Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж



Pdf көрінісі
бет2/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Серікбай қажы ОРАЗ, 
Әзірет Сұлтан мешітінің Бас имамы, найб мүфти.
[1] Исра сүресі, 1-аят 
[2] Р.Бути, Фиқһу сира набауия, 109-бет.  Дар Салам баспасы, Каир

12
ШҮКІРШІЛІК ЕТУ – МҰСЫЛМАННЫң ӘДЕБІ
Шүкіршілік   –  мұсылманды  өмір  өткелдерінен  алып  өтетін  өте  маңызды 
құлшылық.  Тағдырға  шынайы  иман  келтірген  адам  өзіне  берілген  һәм  берілмеген 
барлық несібелері үшін Аллаға шүкіршілік етеді. Мұны бұрынғылар «Аллаға қанағат 
ету» және «Аллаға шүкір ету» деп екіге бөлген.
Қанағат  ету  –  пенденің  қолындағы  әрі  қолы  жетпеген  несібелері  үшін  разы 
болуы болса ал, шүкір ету – кісінің қолындағы несібелері үшін Аллаға алғыс білдіруі. 
Бұл  жөнінде  Құранда: 
  «Мені  естеріңе  алыңдар,  сонда  Мен  де  сендерді  есіме 
аламын. Маған шүкіршілік етіңдер, шүкірсіздік етпеңдер[1]», – делінген. Ендеше, 
Жаратқанның берген өміріне, денсаулығына, материалдық және рухани байлықтарына 
алғыс білдіріп, лайықты түрде шүкірлік қылу – әрбір пенденің міндеті.
Өміріміздегі  кез  келген  мәселенің  иманға  келу,  шүкірлік  ету  арқылы  шешімін 
тауып  жататындығы  белгілі.  Халқымыздың  «Қанағат  қарын  тойғызар»  деп,  барға 
қанағат жасап, жоққа салауат айтып жататындығы да осыдан деп білеміз.
Шын  мәнінде,  адам  баласының  тәкәппар  кеудесі  тығырыққа  тірелген  сәтте  өзінің 
дәрменсіздігін мой ын дай ды. Құдіретті бір Ұлы Күштің бар екендігіне бойұсынып, оған 
қолын жайып медет тілейді. Тіпті, кезінде өзін құдайға теңеп, тәңірмін деген перғауын 
теңіз  түбіне  батып  бара  жатып,  ажал  аузындағы  бір  мезетте:  «Мұсаның  Раб бы сы на 
иман еттім[2]», – деген екен.
Дана халқымыз: «Алла беріп те сынайды, алып та сынайды», – дейді. Кезінде өз 
заманының заңғар тұлғасы Әбу Ханифа ғылыммен қатар сауда-саттықпен айналысты. 
Ғұлама қоңыртөбел тірлік кешті. Күндердің күні шәкірттеріне дәріс оқып отырған ол 
тауарын  тасымалдаушы  кеменің  суға  батқан  жайлы  хабар  естиді.  Алайда,  тіршілік 
мұратын имандылыққа жеңгізген ғалым бұл хабарды естігенде «әлхамдулилла» дейді 
де, сабағын жалғастыра береді. Көп өтпей әлгі хабарды әкелген кісі қайта келіп: «Мырза, 
кешіріңіз, әлгінде әкелген хабарым тура емес екен. Малыңызды тасыған кеме аман-
есен келді. Қазір жүк түсіріліп жатыр», – дейді. Әбу Ханифа тағы да: «Әлхамдулилла», 
– дейді. Қасындағылар бұған таң қалып, ғалымның суыт және жақсы хабарға бірдей 
көңілмен жайбарақат жауап бергенін сұрады. Сонда ол: «Біздің барлық күйіміз Аллаға 
шүкірлік  ішінде  болғаны  жөн.  Дүние  –  сынақ  орны.  Алла  құлдарын  кейде  беріп, 
кейде алып сынайды. Алдыңғы хабармен Алланың мені зиянға ұшыратып сынағанын 
ойладым. Шүкіршілік еттім. Кейінгі хабармен Алла мені сыйлап, сынағанын ойладым 
және шүкіршілік еттім», – деген екен. Міне, мұны Аллаға жақындаған кісінің амал-
әрекеті емес деп қалай айта аламыз?!
Тілсіз  жау  атанған  табиғаттың  тосын  жағдайына  тап  болған  адам  баласы  жан 
ұшыра  айқайлап,  қара  басын  қорғаудың  қамына  кіріседі.  Ажалмен  бетпе-бет  келген 
адам  қиындықтан  құтылатын  ешқандай  мүмкіндігі  қалмайды.  Мұндай  сәтте  адам 
Жаратушыға  жалбарынып,  дұға  жасап  медетті  тек  Алладан  күтеді.  Жәрдем  тек 
Алладан келетінін бар болмысымен және жүрегімен сезеді. Әдетте, «Жаратушы жоқ» 
дейтін бейбақтың өзі де жаны алқымға таяған шақта Құдайын лезде табады. Алайда, 
адамның  көпшілігі  қауіп-қатерден  құтылған  соң  үрей  мен  қорқыныш  сезімдерінің 
барлығын ұмытып кете барады. Жүрегі жайланып, түк болмағандай күй кешіп, дұғаны 
да жайына қалдырады. Дәл осы ақиқат Құран Кәрімде былай баяндалады:  «Ол сондай 
Алла, сендерді құрлықта, теңізде сапарға шығарады. Сендер отырған кеме жайлы бір 
желмен жылжып, адамдар онымен мәз болып бара жатқанда сұрапыл боран шығып, 
тұс-тұстан толқын ұрғанда, кемедегілер толқын қоршауында қалдық деп ойлайды да: 
«Бізді осыдан құтқарсаң, өзіңе шүкір қылар едік», – деп, Алладан шын ниеттерімен 

13
тілек тілейді. Алла оларды құтқарғаннан кейін, олар жер жүзінде орынсыз бұзықтық 
істейді. Ей, адамдар! Бұзықтықтарыңның зияны өздеріңе ғана тиеді, дүние тіршілігінің 
(баянсыз қызығына) масаттанасыңдар. Содан соң сендер алдымызға қайтып келесіңдер. 
Сонда істеген істеріңді айтып береміз[3]».
Парсы ғалымы Саъди Шерози: «Кімнің қолынан және тілінен Алла Тағаланың 
берген нығметтеріне лайықты түрде шүкіршілік айту келеді? Егер әр бір нығмет үшін 
шүкіршілік  айту  керек  болса,  адамның  бір  демі  үшін  екі  рет  шүкіршілік  айту  керек 
болар еді. Демнің ішке кіруі – өлімнің алдындағы өмір дегені, демнің сыртқа шығуы 
–  өмірдің  жалғасуы  дегені.  Егер  бір  дем  өмірдің  екі  нығметінен  тұрса,  оған  екі  рет 
шүкіршілік  айту  керек болса, басқа  нығметтер  үшін  адам  баласы қашан  шүкіршілік 
айтпақ? Демек, біз Алла Тағалаға нығметтері үшін, тым құрығанда, тілмен шүкіршілік 
айтуға да дәрменсізбіз. Соның үшін әрбір пенде Алла Тағалаға лайықты шүкір айта 
алмай  жатқандығы  үшін  истиғфар  (кешірім)  тілеуі  керек.  Өйткені,  Алла  Тағаланың 
нығметтеріне лайықты, Оның Жаратушы зат екендігін тасдықтайтындай шүкіршілікті 
еш бір пенденің қолынан келмейді[4]»,  – деген екен. Алла Тағала Құран Кәрімде былай 
баяндалады:     «Ал,  енді  адамзат  қашан  Раббы  оны  сынай  сыйлап,  игілікке  бөлесе: 
«Раббым мені сыйлады», – дейді. Қашан оны сынап, несібесін азайтса: Раббым мені 
қорлады, –  дейді[5]». Сабыр мен төзімділік таныту –  һәм өзінің жағдайы мұнан да 
төмен болуы мүмкін екендігін есіне алып шүкір ету пенденің міндеті. Мұсылман өз 
шүкіршілігін келесі үш жағдаймен білдіре алады:
Біріншісі – Адам өзіндегі бар нығметті Алладан екенін мойындау;
Екіншісі  –  Сол  нығметтердің  бәрін  сізге  нәсіп  еткен  Алла  Тағалаға  тіліңізбен 
мадақ айтып (әлхамдулилла), құлшылығыңызбен білдіру;
Үшіншісі –  Пенде ол нығметтерді тек Алла бұйырған орындарға ғана жұмсау.
Демек,  Аллаға  шүкіршілік  еткісі  келген  адам  жәй  шүкір  деп  қоймай,  осы 
үштағанды жүзеге асыруға тырысуы қажет. Сонда ғана шүкірліктің шынайы көрінісі, 
нақты болмысы өзінің лайықты тұрғыдағы орнын алады.
Құран Кәрімнің алғашқы сүресі Фатиха «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы 
Аллаға тән» деген сөздермен басталады. Күнделікті бес уақыт намазын өтейтін жан ең 
кемінде намазда бұл аятты 30 мәрте қайталайды екен. Осыдан-ақ, шүкірлік етіп, Аллаға 
мадақ айтудың қаншалықты маңызы бар екендігіне нақты көз жеткізуге болады. Құран 
Кәрімде шүкір етудің қажеттілігі  турасында:
 «Әй, мүміндер! Мені еске алыңдар, мен де сендерді еске алайын. Маған шүкірлік 
етіңдер,  маған  опасыздық  жасамаңдар[6]»,  –  деп  бұйырады.  Осы  аяттан  шүкіршілік 
етудің «Алланы еске алумен» байланыстырылғанын көруге болады.
Негізінде, адам баласының болмысы, табиғаты ұмытуға, ұмытшақтыққа бейім 
жаратылған. Біз кейбір нәрселерге қол жеткізу үшін еңбектенеміз, сонымен бірге дұға 
қыламыз. Соңында әлгі нәрсеге қол жеткізгеннен кейін көп жағдайларда шүкір етуді 
ұмыт қалдырып жатамыз.
Адамның осы болмысын Құран Кәрімде:  «Ал, қашан адам баласына бір зиян 
жетсе,  жатса  да,  отырса  да  немесе  түрегеп  тұрса  да  бізге  жалбарынады;  Алайда 
қашан  одан  зиянды  айықтырсақ,  тіпті  оған  тиген  зиянды  айықтыру  үшін  бізге 
жалбарынбағандай-ақ кете береді[7]», – деп сипаттайды.
Көп  жағдайларда,  тіпті,  қолдағы  бар  нәрсенің   қаншалықты  құнды  екенін 
түсінбегендіктен  Аллаға  шүкір  етпей  жатамыз.  Алайда,  қолымыздағыдан 
айырылғанымызда ғана оның қадіріне жетіп бағалай бастаймыз. Және де            осылай 
болуға тиісті және мұнда шүкіршілік ететін ештеңе жоқ сияқты әрекет жасаймыз.

14
Әсіресе,  белгілі  бір  ауыр  науқасқа  шалдыққан  жан  өмірдің  құндылығын, 
Алланың  мейірімділігін,  айналаны,  қоршаған  ортаны,  т.б.  мәселелерді  жан-жақты 
ойлана бастайды. Соның ішінде, тыныс жолдарының қатерлі ісігі ауруына ұшыраған 
адамдар,  тіпті,  бір  жұтым  ауаның  бағасын  біледі.  «Аштықта  жеген  құйқаның,  дәмі 
кетпес ауыздан» деп бабаларымыз айтқандай, көбіміз қолда барда алтынның қадірін 
біле бермейтініміз өкінішті.
Сондықтан  кейбір  дұғаларымыз  кешігіп  яки  орындалмай  жатса,  оның  түпкі 
мәнісін білмегендіктен абыржып, асығудың қажеті жоқ. Жалпы, шүкірлік ету – үнемі 
есте сақталуға тиісті әрекет. Адам баласының өмірге  шариғат көзімен қарағаны жөн. 
Бұл  дегеніңіз  –  Құран  ақиқаттарының  құндылықтарын  жүрекке  терең  сіңіріп,  оны 
күнделікті өмірде қолданысқа енгізу. Сонда ғана барлық нығметтің құны мен маңызы 
алдымыздан жарқырап шыға келеді.
Ұлы Абай хакім: «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой – бес асыл 
іс көнсеңіз», – деп ғақлия айтады. Осынау өсиеттерден ғибрат алсам деген әрбір жан 
адамдықтың ең асыл қасиеттерінің бірі – барға қанағат, жоққа шүкіршілік ету екендігіне 
терең ден  қоюы керек.
Әнәс ибн Маликтен (р.а.) келген хадисте айтылған:  «Шынында, Алла Тағала бір 
үзім нан жеп, шүкіршілік еткен және бір жұтым су ішіп, шүкіршілік еткен пендеден 
разы болады[8]».  Адамдарға рахмет айтып, жақсылық жасау да – шүкіршілік етудің 
бір белгісі. Усама ибн Зайдтан (р.а.) жеткен риуаятта:  «Адамдарға алғыс білдірген жан 
Алла Тағалаға  көп шүкіршілік етушілерден[9]».
Әрине,  шүкіршілік  етудің  шынайы  озық  үлгісін  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) 
ғұмырынан іздегеніміз жөн. Айша (р.а.) анамыз былай деген екен:
 «Алла елшісі аяқтары талғанша намаз оқитын. Бір күні: «Уа, Алланың елшісі! 
Осыны  жасап  жүрсің  бе?  Сенің  өткен  және  келер  күнәларың  кешірілген  еді  ғой»,  – 
дегенімде,  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  Мен  шүкіршілік  етуші  құл  болмаймын  ба?[10], 
– деген жауап қайтарды». Пайғамбармыз (с.ғ.с.) Алланың елшісі бола тұра осындай 
дәрежеде шүкіршілік етсе, онда біздің жағдайымыз қалай болмақ?!
Американың  атақты  дәрігер  ғалымдарының  бірі  Лаурансе  Браун  Жаратушыға 
жалбарынуды  жат  санайтын,  тіпті  мүлде  қажетсіз  нәрсе  деп  есептейтін  жандардың 
бірі болған. Ол өмірінде дұғаның күшіне көз жеткізіп, үлкен ізденістің нәтижесінде 
Исламды  қабылдап  мұсылман  болды.  Ол  басынан  өткен  жайт  жайлы:  «Мен 
жаратушыға жалбарыну дегенді мүлде қажетсіз, бос нәрсе деп есептеп келдім. Бірақ 
қызым жазылмайтын сырқатпен дүниеге келді. Оны емдеуге қаражатым жеткенімен, 
дәрігерлердің қолынан ештеңе келмеді. Қызымның қиналғанын көргенде қатты жаным 
ашып, қарап тұруға төзімім жетпейтін. Амалсыз бір күшке жалбарыну керектігін сол 
кезде сезіндім. Сосын өмірімде алғаш рет қол жайып дұға тіледім. Дұғам қайбір дұға 
дейсіз,  атеистің  дұғасы  ғой.  «Ей,  Тәңір!  Егер  бар  болсаң,  мен  көмекке  зәру  болып 
тұрмын. Егер қызым аман қалатын болса, маған сенің ең разы болған дініңді көрсетсе, 
мен соны қабылдауға уәде беремін», – деп іштей, ерекше ықыласпен жалбарындым», 
– деп әңгімелейді.
Міне, осы дұғадан кейін доктор Браунның қызы сырқатынан құлантаза айықты. 
Ол  дұғасының  қабыл  болғанына  қатты  таң  қалды,  сонда  ғана  ол  бір  Жаратушы 
Құдіреттің бар екеніне сеніп, өмірінде ақиқат дінді табу жолына түсті. Барлық діндерді 
салыстырып, қаншама жыл уақытын зерттеуге арнады. Ақыры Ислам дінін қабылдады.
Ахметжан қажы Керімбек

15
[1] Бақара сүресі, 152-аят 
[2] Юнус сүресі, 90-аят 
[3] Жүніс сүресі, 22-23-аяттар 
[4] Гүлістан 
[5] Фәжір сүресі, 15-16 аяттар 
[6] Бақара сүресі, 152-аят 
[7] Фұссилат сүресі, 51 аят 
[8] Муслим 
[9] Ахмед 
[10] Бұхари
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАМАНДЫҚТЫ ЖОЯДЫ
 
Бір күні Әбу Осман (р.а.) мен Салман (р.а.) екеуі бір ағаштың түбінде көлеңкелеп 
отырды. Салман әлдебір құрғақ бұтақты сындырып алды да, жапырақтары түскенше 
желпи бастады. Әбу Османға қарап:
 
«Менің неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?» – деді.
 
Ол: «Иә, неге?» – деді.
 
Салман:  «Бір  күні  Алла  елшісімен  (с.ғ.с.)  бірге  осылай  бір  ағаштың  астында 
саяладық. Ол тап мен сияқты қураған бұтақ алып жапырақтары түскенше желпи бастады. 
Маған қарап: «Салман, неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?» – дегенде, 
мен де «Айтыңыз, уа, расулаллаһ?» – дедім. «Бір мұсылман жақсылап дәрет алып бес 
уақыт намаз оқыса, мына түскен жапырақтар сияқты күнәларынан арылады», – деді де, 
артынша: «(Мұхаммед) күндіздің екі жағында, (таң мен екінті намазы) Түннің күндізге 
таяу  кезінде,  (ақшам  мен  құптан)  намазын  толық  орында.  Анығында  жақсылықтар, 
жамандықтарды жояды. Бұл ойланғандар үшін насихат» – деген аятты оқыды.
ЖӘННАТҚА БАСТАЙТЫН 18 ЖОЛ
           «Қосымша құлшылықты парыз етілгендей жаса» Әли ибн Ахмад, Хиласат 
әл Азар, 3/401.  Бұл мақалада Жәннаттың жұпар иісін сезінгісі келетіндерге Жаратқан 
Алланың сүйіктісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , құнды сый ретінде 
қалдырып кеткен қосымша құлшылыққа қатысты он сегіз ақыл-кеңесі келтірілген.
1. Ай толғанда ораза ұстау
Абдуллах бин Әмр бин әл-Асаның (Алла оған разы болсын) сөздерінен Алла Елшісінің 
(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені риуаят етілген:«Ай сайын үш 
күн ораза ұстау үздіксіз ораза ұстаумен тең». (Әл-Бұхари; Муслим).
Ибн  Аббастың,  Алла  оларға  разы  болсын,  былай  дегені  хабарланады: «Алла  Елшісі 
(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  ай толған күндері  үйде болсын, түзде болсын, 
әрдайым ораза ұстайтын» (ән-Наса'и).
Мұнда  «ақ  күндері»  ораза  ұстау  деп  әр  айдың  13,  14,  15-ші  жұлдызы  жайлы 
айтылып тұр.
Ескертпе:  Катада  бин  Мильханның,  Алла  оған  разы  болсын,  былай  дегені 
хабарланады: «Алла Елшісі бізге айдың он үшінші, он төртінші және он бесінші күндері 
ораза ұстауды әмір етті» (Әбу Дауд).
Джариир, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі 

16
болсын) , мына сөздерін риуаят еткен: «Ай күнтізбесінің әр айының  13, 14 және 15-ші 
жұлдызында ораза ұстау бір жыл ораза ұстаумен парапар».
2. Тахият әл-вуду
Тахият әл-вуду – дәрет алғаннан кейін нaмaз оқу.
Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай дегені риуаят 
етілген: «Мұқият  дәрет  алғаннан  кейін  шын  ықыласпен,  бар  ынтасымен  2  рәкағат 
намаз оқыған адамның Жәннатқа кіруге хақы бар».
 Бірде таңертеңгілік Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Біләлді 
қасына шақырып, былай сұраған: «Біләл! Менен бұрын Жәннатқа кіретіндей қандай 
амал жасадың? Мен қай кезде (түсімде) Жәннатқа кірсем де, алдыңғы жақтан сенің 
аяқ  басқан  дыбыстарыңды  естимін.  Кеше  кешкісін  де  Жәннатқа  кіргенімде  тағы 
да алдыңғы жақтан сенің қадам басқан дыбысыңды естідім». Біләл, Алла оған разы 
болсын, былай деп жауап берген: «Уа, Алла Елшісі, мен азан айтқан сайын міндетті 
түрде екі рәкағат намаз оқимын. Дәретім бұзылғанда дереу қайта дәрет алып, екі 
рәкағат  намаз  оқуды  Алланың  алдындағы  борышым  деп  санаймын».  Сонда  Алла 
Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , былай деп тіл қатқан: «Міне, осы екі 
амалыңның берекесінің арқасында!» (Тирмизи, Мәнәкиб, 17/3689; Ахмад, V, 354).
 Жаратқан  Раббымыздың  Елшісі,  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  ,  былай 
деген: «Егер кімде-кім дәрет алып болып: «Әшхаду әлля иляха илля ллаху уахдэху ля 
шәрийкя ляхь, уа әшхаду әннә мухаммадан абдуху уа расулюх. Аллахумма, идж'альни 
минәттәууәбин, уадж'альни минәл мутатаххирин», - десе, оның алдынан Жәннаттың 
сегіз  қақпасы  ашылады  және  ол  қалаған  қақпасынан  кіре  алады» (Муслимнің,  Әбу 
Даудтың, Ибн Маджаның және әт-Тирмизидің жинақтарында Омардан риуаят етілген).
3. Салят әд-духа
Алла  Елшісі,  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын),  былай  деген: «Егер 
Алланың құлы парыз емес, нәпіл намаздың он екі рәкағатын оқыса, Алла оған арнап 
Жәннаттан үй тұрғызады» (Муслим).
 Сондай-ақ,  Пайғамбардың,  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын),  былай 
дегені риуаят етілген: «2 рәкағат духа намазын оқуда табандылық танытқан адамның 
теңіздің көбігіндей көп (кіші) күнәлары болса да, кешіріледі» (Ибн Маджа).
Бұл намаздың уақыты күн шыққаннан кейін, намаз оқу үшін мәкрүх болып саналатын 
уақыт аяқталған соң кіреді де, күн тас төбеге жақындағанда шығады (Бесін намазының 
уақытынан жиырма-қырық минут бұрын). Оны Зәуәл уақытында, яғни, Бесін намазынан 
бес-он минут бұрын оқып қоймаңыз.
Духа намазы таң намазынан кейінгі уақыттың ¼ өткеннен соң басталып, күн түйенің 
тұяғы күйетіндей биікке көтерілгенге дейін оқылады («Шарш Кабирде», Халаби, 390-
бет).
4. Ишрақ намазы
Пайғамбар,  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын),  былай  деген: «Кімде-
кім таң намазын жамағатпен бірге оқып, сол орнынан қозғалмастан күн шыққанға 
дейін зікір айтса, содан соң екі рәкағат ишрақ намазын оқыса, Қажылық пен Умра 
жасағандай сауапқа ие болады» (Тирмизи).
Түсініктеме:
Кем дегенде оқылуы керек болған рәкағат саны ─ екеу, кеңес етілетіні ─ төртеу 
(Бахисти Зевар, 30-бет).
Егерде  таң  намазын  жамағатпен  бірге  оқуға  мүмкіндігіңіз  болмаған  болса, 
жалғыз  оқысаңыз  болады.  Мұндай  жағдайда  да  дәл  сондай  сауапқа  кенелесіз. 

17
5. Ақшам намазынан кейін алты рәкағат
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Кімде-
кім төртінші намаз ақшамнан кейін бесінші намаз Құптанның уақыты кіргенге дейін 
артық сөз айтпай 6 рәкағат намаз оқыса, 12 жыл ғибадат жасаған адамның сауабын 
алады» (Тирмизи).
Түсініктеме:
Бұл жерде «артық сөз» деп дүниеуи әңгіме жайында айтылып жатыр.
Бұл намазды екі рәкағат сүннет намаз бен намаздан соңғы зікірден кейін оқыңыз.
6. Күні бойына он екі рәкағат нәпіл намаз оқу
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Кімде-кім күніне 
12 рәкағат сүннет намаз оқыса (міндетті болған парыз намаздарды қоспағанда), сол 
адамға Жәннаттан үй тұрғызылады» (Сахих Муслим, хадис 1691).
Әдетте осы он екі рәкағатқа күні бойы парыз намазбен бірге оқылатын сүннет намаздар 
жатқызылады  (Таң  намазына  дейін  екі  рәкағат,  Бесінге  дейін  төрт  рәкағат,  Бесіннен 
кейін екі рәкағат, Ақшамнан кейін екі рәкағат және Құптаннан кейін екі рәкағат). Бірақ, 
хадисте  айтылған  он  екі  рәкағатқа  қалған  нәпіл  намаздарды  да  жатқызуға  болады 
(мәселен: тәхәджуд,  тахиятан, ишрақ және т.б.)
Пайғамбар,  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын),  былай  деген: «Алла  сендерге 
Қажылықтың сауабымен бірдей жамағатпен оқылатын құптан намазы мен Умраның 
сауабымен  бірдей  жамағатпен  оқылатын  ақшам  намазын  сыйға  тарту  етпеді 
ме?» (Муслим).
7. Парыз намаздан кейінгі зікір.
Бірде  кедей  мухаджирлер  Пайғамбарға  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі 
болсын)  жоқ-жітіктерге  қарағанда  бай  мұсылмандар  көбірек  игі  амал  жасайтынын 
айтып  шағымданған.  Олар  былай  деген: «Байлар  да  дәл  біз  сияқты  намаз  оқиды, 
ораза  ұстайды.  Бірақ,  олар  садақа  таратады.  Ал,  біз  таратпаймыз.  Сондай-
ақ,  олар  адамдарды  құлдықтан  құтқарады.  Ал,  бұл  біздің  қолымыздан  келмейді». 
Мұхаммед  Пайғамбар,  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  ,  былай  деп  тіл 
қатқан: «Қаласаңдар, сендерден бұрын өмір сүргендерді басып озып, сендерден кейін 
келетіндерден ілгері болудың жолын үйретейін. Сонда дәл сол амалды жасамайынша, 
сендерден  ешкім  асып  түсе  алмайды.  Әр  намаздан  кейін  Алланы  33  рет  дәріптеп, 
мадақтап, ұлықтаңдар, яғни, “СубханАллах”, “Уәл-хамдулиЛләһ”, “уаЛлаху Акбар” 
сөздерін  33  реттен  қайталап  шығыңдар».  Біршама  уақыт  өткеннен  кейін  кедей 
мухаджирлер  Пайғамбарға  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  тағы  да  келіп, 
былай  деген:  «Дәулетті  бауырларымыз  біздің  жасап  жүрген  амалымызды  естіп 
қойды. Енді олар да соны жасай бастады». Сонда Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен 
сәлемі болсын) , былай деп жауап қатқан: «Бұл ─ Алланың рақымы. Алла оны қалаған 
адамына  сыйға  тартады» (Бұхари).Ескертпе:  хадистің  бірнеше  нұсқасы  бар. Парыз 
намаздармен бірге сүннет намазын оқып, содан соң зікір айтыңдар.
8. Аят әл-Курси
Алла  Елшісі,  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын),  былай  деген: «Әр 
намаздан  кейін  «аят  әл  Курсиді»  оқыған  адамның  Жәннатқа  кіруіне  ажал  ғана 
кедергі» (Ибн Хиббан).
9. Азаншыдан кейін азанның сөздерін қайталау
Пайғамбар, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген:«Азаншының 
сөздерін шын жүрегімен қайталаған адам Жәннатқа кіреді»(Муслим).
 Түсініктеме:

18
 Азаншы азан айтқанда сөздерін қайталаған абзал. Тек қана: «Хаййя’аляс салях» 
және  «Хаййя’аляль  фалях»  сөздерінен  кейін  «Ля  хауля  уа  ля  қууата  илля  биЛлях» 
(Алладан басқа ешқандай күш-құдірет жоқ) деу керек [Фиқһ әс-Сунна, 1-том, 99-бет].
10. Бесін намазының төрт рәкағат сүннеті
Алла  Елшісі,  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын),  былай  деген: «Бесін 
намазының парызынан бұрын және кейін тұрақты түрде 4 рәкағат сүннет оқыған 
адамға Алла Тозақ отын харам етеді» (Мишкат, Тирмизи, Әбу Дауд, Насаи мен Ибн 
Маджа).
Түсініктеме:
Мынадай  тәртіппен  оқыған  абзал:  4  рәкағат  сүннет  намаз,  4 
рәкағат  парыз  намаз,  2  рәкағат  сүннет  намаз,  2  рәкағат  нәпіл  намаз. 
11. Тәхәджуд намазы
  
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , былай деген: «Ей, 
адамдар, сәлем таратыңдар, (өзгелерді) тамақтандырыңдар, туысқандық қарым-
қатынасты сақтаңдар және түнгі уақытта басқа адамдар ұйықтап жатқанда 
намаз оқыңдар, сонда жәннатқа бейбітшілікпен кіресіңдер» (Әл Хаким, Ибн Маджа 
мен Тирмизи).
Түсініктеме:
Егер  Тәхәджуд  намазын  оқи  алмай  қалған  болсаңыз,  оны  Духа 
намазының  (Шамаъиль  Бааб  фи  Ибада)  уақытында  оқуыңызға  болады. 
Тәхәджудқа тұра алмасаңыз, «Қаф» сүресінің соңғы екі аятын оқыңыз. Өзіңіз білетін 
ең ұзақ сүрені оқыңыз да, сонсоң «Ихлас» сүресін оқыңыз. Үтір намазы тәхәджудтан 
кейін оқылады.
12. Тәсбих намазы
Имам Тирмизидің Әбу Рафи’адан, Алла оған разы болсын, риуаят еткен хадисінде 
былай делінген: «Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , ағасы Аббасқа 
былай  деді:  «Уа,  ағатай!  Саған  достық  пейілмен  бір  кеңес  айтайын  ба?  Саған  бір 
жақсылық жасайын ба? Сені табысқа жеткізетін амалды көрсетейін бе?». Аббас, 
Алла оған разы болсын: «Иә, уа, Алла Елшісі», - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар, 
(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , былай деді: «Уа, аға! Төрт рәкағат намаз 
оқы, әр рәкағатта «Фатиха» сүресі мен тағы бір сүрені оқы. Содан соң рукуғқа бармай 
тұрып,  он  бес  рет  «Алла  ұлық!  Барлық  мақтау-мадақ  Аллаға  тән!  Алла  кемшілік 
атаулыдан  пәк!»  («Аллаху  акбар!  Әлхамду  лиллях!  Субханаллах!»)  деп  айт.  Рукуғқа 
барғанда мұны он рет айт. Қиямда тұрғанда он рет айт. Сәждеге барғанда он рет 
айт. Екі сәжденің арасында отырғанда он рет айт. Екінші рет сәждеге барғанда он 
рет айт. Екі сәжде жасағаннан кейін тұрмас бұрын отырып, он рет айт. Осылайша, 
әр рәкағатта жетпіс бес рет осындай зікір («тәсбих») айтылады, ал, төрт рәкағатта 
– үш жүз рет айтылады. Сонда ‘Аладж құмды тауының көлеміндей күнәң болса да, 
Алла сені кешіреді!» Аббас (Алла оған разы болсын) былай деді: «Уа, Алла Елшісі! Мұны 
күн сайын жасау кімнің қолынан келеді!» – «Күн сайын жасай алмасаң, аптасына бір 
рет жаса, аптасына бір рет жасай алмасаң – айына бір рет жаса…» – сөйтіп, ол: 
«Ең болмаса, жылына бір рет жаса», - дегенге дейін айта берді».
Алла  Елшісі,  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын),  былай  деген: «Тәсбих 
намазы ─ Алланың ең ұлы сыйы. Сол намаздың сауабы ретінде адамның құпия немесе 
ашық түрде, білімсіздікпен немесе біле тұра жасағандығына қарамастан, бұрынғы 
және жаңа күнәларының барлығы кешіріледі. Сол себепті, тәсбих намазын күн сайын 
оқуға тырысыңдар, күн сайын қолдарыңнан келмесе, аптасына бір рет (жұма күні 

19
оқыған абзалырақ) немесе айына бір рет. Оған да шамаларың жетпесе, жылына бір 
рет оқыңдар. Ал, ең кем дегенде, тым болмаса, өмірлеріңде бір рет оқыңдар» (Әбу 
Дауд, ибн Маджа және Бәйхақи).
Түсініктеме:
Бұл намазды оқуға жарты сағатқа жуық уақыт кетеді. Бұл намазды апта сайын 
жұма күндері оқуға тырысыңыз.
Егер тәсбихті есте сақтай алатын болсаңдар, қолмен санамаңдар (“Радд әл Мухтар”).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет