Мұхамеджан Естеміров
БЕЙІТКЕ БАРҒАНДА ҚАНДАЙ ДҰҒА ЖАСАҒАН ЖӨН?
Қабірді зиярат ету – сүннет. Біз сол арқылы ақыретті еске алуымыз қажет.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылмандарға ақырет жаңа өмір екенін, өлім жоқтық және жоқ
болып кету емес екенін үйреткен еді. Алла елшісі (с.ғ.с.) бейітке барып, марқұмдарға тіл
қатып және дұға жасаушы еді. Әрине, бұл қабірдегілер де өздеріне тән өмір сатысында
екенін мұсылман сеніміне негіздеу үшін еді. Онда мысалдар көп-ақ. Әбу Һурайра (р.а.)
риуаяты: «Пайғамбар (с.ғ.с.) бейітке барып: «Ассаламу алейкум! Уа, мұсылмандар
мекені. Біз де, Алла қаласа, сендердің соңдарыңнан барамыз[1]».
Айша (р.а.) анамыз жеткізеді: «Алла елшісі (с.ғ.с.) менің үйімде болғанда, түннің
соңғы бөлігінде Бақиғ зиратына барып: «Ассаламу алейкум! Уа, мұсылмандар мекені.
Ертеңгі күні сендерге уәде етілген нәрсе келеді, сендер оны күтудесіңдер. Біз де, Алла
қаласа, сендердің соңдарыңнан барамыз. Уа, Алла Бақиғ Ғарқадтағы (зияраттағы)
жандардың күнәсін кеш»,–деуші еді[2]».
Зиратқа барғанда марқұмдарға
«Әссаламу алейкум! Әһләд дияр минал
муминина уал муслимин. Уә иннә ин шәа Аллаһу ләләхиқун. Әсәлу Аллаһа ләнә
уә ләкумул ъафиа[3]», – деп дұға етуге болады.
Мағынасы: «Уа, мүміндер мен мұсылмандар мекені, сендерге Алланың сәлемі
болғай. Аллап қаласа, сендергің арттарыңнан біз де барамыз. Өзімізге және сендерге
Алладан амандық сұраймын».
Бірде Айша (р.а.) анамыз Пайғамбардан (с.ғ.с.): «Марқұмдарға не айтамын? –деп
сұрағанда, Ол (с.ғ.с.) «Мүміндер мен мұсылмандар мекені сендерге Алланың сәлемі
болсын. Алла Тағала әуел өткен және кейін келетін (марқұмдарды) рақым етсін. Алла
қаласа, біз де сендерге барып қосыламыз» деп айт»,– деген екен[4].
Жоғарыда келтірілген хадистерден аңғарғанымыздай, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
дұғасында марқұмдарға үн қатып, оларға жақсылық тілеген. Демек, мұсылман баласы
зиратқа барып, өзінен алдын өткен діндес бауырларына дұға жасағаны абзал.
[1] Муслим
[2] Муслим
[3] Муслим
[4] Муслим
Руслан Камбаров
ҚАДЫР КЕШІ — ҚҰРАН АЯТТАРЫ ТҮСЕ БАСТАҒАН КЕШ
Араб тіліндегі
«қадр» сөзі «мән-маңыз», «өлшем» деген мағыналарды білдіреді.
Сонымен қатар,
«құдырет» мағынасын қамтиды. Жалпы, мұсылман әлемінде қасиетті
кештер мен айтулы күндер жетерліктей бар. Соның ішіндегі ең маңыздысы әрі бірегейі -
қасиетті Рамазан айындағы Қадыр кеші. Бұл түн – адамзаттың ақ пен қараны айыратын
түні, және де барлық жақсылық атаулының бастау қайнары көзі болып саналатын
мүбарак Құран Кәрім аяттары түсе бастаған түн.
Қадыр кеші жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед салаллаһу әлайһи уасаллам
былай деген:
«Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауабы он есе болса, Ережеп
айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге артады,
жұма түндері мың еседен асып, Қадыр түнінде отыз мыңға дейін жетеді», және
де
«Кім қадыр түнін сенімімен, артының қайырлы болатынынан үміт артып
өткізсе, оның бұрынғы барлық күнәсі кешіріледі». Қадыр түні Рамазан айының
222
соңғы онкүндігінің бірінде өтеді. Ислам ғұламаларының пәтуасы бойынша Қадыр
кеші рамазан айының 26 -нан 27 - не қараған түні деп белгіленген. Осы кеште барлық
періштелер жер бетіне ізгі амалдар үшін жіберіледі. Бұл кеш - жасаған әрбір ізгі амалдар
мен құлшылықтардың, қайырымды істердің сауабы мың еселеп жазылатын түн. Және
де мың айдың сауабын нәсіп етеді. Құранның қадыр сүресінде бұл айдың мың айдан
қайырлы екендігі кеңінен айтылған. Мың ай, бұл 83 жыл, 4 айға тең. Бұл дегеніміз бір
адамның өмір бойы Аллаһ тағалаға құлшылық етуімен бара-бар мәселе.
Қадыр түнінде мұсылмандар біргелікте топ-топ болып, жамағатпен жергілікті
мешіттерде имамдардың уағыздарын тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап
алып, көптеген ізгілікті амалдарды үйреніп, таң сәресіне дейін құлшылықпен өткізгені
дұрыс. Қадыр кешін кейбір азаматтардың денсаулығына, т.б. жайттарға байланысты
өз үйлерінде қарсы алуларына да болады. Жалпы, бұл рухани кеш - адамзат баласын
бірлікке, бауырмалдыққа, ата-ананы құрметтеуге, отбасы мүшелерімен жақсы қарым-
қатынаста болуға шақыратын кеш.
Сондай-ақ, қадыр кешінде мынадай орындайтын амалдар бар:
-
Сол күні кешкі ауызашарда дұға-тілек ету;
-
Құптан намазында 20 бас тарауих намазын оқу;
-
Құран, Хадис кітаптарын оқу. Немесе пайғамбарымыздың өмір тарихын
оқу;
-
Қадыр кешінде таң атқанға дейін төрт рәкәт нәпіл намазы оқылады. Бұл
төрт рәкәт намазға былайша ниет етіледі: «Ниет еттім рамазан айындағы Қадыр кешінде
нәпіл намазын оқымаққа». Бұл намаздың оқылу тәртібі былай: бірінші рәкәтта «Фатиха»
сүресі, бұдан кейін үш рет «Қадыр» сүресін оқу. Екінші рәкәтта «Фатиха» сүресінен
кейін үш рет «Ықылас» сүресін оқу, үшінші, төртінші ракаттарда жоғарыдағыдай етіп
оқу керек. Немесе өзі білетін өзге де сүрелерді оқи берсе болады. Осы намазды оқып
болған соң Аллаһ тағаладан өзімізге барша адамзатқа, отбасымызға амандық, ризық
несібе тілеп, бұл дүниенің және ахыреттің барша жамандығынан аман болуды тілеу
қажет.
-
Тәспі тарту;
-
Қадыр кешінде түнгі сағат 2 мен 5 аралығында «Таһажуд», «Қажет»
намаздарын оқуға болады. Бұл намаздар 4 бас етіліп оқылады.
-
Қадыр кешін мүмкіндігі болғанша ұйқысыз өткізу қажет. Алайда, бұл
ұйықтап қалған жағдайда күнә саналмайды.
-
Қадыр кешінде ұйықтамаса болды екен деп, уақытты құмар ойындарын
ойнап немесе жағымсыз кинолар көріп, бос өткізу күнә болып саналады.
Осындай мүбарак кеште ата-ананы, алыс-жақын ағайын бауырларды, дос-
жарандарды құттықтап, арнайы сый-сияпат беріп, көңілдерін көтеру - ең жақсы
амалдардың қатарына жатады.
Ербосын Бектұрсынұлы
ПЕРЗЕНТ ҮШІН ДҰҒА
Анас ибн Малик (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Бірде Айша анамызға бір бейшара
әйел адам тіленіп келді. Айша анамыз оған үш дана құрма беріп еді, ол құрманың екеуін
қасындағы екі перзентіне беріп, біреуін өзіне алып қалды. Балалары берген құрманы жеп
болып, анасының қолына тағы үміттеніп қарады. Әлгі ана өзі жейін деп тұрған құрманы
екіге бөліп, балаларына берді. Мұны көріп әсерленген Айша анамыз Пайғамбарымызға
сол сәтті айтып берді. Пайғамбарымыз (с.а.у):
«Сен оған неге таңданасың? Екі ұлына
жасаған мейір шапағаты үшін Алла Тағала оған да қайырымдылығын аямайды»,
- дейді.
Бұл хадистің мағынасынан, Алла Тағаланың қайырымдылығы дегеннен, ата ана
қартайғанда перзентерінен рақат көретіндігін түсінеміз.
Риуаятта хазреті Омар (р.а.) бір танымал адамды қала әкімі етіп тағайындамақ
болыпты. Бұйрық жазылып, тек қол қою ғана қалған екен. Әлгі әкім болайын деп тұрған
кісімен бірге әңгіме құрып отырғанда бір сәби бала еркелеп келіп Омардың тізесіне
223
отырып алады. Халифа Омар бір сәт әлгі баланы еркелетіп, бетінен сүйеді. Әкімдікке
тағайындалып жатқан әлгі кісі бұны көріп: «Бұл бала өз ұлыңыз ба?» деп сұрады. Омар:
«Жоқ, бұл бір кембағалдың ұлы еді. Әке-шешесі дүниеден қайтқан. Баланы өз тәрбиеме
алғанмын» деп жауап берді. Ол кісі халифаның мейіріне, жүрегінің кеңдігіне таңданып:
«Менің перзентім көп. Мен өз перзенттерімді еркелетіп, сүймеймін. Ұлдарым мені
көргенде қорқып тұрады. Әке осындай болу керек емес пе?» деді. Бұл сөздерді есіткен
халифа Омар ойланып қалды: «Бұл кісі әкімдікке лайық емес екен. Өз перзенттеріне
тасжүрек адам, халыққа қаншалықты пайдалы болуы мүмкін?», деп бұйрыққа қол
қоймады» делінген.
Әбу Һурайра (р.а.):
«Пайғамбарымыз немересі имам Хұсайынды сүйіп,
еркелетіп жатқанда Ақраъ ибн Хабис қасында еді. Ол кісі: Менің он балам бар,
олардан біреуінде сүймеппін, деді. Сонда Расулулл а(с.а.у.) оған қарап тұрып:
«Мейірімі жоқ адамға Алла мейіріммен қарамайды» деді.
Бүгін өз перзенттеріне мейір-шапағатпен қарай алмағандар қартайғанда қор боп
қалса, басқаларға өкпелемеулері керек .
Ислам дінінің негізгі мақсаты – адамзатты көркем мінезділікке тәрбиелеу екені
белгілі. Ата-ананың алғашқы борыштарының бірі перзентке әдемі, мағыналы ат қою,
тәртіпті етіп өсіру, ержеткенде үйлендіру, бой жеткенде тұрмысқа беру.
Егер ата-ана өз перзентінің алдындағы міндеттерін өтемесе, ақиретте перзенттер
ақысын талап ететіндігі туралы риуаяттарда айтылған. Перзент ата анадан нені талап
етеді дейсіз? Ақиретте амал дәптері күнә істерге толған перзент ата-анасының жағасына
жабысып: «О, Тәңірім, бұл ата-анам менің алдымда қарыз. Олар маған ислам дінін
үйретпеді. Мені театрға жіберді, лицей, колледжға жіберді, мешітке жібермеді. Арақ
қойылған дастарханға қонақ етіп апарды, айт намазға, жұма намазға уағыз естуге ертіп
барған жоқ. Шет тілін үйретті, Құран Кәрімді үйретпеді. Америкада оқытты, бірақ
“
лә иләһә илләлланы” үйретпеді. Адал арам нәрселерді айтпады. Сондықтан мен ол
дүниеде Жаратқан саған құлдық ете алмадым, ғибадат жасай алмадым. Осылар, міне
осылар оған кінәлі, айыпты...» деуі әбден мүмкін. Осылай болудан Алла баршамызды
сақтасын! Ал, кейбіреулердің өлгеннен кейін о дүниеде мәртебесі көтеріліп қалады екен.
Сонда ол таңданып: «О Раббым, не себепті дәрежемді көтердің?» деп сұрайды. Сонда:
«Ей, пендем! соңыңда қалған бала-шағаларың сен үшін қайырымдылықтар, истиғфар,
ихсан жасап, сені жарылқауымды тілеп дұға жасады. Бұл дәрежең солардың дұғасының
нәтижесі» дейді екен. Алла баршамыздың соңымызда осындай ізгі перзенттердің
қалуын жазсын!
Құранда: «Адамдар өзінің туыстарынан, анасынан, әкесінен, (әкесі мен
шешесі) баласынан безеді. Әркімнің басына түскен тауқымет басқаларына
қарауға мұрша бермейді» делінген. Демек, қиямет күні кейбір ата аналар перзент
ақысын дұрыстап өтей алмадым, енді ақысын талап ететін шығар, деп уайымдап,
бетіне қараудан бас тартады. Міне, осы уайымның алдын алу үшін адам өмірлік кезінде
перзентіне дұрыс тәрбие беруі керек.
Имамдардың көбі осы тақырыпта сұхбат қозғай қалса, перзентке алдымен ата ана
қадірін ұқтыру үшін «Исра» сүресіндегі мына аятты міндетті түрде тілге тиек етеді.
«Раббың тек оның өзіне ғана ғибадат етуіңді және ата-анаға жақсылық
қылуды әмір етті. Егер құзырыңда олардың біреуі әйтпесе екеуі бірдей қартайып
қалса, оларға “уфф” деуші болма, ренжіте көрме және оларға жақсы сөз айт!
Екеуіне де зор мейірмен, кішіпейілмен бас иіңдер, «Тәңірім, мені кішкентайымнан
мәпелеп өсіргендей сен оларға рақым ет!», де.
Демек, Алланың ғибадатынан кейін адам ата-анасына жақсылық жасау қажет. Бұл
Алланың әмірі, парыз.
Перзент ата-ананың қасында тұрғанда қаншалық өзін кішіпейіл ұстағаны,
соншалық жақсы. Өйткені, ата-анаға не жасасаңыз өз перзентіңізден де соны көресіз.
Ата-анасын сыйлайтын адамдарды көп кездестіреміз. Одан көңіліміз көтеріледі,
қуанамыз «менің перзенттерім де осындай ізгі жан болсын» деп ниет етеміз.
Бұрынғы заманда ұрылардың қолы кесілгенін білеміз. Сондай ұрылардың бірін
ұстап қолын кеспек болғанда, үкім шығарған патшаның алдына бір жас қыз келіп, тізе
224
бүгіп, жылап былай депті: «Әкемнің қылмысы үшін қолын кесуге бұйырғаныңызды
білемін. Әрине, сіздің шығарған үкіміңіз әділ үкім. Бірақ, әкемнің менен басқа
кішкентай төрт перзенті бар. Анамыз дерттен төсек тартып қалған. Бізді баға алмайды.
Егер әкеміздің қолын кессеңіз барлығымыз аштан өлеміз. Бізге жаныңыз ашысын,
әкеміздің қолын кестірмеңіз. Егер қол кеспеудің басқа жолы болмаса, онда әкемнің
қолының орнына менің қолымды кесіңіз» деді. Патша бұл сөзді есітіп, қызды сынау
мақсатында: «Жарайды, әкеңнің қолының орнына сенің қолыңды кестіремін. Қолыңды
бүгін емес ертең кеседі. Ертеңге дейін жақсылап ойлан, кейін өкініп жүрме» деп
ескертеді. Ертесіне алаңға көп адам жиналады. Қыздың әкесін алып келеді, қызда
сонда болып, әкесіне: «Әкешім, қорықпа, мен патшаға «әкемнің қолының орнына менің
қолымды кес» деп жалындым. Патша келісті. Қазір сіздің емес, менің қолымды кесекелі
тұр». Қыз осыны айтып, қолын кескіндіге қойғанда, бұл сәтке куә болған патша да,
жиналған көпшілік те көздерінен жас төгеді. Қыздың әкесі көпшіліктің ұйғарымымен
азат болады. Әке мен балаға құрмет көрсетіледі. Патша әмірімен сол күннен бастап
қолкеспе алаңнан алып тасталды. Кеспе орнына бір мрамор тас орнатылып онда мына
сөздер жазылып қойылды:
«Бір жасөспірім қыз әкесінің қолының орнына өз қолын
пида етуді қалады. Сол қыздай әке үшін өз жанын аямаған перзентке ие болған
ата-ана қандай бақытты...»
Ата-ананы риза еткен перзентке жәннат нәсіп болады, Алла тағала оған ұзақ
ғұмыр, берекелі тіршілік береді, делінген пайғамбарымыздың хадис шәріпінде.
Расулулла: «Бибі Мариямның ұлы Иса пайғамбар мен Жұрайж деген әулиеге
сөйлеген нәресте баладан басқа ешбір сәби бала сөйлеген емес», деді. Сахабалар: «Ей,
Алланың Елшісі! Жұрайж және оған сөйлеген нәресте бала кім еді?» - деп сұрады.
Сонда Пайғамбарымыз: Жұрайж деген әрқашан қолы ғибадаттан босамайтын, бір дін
адамы еді, оның ғибадатханасының айналасында бір падашы сиыр жайып жүретін. Сол
ғибадатханаға жақын маңдағы ауылда тұратын бір әйел, падашыға келіп-кетіп тұратын.
Жұрайж бір күні ғибадат қылып отырғанда анасы келіп шақырды. Жұрайж анасының
дауысын естіді. Бірақ, ғибадатымды жалғастырайын ба, әлде жауап берейін бе, деп
ойлады. Ақыры ғибадатын бұзбай анасына жауап бермеді. Анасы екінші, үшінші
рет айқай салғанмен жауап алмады. Ана ашуланып, баласына есіттіріп: Сазайыңды
жезөкшелер берсін! деп қарғап, келген ізімен қайтып кетті. Көп өтпей әлгі падашыға
келіп жүрген әйел бала туып қойды. Оны айыптап патшаның құзырына алып келіп
жауапқа тартқанда: Бұл бала ғибадатханадағы діндардан болды, деп жала жаба салды.
Мұны естіген патша қаһарына мініп, діндардың ғибадатханасы бұзылсын, өзін осы
жерге алып келіңдер, деп әмір етті. Бұйрық бойынша ғибадатхана бұзылып Жұрайждың
қолы арқанмен байланып сүйретіліп патша құзырына әкелінді. Жұрайж келгеннен соң
өзін тамашалап тұрған жезөкше әйелге және басқаларға қарап күліп қойды. Патша:
«Мына қатын туылған баланы сенің балаң деп тұр», - деді. Жұрайж әйелге қарап
тұрып: Солай ма? деп сұрады. әйел: «
Иә», - деп жауап берді. Сонда Жұрайж бесіктегі
нәресте балаға қарап: «Сенің әкең кім?» деп сұрады. Нәресте тілге келіп: «
Менің әкем
падашы» деп жауап берді. Оның сөзін жиналғандар түгел анық естіді. Барлығы аң-таң
болды. Діндарға ықыластары қайта ауды. Патша жала жапқан әйел мен падашыға жаза
белгілегеннен кейін, Жұрайждан кешірім сұрап, енді ғибадатхананы үлкен етіп қайта
құрып береміз, деді. Жұрайж оған келіспеді. Ғибадатханы күмістен құрып береміз
деп үәде етті. Жұрайж оған да көнбей, бастапқы қарапайым қалпына келтіріп беруді
өтінді. Сонда патша: сен бағана қолдарыңды байлап әкелгенде ашуланудың орнына
неге күлдің, осының сырын айтып бер, деп сұрады. Ол: Басыма түскен жағдайды көріп
күлгім келді. Ол да болса, анамның маған жасаған қарғыс дұғасының кесірі еді»,- деп
Жұрайж болған оқиғаны патшаға айтып берді делінген».
Абдулла ибн Ауф Анас ибн Маликтен риуаят етеді: «
Пайғамбарымызбен
бірге Суффада едік. Хижрат етіп келген бір әйел Расулулланың құзырына келді.
Пайғамбарымыз оны әйелдердің қасына жіберді, әлгі әйелмен бірге келген ұлын
бізге қосты. Кешікпей әйелдің ұлының ыстығы шығып, сырқаттанды да, өліп
қалды. Пайғамбарымыз өз қолымен жігіттің көзін жұмғаннан кейін, оны жуып,
кебіндеу үшін дайындалып жатқанымызда маған: «Ей, Анас! Барып анасына
225
хабарды айт» деді. Анасына хабар бердім. Анасы келіп өлік мейіттің аяқ жағына
отырып, перзентінің суып қалған аяқтарын ұстап, дұға оқыды: «Жаратқан Алла,
мен өз қалауыммен мұсылман болдым. Сенің дініңе кірдім. Пұттарға табынудан
бас тарттым. Өз қалауыммен саған бойсұндым, Пайғамбарыңа ілестім. О, Алла
мені бәлекеттерге душар етіп, пұтқа табынушыларды қуанта көрме, мен көтере
алмайтын, шамам келмейтін қайғыны маған бере көрме! деп, жалбарынып жатты.
Аллаға ант, әйел дұғасын бітірер-бітірмес өлікке жаны қайтты, бала аяқтарын
қимылдатып, көзін ашты. Пайғамбарымыз дүние салғанға дейін ол жігіт тірі
еді..», -делінген.
Мінекей, дұғаның қасиеті қандай?! Сондықтан, ата-анамыз өмір сүріп жатқан болса,
ризалығын алып қайырлы дұғасын алу – Алланың ризалығын, Пайғамбарымыздың
батасын алғанмен тең.
Кағба орналасқан Харам мешітінің Бас имамы Сұдайси деген ғұлама кісі екен.
Ол кісі Құран оқығанда денеңіз түршігіп кетеді. Даусы сондай әдемі. Алла ол кісіге
үлкен бақ беріпті, Алла үйінде имамдық қызмет атқарады, миллиондаған адамдарға,
қажыларға имам болып намаз оқып береді. Осы кісі, сол харам мешітіне анасының
тілегімен имам болғанын айтады екен. Өйткені, ол жас кезінде медресе оқып жүргенде
анасы: «Балам жақсы оқы, болашақта осы харам мешітінің имамы боласың», - деп көп
айтып, дұға жасапты. Ел арасындағы құрмет сыйына, халық үшін жасаған қызметіне
орай кейіндеу патша өз қызын әлгі имамға лайық көріп, некелеп беріпті.
Сондықтан, бауырлар перзентіміз үшін Алладан тілеуден, перзентіміз үшін
Алладан сұраудан ерінбейік!
НАМАЗ ОҚУДЫң ХИКМЕТІ
Өмір болған соң әрбір адамның өзіне тән уайым-қайғысы, өзіндік қызық-
қуанышы болады. Қандай жағдайда да қызық пен қуанышты, қайғыны өзгемен бөлісу
адамға үлкен жеңілдіктер мен тың серпілістер береді. «Іштегі шерің айтса шығады»
демекші, біреумен әңгімелесу арқылы үлкен жеңілдікке ие боласың. Ал барша әлемнің
жаратушысы Аллаһпен тілдесудің, Оған жақындасудың құдыреттілігі мүлде жоғары.
Негізінен Ұлы Жаратушыға жақындасу Оған құлшылық жасау арқылы орын алады.
Сонда ғана өзіңнің рухани демеуге ие болғаныңды сезінесің. Көкірек көзіңнің, жан
сарайыңның бұрынғыдан да ашыла түскенін байқайсың.
Ұлы Аллаһқа құлшылық жасаудың жолы көп. Ал негізгілері Оның көрсеткен
жолдары. Иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, қажылық парызын өтеу, зекет беру
парыздары осы негізгілердің қатарына жатады. Біз бүгінгі мақаламызда Исламның
негізгі ұстындарының бірі – намаз мәселесін сөз етпекпіз.
Намаз - Исламның екінші рукіні (тірегі) болып, кәлимә-й шаһадаттан кейінгі ең
ұлы парыз болып есептеледі. Намаздың Аллаһтың алдындағы ең ерекше құлшылықтың
қатарына жатуымен бірге, адамзат баласының бір-біріне деген достық ілтипатын,
сонымен қатар, деннің саулығына келтіретін пайдасының ұшан-теңіз екендігі
көзіқарақты әрбір жанға белгілі.
Намаз - Аллаһ пен пенде арасындағы байлаушы. Намазда адам Аллаһпен оңаша
жалғыз қалып, оған мінәжат етіп, құлшылық қылады. Адам өзінің мақсат-мүдделерін
Аллаһқа құлшылық жасау арқылы жеткізіп, бойына рухани нәр алып, ерекше күшке ие
болады. Намаз сондай-ақ, қателер мен күнәларды жуудың, жоюдың ең тиімді жолы.
Енді намаз оқыған адамға берілетін нығметтерге тоқталайық:
Біріншіден, намаз адамды дүние байлықтарынан Аллаһты жоғары дәріптеуге,
ұлықтауға үйретеді. Адам жанына намаз дүнияуи байлық емес, рухани ләззат сыйлайды.
Рухани бай адам мен дүнияуи бай адамның арасы жер мен көктей. Мұхаммед (с.ғ.с.)
Пайғамбарымыз өзінің хадистерінің бірінде Аллаһтан өзін қияметте кедейлердің
қатарында алып, кедейлердің қатарында тірілтуін сұранған. Бұдан біз өзімізге басқаша
емес, рухани бай болуға ұмтылуымыз керектігін ұғамыз. Рухани байлыққа жететін
жетістік жоқ.
Екіншіден, намаз оқитын адам түрлі теріс қылықтар мен іс-әрекеттерден
226
аулақ болады. Аллаһтан қорыққан адамнан ешқандай жамандық шықпаса керек.
Жалпы мінез-құлықтың дұрыс болуына де намаздың көп пайдасы бар. Бұл жайында
Пайғамбарымыз (с.а.у): «Мен Расулуллаһқа (с.а.у) келіп: Я, Расулуллаһ (с.а.у)!
Сізбен бірге кім мұсылман болып жатыр (яғни, Исалм дінін кімдер қабылданып
жатыр)? », - дегенімде Ол (с.а.у): «Азаты да, құлы да», - деп жауап берді.
-
Ислам деген не?
-
жақсы сөз айту, мұқтаждарды тамақтандыру.
-
иман деген не?
-
сабырлылық пен қайырымдылық.
-
Исламдағы ең абзал қандай амал?
-
мұсылманның мұсылман бауырына қолымен және тілімен зиян тигізбеуі.
-
имандылықтың ең абзал амалы қандай?
-
жақсы мінез-құлық.
-
намаздың абзалы қандай?
-
ынтамен оқыған ұзақ намаз.
-
һижраттың (һижрат – күнәдан бас тарту немесе оны жасамау) абзалы
қандай?
-
Раббың жеккөрген нәрседен һижрат етуің (Раббыңа жақындау ниетімен
күнәдан бастартуың) (Имам Әл-Һәйсәми).
Үшіншіден, намаз адамға сергектік сыйлайды. Намазхан адам бойын билеген
жалқаулықтан құтылып, жауапкершілік дегеннің не екендігін сезінетін болады.
Төртіншіден, намаз пендеге тәртіптілікті үйретеді. Күнделікті 5 уақыт
намазын дер кезінде оқу арқылы намазхан дағдылылыққа, тәртіптілікке бой түзейді.
Мұндай ізгіліктер адамды толып жатқан ізеттілікке, әдептілікке, кісіні ғайбаттаудан,
жамандаудан қайтарып, жалпы жақсылық жасауға шақырады. Осы жайында Құран
Кәрімнің Хужрат сүресінің 10-11 аяттарында:
«Шын мәнінде мүміндер туыс қой.
Сондықтан екі туыстардың арасын жарастырыдар! Ей, мүміндер! Бір ел екінші
елді әжуә етпесін, бәлкім олар бұлардан жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер де
әйелдерді кемсітпесін, мүмкін олар бұлардан артық болар. Бір-біріңді мінемеңдер,
жаман ат тақпаңдар. Иманға келгеннен кейін жаман атты болу қандай ауыр? Кім
тәубе қылмаса, солар залымдар», - деп айтқан .
Бесіншіден, намазхан адам кішіпейілділік, сабырлық пен адамгершілік сияқты
көптеген сипаттарға ие болады.
«Сабырлылық – иманның жартысы» делінген
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде. Сондай-ақ, намаз оқумен бірге пайғамбарымыз
ата-аны құрметтеуді міндеттейді. Бұл жайында Абдулла ибн Масьуд риуаят еткен
хадисте: «
Мен Пайғамбарымыздан (с.а.у): «Я, Аллаһтың Елшісі (с.а.у)! Жұмаққа
Достарыңызбен бөлісу: |