын анықтау. Азық-түлікті таңдау. Көкөністерді қайнату. Қайнатылған көкөністерді өңдеу тәсілі: қабығын аршу, турау, пышақтың көмегімен кесу, ірі үккіштен өткізу. Салат, винегрет қоспаларын араластыру. Пышақ, үккішпен жұмыс жасау кезіндегісақтақ шаралары. Салатты араластыру. Оны үлкен ыдыстан салатқа арналған ыдысқа салу. Салат, винегретті сәндеу әдістері. Рецепт бойынша тағамдар дайындау. Рецепті құру (тамақ дайындағаннан кейін).
«кәсіпорындар, мекемелер» (8 сағат): сауда кәсіпорындары. Ірімаркет, супермаркет, шағынмаркет. Әрқилы тауарлар. Жұмыс тәртібі. Секция, бөлімдер бойынша тауарларды топтастыру. Секция, бөлімдердегі орналасулар бойынша көрсетпелер. Тауар алудың тәсілдері: жекелей, өлшемді түрде, дайын порциялар бойынша, қаптамалармен. Сатып алушы әрекетенің жүйесі. Сатып алынған тауар, өнімдерді қаптау (кейбір өнімдерді полиэтиленді, қағаз қаптамаларға орналастыру қажеттілігі). Сатып алынған заттарды сөмкеге орналастыру. Кезекке тұру тәртібі. Сатып алушының сөйлеу мәдениеті. Төмен бағадағы сатылымдар, жеңілдіктер. Кәсіпорынның тұрмыстық қызметі. Фотоателье. Суретке түсірудің көмегімен өз өміріндегі жаңалықтарды көрсету. Фотоательенің қызмет көрсету түрлері. суреттердің әртүрлі болуы. Фотоателье қызметтерін пайдалану ережелері. Келушінің сөйлеу мәдениеті. Байланыс құралдары. Телефон байланысы. Үй телефонын қолдану. Қалааралық байланыс. Телефон анықтамалығын пайдалану. Телефон бойынша анықтама алу. Жедел шақырту нөмірлері. Телефонмен сөйлесу (ауруға дәрігер, өрт мәшинесін шақытру; туған күнмен, мерекемен құттықтау, хабарландыру жіберу және тағы басқалар). Байланыс қызметінің төлемі. Байланыс жасаудың заманауи құралдары: телефон байланысы. Мобильді телефонды пайдалану. Мобильдң байланыс қызметіне төлем жасау. Мәдениет мекемелері, демалыс орындары, театр. Театр түрлері (опера, балет, музыкалық комедиялар, қуыршақ, драма театрлары және тағы басқалар). Билеттер алу. Театрдағы көрермендердің мінез-құлық ережелері.
«Көше. Көлік» (4 сағат): қала сыртына арналған көлік. Біраз арақашықтыққа арналған көлік: автобус, қала сыртына шығатын поезд. (электропоезд), дизель-поезд. Көлік құралдарының қозғалыс тәртібі, соған бейімделу. Билет алу орындары мен тәртіптері. Жеңілдетілген жүру билеттері. «Баратын және қайтуға» арналған билеттерді алу. Қала сыртына шығатын негізгі жергілікті көліктер. Поездға отыру орны және пассжирлерді шығару. Жүру кезіндегі пассажирлердің өзін-өзі ұстауы.
«Отбасы» (8 сағат): отбасылық қатынастар. Отбасы тұрмысы, отбасы мүшелерінің арасындағы міндеттемелерді бөлу. Отбасы мүшелерінің бір-біріне өзара көмек беруі және қамқор болуы. Отбасылық дәстүрлер. Отбасылық мүшелерінің демалысын ұйымдастыру. Біріккен демалыс. Демалыс күндеріндегі демалу тәсілдері, еңбекдемалысын ұйымдастыру. Фотоальбом жүргізудің ережелері. Фотоаппаратты қолдану.
«Медициналық көмек» (4 сағат):Дәріхана. Тауар ерекшеліктері: дәрі-дәрімектер (таблеткалар, ұнтақтар, тұнбалар, тамшылар, жақпа майлар, дәрілік өсімідіктер, дәрумендер және т.б.) орағыш материалдар (дәке, мақта, жапсырма), медициналық жабдықтар (тамызғыш, қысым өлшеуіштер, мұзға арналған көпіршіктер). Үй дәрі қобдишасы. Дәрі қобдишасын толтыру және оны ығайланыдыру (орағыш, вата, йодты және т.б. тез табу). Дәрі қобдишасын пайдалану. Үйдегі дәрілік қодишаның сақталу орны.
«Қайталау» (12 сағат): қайталауға арналған материал.
44. 7-сыныпқа арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағыт оқу пәнінің базалық мазмұны:
«Жеке бас тазалығы» (4 сағат): бет күтіміне арналған құралдарды пайдалану. Тері типтері. Бет күтіміне арналған косметикалық құралдар. (лосьон, крем, бет сүтшесі, маска және тағы басқалар), олардың қызметтері, пайдалану тәсілдері. Бет күтіміне арналған табиғи құралдар. (шөп тұнбалары, маскалар және т.б.), оларды дайындау және пайдалану тәсілдері. Тері типіне байланысты косметикалық және табиғи құрадларды таңдау. Күн бойғы бет күтімі. Бет күтіміне арналған заттарға таңдау жасау және сатып алу.
«Киім. Аяқ киім» (8 сағат): киімді кір машинада жуу. Кір жуу мәшинесі, оның мүмкіндіктері, негізгі қызметтері (жуу, шаю, сығу). Кір жуу мәшинесін қолдану ережелері. Негізгі бағдарламалары, мата түрлеріне байланысты жуу бағдарламасын таңдау. Киімдерді жууға дайындауға салу. Киімдерді мәшинемен жууға арналған жуу құралдары. Киім маталарының әртүрлі болуына байланысты жуу мәшиенісінің ерекшелігі. Киімді кір мәшинеде жуу кезіндегі әрекеттердің реттілігі. Киімді мәшинемен жууды жүзеге асыру. Жылғанна кейін киімді мәшинеден шығару. Кір мәшине күтімі. Кір мәшинеде жуылатын аяқ киім түрлері. сырт киім күтімі. Әртүрлі материалдардан жасалған сырт киімдер (жаңбырлы күні киілетін сырт киім, куртка, пальто, тон) (мата, тері, жүн). Әртүрлі мата түрлерінен жасалған сырт киімнің күнделікті күтімінің ерекшеліктері (жүннен жасалған, синтетикалық және тағы басқалар). Жүннен және жүннен жасалған киімдердің күнделікті күтімі. Мамықтан жасалған сырт киім күтімінің ерекшелігі. Бас киім күтімі. Бас киімдердің қызметі. Суық, аязды күндерде бас киімнің қажеттілігі. Үйде, пәтерде бас киімдердің сақталу орындары. Әртүрі материалдардан жасалған бас киім күтімі. Жыл мерзіміне байланысты бас киімдерді дайындау. Кезеңаралық және қысқы аяқ-киімдер күтімі. Әртүрлі материалдардан жасалған кезеңаралық және қысқы аяқ киімдер (тері,теріауыстырғыш, былғары, текстиль, нубук және тағы басқалар). Жаңбырлы ауа райына аяқ киім таңдау және олардың күтімі. Әртүрлі материалдардан жасалған ылғал аяқ киміді кептіру әдістері. Қысқы аяқ киімдерді күту құралдары (суға қарсы құралдар, аэрозольды бояу, көбікті тазартқыш, сеппелер). Былғарыан жасалған қысқы аяқ-киім күтімінің ерекшеліктері. Жүннен жасалған аяқ киімнің күнделікті күтімі. Мезгілдік киімдерді сақтау. Мезгілдік киімдерді сақтау орындары. Киімдерді сақтауға орналастыру. Киімдер мен шкафты кептіру мен желдетудің қажеттілігі (жылына бірнеше рет). Киімдерді кептіру, желдетуге байланысты орналастыру тәрібі. Жүн мен теріден жасалған киімдерді сақтауға дайындау. Мезгілдік аяқ-киімдерді сақтау. Мезгілдік аяқ-киімді сақтауға дайындау. Мезгілдік аяқ-киімді сақтау орындары. Аяқ-киімдерді сақтауға арналған орындарға орналастыру тәсілдері.
«Тұрғын үй» (8 сағат): терезелер күтімі. Жуу құралдары, оларды пайдалану тәсілдері, сатып алу орындары. Терезелерді жылылау тәсілдері. Терезелердегі ілгіштер күтімі. Ілгіш қызметтері мен түрлері (гардиндер, перделер, портьерлер, жалюздер). Ілгіштерді алу және қайта ілу. Күту тәсілдері. (жуу, тазалау, үтіктеу). Батареялар күтімі. Батареялар күтімі, жуу. Шырақтар күтімі. Әрекет ету тәсілдері (тазалау, сүрту). Қауіпсіздік техникасының ережелері. Үйді мерзімдік тазалау. Үйді, пәтерді қысқа, жазға дайындау кезіндегі әрекеттер.
«Тамақтану» (12 сағат):дәмдеуіштер. Хош иісті шөптер (ақжелкен, аскөк, райхан, жалбыз және тағы басқалар). Негізгі дәмдеуіштер, қоспалар, олардың қызметтері (дәм мен хош иіс беруші). Дәмдеуіштердің танымал қоспалары (аджика, вегета, құлмақ және тағы басқалар). Хош иісті шөптердің, дәмдеуіштердің қоспаларды сақтау және пайдалану ережелері. Сорпа әзірлеу. Сорпа әзірлеуге арналған азық-түліктерді таңдау. Сорпа дайындау технологиясы. Сорпа дайындауға қажетті уақыт, тағамның дайын болуына анықтау. Сорпа дайындау кезінде қауіпсізідік техникасын сақтау. Сорпаны ожаумен ыдыстарға құю. Қазақтың ұлттық тағамы бешбармақ дайындау. Оны дайындау үшін азық-түліктерді дайындап алу. Дайындау технологиясы. Дайындауға қажетті уақыт, тағамның дайын болуын анықтау. Дайындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. Ботқа дайындау (ұнтақ, сұлы және тағы да басқалар). Жарманы таңдау. Ботқа дайындау технологиясы. Технология приготовления каши. Ботқа дайындауға қажетті уақыт, тағамның дайын болуына анықтау. Ботқа дайындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. Картоптан тағам дайындау (картопты асу, езбе жасау). Картопты қабығынан аршу. Картоп асуды дайындау технологиясы.Дайындауға қажетті уақыт, тағамның дайын болуына анықтау. Қайнатпа дайындау. Қайнатпа дайындауға болатын өнімдер. Жидектер, балғын жемістер, кепкен жемсітерден қайнатпа дайындаудың технологиясы. Қайнатпа дайындауға қажетті уақыт. Қайнатпа дайындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. Кисель дайындау. Кисел дайындауға қажетті заттар. Крахмалды қайнату арқылы жасалатын кисельді дайындау технологиясы. Дүкеннен алынған, дайын брикеттен кисель дайындау технологиясы. Кисель дайындауға қажетті уақыт. Кисель дайындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. Суып қалған тағамды жылытудың тәртібі мен ережелері. Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас мәзірін дайындау. Бірінші, екінші, үшінші тағамдар. Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас тың дәст.рлі жиынтықтары. Құрылған мәзір бойынша ас дайындауға қажетті азық-түлік өнімдерінің жиынтығы мен мөлшерін анықтау. Азық-түлік өнімдерінің сақталу мерзімін анықтау.
«Кәсіпорын, мекеме» (8 сағат): сауда кәсіпорны. Косметикалық құралдар, әтірлерді сатып алу орындары мен әдістері. Косметикалық құралдары, әтір сатып алуға болатын дүкендер, дүкен бөлімшелері. Әтір таңдау. Косметикалық құралдар, әтірді жекелей, жиынтығымен сатып алу. Кәсіпорын, байланыс құралдары. Пошта. Орамахат, сәлемдемелер: оларды қаптау және жіберу тәртібі. Орамахат төлемі, сәлемдемелердің шартты түрдегі төлемі. Кәсіпорынның тұрмыстық қызметі. Киім тігу ательесі. Киімдерді жөндеу шеберханасы. Ателье, шеберханалардың ұсынатын қызметі. Ателье, шеберхана қызметтерін пайдалану. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары. Асханалар. Кафе. Асхана, кафе қызметтері. Асхана, кафе қызметтерін пайдалану.
«Көше. Көлік» (4 сағат): қалааралық көлік. Алыс жерлермен қатынас жасауға арналған көліктер: автокөлік(автобус), теміржол көлігі, (поезд), авиакөлік (самолёт) және тағы басқалар. Қалааралық көлік қатынасы. Автовокзал, автостанция ғимараттарын білу. Қалааралық автобустардың жүру тәртібіні білу және соған бейімделу. Вокзалдың анықтамалық, сақтау камераларын қызметтерін пайдалану. Жол жүру билетін сатып алу. Билет жазбасы бойынша жүру. Билетті алдын-ала сатып алу. Билетті қайтару. Жолаушыларды отырғызу және түсіру орындары. Жолаушылардың жол жүру кезіндегі өзін-өзі ұстауы.
«Отбасы»(8 сағат): отбасылық қарым-қатынастар. Отбасылық дәстүрлер. Отбасылық мерекелер: жаңа жылды қарсы алу, Наурыз, құрбан айт, рождество, 8-наурыз, Отан қорғаушылар күнін және т.б. мейрамдарды атап өту. Отбасы иүшелерін, таныстарды, достарды құттықтау. Үйді мерекеге сәйкес рәсімдеу. Отбасы бюджеті. Отбасы бюджетінің құрамдас бөліктері: кіріс және шығыс. Отбасының кіріс көздері. Шығынның негізгі статьялары. Отбасын бюджетін жоспарлау. Отбасы шығындарын күн мен айға жоспарлау. Ақшамен жұмыс. Валюта түрлері.
«Медициналық көмек» (4 сағат): медициналық мекемелерді білу: поликлиникалар, емханалар, «жедел көмек көрсету» қызметі. Дәрігерге өзінің жағдайын айта ал (шынайы жағдайларды үлгілеу).Поликлиника.Поликлиникаға қаралу, дәрігердің қабылдауына жазылу, талон алу. Дәрігерді үйге шақыру. Медициналық персоналмен қарым-қатынас жасаудың және өзін-өзі ұстаудың ережесі. Емхана. Диспансер. Медициналық мекемелерге қаралау. Емханада өзін-өзі ұстаудың, медициналық персоналмен қарым-қатынас жасаудың ережелері. Емханада жатқан адамдардың халін сұрау. «Жедел жәрдем». «жедел жәрдемді» шақыру.
«Қайталау» (12 сағат): өтілген материал.
45. 8-сыныпқа арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағыт оқу пәнінің базалық мамұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) «Жеке бас тазалығы" (3сағата): қол, аяқ терісі, тырнақ күтімінің құралдары мен тәсілдері. Қол, аяқ терісі, тырнақ күтімініңтәсілдері (жуу, тазалау, кесу және тағы басқалары). Қол, аяқ терісі, тырнақ күтіміне қажетті заттар (щётка, губка, қайшы, егеуіш, және тағы басқалар), оларды пайдалану тәсілдері. Қол, аяқ терісі, тырнақ күтімінің құралдары (сабын, крем, бальзам және тағы басқалары), олардың қызметтері, пайдалану тәсілдері. Қол, аяқ терісі, тырнақ күтімінің құралдарын таңдау және сатып алу. Қол, аяқ терісі, тырнаққа күтім жасаудың үрдістері. Маникюр, педикюр, депиляция.Баталмыш үрдістерді өздігімен жасаудағы қажетті құралдар мен жабдықтар. Шаштараз қызметін пайдалану мүмкіндігі, аталмыш үрдісті орындау кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері. Қырыну. Қырыну жиілігі. Электрлі қырғышты қосу және өшіру. Электрлі қырғышпен қырыну кезіндегі әрекет ету тәсілдері. Қырғышты тазалау және орналастыру. Қыру станогымен қырыну техникасы. Бет терісіне қырынуға арналған заттарды жағу (көбік, гель) және қырынудан кейін жағатын заттар (гель, лосьон, крем). Қырынуға арналған және қырынудан кейін қолданылатын заттарға таңдау жасау және сатып алу.
«Киім. Аяқ киім » (8 сағат): төсек-орын күтімі. Төсек-орынды ауыстыру жиілігі. Төсек-орынды қолымен және кір мәшинемен жуу. Төсек-орынды үтіктеу. Үйде, пәтердегі төсек-орынды сақтау орны. Төсек-орын заттарын таңдау және сатып алу. Төсек-орын тысын ауыстыру жиілігі. Төсек-орын тысын қолымен және кір мәшинемен жуу. Төсек-орын тысын үтіктеу. Үйде, пәтердегі төсек-орын тысын сақтау орны. Төсек-орын тыстарын таңдау және сатып алу. Киім дағын кетіру. Үй жағдайында дақтарды кетіру. Киім дақтарын кетіруге арналған құралдар. Сүт, балмұздақ, шоколад, май және жеміс дақтары және тағы басқа дақтарды кетіру. Жаңадан жұққан және ескі дақтарды кетіру ерекшеліктері. Ағарту. Киімдерді ағартуға арналған құралдар.
«Тұрғын үй» (8 сағат): асүй, санитарлық торапты тазалау (жуынатын бөлме, дәретхана). Асүй, жуынатын бөлме, дәретхананы тазалаудың ережелері мен жиілігі. Асүй, жуынатын бөлме, дәретхана жабындыларының түрлері. Жуу құралдары және бейімделу. Жуу құралдары нұсқаулықтарын ұстану. Плитка, линолиум жабындыларын жуу. Шүңғылша және т.б. жуу. Иазалау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау. Айна күтімі. Айна күтімін жүзеге асыру барысындағы қауіпсіздік техникасы. Айна күтімінің құралдары, оларды пайдалану және сатып алу орындары.
Жуу құралдарына таңдау жасау және сатып алу.
«Тамақтану» (12 сағат): тағамды қуырып дайындау. Жұмыртқа, омлет, қуырылған балық, қуырылған ет, қуарылған картоп, блиныдайындаудың техникалары. Табаны пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын пайдалану. Асүй техникасымен жұмыс жасау. Ет турағыш, миксер, блендер, кофеүгіткіш, электрлі шәйнек және тағы басқалары.: қызметі, пайдалану тәсілі, қауіпсіздік техникасы, күтімі. Котлет дайындау. Ет түрлері (шошқа еті, сиыр еті, құс еті және т.б.). Котлетке фарш дайындау. Котлет қуырудың технологиясы. Табаны қолдану кезінде қауіпсіздік техникасын ұстану. Духовканы пайдалану. Тағам дайындау кезіндегі духовканың қызметтері (бұқтыру, қуыру). Духовканың негізгі бөліктері. Духовкада тағам дайындаудың ережелері. Духовкада тағам дайындаудың қауіпсіздік техникасы. Тағамдарды духовкада дайындау. Шарлотка, ірімшек пісірмесін жасаудың технологиясы. Тәтті нана пісірмесі. Тәтті нан дайындау үшін қамыр дайындау. Духовкада тәтті нан пісірудің технологиясы.
«Кәсіпорын, мекеме» (8 сағат): кәсіпорындар, сауда базарлары: азық-түлік, заттар, құрылыс заттары және тағы басқалар; көтерме, ұсақ көтерме, ашық, жабық. Базардан тауар сатып алудың ерекшеліктері. Базарда жүру тәрітбі. Жәрмеңкелер. Оның түрлері, уақыты және өткізілу орны. Тұрмыстық техниканы сатып алу орны және тәсілдері. Тұрмыстық техника дүкені, әмбебап дүкендер, ірі маркеттегі тұрмыстық техника сататын бөлімдер. Базар. Тұрмыстық техниканы таңдау және оны сатып алу. Бөліп төлеу. Несиеге алу. Комиссионды дүкен. «Секонд-хенд» дүкені. Тауарлар мен баға ерекшеліктері. Заттарды комиссионды дүкендерге өткізу. Кәсіпорынның тұрмыстық қызметі. Шаштараздар. Шаш күтімі бойынша шаштараздардың қызметі (шаш қию, бояу, сәндеу). Қол, аяқ терісі, тырнақ күтімі бойынша шаштараздың қызметтері (маникюр, педикюр, депиляция). Химтазалау. Химтазалау қызметтері. Қандай жағайда химтазалау қызметтерін пайдалануға болады. Заттарды химтазалауға өткізу және одан алу қызметтері. Онда сөйлеу этикеті және өзін-өзі ұстау мәдениеті. Жуу қызметтері. Заттарды жууға өткізуге дайындау. Заттарды жууға өткізу және одан алу қызметтері. Онда сөйлеу этикеті және өзін-өзі ұстау мәдениеті. Киімді уақытша қолдануға алу. Уақытша қолдана тұруға алынатын заттар. Уақытша қолдан қызметін пайдалану ережелері. Қызметтерге төлем жасау. Кәсіпорындар, байланыс құралдары.пошта. газеттер мен журналдарға жазылуды рәсімдеу. Ақша аударымдары. Бланк толтыру. Ақша аударымы қызметінің құны.
«Көше. Көлік» (4 сағат): поезбен алысқа жол жүру. Темір жол вокзалы ғимаратын білу. Поезд түрлері (жедел, жолаушы). Поездің жүру тәртібін білу, соған бағытталу. Вокзалдың анықтамалық қызметін, сақтау камераларын пайдалану. Поезд вагондарының типтері (жалпыға ортақ, плацкарттық, купе). Билет алу. Билет жазбасы бойынша бағытталу. Вагон мен поезд түрлеріне байланысты билет құны. Билетті алдын-ала сатып алу. Билетті қайтару. Бағыттық таксиге міну. Отырғызу орны. Таксиге орналасу. Жол ақасын төлеу. Талап етілетін аялдама атауын білу.
«Отбасы» (8сағат): ҚР азаматының негізгі құжаттары. Туу туралы куәлік, паспорт, білімі туралы құжат. Паспорт алу. Паспорттағы негізгі жазбалар (серия, номірі, жеке нөмірі, кіммен және қашан берілген). Тіркелген жері. Паспортты жоғалтқан кездегі жүзеге асырылатын әрекеттер. Көршілермен қарым-қатынас. Көршілермен қарым-қатынас кезіндегі адами-этикалық нормаларды сақтау. Жігіт пен қыздың қарым-қатынас жасау мәдениеті. Отбасылық өмірге дайындау. Отбасы құру. Некеге отыру туралы куәлік. Отбасылық қарым-қатынас жасау мәдениеті. Үйде жайлылық орнату. Отбасылық дәстүрлер. «Біз қонаққа барамыз» атты жағдай. Киім, аяқ киім таңдау, сыйлық алу. Қонақта өзін-өзі ұстау этикеті. Отбасы бюджеті. Отбасы бюджетін жоспарлау. Кіріс көздері. Бір ай, жылдағы отбасы кірісін анықтау. Шығынның негізгі стаьялары. Ірі сауда, жөндеу жұмыстары, еңбек демалысын өткізуді жоспарлау. Үй жағдайындағы үнемдеулер: үнемдеудің ережелері мен тәсілдері.
«Медициналық көмек» (5 сағат): ауруды үйде күту.Дәрігерді үйге шақыру. Дәрігердің айтқандарын орындау. Үйде, пәтердегі дәрі-дәрімек құралдарын сақтау ережелері мен орындары. Жұқпалы аурулардың алдын-алу шаралары. Жұқпалы аурумен аурыатын ауруды күтудің ережелері: қызуын өлшеу, жуындыру, тамақ беру, киіндіру, төсек-орнын ауыстыру және тағы басқалар. Күю, үсіп қалу, бастан күн өткенде алғышқы көмек бере алу. Уланып қалғанда, бас ауруы кезінде алғашқы көмек бере алу. Еңбекке жарамсыздық қағазын алу.
«Қайталау» (12 сағат): өтілген материал.
46. 9-сыныпқа арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағыт оқу-пәнінің базалық мазмұны: келесі бөлімдерді қамтиды:
«Жеке бас тазалығы» (3 сағат): жеке бас тазалығын сақтау (1-8 сыныптарда өткен материалдарды пысықтау). Жеке бас тазалығын ережелерін ұстану: денені күту тәсілдері мен жиілігі. Тазалық заттары мен құралдары. Өзін-өзі күтуге арналған заттарды таңдау және сатып алу. Тазалық құралдары мен заттарының пайдалану мерзімі және оларды сақтау. Зияны әдеттердің алдын-алу. Шылым шегу мен ішімдіктің адам денсаулығына тигізер зияны. Зиянды әдеттердің әлеуметтік нәтижелері. Наша мен токсикалық заттардың адам оргнизіміне тигізер ықпалы. Зиынды әдеттердің әлеуметтік нәтижелері.
«Киім. Аяқ киім» (8 сағат): киім мен аяқ киім өлшемін білу. Өлшемін алу және өз киімі мен аяқ-киімінің өлшемін білу. Қажетті өлшемдегі киім мен аяқ киім мөлшері (жапсырмада көрсетілген, киім, аяқ киімнің қажет маркировкасын табу). Киім, аяқ киімді өлшеу. Киім, аяқ киімді сатып алу. Гардероб. Киім, аяқ киім, бас киімдердің қажетті шамада болуы. Киім стилі. Қызметі, түсіне байланысты, адам дене бітімінің жекелей ерекшеліктеріне байланысты киім таңдау. Қаржылық жағдайына байланысты киім таңдау.
«Тұрғын үй» (8 сағат): тұрғын үй түрлері. Жеке үй, көпқабатты үйлердегі пәтер. Бір бөлмелі, екі бөлмелі үш бөлмелі және тағы басқа пәтерлер. Жеке бөлмелер, аралас бөлмелер. Пәтердің жалпы аумағы. Жеке және мемлекеттік тұрғын үй. Үйдің пошталық мекен-жайы. Үйдің, пәтердің интерьері. Қажетті жиһаздар, интерьер заттарын анықтау, олрады сатып алудың жолдары. Жиһаздаздарды және үйдегі, пәтердегі өзге де заттарды тиімді орналастыру. Үй, пәтерге косметикалық жөндеу жұмыстарын жасау. Жөндеу жұмыстарын кезеңді түрде жүзеге асырудың қажеттілігі, оны орындау тәсілдері (өздігімен; арнайы мамандарды шақыру, олардың ақысын төлеу). Жөндеу жұмыстарына дайындық.
«Тамақтану» (12 сағат): бір күнге арналған ас мәзірін дайындау. Тамақтану тәртібі. Таңертеңгілік ас, түскі ас, кешкі ас мәзірін дайындау. Бір күнге арналған мәзірге сәйкес қажетті азық-түліктерді анықтау. Диетикалық тамақтану, мәзір. Балаларға арналған мәзір. Мерекелік үстел мәзірі. Аспаздық кітаптарды білу. Дайындау үлгілерін таңдау және азық-түліктерге таңдау жасау. Мерекелік үстел мәзірін құру. Салаттар, тіскебасарлар дайындау. Мерекелік үстелдерді сәндеу. Микротолқынды пештермен жұмыс жасау. Микротолқынды пештердің қызметтері (өнімдерді жібіту, ысыту, тағам дайындау). Микротолқынды пештерге арналған ыдыстар. Микротолқынды пештермен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік техникасы. Тоңазтқыш күтімі. Тоңазтқыш мұзын еріту және оны жуу: әрекет етудің ережелері мен тәсілдері. Бұқтыру арқылы тағам дайындау технологиясы. Жеміс-жидектерді, көкөністерді консервілеу технологиясы.
«Кәсіпорын, мекемелер» (8 сағат): сауда кәсіпорны, тұтынушы құқығы. Тауар туралы ақпарат. Сақтау мерзімі. Қызмет ету мерзімі. Кепілдеме мерзімі. Тауар дайындаушылар туралы ақпарат. Қолдану туралы нұсқаулық. Сатып алу кезінде қолма-қол, пластикалық карточкамен есептесу. Тауар чегін сақтау. Тауарды ауыстыру және қайтару. Тауарды сатып алу орны мен тәсілдері. Жиһаз дүкені. Жиһазды таңдау және сатып алу. Жиһазды жекелей тапсырыс бойынша дайындау. Жиһазды жаңарту бойынша қызметтер. Газеттерден аталмыш қызметтер туралы хабарландырулар іздеу. Жөндеу жұмыстары үшін құрылыс материалдарын сатып алу орындары. Құрылыс материалдарының дүкені. Құрылыс базары. Үй, пәтерге косметикалық жөндеу жұмыстарын жасауға арналған құрылыс материалдарына таңдау жасау және сатып алу. Үй басқару шаруашылығындағы тұрғын үй коммуналдық кәсіпорындар. Қандай жағдайларда үй басқармаларына жүгінуге болады. Үй басқармалары ұсынатын қызмет түрлері. Банк мекемесінің жұмыстарды орындауына арыз беру. Жинақкассасы. Негізгі қызметтер. Коммуналдық қызмет, телефон, электроэнергия төлемі. Электрошот көрсеткіштерін алу (су шығынын есептеу және тағы басқалары) пәтерақының көлемі. азмер квартплаты, тарифы на оплату электроэнергия, телефон және тағы басқаларының төлемдік тарифі. Үнемдеу ережелері. Ақша салымдары. Несие алу. Банкомат. Банк карточкасы. Банкоматтың негізгі қызметтері, банк терминалы. Пайдалану тәртібі.
«Көше. Көлік» (4 сағат): әуе көлігімен қатынас жасау. Авиакөлік. Аэропорт ғимаратын білу. Авиакасса. Билет алу. Жолаушыларды тіркеу. Жолсөмкелерін тексеру. Самалетке отырғызу. Жолаушылардың самалетте өзін-өзі ұстау тәртібі. Такси қызметін пайдалану. Такси қызмет көрсететін қызметтерді пайдалану. Такси шақырту. Жол ақысын төлеу.
«Отбасы»(8 сағат): ҚР азаматтарының негізгі құжаттары. Отбасылық қарым-қатынастар. баланың туылыуы. Баланың туу туралы куәлігін рәсімдеу. Туу туралы куәлік жоғалған жағдайдағы әрекеттер. Кішкентай бала күтімі ережелері мен түрлері. емшек еметін бала күтімі (суға түсіру, орау, тамақтандыру, төсек-орнын жинау). Бала ыдысы, ойыншықтарын пайдалану ережелері. Бала киімін жуу және сақтау ерекшеліктері. Бала дамуы үшін жағдай жасау. Ата-ана мен баланың өзара қарым қатынасы. Отбасылық дәстүрлер. Отбасылық мерекелер. Қонақ шақыру және күту. Қонақ күту дайындығы. Қонақтармен қатыр-қатынас жасаудң тәртібі. Отбасы бюджеті. Жинақтар. Жианқаты сақтау тәсілдері. Жинақ банктері салымдарының түрлері. валюта, валюта жинақтарының түрлері. жұмысқа орналастыру. Жұмысқа орналасуға қажетті құжаттар, оларды рәсімдеу (өтініш беру сауалнама және т.б.). еңбек келісімшарты. Еңбек өтілі. Келісімшартқа отыру. Бір жұмыстан екінші бір жұмысқа ауысу ережелері.
«Медицинская помощь» (5 часов): ауруды үйде күту. Дәрігерді үйге шақыру. Дәрігердің айтқандарын орындау. Үйде, пәтердегі дәрі-дәрімек құралдарын сақтау ережелері мен орындары. Жұқпалы аурулардың алдын-алу шаралары. Жұқпалы аурумен аурыратын ауруды күтудің ережелері: қызуын өлшеу, жуындыру, тамақ беру, киіндіру, төсек-орнын ауыстыру және тағы басқалар. Күю, үсіп қалу, бастан күн өткенде алғышқы көмек бере алу. Уланып қалғанда, бас ауруы кезінде алғашқы көмек бере алу. Еңбекке жарамсыздық қағазын алу.
«Қайталау» (12 сағат): өтілген материал.
47. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» оқу пәнінің мазмұны оқыту тараулары бойынша орналасқан. Тараулар әріде сыныптар бойынша оқушылардан күтілетін нәтижелерге байланысты оыту мақсаттарын қамтитын тармақтарға бөлінген: дағдылар мен икемдер, білім немесе түсініктер. Оқыту мақсаттарына әрбір тармақшалардың ішінде сипаттама берілген, олар мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылардың қол жеткізген нәтижелерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі деңгейлері туралы ақпарат беріп отыруға мүмкіндік береді.
48. Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды: «Денсаулық», «Киім, аяқ киім», «Тамақтану», «Тұрғын үй», «Транспорт, көше», «Отбасы», «Кәсіпорын, мекеме».
49. «Денсаулық» бөлімі келесі тармақтарды қамтиды: Гигиена тела.
Медициналық көмек.
50.«Киім, аяқ киім» бөлімі келесі тармақтарды қамтиды:
Киім, аяқ киім, бас киім түрлері.
Киім, аяқ киім күтімі.
51. «Тамақтану» тармағы келесі тармақшаларды қамтиды:
Азық-түлік өнімдері.
Асүй ыдыстары, техника.
Ас дайындау.
52.«Кәсіпорын, мекемелер» тармағы келесі тармақшаларды қамтиды:
Қаржы кәсіпорындары.
Тұрғын-үй шаруашылығы кәсіпорындары.
Сауда кәсіпорындары.
Кәсіпорынның тұрмыстық қызметтері.
Кәсіпорынның байланыс құралдары.
Мәдениет мекемлері, демалыс орындары.
53.«Тұрғын үй» тармағы келесі тармақшаларды қамтиды:
Тұрғын үй ғимараттарының түрлері.
Үй тазалығы.
54.«Транспорт» тармағы келесі тармақшаларды қамтиды:
Транспорттық құралдардың түрлері.
Көлік ішінде және жолда өзін-өзі ұстау тәртібі.
Қала ішіндегі менің қозғал кестем.
55.«Отбасы» тармағы келесі тармақшаларды қамтиды:
Отбасы құрамы.
Отбасылық құрам.
ҚР азаматтарының құжаттары.
56. Бағдарламадағы оқыту мақсаттары кодировкамен берілген.Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар тарауларды, төртінші сан оқу мақсаттарының тізіммін көрсетеді. Мысалы, 6.2.1.4: «6»-сынып; «2.1.»-тарау, тараушалар; «4»-оқу мақсаттарының нумерация.
Достарыңызбен бөлісу: |