Құрастырған: аға оқытушы Боранбаева Г. С


Мінез құлықты қалыптастыру әдістері



бет7/64
Дата06.01.2022
өлшемі354,53 Kb.
#12835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
Байланысты:
Көмекши әлеум бағд

Мінез құлықты қалыптастыру әдістері: жаттығулар, үйретушілер, тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау.

Бұл әдістердің маңыздылығы оқушылардың алған білімдерін практикалық тұрғыдан бекіту қажеттілігімен, ол білімділерді ықпалды, тиянақты етіп, оларды сенімге айналдырумен анықталады. Бұл әдістер ақылы кеміс балалардың ұғынуға жеңіл.



Үйрету және жаттықтыру әдістері мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мұның көмегімен балаларда санитар-гигиеналық дағдылар, мінез-құлықтың ұйымшылдық пен режимнің жалпы мәдениеті дағдысы, коллективте өмір сүріп, еңбек ету машығы қалыптасады.

Үйрету әрекеті үлгісін көрсетуден басталады. Көрсетуді мұғалім орындайды. Көрсету дәл, айқын, көрнекі болуы тиіс. Ақылы кеміс балалардың ерекшелігін ескере отырып, әрекет үлгісін көрсетпес бұрын белгілі мақсатты алға қою керек. Балаларда кез-келген талапты орындауды үйрететіндей ықылас туғызатын оң эмоциялық күйдің маңызы зор.

Егер педагог бірнеше әрекеттен тұратын күрделі дағдыны қалыптастыратын болса, онда оқушыларға барлық әрекеттер бірізділікпен көрсетіледі, олардың әрқайсысы жеке өңделеді. Мысалы, сыныптағы кезекшілік біртұтас әрекеттер циклін орындауды білдіреді. Оны игеру үшін педагог тәрбиеленушілер кезегімен көрсететін кейбір әрекет түрлерін бөліп алады.

Оқушылардың педагог-тәрбиешілермен бірлескен әрекетті өте маңызды әрі жақсы нәтиже береді.

Бүкіл пед.ұжымның тәрбиеленушілердің мінез-құлқына қоятын талаптарының бірлігіне ерекше назар аудару керек. Мінез-құлыққа үнемі, жүйелі түрде, мұқият бақылау жасау керек. Бақылауға еске салу мен ізгі кеңес жатады.

Түрлі жас сатыларында үйрету тәрбиелеу әдісі ретінде басқа әдістермен үйлеседі.

Төменгі сыныптарда әрекеттің үлгісін көрсету алға қойған міндеттің әлеуметтік мәні мен мағынасын түсіндіру арқылы жүреді.

Төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеуде тәрбие әдісі ретіндегі ойынның мәні зор. Дені сау құрбыларына қарағанда ақылы кеміс балалардың ойнау шеберлігі кешірек қалыптасады. Мұндай балалар арнайы үйретусіз зат әрекет жасауды білмейді, заттармен әрекет етуді мектепке дейінгі үлкен жаста ғана аздап меңгереді. Ал бұл әрекет баланың психикалық дамуына қажет әрекет түрлерінің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Ойнаудың дамуы зат әрекетінен басталады. Сондықтан ақылы кеміс баланың ойнауда затпен әрекеттің логикасын меңгеруінің маңызы зор. Мысалы, алдымен қуыршақты шомылдырып, кейіннен сүрту керек, керісінше емес.

Ақылы кеміс балада ойнаудың дамуында үлкен жетістік болып табылатын зат-ойын әрекеті дамығанда ғана шынайы, ұғынылған бейнелі ойын пайда болуы мүмкін. Бұл ойында сюжет те, рөл де жоқ. Бейнелі ойыннан сюжетті-рөлді ойынға көшу жеке ойын әрекеттерінің аз ба, көп пе бүтін бір сюжетке байланысуын көрсетеді, сөйтіп бала өзіне белгілі рөл алады ана, шаштараз машина жүргізуші т.б. Рөл орындаудың ақылы кеміс бала үшін өте күрделі екенін үнемі ескеріп отыру керек, егер рөлді ұғындыруға байланысты жеткілікті жұмыс жүргізілсе ол таза формальды саты болып қалуы мүмкін.

Ойын қалыптасуының бұл ерекшелігін кез-келген ойын түрін үйретуде ескеріп отыру керек, себебі балалар әрекеттің ретін, ойнау ережелерін анықтап, меңгеруде қатты қиналады.

Педагогтің міндеті – түрліше сюжетті жылжымалы роль ойындарын үйрету. Ойын әдістерін пайдалануға қойылатын педагогикалық талаптар мыналар: балаға оң әсер ететін ойындарды пайдалану; ойын мазмұны мен сол ойынға қатысушылардың мінез-құлық нормаларын түсіндіру; коллективтік ойындарды кеңінен пайдалану; ойынға қатысушыларды оң және теріс эмоция көрсететіндей түрлі жағдайларға қою.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет