Жасушаның митоздың бөліну ұршығы аймағында жасуша орталығының құрылысы. а-схема, б –электронды микрофотография. 1 –жұқафибриллярлы матрикспен қоршалған белсенді аналық центриоль, 2 –микротүтікшелер, 3 –белсендіемес балалық (дочерняя) центриоль.
Кірпікшелер мен ширақшалар −қозғалудын арнайы органеллалары. Кірпікшелер арқылы жасушалар шырыштың (ауа өткізу жолдарында) немесе сұйықтықтың (жатыр түтігінің жас-ры) қозғалуын қамтамасыз етеді. Кірпікшелер қозғалғанда олардың ұзындығы өзгермейді, олар көбінесе толқын тәрізді қозғалады. Кірпікшелердің негізгі нәруызы – тубулин жиырылуға және қысқаруға қабылетті емес. Кірпікшелердің деструкциясы әртүрлі патологияларға алып келеді. Мысалы ауа өткізетін жолдары кірпікшелі эпителийі және қуыстар эпителийі функциясының бұзылуы бронхитке және созылмалы синуситке алып келуі мүмкін.

Ширақшалардың дефектілері туабіткен аталық беделдігінің әртүрлі формаларында кездеседі.
Жасушааралық байланыстар Көпжасушалы жануарлар организмнің плазмолеммасы жасушааралық өзараәрекеттесуін қамтамасыз ететін арнайы құрылымдар – жасушааралық байланыстардың түзілуіне қатысады. Осындай құрылымдардың бірнеше түрлерін ажыратады:
Қарапайым жасушааралық байланыс – қатар орналасқан жасушалар плазмолеммаларының аралығында ара қашықтығы 15-20нм болады (1). Бұл кезде жасушалардың гликокаликсі өзараәрекеттеседі.
Тығыз байланыс - қатар орналасқан жасушалар плазмолеммалары бірі біріне жақын орналасып контакт түзеді (4). Осы контакттар организмнің ішкі ортасын сыртқы ортадан шектейді.
Десмосома – қатар орналасқан жасушалар плазмолеммаларының қалындаған аймақтарына сәйкес келеді. Бұл аймақтарда цитоплазма жағынан жіңішке фибриллалар шоғырлары орналасады (3) және жасушалар бір бірімен адгезивті нәруыздар арқылы байланысады.